• Мое избранное

Отправить по почте

«Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Хаттамаға қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Хаттамаға қол қою туралы
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Хаттама жобасы мақұлдасын.
2. Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Хаттамаға қол қойылсын.
Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы ХАТТАМА
Бұдан әрі тараптар деп аталатын Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттер Үкіметтері, 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 6-бабының ережелерін бастамашылыққа ала отырып, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниетін растай келе, еркін сауда аймағының тиімді жұмыс істеу өажеттігін ескере отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің еркін қозғалысы үшін жағдайлар қалыптастыру мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
 Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу сферасында реттеудің мақсаттары мен принциптері  
1. Тараптар мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу (бұдан әрі - сатып алу) саласында реттеудің мынадай мақсаттары мен қағидаттарын айқындайды:
сатып алу саласындағы қатынастарды мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен және олардың мемлекеттері қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен реттеу;
мүше мемлекеттерде сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;
осы Хаттамаға қатысушы бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны осы Хаттамаға қатысушы басқа мүше мемлекеттің өзара тануы арқылы электрондық форматта жүргізілетін сатып алуға қатысуға мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілерінің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Тараптардың сатып алу саласында уәкілетті реттеуші және бақылаушы билік органдарының болуын қамтамасыз ету (осы функцияларды бір органның орындауына жол беріледі);
осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу;
сатып алу саласында бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа және басқа да теріс пайдаланушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау.  
2. Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын сатып алу осы Хаттаманың күші қолданылмайды.
3. Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жүзеге асыратын сатып алуға осы тармақтың екінші - төртінші абзацтарының ережелері ескеріле отырып, осы Хаттаманың күші қолданылмайды.
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері өздерінің сатып алуды жүзеге асырудың ішкі қағидаларына (бұдан әрі - сатып алу туралы ережеге) сәйкес әкімшілік-шаруашылық мұқтаждарды қамтамасыз ету, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын орындау үшін сатып алуды жүзеге асырады. Сатып алу туралы ереже осы Хаттамада жазылған мақсаттарға және қағидаттарға қайшы келмеуге тиіс. Айрықша жағдайларда ұлттық (орталық) банктің жоғары органының шешімімен көрсетілген көрсетілген қағидаттардан алулар белгіленуі мүмкін.
Сатып алу туралы ереже сатып алуға қойылатын талаптарды, оның ішінде сатып алу рәсімдерін дайындау және жүргізу тәртібін (сатып алу тәсілдерін қоса алғанда) және оларды қолдану шарттарын, шарттарды (келісімшарттарды) жасасу тәртібін қамтуға тиіс.
Бұл ретте сатып алу туралы ереже және осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жоспарлап отырған және жүзеге асырған сатып алу туралы ақпарат сатып алу туралы ережеде айқындалған тәртіппен осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің Интернет желісіндегі ресми сайттарында орналастырылады.
