• Мое избранное

Отправить по почте

«Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы «Cот-сараптама қызметі туралы» Заңының 12-бабының 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Бекетаев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
____________________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері (бұдан әрі – Нормативтер) «Cот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Нормативтер жүргізілген сараптамалардың күрделілік деңгейіне байланысты бір сот сарапшысына келетін сараптама санының жүктемесінің нормасын анықтайды.
3. Сарапшылық жүктемені анықтау кезінде сот-сараптамалық зерттеулер күрделілік деңгейіне байланысты төрт санатқа бөлінетіндігі ескеріледі:
1) жай – зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдісін қолдануды талап етпейтін, күрделі емес объектілер бойынша стандартты;
2) күрделілік дәрежесі орташа – бұл ретте объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары, сондай-ақ сот сараптамалық зерттеулерінің қолданылатын әдістемелері белгілі бір уақыт шығынын талап етеді;
3) күрделі – ұзақ және көп ғылыми еңбек сіңіруді қажет ететін, аспаптық әдістерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысты алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін, көп объектілі, көп сұрақтары бар сот-сараптамалық зерттеулер;
4) аса күрделі – жаңа объектілердің өзіне ғана тән, стандартты емес, сондай-ақ әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан күрделендірілген, соның ішінде ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі зерттеулер.
4. Сот медицинасы, сот психиатриясы және сот наркологиясы саласындағы сараптама түрлерін қоспағанда күрделілік деңгейі бойынша жүктеме нормативтері осы Нормативтерге 1-қосымшада келтірілген.
5. Сот медицинасы саласында сот-сараптамалық қызметін атқаратын сот сарапшыларының жүктеме нормативтері осы Нормативтерге 2-қосымшада келтірілген.  
6. Сот психиатриясы және сот наркологиясы саласында сот-сараптамалық қызметін атқаратын сот сарапшыларының жүктеме нормативтері осы Нормативтерге 3-қосымшада келтірілген.  
7. Сот сараптамасы органына материал келіп түскенде сот сараптамасы органының басшысы келіп түскен сараптамалық зерттеудің күрделілігінің алдын-ала бағалауын жүргізеді, сараптама өндірісінің нақты мерзімін анықтайды және оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8. Сараптаманың орындаушысын анықтау сот сарапшыларының лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі;
9. Сараптаманы бөлу кезінде құрылымдық бөлімше шегінде қызметкерлердің сараптамалық жүктемесінің біркелкілік талаптары сақталады.  
10. Сараптама өндірісі аяқталған соң сот сараптамасы органының басшысы сараптамалық зерттеудің күрделілік деңгейін сот сараптамасы өндірісі үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналында тиісті белгілерді енгізе отырып пысықтайды және орындаудың мерзімінің бақылау мерзіміне сәйкестігін тексереді.
Сот сараптамасы органдары
сот сарапшыларының жүктемелері
нормативтеріне 1-қосымша
Жүктеме нормативтері
 

п/п

Сот сараптамасының түрлері

Сараптаманың күрделілік санатына байланысты бір қызметкердің айлық нормасы (сараптама саны)





Жай

К үрделілік дәрежесі орташа

Күрделі

Аса күрделі

1

2

3

4

5

6

1

Құжаттардың сот сараптамасы

1

3

1

1

2

Сот портреттік сараптамасы





1

1

3

Сот бейнефонографиялық сараптамасы





1

1

4

Сот фототехникалық сараптамасы





1

1

5

Сот трасологиялық сараптамасы

1

2

1

1

6

Сот баллистикалық сараптамасы

2

2

1

1

7

Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

1

1

1

1

8

Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы

2

2

1

1

9

Сот экономикалық сараптамасы

2

2

1

1

10

Сот тауартану сараптамасы

2

2

1

1

11

Сот құрылыс сараптамасы



1

1

1

12

Сот технологиялық сараптамасы

1

1

1

1

13

Сот өрт-техникалық сараптамасы

2

2

1

1

14

Сот жарылыс-техникалық сараптама

1

1

1

1

15

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы

11

2

1

1

16

Сот биологиялық сараптамасы

1

1

1

1

17

Сот молекулярлық-генетикалық сараптама





2

1

18

Адамның психофизиологиялық процесстерінің сот сараптамасы

1

1

2

1

19

Сот экологиялық сараптамасы





1

1

21

Сот дінтанушылық сараптамасы





2

2

22

Сот техногендік апаттар сараптамасы





1

1

Сот сараптамасы органдары
сот сарапшыларының жүктемелері
нормативтеріне 2-қосымша
Сот медицинасы саласында сот-сараптамалық қызметін атқаратын сот сарапшыларының жүктеме нормативтері
 

