• Мое избранное

Отправить по почте

«Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тендер немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тендер немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, тендер немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің
2017 жылғы «__»________
№ ___ бұйрығына қосымша
Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскесiн қоспағанда, тендер немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесі
 

Р/с

Пайдалы қазбаның түрі

Кен орнының, жер қойнауы учаскесінің атауы

Орналасқан жері

Жер қойнауын пайдалану операцияларының түрі

Обл ы с

Географи ялық координатал ары

с. е . ш . б .

1

2

3

4

5

6

1

Көмір және уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар



М-45-97-Б (42,43,56,57,58,59)

Шығыс-Қазақстан 49 о 18 ' 00  - 84 о 26 ' 00 

4
9 о 18 ' 00  - 84 о 28 ' 00 

4
9 о 17 ' 00  - 84 о 28 ' 00 

4
9 о 17 ' 00  - 84 о 29 ' 00 

4
9 о 16 ' 00  - 84 о 29 ' 00 

4
9 о 16 ' 00  - 84 о 25 ' 00 
4 9 о 17 ' 00  - 84 о 25 ' 00  4 9 о 17 ' 00  - 84 о 26 ' 00 

барлау

 «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тендер немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы «________» ____________№ _______бұйрығына анықтама-негіздеме

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

К өздемейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Талап етілмейді

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурстарында және мемлекеттік органдардың интранет- порталында 2017 жылғы жарияланы

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Жоқ

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Жоқ

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Бермегендер тізімі:

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Шығ.№

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер



12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

Көпшілік талқылау туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Заң департаментінің
директоры А. Алиақпаров