• Мое избранное
«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлесін ескере отырып және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда  
2017 жылғы №
«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі.

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында





3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Қосымша қосымша қаражатты талап етпейді

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 12) тармақшасын сәйкес келтіру мақсатында әзірленген

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Қажет етпейді

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Жоқ

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Қажет етпейді

10.





Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Қажет етпейді

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндіг

Рұқсат етіледі







12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz) сайтында орналастырылған.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2017 жылғы 13 наурыздан бастап 27 наурызға дейін орналастырылған.

(Есеп қоса беріледі)

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz) сайтында орналастырылған

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоқ

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
2017 жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевқа
«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасына түсіндірме жазба
«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасына (бұдан әрі – Жарлық) жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлесін ескере отырып жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы бөлігінде «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 12) тармақшасын сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.
Жарлықты іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы қаражаттарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
 

Құрылымдық элементтер

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме





«Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы





1 .

к іріспе

Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:.

Жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлесін ескере отырып және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:».



«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 12) тармақшасын сәйкес келтіру мақсатында .



Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиева
2017 жылғы «___» ____________