Bestprofi Logo

Өзге НҚА-дің жобалары от 2017-03-14г./null

«Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы « »________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы « »_________

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы № бұйрығымен бекітілген

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

1. Осы Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) акваөсірумен (балық өсіру) айналысатын отандық балық шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – тауар өндірушілер), жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат және іс-шаралар шегінде және есебінен бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;

2) балық өсіру – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;

3) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама – уәкілетті орган белгілеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат.

3. Акваөсірумен айналысатын балық шаруашылығы субъектілеріне, балық жемін субсидиялау үшін кәсіпкерлер шығыстарының 30 % өтеу қарастырылады.

4. 1 килограмм тауарлы балық өніміне жарататын жемнің бюджеттік субсидиялау нормативтері, осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

5. Бюджеттік субсидиялар нормативтері осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері және көлемдері (бұдан әрі – субсидиялау нормативтері және көлемдері) нөмірленеді, тігіледі, мөрмен бекітіледі және оны облыстың ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) екі данада облыс, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) қарауға ұсынады.

Министрлік ұсынылған субсидиялау нормативтері мен көлемдерін бес жұмыс күні ішінде қарайды. Министрлік ұсынылған субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар индикаторларына сәйкестігін қарайды, сондай-ақ көрсетілген мерзім шегінде субсидиялау нормативтері мен көлемдерін ұсыныс енгізу үшін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) жолдайды.

«Атамекен» ҰКП үш жұмыс күні ішінде субсидиялау нормативтері мен көлемдеріне ұсыныстар бермеген жағдайда, субсидиялау нормативтері мен көлемдері ескертулерсіз келісілген болып саналады.

Нәтиже оң болған жағдайда, Министрлік субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің бір данасын тиісті ілеспе хатпен кейіннен бекіту үшін қайтарады.

Нәтиже теріс болған жағдайда, Министрлік келісуден дәлелді бас тарта отырып, субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің екі данасын да қайтарады.

Субсидиялау нормативтері мен көлемдері осы Қағидалар күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде және одан кейін субсидиялар көлемдері жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірілмей облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

Қаулы қабылданғаннан кейін облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігі екі жұмыс күні ішінде оны өз ресми интернет-ресурсына орналастырады.

Қаулы интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін, Министрлік субсидиялау нормативтері мен көлемдерін олардың бұрын мақұлданған субсидиялау нормативтері мен көлемдеріне сәйкес келуі тұрғысынан салыстырып тексереді. Сәйкес келмеген жағдайда, Министрлік субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің мақұлданған нұсқасына сәйкестендіру үшін облыстың әкімдігін хабарландырады.

7. Субсидияны алу шарты келесі критериялар мен талаптарды қажет етеді:

1) тауарөндіруші, тауарлы балық өнімінің өткен жылға қарағанда өсуін қамтамасыз етуі тиіс;

2) ветеринарлық, ветеринарлы-санитарлық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

1) заңды және жеке тұлғалардан тауарөндірушілермен сатып алынған балық өнімін, әрі қарай қайта сату және өңдеу;

2) заңды және жеке тұлғалардан тауарөндірушілермен сатып алынған балықтың жемін, әрі қарай қайта сату;

3) тауарөндірушілердің балық өнімін алмасу тәртібімен өткізу немесе бұрын субсидияланған;

4) жұқпалы ауруларға байланысты карантин мезгіліндегі өсірілген балық және оның өнімі

9. Тауарөндірушілерге субсидиялар нақты көлеміне қарай төленеді:

1) өсірілген балықты, есептік нөмірленген өңдеу цехында сату немесе қайта өңдеу;

2) өсірілген балықты сауда орындары арқылы өткізу.

10. Управление ежемесячно публикует информацию о результатах рассмотрения заявок товаропроизводителей, иных физических и юридических лиц на получение субсидий на специальном разделе интернет-ресурса акимата области.

10. Бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қоса алғанда, басым бағыттардың бірі бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімдерді толық көлемде қанағаттандыру үшін қаражат жетіспеген жағдайда, Басқарма жетіспеген қаражатты басымдығы төмен бағыттар бойынша игерілмеген қаражат болған жағдайда, осы бағыттардан қайта бөледі.

Қаражат қалдығы берілген субсидиялар алуға арналған өтінімдердегі тиесілі субсидиялардың көлемдеріне сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айдың (лардың)/жылдың қаражатынан олар бар болған жағдайда, бағыттардың басымдылығын ескере отырып, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің субсидиялау бағыты жөніндегі қаулысымен бекітілген көлемдер шегінде төленеді.

11. Субсидиялау бағыттары арасындағы сомалар өзгерген жағдайда, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысына осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тәртіппен тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

12. Басқарма ай сайын тауар өндірушілердің, өлге жеке және заңды тұлғалардың субсидиялар алуға арналған өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің интернет-ресурсының арнайы бөлімінде жариялайды.

Басқарма Министрлікке ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша және жыл сайын есепті жылдан кейінгі 10 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі есепті жолдайды.

13. Министрлік облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің асыл тұқымды акваөсіруін (балық өсіру) дамытуға арналған субсидиялауды, акваөсіру (балық өсіру)ның өнімділігін және өнім сапасын арттыруды іске асыруына мониторинг жүргізеді. Мониторинг қорытындылары бойынша Министрлік, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімінің атына ұсыныс енгізеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание