• Мое избранное
«Пошта байланысы арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Пошта байланысы арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Пошта байланысы арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабы 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған пошта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынған бұйымдар мен заттардың тiзбесi бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
201__ жылғы «__» _______
№ ___ қаулысымен
бекітілген
Пошта желілері бойынша жіберуге тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі
1. Ішкі пошта жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салынған заттар мен бұйымдар
1. Ішкі пошта жөнелтімдерінде мынадай заттар мен бұйымдарды жіберуге жол берілмейді:
1) әскери қолға ұстайтын атқыш, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, қосалқы және жинақтаушы бөлшектер, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс дабылдарын беруге арналған қару, электрлік қару, электр соққыш құрылғылар мен ұшқын шашқыштар, қылыш жүзді суық қару, кистендер, кастеттер, сурикендер, бумерангтер және өзге спорттық құралдардан басқа ұрып-соғуға, лақтыруға, сұғып, кесуге бейімделген заттар, екі түрлі қолданатын арнайы техникалық құралдар және олардың бөлшектері;
2) есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың аналогтары;
3) ядролық материалдар, радиоактивтік, күшті әсер ететін, күйдіргіш, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, қопару құралдары, пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар және басқа қауіпті заттар;
4) улар, улы жәндіктер, заттар, өсімдіктер мен улы өсімдіктердің тұқымдары;
5) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы мен шетел валюталары;
6) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылықты, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспасөз басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио-, және бейне материалдар;
7) тез бұзылатын тағам өнімдері;
8) өзінің сипаты немесе буып-түйілуі жағынан пошта қызметкерлеріне қауіп төндіретін, басқа пошта жөнелтімдер мен пошта жабдықтарын былғайтын немесе бүлдіретін заттар.
2. Ерекшелік ретінде мыналарды қабылдауға және жіберуге рұқсат беріледі:
1) жөнелтілімдер арқылы – азаматтық және қызметтік қарудың бұзылған бөлшектерін, оларды сатуға лицензиясы бар дүкендердің жасап шығарған зауыттарға немесе азаматтық және қызметтік қаруды жөндеу құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар атына жібергенде, сондай-ақ аталған дайындаушы зауыттардың, заңды және жеке тұлғалардың тиісті дүкендер атына жіберген кездерінде.
Көрсетілген заттарды салу жөнелтуші тиісті лицензияны көрсеткенде ғана жүзеге асырылады;
2) құндылығы жарияланған хаттар мен жөнелтілімдер арқылы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген кассалық операцияларды жүзеге асыру құқығы бар заңды тұлғалар жіберетін банкноттар, монеталар мен құндылықтар;
3) барлық басқа жөнелтушілерге құндылығы жарияланған хаттарда «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 253 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7926 тіркелді) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларына сәйкес жіберілетін Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған банкноттары мен ақаулы (бүлінген) монеталарын, сондай-ақ күмәнді банкноттары мен монеталарын жіберуге рұқсат етілген. Сондай-ақ, жөнелтілімдермен нумизматикалық мақсаттарда банкноттар мен монеталарды, сондай-ақ олардан жасалған коллекцияларды жіберуге рұқсат етіледі.
139. Құндылығы жарияланған ішкі бандерольдерде, хаттарда және жөнелтілімдерде тізімдемеден басқа конвертпен немесе онынсыз жолданған хаттар, алмасып отырғандар тұлғалары жіберуші мен адресаттан өзге тұлғалар болатын құжаттар мен жазбаша хат-хабарларды жіберуге болмайды. Жөнелтілімдерде мерзімді баспасөз басылымдарын жіберуге болмайды.
Ішкі пошта жөнелтімдерінің барлық түрлерінде Қазақстан Республикасының басқа пошта операторымен қабылданып ресімделген пошта жөнелтімдерінің барлық түрлерін салып жіберуге болмайды.
2. Халықаралық пошта жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салынған заттар мен бұйымдар
4. Халықаралық пошта жөнелтімдерінде мынадай заттар мен бұйымдарды жіберуге жол берілмейді:
1) әскери қолға ұстайтын атқыш, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, қосалқы және жинақтаушы бөлшектер, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс дабылдарын беруге арналған қару, электрлік қару, электр соққыш құрылғылар мен ұшқын шашқыштар, қылыш жүзді суық қару, кистендер, кастеттер, сурикендер, бумерангтер және өзге спорттық құралдардан басқа ұрып соғуға, лақтыруға, сұғып кесуге бейімделген заттар, екі түрлі қолданылатын арнайы техникалық құралдар, олардың бөлшектері;
2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;
3) ядролық материалдар, радиоактивтік, күшті әсер етуші, күйдіргіш, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, қопару және пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар және басқа да қауіпті заттар;
4) улар, улы жәндіктер, улы заттар, улы өсімдіктер мен улы өсімдіктердің тұқымдары;
5) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шетел валютасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құндылығын жарияланған хаттар мен жөнелтілімдер де, сондай-ақ нумизматикалық мақсатта жіберілетін ақша белгілерін қоспағанда Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шетел валютасының ақша белгілері (банкноттар мен монеталар);
