• Мое избранное
«Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидалары бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет - ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет - порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
________________Ә. Исекешев 
2016 жылғы «____» ____________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «____» ____________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу тәртібін анықтайды.  
2. Кодекстің 160-бабының 1-тармағына сәйкес Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі – ЛШТМТ) – ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған эмиссияның жай-күйі және қоршаған ортаның ластануы туралы құрылымдалған дерекқор.
3. ЛШТМТ Кодекстің 160-бабының 3-тармағына сәйкес ластауыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қамтиды.
4. Кодекстің 160-бабының 3-тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылар туралы ақпарат:
1) табиғат пайдаланушының атауын, мекенжайын және қызмет түрін;
2) берілген экологиялық рұқсаттың электрондық нұсқасын;
3) қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемі бойынша ақпаратты;
4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының және экологиялық мониторинг есептерінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының электрондық нұсқасын;
5) мемлекеттік экологиялық бақылаудың тексеру нәтижелерін;
6) бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде белгіленген нормативтерден тыс төлемақылар туралы мәліметтерді қамтиды.
5. Өндірістік алаң деп өндірістік, әкімшілік, санитариялық-тұрмыстық және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар орналастырылған, қорғалатын және қоршалған аймақ түсініледі, онда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялармен байланысты қызметін жүзеге асырады.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қолданылады.  
2. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жинау және жүргізу тәртібі
6. І санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар (бұдан әрі – І санаттағы табиғат пайдаланушылар) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) әр өндірістік алаңның орналасқан жері бойынша жыл сайын 1 сәуірге дейін өткен жылға арналған мынадай ақпаратты:  
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғат пайдаланушылар туралы жалпы мәліметтерді;  
2) қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі бойынша ақпаратты:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атмосфералық ауаға;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су объектілеріне;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік алаңда түзілген өндірістік және тұтыну қалдықтары;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік алаңда түзілген күкіртті орналастыру туралы;  
шекті жол берілген шығарындылар, төгінділер (олар болған жағдайда) нормативтерінің арту себептері мен оларды жою шаралары туралы;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін бюджетке төлеу туралы ақпаратты ұсынады.
7. Өз меншігінде бір облыс (републикалық маңызы бар қалаланың, астананың) аумағында орналасқан бірнеше өндірістік алаңы бар 1 санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссиялар туралы ақпаратты әр өндірістік алаң бойынша бөлек береді.
8. Аумақтық орган есепті жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсаны ішінде осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есепті электрондық нысанда уәкілетті органға тізімдемеге сәйкес ұсынады.
9. ЛШТМТ-ны жүргізу кезінде Кодекстің 163-бабының 4-тармағына сәйкес дайындалған ақпарат ескеріледі.  
Ластауыштардың шығарындылары
мен тасымалдарының мемлекеттік
тіркелімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Табиғат пайдаланушы туралы жалпы мәліметтер
 



Атауы

Табиғат пайдаланушының деректері

1

Есепті кезең *

2

Табиғат пайдаланушының атауы және оның заңды мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасының мекенжайы

3

Табиғат пайдаланушының бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)



4

Табиғат пайдаланушының экономикалық қызметінің негізгі түрі



5

Өндірістік алаңның атауы және оның географиялық координаттары (градус, мин., сек) және өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы



*Табиғат пайдаланушы есепті кезеңге ақпаратты әр жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығына ұсынады  
Табиғат пайдаланушы
басшысының Т.А.Ә. қолы м.о.
Ластауыштардың шығарындылары
мен тасымалдарының мемлекеттік
тіркелімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Атмосфералық ауаға ластауыш заттар эмиссиясының нақты көлемі бойынша ақпарат
  Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________
  Өндірістік алаңның атауы _____________________________
  Есепті кезең*__________________________*
 

КАС **

нөмірі

Ластауыш заттың атауы

Белгіленген норматив (тонна жылына)

Нақты шығарындылар (тонна жылына

«Нақты шығарындыларды анықтау әдістемелері» (есептеу әдісі, инструменталды өлшеу)

Белгіленген нормативтерге қатысы бойынша шығарындылардың төмендеу (арту) негіздемесі

1.

