• Мое избранное
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________Д. Абаев
2017 жылғы «___»____________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________Ж. Қасымбек
2017 жылғы «___»____________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «___»____________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы «___»____________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы «__» _________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру туралы» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
лицензияны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқаларын беру - 5 (бес) жұмыс күні;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнд
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия, лицензияның телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым 1 АЕК құрайды.
3) лицензияның телнұсқасын беру - 1 АЕК құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметке» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензия алу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiштің электрондық көшірмесі;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензияға), егер сыртқы сауда шарты болмаған жағдайда, тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге (формуляциялауға), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткізуге, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензиялардың көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;
2) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшiн:
еркін нысандағы өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
Порталға:
1) лицензия алу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
сұрау салудың электрондық көшірмесі;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензияға), егер сыртқы сауда шарты болмаған жағдайда, тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге (формуляциялауға), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткізуге, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензиялардың көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;
2) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы еркін нысандағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) лицензиялық алым енгізілмеген;
2) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады;
6) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы;
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген талаптардың сақталмауы;
9) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
10) іске асыру үшін лицензиясы сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдары болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
12) Еуразиялық экономикалық комиссия актісімен көзделген өзге де негіздер.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Кенесары даңғылы, 36, № 702 кабинет мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 55-57-86.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.mgov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 55-57-86, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының
импортына лицензиялар беру»
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия алуға арналған өтініш
 

1. Өтініш №

2. Қолдану кезеңі

ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап

ЖЖЖЖ.КК.АА дейін|

3. Лицензияның типі |ИМПОРТ

4. Келісімшарт

____ жылғы № ___

5. Көрсетілетін қызметті беруші

6. Сатушы

7. Жіберу елі

8. Сатушының елі

9. Келісім-шарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Телефоны

Қолы және мөрі Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия алуға арналған өтінішке қосымша
 

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

жылғы № лицензияға қосымша

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ Парақ №

18. Уәкілетті тұлға

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы және мөрі Күні

«Өсімдіктерді қорғау құралдарының
импортына лицензиялар беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
 

п/п

Біліктілік талаптары

Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар *

Ескертпе

1

2

3

4

1

Лицензияны алу ниеттерін растау

Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті Алқа шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініші



2

Лицензияны алу ниеттерін растау

Өтініштің электрондық көшірмесі



3

Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау

Сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшаның және (немесе) оған толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі



4

Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесінің (мәліметтерінің) болуы

Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесі (мәлімет)



5

Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат тың болуы

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге (формуляциялауға), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткізуге, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензиялардың көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талаптары

6

Әкелінген пестицидті (улы химикаттарды) қолдану үшін ауыл шаруашылық алқаптарының болуы

Ауыл шаурашылық алқаптарына құқықты белгілейтін құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) мен ауыл шаруашылығы алқаптарын химиялық өңдеуге қажетті пестицидтер санын есептеулер

Егер өтінім беруші пестицидтерді сату үшін емес өзінің меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарына қолдану үшін әкелген жағдайда (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы)

7

Ресми дистрибьюторлық туралы ақпараттың болуы

Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеуші фирма мен дистрибьютор компанияның арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) немесе пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеуші фирмадан сатушының ресми дистрибьюторлығы туралы растау хаты

Егер өтінім беруші пестицидтер (улы химикаттар) дистрибьютор-компаниядан әкелінген жағдайда (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы)

8

Пестицидті (улы химикаттарды) өндіруші зауыт ауысқан жағдайда

Әкелінген, тіркелген пестицид (улы хмикат) және оның әсер ететін заттары, оның рецетурасы мен өндіру технологиясын сақтай отырып, шығарылған өндіруші зауыттың ауысқаны туралы тіркеуші-фирманың хабарлама-хатының түпнұсқасы.

Лицензиялық келісім, сонымен қатар әкелінетін пестицидтi (улы химикатты) және оның әсер ететін заттарын өндiруге арналған зауыттың лицензиялық келісімінің лицензиясының немесе рұқсаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) Әкелінетін пестицидтің (улы химикаттың) құрамы мен әсер ететін заттарының сәйкестігін растайтын зертханалық талдаудың деректерi

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруші зауыт ауыстырылған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы)

9

Экологиялық талаптардың сақталуы

Қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнімнің ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарттың көшірмесі және тауарды одан әрі тұтынушыларға сату үшін келісімшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтару көзделуі қажет.

Егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет еткен жағдайда

(Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы)

1 0

Келісімшарттарда (шарттарда) экспорттаушыға ақаулы өсімдіктерді қорғау құралдарын қайтару тәртібін көздейтін тармақтың болуы

Экспорттаушыға ақаулы өсімдіктерді қорғау құралдарын қайтару тәртібін көздейтін келісімшарттың (шарттың) көшірмесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы

1 1

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының болуы

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының көшірмесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы

1 2

Мiндетті экологиялық сақтандыруды растау

Міндетті экологиялық сақтандыру шартының көшірмесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы

1 3

Экологикалық талаптарға сәйкес келетін сақтауға арналған қоймалардың болуы

Сақтауға арналған қоймалардың мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы

* ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір беті көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылуы болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
құжаттарды «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы www.elicense.kz ұсынылған кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі ретінде ұсынылады;
көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді.  
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензиялар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы «__» __________ № ____ бұйрығына анықтама-негіздеме
 



Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Қажет етілмейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігімен, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, ҚР Энергетика министрлігімен келісілген

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің – www.minagri.kz ресми сайтында орналастырылған

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Қажет етілмейді

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Қажет етілмейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Жоқ



10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының

2017 жылғы «__» _______ № ___ сараптамалық қорытындысы (ескертулер жоқ)

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Қоғамдық кеңес комиссиясының 2017 жылғы «__» ________ № ___ қорытындысы (ескертулер жоқ)

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы 2017 жылғы

«__» _______ көпшілік талқылау үшін орналастырылды.

Көпшілік талқылаудың аяқталу уақыты 2017 жылғы «__» __________ __ қарау, комментарийлер жоқ.

Нормативтік құқықтық актіні көпшілік талқылаудың нәтижесі туралы есеп беру қоса тіркелген.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің директоры Ә. Жеңісов