• Мое избранное
«Арнайы пошта байланыс қызметінің қызметкерлерін және ұлттық пошта операторларының қызметкерлерін формалық киімдермен қамтамасыз ету үлгілерін, кию қағидаларын, нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Арнайы пошта байланыс қызметінің қызметкерлерін және ұлттық пошта операторларының қызметкерлерін формалық киімдермен қамтамасыз ету үлгілерін, кию қағидаларын, нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Арнайы пошта байланыс қызметінің қызметкерлерін және ұлттық пошта операторларының қызметкерлерін формалық киімдермен қамтамасыз ету үлгілерін, кию қағидаларын, нормаларын бекіту туралы
«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса берілген мыналарды:
1) Ұлттық пошта операторның арнайы пошта байланыс қызметі жұмыскерлерінің формалық киім үлгісі 1 қосымшаға сәйкес;
2) Ұлттық пошта операторының жұмыскерлерінің (погонсыз) формалық киім үлгісі 2 қосымшаға сәйкес;
3) Ұлттық пошта операторының арнайы пошта байланыс қызметі жұмыскерлерінің формалық киімдер үлгісі нормаға сәйкес қамтамасыздандыр,кию ережесі;
4) Ұлттық пошта операторының жұмыскерлерінің (погонсыз) формалық киім үлгісін нормаға сәйкес қамтамасыздандыр,кию ережесі бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар Вице-министрлігіне (С.С. Сарсенов):  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы «____»__________
№ бұйрығына
қосымша
Ұлттық пошта Арнаулы байланыс қызметiнің жеке құрамына арналған формалық киім үлгісі
1. Ерлерге арналған формалық киім үлгісі
1.Арнаулы байланыс қызметінің жоғары құрамындағы (бұдан әрі – арнаулы байланыс қызметі) ерлерге арналған костюм (кител, шалбар) қара-көк түсті жартылай жүн матадан тігіледі (Ұлттық пошта Арнаулы байланыс қызметiнің жеке құрамына арналған фирмалық киім 1 үлгісіне қосымша , 1 сурет (бұдан әрі – үлгелілер)):  
1) Кител жартылай жүн матадан қара-көк түсті бейнедегі жартылай жапсырылған,  екі жағы қаусырмалы, екі бүйір түймелікпен, алты арнаулы түймесі бар екі қатарға орналасқан, жағасы және лацкан қайырылған, жағаның шеті көк түсті жиекпен көмкерілген, жағада арнайы алтын түсті сурет (белгі) кесте түрінде жапсырма түсірілген. Жеңдердің қайырмамен ені 8 см, қайырманың жоғары жағы – көк түсті жиек, жиектен жоғарылау арнаулы сурет алтын түсті тігіспен кестеленген. Сол жақ жеңде – «Шеврон» жең белгісі Арнаулы байланыс қызметiнің - белгіленген үлгісі. Оң жақ жеңде – «Эмблема» жең белгісі Республикалық Арнаулы байланыс қызметiнің - белгіленген үлгісі. Қақпақшасы бар бүйірлеу көлденең орналасқан қима қалталар.  
2) Тік қара-көк түсті жартылай жүн матадан астарланған бүйірлеу ішкі қалталармен оң жақтан артқы қима қалта түймеленеді, бүйірлеу тігіс бойынша – көк түсті жиек (лампас) жүргізілген, ені 2 см шалбар.
2. Арнаулы байланыс қызметінің жоғары құрамындағы ерлерге арналған костюм (кител, шалбар) қара-көк түсті жартылай жүн матадан тігіледі (1 киім үлгісіне қосымша ,2 сурет):  
1) Кител бейнедегі жартылай қаусырмалы, бір бортты төрт арнаулы түймелікті, жаға және лацкан қайырылған, педжактың жағасына - Арнаулы байланыс қызметiнің - айырма жапсырма белгілері тігілген. Жеңдер қондырма екі тігісті, шынтақ тігісінде екі түйме бар. Сол жақ жеңде – «Шеврон» жең белгісі арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі. Оң жақ жеңде – «Эмблема» жең белгісі Арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі. Арқаның ортадағы тігісі шлицпен аяқталады, екі тігіспен қыр салынып, белдің алдыңғы қымтаулы тігісімен, қақпақшасы бар бүйірлеу көлденең орналасқан қима қалталар.
2) Шалбар тік қара-көк түсті жартылай жүн матадан тігілген, астарланған бүйірлеу ішкі қалталармен оң жақтан артқы қима қалта түймеленеді, бүйірлеу тігіс бойынша – көк түсті жиек жүргізілген.
