• Мое избранное
«Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің бұйрығымен
бекітілген «___» __________
201_ жыл № ___
Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу осы қағидалар (әрі қарай – Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Респубикасының Заңының 5-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Дүниежүзілік пошта одағының (әрі қарай – ДПО) актілеріне сәйкес өңделді. 
2. Қағидалар мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдері шығару, айналымға енгізу, өткізу, айналымнан алу мен алыну тәртібін реттейді.
3. Ұлттық пошта операторы пошта байланысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес, мемлекеттік пошта төлем белгілерінің шығарылымы мен өткізуін ұйымдастырады.
4. Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) айналымға енгізу күні – пошта төлем белгілерінің пошта айналымына енгізу күні;
2) бастыру – пошталық жөнелтілімді растайтын пошталық мөрқалып баспа-таңбасының қойылуы;
3) жауап қайтарылатын Халықаралық коммерциялық хат-хабар (бұдан әрі - ЖКХКХ) хатқалтасы – арнайы ажырату жазбалары бар алдын ала жауабы төленген ЖКХКХ хатқалталары;  
4) маркаланған көркем хатқалталар және пошта карточкалары – түпнұсқалы маркалармен қоса, толық түсті типографиялық тәсілмен, шектелген таралыммен маркаланған хатқалталар мен суретті пошта карточкалары;  
5) маркаланған хатқалталар және пошта карточкалары (түпнұсқалық маркамен қоса) – пошта маркасының және (немесе) пошта төлемінің электронды белгісінің суреті типографиялық тәсілмен басылған хатқалталар мен пошта карточкалары;
6) номинал (төлем сомасы) – пошта төлем белгісінде Ұлттық пошта операторының жазбаша корреспонденцияны жіберу қызмет құнын төлеу үшін жарамды, латын әрпімен немесе араб цифрлерімен белгіленген ақша құны;
7) пошта айналымынан алу – Ұлттық пошта операторының арнайы құрылымына тапсыру үшін пошта төлем белгілерін өндіріс объектілерінде өткізуден шығару және филателия өнімі ретінде кейінгі өткізу процесі;
8) пошта айналымынан алыну – пошта төлем белгілерін кейінгі жою мақсатында пошта айналымынан алынуы;
9) пошта көркем маркасы (пошталық блок) – толық түсті типографиялық тәсілмен, шектеулі таралыммен басылған пошта маркасы (пошталық блок); пошталық блок – бір немессе бірнеше пошта маркаларынан тұратын, суреттері мен жазбалары бар жиектерімен қоршалған парақ;
10) пошта маркасы – пошта операторының жазбаша корреспонденцияны жіберу қызмет құнын төлемін растайтын пошта төлем белгісі;  
11) пошта төлем белгілерінің электронды белгілері – Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы ақпараттық жүйесінде пошта жөнелтілімі туралы ақпараты бар сканерлермен танып білінетін, екі өлшемді және (немесе) бір өлшемді код-сызықшалы арнайы баспа-таңба түріндегі пошта төлем белгісі.
12) пошталық эмиссиялар жөніндегі комиссия – уәкілетті орган және Ұлттық пошта операторы өкілдерінен тұратын, байланыс саласындағы уәкілетті ораган жәрдемімен құрылған үнемі әрекет ететін сабағаттық-кеңесші ораган. Комиссия пошта төлем белгілері сұрақтары бойынша ұсыныстарды өңдейді;
13) стандартты пошта маркасы – бір түсті немесе толық түсті үлкен таралыммен басылған пошта маркасы;
14) стандартты маркаланған хатқалталар және пошта карточкалары – бір түсіті немесе толық түсті үлкен таралыммен басылған маркаланған хатқалталар мен пошта карточкалары;
15) үстінен қайта басу – бұрын шығарылған пошта маркасының үстінен баспа-таңбасының қойылуы;
16) филатерия өнімі – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, пошта айналымынан алынған, коллекциялаудың объектісі болып табылатын мемлекеттік пошта төлем белгілері.
5. Мемлекеттік пошта төлем белгілеріне мыналар жатады:
1) стандартты және көркем пошта маркалары (соның ішінде кертешсіз);
2) пошталық блоктар;
3) стандартты және маркаланған көркем хатқалталар және пошта карточкалары;
4) пошта байланысы төлемінің электронды белгісі;
5) ЖҚХКХ хатқалталары
6) Ұлттық пошта операторы қызметінің төленгенін растаушы, пошта айналымына уәкілетті орган енгізетін маркаланған пошталық хабарландырулар және басқа белгілер.
6. Мемлекеттік пошта төлем белгілері әрекет ететін тарифтерге сәйкес, пошта төлем белгілері пошта операторы жазбаша корреспонденцияны жіберу қызметтерінің төленгенін растауы үшін арналған
Қазақстан Республикасы аумағында Ұлттық пошта операторының өңдіріс объектілері ішкі және халықаралық жазбаша корреспонденцияларында мемлекеттік пошта төлем белгісі болған жағдайда ғана алып жіберу үшін қабылдауды орындайды.
Кірленген, зақымданған немесе бастырылған мемлкеттік пошта төлем белгілері және де басқа елдердің пошта төлем белгілері және түрлі жапсырмалар, суреттер, құлақшалар жарамсыз және Ұлттық пошта операторы қызмет төлемін растауы ретінде қабылданбайды.
2. Мемлекеттік пошта төлем белгілері түрлері мен көлемдерін бекіту тәртібі
7. Пошта байланысы саласындағы уәкілетті орган (әрі қарай – уәкілетті  
орган) – жыл сайынғы тақырыптық жоспарларда мемлекеттік пошта төлем белгілерінің түрлерін бекітеді, оған сәйкес Ұлттық пошта операторы олардың шығарылымы мен өткізуін жүзеге асырады.  
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Пошта төлем белгілерін шығару тақырыптық жоспарының (бұдан әрі – Тақырыптық жоспар) жобасы жыл сайын жоспарланатын шығарылым жылынан 6 ай бұрын түскен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, мемлекеттік органдар, Ұлттық пошта операторының, халықаралық мекемелердің, пошта маркаларының бірлескен шығарылымы туралы басқа елдердің пошта әкімшіліктерінің және де заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстары негізінде құрылады.
9. Тақырыптық жоспардың жобасына жолданған ұсыныстар уәкілетті органмен қаралады, және ол шығарылым жылының алдыңғы шығарылым жылының 1 тамызына дейін осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес бекітеді.  
10. Тақырыптық жоспарлар жобаларын құру кезінде мына қағидалар есептелінеді:
1) мемлекеттік пошта төлем белгілері ДПО Жарғысының талаптарына және ДПО орагандары қабылдаған шешімдеріне сай болуы, өз сюжеттерінде қазақ және Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін халықтардың тарихи және мәдени мұрасын қамтуы, флора мен фаунаны, білімнің барлық салаларындағы жетістіктерді, филателия саласындағы ішкі және халықаралық өмірдің негізгі оқиғаларын көрсетуі керек.  
2) мемлекеттік пошта төлем белгілері қазірде аман-есен тұлғаларға арналуы мүмкін емес. Тақырыптық серияның шығарылымы кезінде, уәкілетті органның шешімі бойынша, осы талаптан ауытқуға рұқсат етіледі;
3) мемлекеттік пошта төлем белгілерінің үстінде мемлекеттік және саяси қайраткерлердің, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерінің суреттерін салуға оның өлімінен он жыл өткеннен кейін ерте емес немесе жиырма бес жылға еселі мерейтойына себепті салынуы мүмккін. Тақырыптық серияның шығарылымы кезінде, уәкілетті органның шешімі бойынша, осы талаптан ауытқуға рұқсат етіледі;
4) саяси партиялардың, қоғами, діни және қайырымдылық кәсіпорындардың құрметіне мемлекеттік пошта төлем белгілерін шығаруға рұқсат етілмейді;
5) облыстардың, қалалардың, кісіпорындардың, мекемелердің, Қазақстан Республикасының оқу орындарының жиырма бес жылға еселі мерейтойларына себепті маркаланған хатқалталардың және пошталық карточкалардың шығарылымы рұқсат етіледі;
6) саяси мінезді немесе қандай болса да тұлға үшін қорлағандық болатын мемлекеттік пошта төлем белгілерінің шығарылымы рұқсат етілмейді.
11. Уәкілетті органмен бекітілген Тақырыптық жоспар Ұлттық пошта операторына мемлекеттік пошта төлем белгілері шығарылымын ұйымдастыру үшін жолданады.
12. Мемлекеттік пошта төлем белгілерінің үстінен қайта басуды дайындау ерекше жағдайларда уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
13. Ұлттық пошта операторы өзінің өндіріс объектілерінің тапсырыстарының негізінде мемлекеттік пошта төлем белгілерінің қажеттілік жоспарын құрайды. Пошта төлемінің электронды білгілерінен басқа, мемлекеттік пошта төлем белгілерінің таралымы Ұлттық пошта операторымен халықтың қажеттілігі, коммерциялық қызметі және қажетті резервтің құрылуын есепке алумен анықталады және уәкілетті органға бекітілуге ұсынылады.
