• Мое избранное
«Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң 2017 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шектi бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 28 000,00 теңге (жиырма сегіз мың теңге) мөлшерiнде бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
«____» __________2017 жыл
«Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы « » __________ № _____ бұйрығына анықтама-негіздеме
  

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсын ған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негі здемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме )

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына және 20-бабының 5- тармағына сәйкес.

2017 жылғы екінші тоқсанға ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағаларын белгілеу мақсатында



3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қ ырк ү йектег і 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескер іле отырып, күші жойылған туралы актілердің деректемелері көрсет іле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдер ін ің қысқаруын көздейме

Көзделмеген

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жарияла нуы туралы мәліметтер





Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.energo.gov.kz ресми сайтында 2017 жылғы _____ « »

орналастырылды

7.

« Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын д а т ауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобалары ның орналастыр ыл у ы туралы м әліметтер

Жоқ

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Жоқ

9.

Заңның 19 бабына сәйкес ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша с араптамалық қорытындылар ды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктер і туралы мәліметтер



10. **

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ның ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша с араптамалық қорытынды ны ұсын уы (ұсынбауы ) туралы мәліметтер



11.

Заңның 20 бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер



1 2 .

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталын д а орналыстырылған нормативт і к құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылау туралы мәліметтер

2017 жылғы _____ ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналыстырылған

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
Заң қызметі департаментінің
директоры М.Хайруллин