• Мое избранное
«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11454 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 8) тармақшысы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.  
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы «___» _________
№____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы «28» мамырдағы
№ 376 бұйрығына 8-қосымша
«Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексерулер жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – хаттама (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне тестілеу жүргізу нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11130 тіркелген) «Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 3 сағат ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 сағат ішінде қарар салады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқарманың басшысының қарауына жібереді;
3) басқарма басшысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру өткізудің күні, уақыты және тестілеу өткізілетін орны көрсетілген хабарламаны немесе құжаттары толық болмағандықтан, өтінішті бұдан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына келісуге жолдайды;
5) басқарма басшысы 2 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру өткізудің күні, уақыты және тестілеу өткізілетін орны көрсетілген хабарламаны немесе құжаттары толық болмағандықтан, өтінішті бұдан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты келіседі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды; 6) басшылық 2 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру өткізудің күні, уақыты және тестілеу өткізілетін орны көрсетілген хабарламаны немесе құжаттары толық болмағандықтан, өтінішті бұдан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелденген жауабына қол қояды;
1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды толық берген жағдайда.
7) жауапты орындаушы өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен ерте болмайтын және күнтізбелік 27 (жиырма жеті) күннен кешіктірілмейтін мерзімде білімге біліктілік тексеруді жүргізеді;
8) жауапты орындаушы білімге біліктілік тексеруді өткізген соң 2 жұмыс күні ішінде білімге біліктілік тексеру нәтижелерін ресімдейді және оны көретілетін қызметті берушінің басқармасы басшысына келісуге жолдайды;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы 4 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру нәтижелерін келіседі;
10) басшылық 4 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру нәтижелеріне қол қояды.  
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі:  
1) өтінішті тіркеу;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығымен жауапты орындаушыны анықтау;  
3) құжаттарды тексеру;
4) білімге біліктілік тексеру өткізудің күні, уақыты және тестілеу өткізілетін орны көрсетілген хабарламаны немесе құжаттары толық болмағандықтан, өтінішті бұдан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты әзірлеу;
5) білімге біліктілік тексеруді жүргізу;
6) білімге біліктілік тексеру нәтижелерін ресімдеу;
7) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығының білімге біліктілік тексеру нәтижелеріне қол қоюы.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
8. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігі тәртібінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 3 сағат ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 сағат ішінде қарар салады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқарманың басшысының қарауына жібереді;
3) басқарма басшысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру өткізудің күні, уақыты және тестілеу өткізілетін орны көрсетілген хабарламаны немесе құжаттары толық болмағандықтан, өтінішті бұдан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына келісуге жолдайды;
5) басқарма басшысы 2 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру өткізудің күні, уақыты және тестілеу өткізілетін орны көрсетілген хабарламаны немесе құжаттары толық болмағандықтан, өтінішті бұдан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты келіседі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
6) басшылық 2 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру өткізудің күні, уақыты және тестілеу өткізілетін орны көрсетілген хабарламаны немесе құжаттары толық болмағандықтан, өтінішті бұдан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелденген жауабына қол қояды;
1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды толық берген жағдайда.
7) жауапты орындаушы өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен ерте болмайтын және күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде білімге біліктілік тексеруді жүргізеді;
8) жауапты орындаушы білімге біліктілік тексеруді өткізген соң 2 жұмыс күні ішінде білімге біліктілік тексеру нәтижелерін ресімдейді және оны көретілетін қызметті берушінің басқармасы басшысына келісуге жолдайды;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы 4 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру нәтижелерін келіседі;
10) басшылық 4 сағат ішінде білімге біліктілік тексеру нәтижелеріне қол қояды.  
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсім (іс-қимыл) бірізділігінің сипатамасы: осы регламентке қосымшада келтірілген.
«Электр және энергия қондырғыларының
техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану
қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді
жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының,
мамандарының техникалық пайдалану
қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын
білуін біліктілік тексерулер жүргізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексерулер жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне мемлекеттік қызметті көрсеті бизнес үрдісінің анықтамалығы
.