14. Мемлекеттік пошта төлем белгілерінің жалпы таралымы уәкілетті органмен бекітіледі.
15. Уәкілетті орган шешімі бойынша рұқсат етіледі:
таралымның 10 пайызынан көп емес, пошта төлем белгілері таралымдар бөлігін бастырылған түрде әзірлеу;
негізгі таралымның 10 пайызынан көп емес, көркем маркалардың қосымша таралымның шұғыл шығарылымын ұйымдастыру (филателия өнімдеріне көтеріңкі сұранысы жағдайында).
3. Мемлекеттік пошта төлем белгілерін айналымға енгізу мен айналымнан алу тәртібі
16. Уәкілетті Ұлттық пошта операторы ұсынысы бойынша мемлекеттік  
пошта төлем белгілері түрлері мен көлмдерін бекіту арқылы орган мемлекеттік пошта төлем белгілерін пошта айналымына енгізеді.
17. Ұлттық пошта операторы шешімі бойынша пошта маркасын (пошталық блок) айналымға енгізу күнінде, арнайы пошта мөрқалыптың және алғашқы күн хатқалтаның қолдануымен айналымға енгізілетін пошта маркасының (блоктың) бастыруы жасалынады.
18. Арнайы пошта мөрқалыптары мен алғашқы күн хатқалталарына қойылатын талаптар Ұлттық пошта операторымен орнатылады.
19. Ұлттық пошта операторы мемлекеттік пошта төлем белгілерін айналымға енгізуден үш күн бұрын өндіріс объектілеріне жолданады.
20. Мемлекеттік пошта төлем белгілерін айналымнан алған жағдайдан басқа, айналымға енгізілгеннен кейін екі жыл ішінде өткізіледі және қолданылады.
21. Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторы ұсынысы негізінде мемлекеттік пошта төлем белгілерін филателия өнімі ретінде қолдану үшін айналымнан алуды жүзеге асырады.
22. Пошталық айналымнан алынған пошта маркалары (блоктар) филателия өнімдері ретінде қолданылады. Олардың өткізімі Ұлттық пошта операторы белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады, ал бұрын өткізілгендер – әрекет ететін жазбаша корреспонденцияны жолдау тарифтеріне сәйкес, пошта операторының қызметін төлеуге жарамды.
23. Пошта төлем белгілерін айналымнан алынуы ерекше жағдайларда, уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. Айналымнан алынған мемлекеттік пошта төлем белгілері, Ережелерге сәйкес, қысқа мерзімде жойылады. Жою актілерінің көшірмелерін бекіткеннен кейін, бір апта мерзімі ішінде уәкілетті органға жолданады.
Өткізілген пошта төлем белгілері айналымнан алынғанға дейін уәкілетті оганның шешімі шыққанна бір ай мерзімі ішінде Ұлттық пошта операторының номиналымен айырбасқа жарамды.
24. Мемлекеттік пошта төлем белгілерін заңды тұлғаларға және де филателиялық қоғамдарға өткізу шарттары Ұлттық пошта операторы бекіткен тәртіпте анықталады.
25. Қазақстан Республикасының ішкі пошта жіберілімдерінде пошта төлемінің электронды белгісі қолданылуымүмкін.
4. Мемлекеттік пошта төлем белгілері мен филателия өнімдерін жасау, шығару және өткізу.
26. Мемлекеттік пошта төлем белгілерінің өндірушісі Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған тәртіпке сәйкес анықталады
27. Шығарылымға жоспарланған мемлекеттік пошта төлем белгілерінің эскиздерін өңдеуі Ұлттық пошта оперторы тиісті суретшілерді, дизайнерлерді және ғылым, мәдениет, тарих және т.б. салалар мамандарын жұмылдыру арқылы орындайды.
28. Уәкілетті органға бекітуге ұсынатын Комиссия осы Қағидалардағы 2 қосымшаға сәйкес, мемлекеттік пошта төлем белгілері эскиздерін қарап талқылайды.
29. Комиссия – мемлекеттік пошта төлем белгілерін шығару саласындағы эмиссионды саясатының жалпы қағидаларын анықтау алқалы органы болып табылады.
30. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарды және де осы Ережелерді нұсқау етіп қолданады.
31. Комиссия өз қызметін ақысыз негізде іске асырады.
32. Комиссияның құрамына уәкілетті органның мүдделі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, соның ішінде Ұлттық пошта операторының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
33. Комиссия құрамы төрағасы мен комиссия мүшелерінен тұрады.
Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем емес.
34. Комиссияның құрамы байланыс саласындағы уәкілетті органмен бекітіледі.
35. Жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша жарнама ретінде (коммерциялық шығарылым) мемлекеттік пошта төлем белгілерінің шығарылымы уәкілетті органның шемімі бойынша ұйымдастырылады. Мемлекеттік пошта төлем белгісінің өңделуі және дайындалуы тапсырыш беруші қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
36. Мемлекеттік пошта төлем белгілері номиналға үстеме қосып, қайырымдылық мақсатта шығарылмайды.
37. Жоспардан тыс мемлекеттік пошта төлем белгілерін шығару туралы ұсыныстар қор есебіне уәкілетті органға айналымға енгізуден алты ай бұрын қаралуға қабылданады.  
38. Жарнама мақсатында шығарылған мемлекеттік пошта төлем белгілерді Ұлттық пошта операторы номиналды құнына сәйкес өткізеді.
39. Мемлекеттік пошта төлем белгілерін жазбаша корреспонденцияны жолдауды төлеу үшін және де филателия өнімі ретінде өткізуі жүзеге асырылады.
40. Үстінен қайта басуы бар пошта маркалар мен блоктардың өткізуі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалады.
41. Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы шегінен тысқары мемлекеттік пошта төлем белгілерінің өткізуі Ұлттық пошта операторымен жүзеге асырылады.
42. Ұлттық пошта операторы бекіткен тәртіпте пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін өткізудің мамандырылған бөлімшесінде Ұлттық пошта операторымен коллекционерлер үшін абонементтік қызмет көрсету ұйымдастырылады.
43. Мемлекеттік пошта төлем белгілерінің сақталуы мен есебі Ұлттық пошта операторымен жүзеге асырылады.
44. Уәкілетті органның шешімі бойынша Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының пошта төлем белгілерінің Мемлекеттік коллекциясына пошта төлемінің электронды белгісінен басқа, мемлекеттік пошта төлем белгілерін екі дана мөлшерінде тапсырады.
45. Заңсыз шығарылған пошта маркалардың айналымынан сақтану мақсатында, Ұлттық пошта операторы ДПО Халықаралыр Бюросына ДПО мүше–елдердің төлтума пошта маркалардың тізіліміне енгізу үшін әр жаңа шығарылымның, әр номиналды, толық ақпаратымен (шығарылым күні, техникалық сипаттама және басқа ақпараттар) қоса, пошта маркалардың үш данасын жолдайды.
46. Мемлекеттік пошта төлем белгілері эскиздерінің түпнұсқалары Ұлттық пошта операторының зияткерлік меншігі болып саналады; эскизді дайындау кездегі қолданылған материалдар, қайтаруға жарамсыз, Ұлттық пошта операторының білгенінше пайда табу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген барлық әдістерді қолдану үшін, мүліктік және беймүліктік авторлық құқықтарымен бірге Ұлттық пошта операторының меншігіне өтеді.
Мемлекеттік пошта төлем белгілері
мен филателия өнімдерін шығару,
өткізу қағидаларына 1-Қосымша
20 __ жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік пошта төлем белгілерін шығару ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
 

Шығалырым (сюжеттер) атауы

Шығарылым көлемі

Ескертулер

1 бөлім . Көркем шығарылымдар

1.1. « » сериясы

1.1.1

« » тақырыбы





2 бөлім . Стандартты шығарылымдар

2.1. « » сериясы

2.1.1

« » тақырыбы





3 бөлім . Маркаланған хатқалталар

3.1.

Тақырып бойынша хатқалта





4 бөлім . Қор

4.1.

Қор







Тақырыптық жоспар бойынша барлығы :





Мемлекеттік пошта төлем белгілері
мен филателия өнімдерін шығару,
өткізу қағидаларына 2-Қосымша

БЕКІТЕМІН :

Пошталық эмиссиялар жөніндегі комиссияның төрағасы

Пошта төлем белгісі эскизінің түпнұсқасы
 

Келісілді:

Комиссия мүшелері:

ТАӘ (қолы)

Суретші:

ТАӘ (қолы)

«Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы « » маусымдағы № бұйрығына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 17) тармағына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау мемлекеттік немесе жергілікті бюджет шығындарының ұлғаюын және түсімдерінің қысқаруын көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8.

Ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9.

С араптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін).»;

-



Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі Заң
департаментінің директоры _____________