74-82-8

Метан (СН 4 )









2.

630080

Көміртек тотығы (СО)









3.

124-38-9

Көміртекдиоксидi (CO 2 )









4.



Гидрофторкөміртектері (ГФУ)









5.

10024-97-2

Азоттың шала тотығы (N 2 O)









6.

7664-41-7

Аммиак (NH 3 )









7.



Метанды емес ұшпалы органикалық қосылыстар (МЕҰОҚ)









8.



Азот оксидтерi (NO x /NO 2 )









9.



Перфторкөміртектер (ПФК)









10.

2551-62-4

Алтыфторлыкүкірт (SF 6 )









11.



Күкірт оксидтерi (SO x /SO 2 )









12.



Гидрохлорфторкөміртектері (ГХФК)









13.



Хлорфтор көміртектері (ХФк)









14.



Галондар









15.

7440-38-2

Тотияйын және оның қосылыстары (As түрінде)









16.

7440-43-9

Кадмий және оның қосылыстары (Cd түрінде)









17.

7440-47-3

Хром және оның қосылыстары (Cr түрінде)









18.

7440-50-8

Мыс және оның қосылыстары (Cu түрінде)









19.

7439-97-6

Сынап және оның қосылыстары (Hg түрінде)









20.

7440-02-0

Никель және оның қосылыстары (Ni түрінде)









21.

7439-92-1

Қорғасын және оның қосылыстары (Pb түрінде)









22.

7440-66-6

Мырыш және оның қосылыстары (Zn түрінде)









23.

309-00-2

Альдрин









24.

57-74-9

Хлордан









25.

143-50-0

Хлордекон









26.

50-29-3

ДДТ









27.

107-06-2

1,2-дихлорэтан (ДХЭ)









28.

75-09-2

Дихлорметан (ДХМ)









29.

60-57-1

Дильдрин









30.

72-20-8

Эндрин









31.

76-44-8

Гептахлор









32.

118-74-1

Гексахлорбензол (ГХБ)









33.

608-73-1

1,2,3,4,5,6-гексахлорцик-

логексан (ГХГ)









34.

58-89-9

Линдан









35.

2385-85-5

Мирекс









36.



ПХДД+ПХДФ

(диоксиндер+фурандар)

(э.т. түрінде)









37.

608-93-5

Пентахлорбензол









38.

87-86-5

Пентахлорфенол (ПХФ)









39.

1336-36-3

Полихлорланған дифенилдер (ПХД)









40.

127-18-4

Тетрахлорэтилен (ТХЭ)









41.

56-23-5

Тетрахлорметан (ТХМ)









42.

12002-48-1

Трихлорбензолдар (ТХБ)









43.

71-55-6

1,1,1-трихлорэтан









44.

79-34-5

1,1,2,2-тетрахлорэтан









45.

79-01-6

Трихлорэтилен









46.

67-66-3

Трихлорметан









47.

8001-35-2

Таксофен









48.

75-01-4

Винилхлорид









49.

120-12-7

Антрацен









50.

71-43-2

Бензол









51.

75-21-8

Этилен оксиді









52.

91-20-3

Нафталин









53.

117-81-7

Ди-(2-этилгексилфталат

(ДЭГФ)









54.



Полициклді хош иісі бар көмірсутектер (ПХК) b









55.



Хлор және органикалық емес қосылыстар (HCl түрінде)









56.

1332-21-4

Асбест









57.



Фтор және органикалық емес қосылыстар (HF түрінде)









58.

74-60-8

Цианит сутегі (HCN)









59.



ТЧ 10 қатты бөлшектері









60.



***Басқа ластаушы заттар атаулары бойынша:









*Табиғат пайдаланушы ақпаратты әр жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығына ұсынады  
**КАС нөмірі – химиялық қосылыстардың бірегей сандық идентификаторын уәкілетті орган толтырады.  
***ластауыш заттың атауын көрсету қажет.  
Табиғат пайдаланушы  
басшысының Т.А.Ә. қолы м.о.
Ластауыштардың шығарындылары
мен тасымалдарының мемлекеттік
тіркелімін жүргізу қағидаларына
3 - қосымша
Нысан
Су объектілеріне ластауыш заттар эмиссиясының нақты көлемі бойынша ақпарат  
  Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________
  Өндірістік алаңның атауы _____________________________
  Есепті кезең*__________________________*
 

КАС **

нөмірі

Ластауыш заттың атауы

Белгіленген норматив (тонна жылына)

Нақты шығарындылар (тонна жылына

«Нақты шығарындыларды анықтау әдістемелері» (есептеу әдісі, инструменталды өлшеу)

Белгіленген нормативтерге қатысы бойынша шығарындылардың төмендеу (арту) негіздемесі



Азоттың жалпы саны











Фосфордың жалпы саны









7440-38-2

Тотияйын және оның қосылыстары (As түрінде)









7440-43-9

Кадмий және оның қосылыстары (Cd түрінде)









7440-47-3

Хром және оның қосылыстары (Cr түрінде)









7440-50-8

Мыс және оның қосылыстары (Cu түрінде)









7439-97-6

Сынап және оның қосылыстары (Hg түрінде)









7440-02-0

Никель және оның қосылыстары (Ni түрінде)









7439-92-1

Қорғасын және оның қосылыстары (Pb түрінде)









7440-66-6

Мырыш және оның қосылыстары (Zn түрінде)









15972-60-8

Алахлор









1912-24-9

Атразин









57-74-9

Хлордан









143-50-0

Хлордекон









470-90-6

Хлорвенфинфос









85535-84-8

Хлоралкандар, С 10 13









2921-88-2

Хлорпирифос









50-29-3

ДДТ









107-06-2

1,2-дихлорэтан (ДХЭ)









75-09-2

Дихлорметан (ДХМ)









60-57-1

Дильдрин









330-54-1

Диурон









115-29-7

Эндосульфан









72-20-8

Эндрин











Галогенделген органикалық қосылыстар (АОГ түрінде)









76-44-8

Гептахлор









118-74-1

Гексахлорбензол (ГХБ)









87-68-3

Гексахлорбутадиен

(ГХБД)









608-73-1

1,2,3,4,5,6-гексахлорцик-логексан (ГХЛ)









58-89-9

Линдан









2385-85-5

Мирекс











ПХДД+ПХДФ (диоксиндер+фурандар) (э.т. түрінде)









608-93-5

Пентахлорбензол









87-86-5

Пентахлорфенол (ПХФ)









1336-36-3

Полихлорланған дифенилдер (ПХД)









122-34-9

Симазин









8001-35-2

Таксофен









75-01-4

Винилхлорид









120-12-7

Антрацен









71-43-2

Бензол











Бромирленген дифенилді эфирлер (БДЭ)











Нонилфенол этоксилаттары (НФ/НФЭ) және олармен байланысты заттар









100-41-4

Этилбензол









75-21-8

Этилен оксиді









34123-59-6

Изопротурон









91-20-3

Нафталин











Органотинделген қосылыстар (Sn жалпы түрінде)









117-81-7

Ди-(2-этилгексилфталат (ДЭГФ)









108-95-2

Фенолдар (C жалпы түрінде)











Полициклді хош иісі бар көмірсутектер (ПХК) b









108-88-3

Толуол











Трибутилин және қосылыстар











Трифенилтин және қосылыстар











Жалпы органикалық көміртек (ЖОК) (жалпы С немесе

ОХТ /3 түрінде)