веб-портал – сатып алу туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай орнын беретін Интернет желісіндегі Тараптың бірыңғай ресми сайты;
тапсырыс беруші – мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, бюджеттік ұйым (оның ішінде мемлекеттік (муниципалдық) мекемелер), сондай-ақ осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы ұлттық заңнамасында айқындалған жағдайларда, осы заңнамаға сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын өзге де тұлғалар. осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасында қызметі осы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастырушыны құру (жұмыс істеуі) көзделуі мүмкін. Бұл ретте, сатып алуды ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу жөніндегі функцияларын беруге жол берілмейді;
сатып алу – мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу, бұл арқылы тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы және осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, бюджет қаражаты, сондай-ақ өзге қаражат есебінен өзге де сатып алу, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) орындауға байланысты қатынастар түсініледі;
сатып алу туралы ақпарат - сатып алуды жүргізу туралы хабарлама, сатып алу туралы құжаттама (оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасы), осындай хабарламаларға, құжаттамаға енгізілетін өзгерістер, сатып алу туралы құжаттаманы түсіндіру, сатып алу процесінде жасалған хаттамалар, сатып алу рәсімінің нәтижесі туралы мәліметтер, сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) және осындай шарттарға жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтер, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалу нәтижесі туралы мәліметтер, Тараптардың сатып алу саласындағы уәкілетті, реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарына шағымдардың түсуі туралы, олардың мазмұны және осындай шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер туралы, осындай органдар берген нұсқамалар туралы мәліметтер. Сатып алу туралы ақпарат веб-порталға міндетті түрде орналастыруға жатады;
ұлттық режим - осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу мақсаттары үшін мемлекет-қатысушының аумақтарынан шығарылатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге, осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілеріне және осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің өнім берушілеріне өз мемлекетінің аумағынан шығарылатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін өз мемлекетінің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режимді қамтамасыз ететінін көздейтін режим. Тауардың шығарылған елі 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттері аумағында қолданылатын, тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады;
электрондық сауда алаңының (электрондық алаң) операторы – осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңына (электрондық алаңға), оның жұмыс істеуі үшін қажет бағдарламалық-аппараттық құралдарға иелік ететін және (немесе) оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
өнім беруші – өнім беруші, орындаушы не мердігер болып табылатын және сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасалған тұлға;
әлеуетті өнім беруші – кез келген заңды тұлға немесе кез келген жеке тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер);
технологиялық платформа – ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың деректер базасында қамтылған, осындай ақпартаттың қалыптастырылуын, өңделуін, сақталуын, сондай-ақ веб-порталды пайдалана отырып, оны ұсынуды қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат жиынтығы;
электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) – электрондық форматта сатып aлу жүргізу үшін осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған Интернет желісіндегі сайт. Бұл ретте, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) веб-портал болып табылады деп белгіленуі мүмкін, сондай-ақ электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдардың) шектеулі саны айқындалуға тиіс;
электрондық сатып алу форматы – Интернет желісін, веб-порталды және (немесе) электрондық сауда алаңын (электрондық алаңды), сондай-ақ бағдарламалық-аппараттық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі.
1. Сатып алу осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған бәсекелестік, сондай-ақ бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушы, мердігер) алу тәсілдермен өткізіледі.
2. Сатып алу Осы Хаттаманың 6-бабымен көзделген талаптарды ескере отырып, жүзеге асырылады.
3. Тапсырыс беруші сатып алуды дербес не сатып алуды ұйымдастырушының қатысуымен жүзеге асырады (егер осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасында сатып алуды ұйымдастырушының жұмыс істеуі көзделген болса).
4. Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасында жосықсыз өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу көзделуге тиіс, оған:
сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) жасасудан жалтарған, сондай-ақ декларация талаптарын бұзған, егер бұл осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, конкурстық өтінімге кепілдік берген әлеуетті өнім берушілер туралы;
олармен жасасқан сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы;  
орындау барысында өнім беруші сатып алу туралы құжаттамада белгіленген әлеуетті өнім берушілерге, өнім берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні немесе оның нәтижесінде осындай шарт жасалған сатып алу рәсімінің жеңімпазы болуына мүмкіндік берген, өзінің осындай талаптарға сәйкес келетіні туралы анық емес ақпарат бергені анықталған сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) тапсырыс берушілер біржақты тәртіппен бұзған өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында жосықсыз өнім берушілер тізіліміне алқалы атқарушы органдардың құрылтайшылары, мүшелері, жалғыз атқарушы органның функцияларын орындайтын тұлғалар, осындай тізілімге енгізілген тұлғалар туралы, сондай-ақ өнім беруші (мердігер) компаниясының басшысы немесе құрылтайшысы алаяқтық, сыбайлас жемқорлық немесе сөз байласу үшін сотқа тартылған өнім берушілер (мердігерлер) туралы мәліметтерді енгізу көзделуі мүмкін.
Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу сот және (немесе) Тараптардың сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органының шешімі негізінде осы тармақтың екінші - төртінші абзацтарында көзделген мәліметтер расталған (фактілер анықталған) кезде екі жылға жүзеге асырылады.
Өзі туралы мәліметтер жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген тұлға осы тізілімге енгізілгеніне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
5. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы сол мемлекеттің жосықсыз өнім берушілер тізілімінде және (немесе) осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы басқа мемлекеттердің жосықсыз өнім берушілер тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді негізге ала отырып, тапсырыс берушінің сатып алуға қатысуға жіберуді жүзеге асыру құқығы немесе міндеті көзделуі мүмкін.
сатып алу туралы өз заңнамасына сәйкес, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қойылатын қосымша талаптар белгілеу арқылы;
осы Хаттамада белгіленген өзге де жағдайларда шектейді.
7. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында:
әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қойылатын кез келген сандық өлшенбейтін талаптарды сатып алу шарттарына енгізуге;
сатып алу туралы құжаттаманың тиісті талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысуға жіберуге;
әлеуетті өнім берушілерге сатып алу өткізу туралы хабарландыруда және (немесе) сатып алу туралы құжаттамада көзделмеген негіздер бойынша сатып алуға қатысуға жіберуден бас тартуға тыйым белгіленеді.
8. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерден және өнім берушілерден сатып алуға қатысқаны үшін төлемақы алуға жол берілмейді.
9. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету туралы әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қойылатын талаптар белгіленуі мүмкін.
Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері мен нысаны белгіленеді. Бұл ретте, сатып алу туралы шартта (келісімшартта) аванс төлемі көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мөлшері сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының (болжамды сатып алу құнының) 5 %-нан аспауға тиіс, ал сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының (болжамды сатып алу құнының) 1 %-нан кем болмауға және 30 %-нан аспауға тиіс. Бұл жағдайда сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, егер бұл осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, аванс мөлшерінің кемінде 50 % құрауға тиіс.
Егер сатып алу туралы шарт (келісімшарт) өнім берушіге аванс беру туралы талапты қамтыған жағдайда, өнім беруші одан бас тартуға құқылы.
Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мен сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің кемінде екі тәсілі (түрі) белгілен болуға тиіс.
Бұл ретте, сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету және сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету ретінде:
тапсырыс берушінің не, егер бұл Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген болса, сатып алуды ұйымдастырушының, электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) операторының банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
Сатып алу мақсаты үшін банк кепілдіктеріне қойылатын талаптар осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасы осындай заңнамада көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді және сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етуді уақтылы қайтару туралы талапты белгілеуге тиіс.
10. Сатып алу туралы құжаттамаға және өзге құжаттарға сатып алуды жүргізу кезінде осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында жағдайларды қоспағанда, тауарлық белгілерге, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы үлгілерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар шығарылған орнының, өндірушінің немесе өнім берушінің атауына талап немесе нұсқаулар енгізілмейді.
Тапсырыс беруші халықаралық шарттарда және актілерде, және (немесе) осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында көзделген техникалық регламенттерге, стандарттарға және өзге де талаптарға сәйкес айқындалған сатып алу объектісінің техникалық және сапалық сипаттамаларына қатысты стандарттық көрсеткіштерді, талапты, шартты белгілерді және терминологияны белгілеуге құқылы.
11. Сатып алу нәтижелеріне өзі мүдделі жеке тұлғалар (оның ішінде сатып алуға қатысуға өтінім берген жеке тұлғалар), сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің қызметкерлері, не әлеуетті өнім берушілер ықпал ете алатын жеке тұлғалар (әлеуетті өнім берушілердің қатысушылары (акционерлері), олардың басқару органдарың қызметкерлері және әлеуетті өнім берушілердің кредиторлары болып табылатын жеке тұлғалар), сондай-ақ Тараптардың сатып алу саласындағы уәкілетті реттеуші және (немесе) бақылаушы билік органдарының сатып алу саласында бақылауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар комиссия (оның ішінде конкурстық, аукциондық, баға белгілеу және т.б.) мүшесі бола алмайды.
12. Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) мынадай міндетті талаптарды:
осындай сатып алу туралы шартта (келісімшартта) көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың жауаптылығын;
ақы төлеу тәртібін, сондай-ақ тапсырыс берушінің сатып алу нәтижесінің сатып алу туралы шартта (келісімшартта) белгіленген талаптарға сәйкестігін (оның ішінде, саны (көлемі), жиынтығы, сапасы бойынша) бағалау үшін оны қабылдап алуды жүзеге асыру тәртібін қамтуға тиіс.
13. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында:
осындай заңнамада көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілердің және өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) талаптарын белгілеуге;
сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бойынша міндеттемелерді басқа тарап тиісінше орындамаған жағдайда және осындай заңнамада көзделмеген жағдайларда, тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартуына;
осындай заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттық міндеттемелерді орындау талаптарының өзгеруіне, оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының өзгеруіне тыйым салу көзделуге тиіс. Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасын барабар төмендетпей тауарлардың санын, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін азайтуға жол берілмейді.
14. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, бірнеше өнім берушілермен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасуға жол беріледі.
15. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында тауарды немесе жұмысты сатып алуды, кейіннен қызмет көрсетуді, қызмет мерзімі ішінде пайдалануды, жеткізілген тауарды немесе жұмысты орындау нәтижесінде құрылған объектіні (өмірлік цикл шарты (келісімшарты)) жөндеуді және кәдеге жаратуды көздейтін сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу туралы талап белгіленуі мүмкін.
16. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында нақты сатып алуға қатысты сатып алу туралы құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасына оны орындаудың (оның ішінде сатып алу объектісіне байланысты емес) қосымша талаптарын енгізу қажеттігі көзделуі мүмкін.
17. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында әлеуетті өнім берушінің және (немесе) өнім берушінің тапсырыс берушіге сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бойынша барлық бірлесіп орындаушылар мен қосалқы мердігерлер туралы ақпарат беру міндеті көзделуі мүмкін.
18. Осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында сатып алу туралы шартты (келісімшартты) банктік сүйемелдеу көзделуі мүмкін.
19. Тараптар 2018 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей бәсекелестік тәсілдерімен (оның ішінде өтінім беру, қорытынды шығару және сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың электрондық форматына көшуді қамтамасыз етеді.
Мүше мемлекеттер ақпараттық ашықтықты және сатып алу айқындығын қамтамасыз етеді, оның ішінде мыналар арқылы:
веб-порталда сатып алу туралы ақпаратты, жосықсыз өнім берушілер тізілімін (оның ішінде орыс тілінде) жариялау (орналастыру);
осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін (оның ішінде орыс тілінде) веб-порталда жариялау (орналастыру);
егер осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайда, электрондық форматтағы сатып алу туралы ақпаратқа және осындай сатып алуға байланысты электрондық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің жалғыз орны ретінде электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдарды) шектеулі санын және (немесе) веб-порталды айқындау;
веб-порталда жарияланатын (орналастырылатын) сатып алу туралы ақпаратқа, жосықсыз өнім берушілердің тізілімі мен осы Сатып алу туралы хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне кедергісіз және тегін қол жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ осындай ақпарат, тізілім мен актілер бойынша мәліметтерді барынша кеңінен іздеуді қамтамасыз ету;
Тараптардың сатып алуға тікелей қатысудың техникалық мүмкіндігін алуы мақсатында технологиялық платформалардың үйлесімділігіне жағдай жасау арқылы сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді.
4-бап
 Сатып алуға қатысу кезіндегі тұлғаларға құқықтар мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету
Тараптардың әрқайсысы Сатып алу туралы осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттерінің заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, анықтау мен жолын кесу бойынша шараларды қабылдайды.
