• Мое избранное
«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда «Заң газеті» газетiнде жарияланған № 42 (1465)) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«

197.

 

«Таңдау+»

198.

 

«NCR 7197-printer-Мебиус-3К KZ ONLINE »

».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы _____ ________________ № ____ бұйрығына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
 



Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1 .

19 7-жол

жоқ

19 7



« Таңдау+ »





«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыр у жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 25 қарашадағы отырысы хаттамасының негізінде мемлекеттік тізілім жаңа үлгідегі бақылау-кассалық машинасымен толықтырылды.

2.

19 8-жол

жоқ

19 8



«NCR 7197-printer- Мебиус -3 К KZ ONLINE »





«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы отырысы хаттамасының негізінде мемлекеттік тізілім жаңа үлгідегі бақылау-кассалық машинасымен толықтырылды.

Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі Р.Дәленов
«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы «___» ___________ № ____ бұйрығына анықтама-негіздеме
  

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 25 қарашадағы және 2016 жылғы 28 желтоқсандағы отырысы хаттамаларының негізінде мемлекеттік тізілім жаңа үлгідегі бақылау-кассалық машиналармен толықтырылады.

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Көздемейді



5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Көздемейді



6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Талап етілмейді.

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Талап етілмейді.

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер



10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер



11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер



1 2 .

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

Ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында орналастырылған

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Заң қызметі депараментінің
директоры М. Әділханов