• Мое избранное
«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы»2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
Тақырыпта және 1-тармақта «қамтымды» деген сөз «қамтуды» деген сөзге ауыстырылсын.
Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінде:
Тақырыпта, 1-тармақта, 2-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармақта, 5-2-тармақта «қамтымды» деген сөз «қамтуды» деген сөзге ауыстырылсын.
5-4 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«5-4. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЖҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
m
ЖҚж/қ = 100% * [∑(ШҚj-ШЖКj)*Kj] / S,
j=1
мұндағы:
m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызметті көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны;
j - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алудың реттік нөмірі;
ШҚj - j-шартының құны;
ШЖҚj - j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің қазақстандық жеткізушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
Kj - егер j-шарты бойынша ЖҚК кемінде 95 % құраса, 1-ге тең коэффициент, және егер j-шарты бойынша ЖҚК 95 % кем болса, 0-ге тең коэффициент;
S - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жетекшелік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасын
Қаржы министрлігі
_____________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «___» _______

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетики Министрі
________________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы «___» ________
«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасына салыстырмалы кесте
 

Құрылым-дық бірліктердің анықтамасы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығы

1

Тақырып

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы.

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы.

Мемлекеттік тілдегі нұсқасын Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында көзделген терминмен сәйкестендіру.

2

1 тармағы

1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.

1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.

3

Әдістемесінің тақырыбы

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесі

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі

4

Әдістемесінің 1 тармағы

1. Осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі – Бірыңғай әдістеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

1. Осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі – Бірыңғай әдістеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

5

Әдістемесінің 2 тармақ

1 тармақша

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жаргылық капиталга қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жаргылық капиталга қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңымен күшін жойған



6

Әдістемесінің

5 тармағы

5. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы жергілікті қамтымды есептеу (бұдан әрі - ЖҚж/қ) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

5. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы жергілікті қамтуды есептеу (бұдан әрі - ЖҚж/қ) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Мемлекеттік тілдегі нұсқасын Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында көзделген терминмен сәйкестендіру.

7

Әдістемесінің

5-2 тармағы

егер осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, «СТ-КZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда, Жi = 0;

егер осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, «СТ-КZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда, Жi = 0;

8

Әдістемесінің

5-4 тармағы

5-4. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЖҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

n

ЖҚж/қ = 100% * [∑(ШҚj-ШЖКj)]*Kj / S,

j=1

мұндағы:

n – жеткізуші сатып алатын жұмыстар/көрсетілген қызметтер атауының жалпы саны;

j - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алудың реттік нөмірі;

ШҚj - j-шартының құны;

ШЖҚj - j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің қазақстандық жеткізушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;

Kj - егер j-шарты бойынша ЖҚК кемінде 95 % құраса, 1-ге тең коэффициент, және егер j-шарты бойынша ЖҚК 95 % кем болса, 0-ге тең коэффициент;

S - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны.

5-4. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЖҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

m

ЖҚж/қ = 100% * [∑(ШҚj-ШЖКj)*Kj] / S,

j=1

мұндағы:

m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызметті көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны;

j - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алудың реттік нөмірі;

ШҚj - j-шартының құны;

ШЖҚj - j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің қазақстандық жеткізушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;

Kj - егер j-шарты бойынша ЖҚК кемінде 95 % құраса, 1-ге тең коэффициент, және егер j-шарты бойынша ЖҚК 95 % кем болса, 0-ге тең коэффициент;

S - шарттың жалпы құны.

Қолданыстағы редакцияда n - жеткізуші сатып алатын жұмыстар/көрсетілген қызметтер атауының жалпы саны;

S -жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны.

Осы орайда тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шарттың жалпы құны есепсіз қалады.

Осы қателікті алып тастау үшін келесі өзгерістерді енгізуді ұсынылады:

m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызметті көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны;

S - шарттың жалпы құны .

Бірінші вице-министр А. Рау
 «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы «____» _________ № _____бұйрығына негіздеме-анықтама
  

Көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы, 2-тармағына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акті неге байланысты қабылданды)

жоқ

4

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқартуын көздейме

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздемейді

5

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

6

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы (161 Кбайт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz ресми сайтында 2017 жылғы «7» ақпанда орналастырылған

7

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңның (бұдан әрі - Заң) 18-бабы 8-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардардың интернет-ресурстарында орналастырылған тауарларды, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе жеке меншік құқығына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялау туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы (161 Кбайт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz ресми сайтында 2017 жылғы «7» ақпанда орналастырылған

8

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәлімет (бар болса)

Жоқ

9

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсынбаған жеке кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәлімет



10

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер



11

Қоғамдық кеңестің Заңның 20-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынғаны (ұсынбағаны) туралы мәлімет



12

нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы (161 Кбайт) нормативтік құқықтық актілердің «e-gov» ашық интернет-порталында 2017 жылғы «7» ақпанда орналастырылған

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Заң департаментінің директоры А. Алиакпаров