• Мое избранное
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1277 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1277 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1277 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1277 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы « » №
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1277 қаулысымен
бекiтiлген
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы
Мазмұны
Кiрiспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Миссиясы мен пайымдауы
Қызметтiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтiң түйiндi көрсеткiштерi мен межелi нәтижелер
Тәуекелдерді басқару 
1-қосымша. Сыртқы микроортаны талдау
2-қосымша. Стратегияның мақсаттары, мiндеттерi мен көрсеткiштерi
3-қосымша. Мақсаттар мен мiндеттер бойынша түйiндi көрсеткiштер есептеулерiнiң негiздемесi
Кiрiспе
Осы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының даму стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) оның алдағы 10 жылға арналған стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын және қызмет нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн анықтайды.
Стратегияны әзiрлеу үшiн мыналар негiз болып табылады:
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан;
Қазақстан Республикасының 2020 жылға[1]  дейiнгi Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрi - Стратегиялық жоспар - 2020);
Қазақстан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға[2]  арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2015 – 2019 жылдарға[3]  арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Мембағдарламалар);
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2010-2014 жылдарға[4]  және 2011-2015 жылдарға[5]  арналған стратегиялық жоспарлары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға[6]  арналған стратегиялық жоспары  (бұдан әрi – Меморганның стратегиялық жоспары). 
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Компания) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысына сәйкес Компанияның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен құрылды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министірліктің Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының 2007 жылғы 2 тамыздағы ««Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атауың өзгерту тұралы» № 32 бұйрығының негізінде атауы өзгертілді. 
Акциялардың мемлекеттiк пакетiн пайдалану және иелену құқығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетіне берілді. 
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2007 жылғы 29 маусымдағы  № 438 қаулысына сәйкес Компания  акцияларының  мемлекеттiк пакетiне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне берілді.
  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы    № 875 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі таратылды және Компания  акцияларының  мемлекеттiк пакетiне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №100 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен Компанияның мемлекеттік акциялар пакеттеріне (қатысу үлестерін) иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.
Ағымдағы жағдайды талдау
1. Сыртқы ортаны талдау
1.1. Сыртқы микроортаны талдау
Компания 2010 жылдан бастап  тиiстi жобаларды iске асыру жолымен әлемдiк ғарыш қызметтерi нарығының мына сегменттерiнде әрекет етедi:
ғарыш аппараттары (бұдан әрi - ҒА) өндiрiсi - «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенiн құру» жобасы (бұдан әрi - ҒА ҚСК жобасы);
iске қосу қызметтерi - «Зенит» ЗТ (2013 жылға дейін) мен «Днепр» ЗТ-ны коммерциялық пайдалануға қатысу жөніндегі жобалар;
ЖҚЗ деректерiн беру қызметтерi - «Қазақстан Республикасының Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесiн құру» жобасы (бұдан әрi - ҚР ЖҚЗ ҒЖ жобасы);
спутниктiк навигация қызметтерi - «Қазақстан Республикасының Жоғары дәлдiктi спутниктiк навигация жүйесiнiң жерүстi инфрақұрылымын құру» жобасы (бұдан әрi - ҚР ЖСНЖ жобасы).
Төменде нарықтың көрсетілген сегменттерінің талдауы берілген.
Ғарыш аппараттары өндiрiсi
Euroconsult 2015 жылғы «Satellites to be Built  &  Launched by 2024» есебіне сай келесі он жылдық ішінде (2015–2024 жж.) бұл сегментте:
жыл сайын массасы 50 кг артық шамамен 140 жерсерік ұшырылатын болады, с.і. коммерциялық секторда 10 жылдың ішінде 550 жуық байланыс және ЖҚЗ  жерсеріктері ұшырылады дер күтілуде, олар қолданыстағы жерсеріктерді ауыстырады;
2015-2024 жылдары 1400 ҒА өндірісінен кіріс 255 млрд. АҚШ долларын құрайды; 
мемлекеттік сектордың үлесі, негізінен 10 көшбасшы ел 60 ел үшін негізінен жерсеріктік байланыс және коммуникациялар, ЖҚЗ мен бейнетүсіру үшін 90% жерсеріктік жүйелер өндірісі есебінен 75% астам құрайды. 
Қазақстан Республикасында 2016 жылға қарай ЖҚЗ және байланыс ғарыш жүйелері құрылды, ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру басталды, оларды қолдау және одан әрі дамыту жоспарлануда. Отандық ҒА нарығы көлемінің шектелгендігін, сондай-ақ бәсекелестіктің жоғары деңгейін ескере отырып, халықаралық нарықта тек елдің ішкі қажеттіліктеріне бейімделе отырып бәсекеге қабілетті компания болу қиын екенін тұжырымдауға болады. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұқсас жобаны мемлекеттік қолдаусыз және әлемдік ғарыштық нарықта берік орны бар компаниямен кооперациясыз мүмкін емес.
ҒА әлемдiк нарығына өте тез кiрудiң тиiмдi жолының бiрi олармен бiрлескен кәсiпорын (бұдан әрi - БК) құруды қоса алғанда, нарықтың жетекшi қатысушыларымен әр түрлi нысандағы кооперация болып табылады. Нарыққа кiргеннен басқа, бұл ҒА құрудың тiршiлiк циклында БК қатысу үлесiн ұлғайту мүмкiндiгiн беретiн тәуекелдердi БК қатысушылары арасында бөлуге, кәсiпорынның технологиялық деңгейiн және персоналдың нысаналы даярлық деңгейiн көтеруге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасында ҒА құрастыру-сынау кешенiн (бұдан әрi - ҒА ҚСК) құру жобасы 2009 жылы таңдап алынған стратегиялық әрiптес - ғарыш саласының әлемдiк көшбасшысы – EADS Astrium компаниясы (2014 жылдан бастап EADS Astrium  компаниясының аты Airbus Defence & Space деп өзгертілді) компаниясының қатысуымен iске асырылады. Сондай-ақ ҒА ҚСК жобалауға және салуға отандық кәсiпорындар да қатысатын болады.
Құрылатын ҒА ҚСК құрастыру-сынау орталықтарына қойылатын еуропалық стандарттардың барлық талаптарына сай келедi және ТМД-да аналогы жоқ.