3.Тік бейнедегі күрдеше (жеңі (шеврон) белгісімен толықтырылған). Қайырма жаға. Ортасындағы ілгек солдан оңға қарай, бес ілгекті және күміс түсті диаметрі 14 мм нысанды түймемен. Төске жапсырылып тігілген фигуралы қалталардың қақпақшалары, ілгекпен түймеленетін, күміс түсті нысанды түйменің диаметрі 14 мм. Кіші құрамдағы жұмыскерлердің костюмінде жапсырылып тігілген қалталардың үстіңгі жағы қара-көк түсті реңде алтын түсті жиекпен көмкеріліп және алтын әріптермен жазбалар: сол жағында «Қан тобы», оң жағында «Айырым белгілері» тігілген. Күрдешенің жағасында – Қазақстан Республикасы «KZ» алтын түсті металды эмблема бар.  
«Жапырақшасы» бар бүйір қиылып, көлбеу тігілген қалталар.
Арқасы инішпен. Иніш бойымен еркін қозғалу үшін жұмсақ бүкпе салынады.
Екі тігіспен қайып тігілген екі тігісті манжеті бар жең, ілгекпен түймеленетін, күміс түсті диаметрі 14 мм нысаналы түйме.
Қайып тігілген тігісті манжет бойымен екі жұмсақ бүкпе шынтақ тігісіне қарай салынған.  
Күрдешенің төмен жағы бүктеліп тігілген белбеу. Белдіктің көлемі бүйір аумақтарымен эластикалық тесмамен, іс машинасымен сырып тігіледі.
Күрдешенің алдыңғы бойы және арқасы астарланған. Астардың сол жақ ішкі қалтасы, ілгекпен түймеленеді және қара-көк түсті диаметрі 14 мм пластиктен жасалған түйме.
Жеңге тағылатын белгі (шеврон) киім нысанының сол жақ жеңінің сырт жағының орталық осі жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см аралықта тігіледі.  
Жеңге тағылатын белгі (эмблема) киім нысанының оң жақ жеңінің сырт жағы орталық осінен жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см аралықта тігіледі.
Тік бейнедегі тігілген, үтіктелген сызықпен шалбар. Қос тігісті 6 см бес шытырлағы бар жалпақ белбеу (портупея). Белбеудің көлемі бүйір жағынан эластикалық тесмамен көп инелі іс машинамен сырып тігіледі. Белбеу ілгекпен және пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 17 мм түймемен түймеленеді.  
Гульфик сол жақтан оңға қарай пластиктан жасалған қара – көк түсті «сырғытпа түймемен» түймеленеді.  
Қималы бүйір сызығы бойынша қалталар.
Артқы оң жақ жартысына қима қалта ішкі ілмекпен және пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 14 мм түймемен түймеленеді.  
Бүйір тігістері көк түсті жиекпен қайып тігілген. Шалбардың алдыңғы жағының жартысы астарланған.
4. Арнаулы байланыс қызметінің кіші құрамының Рип-Стоп матасынан тігілген арнайы жазғы костюмі.(4 сурет 1 қосымшаға):
1) Тік бейнедегі куртка (жең белгілермен толықтырылған (шевронмен, эмблемамен).  
Қайырылып тігінен тұтас тігілген жаға.  
Ортадағы түймелік солдан оңға қарай, жасырын (супатная), жоғарғы және төменгі ілмек тесіп өтетін, пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 17 мм түймемен түймеленеді.
Қалпақшаларымен екі төс қима қалтаны жасырын (супатной) түймеленетін түйме пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 17 мм.  
Кіші құрамның жұмыскерлерінің киім нысаны жапсырма қалталардың үстіне қара-көк реңде алтын жиекті және алтын әріппен жазуы бар жапсырмалар тігілген: сол жағында «Қан тобы», оң жағында «Айырым белгілері». Күрдешенің жағасында – Қазақстан Республикасы «KZ» алтын түсті металды эмблема бар.  
Арқасы екі тігісті инішпен.
Бұйымның төменгі жағы тұтас қайырылып тігілген белбеу. Арқа бойынша белдікте белдікті көлемін реттейтін эластикалық лентамен кулиса орналасқан. Үш ілгекпен реттеуішке, белдіктің іш жағында тігілген түймелерге түймелеу үшін - эластикалық ленталар патқа бекітіледі.
Екі тігісті қондырма жең қос тігісті манжетпен, түймеленетін пластиктан жасалған диаметрі 17 мм қара – көк түсті түйме. Шынтақ қаптамасы – күшейткіш жапсырмамен. Жеңнің жоғарғы бөлігінде, текстилді түймеленетін қақпақшасы бар жапсырма қалталар орналасқан. Ойық айналасына – желдетуді қамтамасыз ету үшін трикотаж кенеп матадан (тор) қиық қойылады.  
Жеңдегі белгі (шеврон) сол жақ жеңдегі жапсырма қалтаның ашық жерінің ортасына тігіледі.