6) маралдардың, ақбөкендердің, теңбіл бұғылардың мүйіздері мен тұяқтары және де теңбіл бұғының терісі (Қазақстан Республикасынан сыртқа шығарған кезде), Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген аңдар мен өсімдіктер дериваттары;
7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылықты, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспасөз басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио-, және бейнематериалдар;
8) бал арасы, сүліктер мен жібек құрттары, ресми танылған мекемелер арасында зерттеуге арналып алмасылатын паразиттер мен зиянды жәндіктерді құртушыларды алмағанда, олардан басқа тірі аңдар;
9) өзінің сипаты немесе буып-түйілуі жағынан пошта қызметкерлеріне қауіп төндіретін, басқа пошта жөнелтімдер мен пошта жабдықтарын былғайтын немесе бүлдіретін заттар;
10) тез бұзылатын тағам өнімдері;
11) метал ақшалар, банк билеттері, кредит билеттері немесе адресаттарға арналған қандай да бір құндылықтар, жол чектері, қымбат металдар мен тастар және солардан жасалған бұйымдар;
12) жеткізілетін елде енгізуге немесе айналымға түсуіне тыйым салынған бұйымдар.
5. Еуразиялық экономикалық одағы елдері шегінде мынадай бұйымдар мен заттарды жіберуге жол берілмейді:
1) Еуразиялық экономикалық одағы аумағына (аумағынан) олардың енгізілуіне, шығаруына, транзитіне шектеу немесе тыйым салынған қарудың кез келген түрлері және олардың оқ-дәрілері, сондай-ақ олардың құраушы бөлшектері, оқ-дәрілері;
2) жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, жару құралдары;
3) шартты түрдегі патогенді және патогенді организмдер, биологиялық материалдар, жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғыштары;
4) тез бұзылғыш тауарлар;
5) алкогольді өнімдер мен этил спирті, сыра;
6) темекі бұйымдарының кез келген түрлері және шылымдық қоспалар;
7) кез келген түрдегі және күйдегі өсімдіктер, өсімдіктердің тұқымдары;
8) зергерлік бұйымдардан басқа кез келген түрдегі және күйдегі бағасы құнды тастар мен табиғи алмаздар;
9) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары;
10) озонды бұзғыш заттар;
11) қауіпті қалдықтар;
12) есірткі құралдары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар.
6. Халықаралық құндылығы жарияланған бандерольдерде, ұсақ пакеттерде, хаттарда және жөнелтілімдерде тізімдемеден басқа конвертпен немесе онынсыз жолданған хаттар, алмасып отырған тұлғалары жіберуші мен адресаттан өзге тұлғалар болатын документтер мен жазбаша хат-хабарларды жіберуге болмайды. Одан басқа, ұсақ пакеттер мен жөнелтілімдерде мерзімді баспасөз басылымдарын жіберуге болмайды.
Халықаралық пошта жөнелтімдерінің барлық түрлерінде Қазақстан Республикасының басқа пошта операторымен қабылданып ресімделген пошта жөнелтімдерінің барлық түрлерін салып жіберуге болмайды.
3. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан адамдардың атына жіберуге тыйым салынған заттар мен нәрселер
7. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан адамдардың атына жіберілетін ішкі пошта жөнелтілімдерінде салынымның мынадай түрлерінің болуына жол берілмейді:
1) атыс қаруының және суық қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер;
2) жарылғыш, уландырғыш және өрт қауіпті заттар;
3) оптикалық құралдар;
4) ақша, құнды заттар, құнды қағаздар;
5) пиротехникалық заттар, сіріңкелер;  
6) жылумен өңдеуді қажет ететін тамақ өнімдері (кофе мен шай, құрғақ сүт, қайнатуды немесе пісіруді қажет етпейтін тез дайындалатын азықтық концентраттардан басқа), сондай-ақ ашытқылар, қант;
7) алкогольді сусындардың барлық түрі, сыра;
8) әтір, одеколон және спирттік негіздегі өзге де заттар;
9) есірткі заттары, психотроптық заттар, уытты және күшті әсер ететін есеңгірететін заттар, олардың баламалары және медициналық көрсеткіші жоқ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы заттар;
10) жазу машинкалары, көбейткіш аппараттар, компьютерлік жабдық және басқа да ұйымдастыру техникасы;
11) пышақтар, басқа да өткір, кескіш және сұққыш заттар;
12) балталар, балғалар және басқа да сайман;
13) ойын карталары;
14) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылық, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио- және бейнематериалдар;
15) фотоаппараттар, фотоматериалдар, химикаттар, бейне- және кинокамералар;
16) электр тұрмыстық аспаптар (электр ұстара, электр шәйнектерді, зауытта шығарылған тұрмыстық электр қайнатқыштарды қоспағанда);
17) құжаттар (соттың үкімдері мен ұйғарымдарының көшірмелерінен, ақша, заттар, құндылықтарды сақтау үшін берілген түбіртектерден басқа);
18) топографикалық карталар, компастар, топография, жекпе-жек күрес, қызметтік иттерді баптау, қарудың құрылысы жөніндегі әдебиеттер;
19) әскери және басқа да нысанды киім, оның керек-жарақтары;
20) ашық түсті сыртқы киім, бас киім және аяқ киім (кебіс, жылы және жұқа ішкі киім, тұтастай қара, қою көк немесе қою қоңыр түсті футболка, жемпірлер, свитерлерді, спорт костюмдер мен спорт аяқ-киімін қоспағанда);  
21) рациялар, мобильді телефондар және басқа да мобильді байланыс құрылғылары, олардың құрамдас бөліктері, оның ішінде зарядтау құрылғылары, сим-карталар, электрондық ақпарат тасымалдағыштардың барлық түрі;
22) тасымалдауға, беруге және сақтауға әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген өзге де бұйымдар мен заттар.
__________________________________
«Пошта байланысы арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қаулы жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтiлетiн нәтижелерінiң мерзiмi және болжанатын тиiмдiлiгi