Р/с

Лауазымдар атауы

Лауазымдар саны

Сот-медициналық сарапшылардың лауазымдары мынадай есеппен белгіленеді:

1

Ұйымның аймақтық өкілдігінің мәйіттердің сараптамасы бөлімшесінде

жылына әрбір 100 мәйіттің сараптамасына 1 лауазым

2

Ұйымның аймақтық өкілдігінің жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың сараптамасы бөлімшесінде

жылына әрбір 700 тірі адамның сараптамасына 1 лауазым

3

Ұйымның аймақтық өкілдігінің мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың сараптамасы бөлімшесінде (ауылдық, аудандық бөлімшелер)

жылына әрбір 60 мәйіттің және 200 тірі адамның сараптамасына 1 лауазым. Оларда 2 және одан артық сот-медициналық сарапшы лауазымдары болған жағдайда сол лауазымдардың біреуінің орнына меңгеруші лауазымы белгіленеді

4

Ұйымның аймақтық өкілдігінің сот-биологиялық бөлімшесінде

жылына әрбір 2400 зерттеу объектісіне 1 лауазым;

сот-медициналық сарапшының жылына әрбір 30 цитологиялық зерттеуіне 1 лауазым

5

Ұйымның аймақтық өкілдігінің медициналық-криминалистік бөлімшесінде

жылына әрбір 45 сараптамаға немесе 1200 зерттеу объектісіне 1 лауазым

6

Ұйымның аймақтық өкілдігінің химиялық-токсикологиялық бөлімшесінде

жылына әрбір 80 толық талдауға 1 лауазым

7

Ұйымның аймақтық өкілдігінің сот-гистологиялық бөлімшесінде

жылына әрбір 400 сараптамаға немесе 2800 блокқа 1 лауазым

8

Ұйымның аймақтық өкілдігінің молекулярлы-генетикалық бөлімшесінде

жылына әрбір зерттеу есебінің 1000 шартты бірлігіне 1 лауазым

9

Ұйымның аймақтық өкілдігінің күрделі сараптамалар бөлімшесінде

қылмыстық және азаматтық істердің материалдары бойынша жылына әрбір 20 сараптамаға 1 лауазым

10

Ұйымның аймақтық өкілдігінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімшесінде

филиалдың штат кестесінде 20-дан артық сарапшының лауазымы болған жағдайда сот-медициналық сарапшының 2 лауазымы; филиалдың штат кестесінде 20-дан кем сарапшының лауазымы болған жағдайда сот-медициналық сарапшының 1 лауазымы

Сот сараптамасы органдары
сот сарапшыларының жүктемелері
нормативтеріне 3-қосымша
Сот психиатриясы және сот наркологиясы саласында сот-сараптамалық қызметін атқаратын сот сарапшыларының жүктеме нормативтері
 

р/с

Лауазымдардың атауы

Лауазымдар саны

Сот-психиатриялық сарапшылар лауазымдары мына есептен орнатылады:

1.

Амбулаторлық комиссиялық сот-психиатриялық сараптама бөлімшесінде (филиал)

Жылына 200 сараптамаға 3 лауазым (150 кәмелет жасқа толмағандар және 100 қайтыс болғаннан кейінгі өткізілетін сараптамаларға)

2

Стационарлық сот-психиатриялық сараптама бөлімшесінде

10 төсек орнына 1 лауазым (кәмелетке толмағандар сараптамасына 8 төсек орын)

Сот-наркологиялық сарапшылар лауазымдары мына есептен орнатылады:

3

Филиалдың сот-наркологиялық сараптама бөлімшесіне

Жылына 500 сараптамаға 1 лауазым