• Мое избранное
«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шауашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шауашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шауашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шауашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:
1189-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1189. Жануарлар арасында лейкоздың таралуына жол бермеу мақсатында мынадай ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі:
1) жаңадан әкелінген жануарларды лейкозға серологиялық зерттеулер жүргізіле отырып карантиндеу;
2) жануарларды ветеринариялық және зоотехникалық өңдеу кезінде асептика және антисептика қағидаларын міндетті түрде сақтау;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру;
4) Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде тіркелген дезинфекциялық құралдармен қора-жайларды және жабдықтарды тұрақты дезинфекциялау;
5) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары бойынша жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізу;
6) мыналардың:
қолайлы деген мәртебесі жоқ, сондай-ақ карантиндеуден өтпеген шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарлардың әкелінуіне;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімінсіз малдың қайта топтастырылуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау.»;
1214-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1214. Ірі қара мал лейкозы вирусымен залалданғандар анықталған кезде, егер, тараптардың шартында өзгеше көзделмесе, ветеринария саласындағы уәкілетті орган карантиндеудегі жануарлардан ірі қара мал лейкозының вирусы анықталған және осы ауруға күдік болған жағдайда карантиндеудегі жануарларды әкелуден бас тартуға құқылы.»;
1219 және 1220-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«1219. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерді сауықтыруды:
1) мал басы 100 басқа дейінгі табында:
табындағы ірі қара мал басының 30 пайызынан көбіинфекцияланған жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъектінің қолайсыз табынын біржолғы толық айырбастау (сою);
табындағы ірі қара мал басының 30 пайыздан азы инфекцияланған жағдайда,табыннан ауру жануарларды бөле және кейіннен оларды сою объектілерінде соя отырып, осы Қағидалардың1198-тармағында көрсетілген схемаға сәйкес ИДР, ИФТ және гематологиялық әдістермен жүйелі зерттеулер жүргізу жолымен;
2) мал басы 100 бастан асатын табында ауру жануарларды бөле және кейіннен оларды сою объектілерінде соя отырып, осы Қағидалардың1198-тармағында көрсетілген схемаға сәйкес ИДР, ИФТ және гематогиялық әдістермен жүйелі зерттеулер жүргізу жолымен жүргізеді.
1220. Ірі қара мал лейкозы бойынша қолайсыз пункттерді  
осы Қағидалардың1198-тармағында көрсетілген схемаға сәйкес ИДР, ИФТ және гематогиялық әдістер қолдану жолымен сауықтыруды былайша жүргізеді:
1) жасы алты айдан жоғары жануарларға зерттеу жүргізеді;
2)осы Қағидалардың1199-тармағында көрсетілген схемаға сәйкес келесі ИДР, ИФТ және гематогиялық әдістермен серологиялық зерттеулерді төрт айлық аралықпен қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Әрбір диагностикалық зерттеуден кейін қора-жайларға Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүшеелдерде тіркелген дезинфекциялық құралдармен дезинфекция жүргізеді;
3) барлық ауру жануарларды сою объектісіне өткізгеннен кейін және қора-жайлар мен іргелесаумаққа қорытынды дезинфекция жүргізгенненкейін, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген басқа да іс-шаралар орындалған жағдайда, қолайсыз пункт сауықтырылған деп жарияланады.».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «___ » ____________  

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «___» _____________
«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы ______________№_______ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Р/с

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның анықтамасы

1.

Нормативтік құқықтық актіні берген мемлекеттік орган



Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіз демесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылдан ған актіге сілтеме )

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 9) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына сәйкес.

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескер іле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсет іле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет тер шығыстарының көбеюін немесе түсімдер ін ің қысқаруын көздейме

Қажет етілмейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілген

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда , б ұқаралық ақпарат құралдарында ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларыны ң жарияла нуы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

7 .

« Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет - ресурстарын д а т ауарлардың , көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобалары ның орналастыр ылуы туралы м әліметтер

Қажет етілмейді

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Қажет етілмейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Жоқ

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ның ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық акт інің жобасы бойынша с араптамалық қорытынды ны ұсынуы (ұсын бауы ) туралы мәліметтер

Жоқ

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Жоқ

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталын д а орналастырылған нормативт і к құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылау ы туралы мәліметтер

Жоқ

Құқықтық қамтамасыз ету
департаменті директоры Ә. Жеңісов