«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Үкiметтiң бұрын қабылданған актілерi және олардың iске асырылу нәтижелерi туралы мәлiметтер

Жоқ

7.

3аңнаманы кейiн жобаға сәйкес келтiру қажеттiгi

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Жүргізілмеген

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.



Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің www.miс.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет порталында орналастырылған (көлемі « » кБайт)

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қаулы жобасы әлеуметтік-маңызды болып табылмайды

13

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоқ

Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
2016 жылғы «____» ___________
Келісу ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі) жобасының атауы:
«Пошта байланысы арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау туралы»  
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.
 



Алынған күні



Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді

(Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері ( қолы , күні )

Қайтарылған күн

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі









Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі









Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі











Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі











Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі









Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі









Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі









Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті









Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкі







Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін құжаттардың ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Құжаттардың атауы





Құжаттың нөмері

және күні

Парақ саны



1.







ҚР Үкіметі каулысының

жобасы



2.

Жобаға түсіндірме жазба



3.



Жіберу көрсеткіші

4.





Мемлекеттік органдардың

қорытындылары, анықтамалары,

ескертулері



5.







6.







7.





Қол қойылған ҚР Үкіметі қалысының

көшірмесі





Мемлекеттік орган басшысының

міндеттерін уақытша жүктеу туралы

бұйрықтың көшірмесі







8 .



9.









 Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы ___________ құжат келіп түсті, оларда ____________ парақ.
  Қолы __________ күні __________