• Мое избранное

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта атау жолымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) мекемені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Салыстырмалы кесте
 

Р / с

Құрылым-дық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1.



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің РМҚК «Республикалық спорт колледжі»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің РМҚК «Олимпиадалық резервтегі республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 21 сәуіріндегі № 8 аудиторлық қорытындысына сәйкес «Республикалық спорт колледжі» РМҚК-да «мектеп-интернат» деген жұрнақтың жоқтығы анықталғанына байланысты, аталған қателікті жою.

Сонымен қатар, Алматы қаласы, Бостандық аудандық тұтынушылар құқытарын қорғау басқармасы тексерісінің қорытындысы бойынша (30 қараша 2016 жылы) санитарлық – эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс атқарылуда деп әкімшілік құқық бұзушылығы туралы хаттама толтырылған. Аталған қорытынды мектеп-интернат статусы берілген кезде ғана беріледі (тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы 6 айда бір рет тексереді).



Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
вице-министрі С.Ж. Мұсайбеков
2017 жылғы «_____» ______________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына Түсіндірме жазба
 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші м емлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 21 сәуіріндегі № 8 аудиторлық қорытындысына сәйкес «Республикалық спорт колледжі» РМҚК-да «мектеп-интернат» деген жұрнақтың жоқтығы анықталған.

Сонымен қатар, Алматы қаласы, Бостандық аудандық тұтынушылар құқытарын қорғау басқармасы тексерісінің қорытындысы бойынша (30 қараша 2016 жылы) санитарлық – эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс атқарылуда деп әкімшілік құқық бұзушылығы туралы хаттама толтырылған, себебі мектеп-интернат аты берілген кезде ғана ондай қорытынды алуымызға рұқсат беріледі (тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы 6 айда бір рет тексереді).

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың

нақты мақсаттары,

күтілетін нәтижелердің

мерзімдері мен болжанатын

тиімділігі

2013-2014 оқу жылынан бастап 7 мен 11 сыныптар арасында 240 оқушысы бар мектеп жұмыс жасауда (білім беру қызметі үшін, № 12018728 2012 жылдың желтоқсан айының 14-күні лицензия берілген). Қазіргі уақытта Республикалық спорт колледжінің атауында «мектеп-интернат-колледж» деген сөздер жоқ. Осыған байланысты, «Республикалық спорт колледжі» атауын «Олимпиадалық резервтегі республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі етіп қайта атау қажет.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын

қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ



10.

Материалдарды (көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mks.gov. kz интернет-ресурсында орналастырылды



12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні )

Талап етпейді

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етпейді

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы

Талап етпейді

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы «___» _______________
Келісу ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
 

Алған

күн
і

Мемлекеттік органдар басшылар

Нақты кіммен келісілді

(Т.А.Ә.)

Келісу нәтижел е рі

(қолы, күні)

Қайтарылған

күн
і

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі



Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі





Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі









Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі







Келісу парағының артқы беті
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысының (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің) жобасына қоса берілетін құжаттардың ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі

және күні

Парақ саны

1.

ҚР Үкіметі каулысының

(ҚР Премьер-Министрінің өкімі) жобасы

-

-

2.

Жобаға түсіндірме жазба

-

-

3.

Жіберу көрсеткіші

-

-

4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері

-

-

5.







Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысы жобасының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) көшірмесі

-

-

6.

Мемлекеттік орган басшыларының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі

-

-

7.







8.







9.







Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы ___________ құжат келіп түсті, оларда ____________ парақ.
  Қолы __________ күні __________