1582-09-8

Трифлуралин









1330-20-7

Ксилолдар











Хлоридтер (жалпы Cl түрінде)











Хлор және органикалық емес қосылыстар (HCl түрінде)









1332-21-4

Асбест











Цианидтер (жалпы CN түрінде)











Фторидтер (жалпы в F түрінде)











***Өзге ластаушы заттар атаулары бойынша:

































*Табиғат пайдаланушы ақпаратты әр жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығына ұсынады  
**КАС нөмірі – химиялық қосылыстардың бірегей сандық идентификаторын уәкілетті орган толтырады.  
***ластауыш заттың атауын көрсету қажет.  
Табиғат пайдаланушы  
басшысының Т.А.Ә. қолы м.о.
Ластауыштардың шығарындылары
мен тасымалдарының мемлекеттік
тіркелімін жүргізу қағидаларына
4 - қосымша
Нысан
Өндірістік алаңда түзілген өндірістік және тұтыну қалдықтары туралы ақпарат
  Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________
  Өндірістік алаңның атауы _____________________________
  Есепті кезең*__________________________*
 

Қалдықтардың атауы

Қалдықтардың қауіптілік деңгейі

Қалдықтардың агрегаттық жағдайы

Есеп беру кезеңінің басындағы кәсіпорындағы қалдықтар саны

т/жыл

Пайда болған қалдықтар саны

т/жыл

Залалсыздандырыруға, кәдеге жаратуға берілген және т.б қалдықтар саны

т/жыл

Қайта пайдалатын қалдықтар

т/жыл

Есепті кезеңде өндірістік алаңдағы жиналған қалдықтардың саны

Қалдықтармен жұмыс істеу**, қалдықтарды жою тәсілдері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



** қалдықтармен жұмыс iстеу – Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 1-бабының 31) тармақшасына сәйкес қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi;
*** қалдықтарды жою – Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 22-бабының 
22) тармақшасына сәйкес қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар.
Табиғат пайдаланушы
басшысының Т.А.Ә. қолы м.о.
Ластауыштардың шығарындылары
мен тасымалдарының мемлекеттік
тіркелімін жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Өндірістік алаңда түзілген күкіртті орналастыру туралы ақпарат  
  Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________
  Өндірістік алаңның атауы _____________________________
  Есепті кезең*__________________________*
 

Агрегаттық жағдайы

Есеп беру кезеңінің басындағы өндірістік алаңдағы күкірттің мөлшері,

т/жыл

Түзілген күкірттің мөлшері, т/жыл



Залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және т.б. берілген күкірттің мөлшері, т/жыл

Қайта пайдаланған күкірт мөлшері , т/жыл

Есепті кезеңде өндірістік алаңдағы күкірттің мөлшері,

т/жыл

1

2

3

4

5

6

7















Ластауыштардың шығарындылары
мен тасымалдарының мемлекеттік
тіркелімін жүргізу қағидаларына
6-қосымша
Бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде белгіленген нормативтерден тыс төлемақылар туралы мәліметтер
Нысан
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін бюджетке төлемдер туралы ақпарат
 

Табиғат пайдаланушының атауы

Рұқсаттың жарамдылық мерзімі және нөмірі



Нормативтік эмиссиялар үшін төлемдер мың тг.

Нормативтен тыс эмиссиялар үшін төленді мың тг.

Өз еркімен

Мәжбүрлеп

1

2

3

4

5

6

* Бюджетке нормативтерден тыс эмиссиялар үшін төлемдер төленген жағдайда, шекті жол берілген шығарындылар, төгінділер нормативтерінің арту себептері мен оларды жою шаралары көрсетіледі.  
«Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрі бұйрығының жобасына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасы

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

І санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі бойынша ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін құру мақсатында.

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www. energo. gov. kz интернет-ресурсында жарияланған

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Заң қызметі департаментінің
директоры М. Хайруллин