• Мое избранное
«Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану қағидаларын және оларға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің бұйрығымен
бекітілген
«___» __________ 201_ жыл
№ ___
Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы
1. Пошта төлем белгілері әрекет ететін тарифтерге сәкес, жазбаша корреспонденцияны жіберу үшін пошта операторы қызметтерінің төленгенін растауға арналған. Пошта төлем белгілері тек қана жазбаша корреспонденцияның жөнелтіміне қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы аумағындағы пошта операторлары жазбаша корреспонденцияның ішкі және халықаралық жөнелтілімін тек пошта төлем белгілері бар болған жағдайда жүзеге асырады.  
3. Пошта жөнелтілімінде пошта төлем белгілерінің жоқтығы немесе бекітілген тарифтің ішінара төленген жағдайда, пошта операторы мұндай пошта жөнелтілімін жөнелтушіге қайтарады.
4. Пошта байланысы қызметтерінің төленгенін растайтын сатып алынған пошта төлем белгілері, осы пошта төлем белгісін айналымға енгізген пошта операторында қолданылуы керек.
5. Пошта төлем белгілеріне мыналар жатады:
1) стандартты және көркем пошта маркалары (оның ішінде кертешсіз);
2) пошталық блоктар;
3) стандартты және көркем маркаланған хатқалталар мен пошта карточкалары;
4) пошталық кәдесый (маркаланбаған көркем пошта карточкасы мен маркаланған көркем хатқалта);
5) пошта байланысы төлемінің электронды белгісі;
6) Жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабар хатқалталары;
7) маркаланған пошталық хабарландырулар;
8) франкирлеу машиналардың бедерлемелері және пошта операторының жазбаша корреспонденцияның үстіне жапсыратын басқа да пошта байланысы қызметтерінің төленгенін растайтын белгілер.
6. 1 қосымшаға сәйкес, пошта опрераторы мемлекеттік пошта төлем белгіренінен басқа, пошта төлем белгілерін уәкілетті органмен келістіреді.
7. Пошта төлем белгілері эскиздерін өңдеуімен пошта операторы айналысады.
8. Пошта төлем белгілерінде келесі қызметтік жазбалар орналасуы тиіс:
- мемлекеттік тілде мемлекеттің атауы («Қазақстан») және/немесе латын транслитерациясында («Kazakhstan»).
- пошта төлемінің электронды белгісінен басқа, номинал латын әріптерімен немесе араб цифрлерімен.
9. Пошта төлем белгілерінің номиналды құнын белгілеу жағдайда, келесі әріптер қолданылады:
«А» Заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 20 граммға дейінгі салмақта қарапайым хатты жіберу тарифіне сәйкес;
«В» Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 50 граммға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес;
«С» Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің аумағында жер үсті көлігімен 20 граммға дейінгі салмақта қарапайым хатты жіберу тарифіне сәйкес;
«N» Қазақстан Республикасы ішінде қарапайым пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес.
10. Пошта төлем белгілердің пошта операторларына тиістілігін сәйкестендіру мақсатында, мемлекеттік пошта төлем белгілерінен басқа, беттік жағында пошта операторының атауы болуы керек.
11. Әрекет ететін тарифтерге сәйкес, пошта төлем белгілері пошта операторы жазбаша корреспонденцияны жіберу қызметтерінің төленгенін растауы үшін арналған.
12. Кірленген, зақымданған, қолданған (бастырылған), айналымнан алынған және де басқа мемлекеттердің пошта төлем белгілері пошта байланысы қызметтерін төлеу үшін қолданылмайды.
13. Пошта төлем белгілері пішіні тік немесе көлбеу өлшемі 15 мм-ден кем болмайтындай, кез келген болуы мүмкін.
14. Кез келген компостермен жасалынған айырым тесіктері немесе деңбет бердерлі ізтаңбалар пошта төлем белгілерінің айқындылығына бөгет болмауы тиіс.  
15. Пошта төлем белгілерінде орналасқан қызметтік жазбалар оңай оқылатын және олардың орналасуы композициялық шешімге сәйкес болуы тиіс.
Пайдалану реті мен мемлеткеттік
пошта төлем белгілерін қоспағанда,
пошта операторының пошта төлем
белгілеріне ұсынылатын
талаптардың 1 қосымшасы

КЕЛІСІЛДІ :

Уәкілетті орган жетекшісінің ТАӘ

 

БЕКІТІЛДІ :

Пошта операторы жетекшісінің ТАӘ

«Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы « » мамырдағы № бұйрығына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 17) тармағына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау мемлекеттік немесе жергілікті бюджет шығындарының ұлғаюын және түсімдерінің қысқаруын көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8.

Ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9.

С араптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін).»;

-



Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Заң
департаментінің директоры А. Алиақпаров