Сатып алу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету көлемі осы Хаттамада, халықаралық шарттарымен және қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы өз заңнамасында анықталады.
Сатып алу саласында тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы мүше мемлекет өз заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында, мүше мемлекеттердің әрқайсысы өз заңнамасына сәйкес сатып алу саласында уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарының болуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, осы функцияларды бір органның орындауына рұқсат беріледі, оның құзыретіне, атап айтқанда, мыналар:
сатып алу саласында бақылауды (оның ішінде, тексеру жүргізу арқылы) жүзеге асыру;
сатып алу туралы мүше мемлекеттің заңнамасын бұзатын сатып алуды жүзеге асыру кезінде, тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-порталдар, тауар биржалары операторларының, комиссиялардың және өзге де тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) қатысты шағымдар мен өтініштерді қарау жатады. Бұл ретте, сатып алуға қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғанға дейін қабылданған (жасалған), сатып алуларды жүзеге асыру кезінде, тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-порталдар, тауар биржалары операторларының, комиссиялардың және өзге де тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) кез келген әлеуетті өнім беруші ғана емес, өзге де тұлға сатып алу туралы мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы;
қатысушы мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ көрсетілген бұзушылықтарды болғызбау бойынша (оның ішінде, орындау үшін міндетті осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру және осындай бұзушылықтар үшін кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту) шаралар қабылдау;
жосықсыз өнім берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу жатады.
5-бап
 Сатып алудың тиімділігін арттыратын және әлеуметтік функцияларды іске асыруға бағытталған шараларды қамтамасыз ету
Қатысушы-мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасымен сатып алуды жоспарлау туралы талап белгіленеді.
Қатысушы-мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасында сатып алу тиімділігін арттыратын мынадай нормалар:
сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге (оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің шекті бағасына) және (немесе) тапсырыс берушілердің функцияларын қамтамасыз етуге нормативтік шығындарына қойылатын талаптарды белгілеу жолымен сатып алуды нормалау;
сатып алуға қоғамдық бақылауды және оны қоғамдық талқылауды жүзеге асыру;
сарапшыларды, сараптамалық ұйымдарды тарту көзделуі мүмкін.
Мемлекет-қатысушының сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарына, мүгедектер ұйымдарына, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдарға сатып алуды жүзеге асыру кезінде артықшылық белгіленуі мүмкін.
Осындай артықшылық туралы ақпаратты тапсырыс беруші сатып алуды жүргізу туралы хабарламада және сатып алу туралы құжаттамада көрсетеді.
6-бап
 Сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар
Сатып алу осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттерінің Сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Бәсекелік тәсілмен жүзеге асырылатын сатып алу мынадай талаптарды ескере отырып жүргізіледі:
сатып алуды жүргізу туралы веб-порталда (және (немесе) электрондық алаңда) хабарламаны және сатып алу туралы осы хаттаманың қатысушы мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген мерзімде сатып алу туралы құжаттаманы жариялау (орналастыру).  
Сатып алуды өткізу туралы хабарламаға және (немесе) конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізген жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі - енгізілген өзгерістер веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін мұндай мерзім кемінде күнтізбелік 10 күнді құрайтындай етіп ұзартылуға тиіс. Бұл ретте, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасын өзгертуге жол берілмейді;
сатып алу құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және мұндай түсіндірулерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік үш күн бұрын веб-порталда жариялау (орналастыру). Сұрау салу бойынша конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру оны алған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады;
сатып алуға қатысуға арналған сұрау салуларды ашу, қарау, бағалау және салыстыру хаттамаларын веб-порталда (және (немесе) электрондық алаңда) жариялау (орналастыру).
сатып алу жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінде және конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарда, конкурс жеңімпазын айқындау туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен немесе жұмыс күнінен кейін және күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу немесе Сатып алу туралы осы хаттаманың қатысушы мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған жағдайларда конкурсты өтпеді деп тану. Осы хаттаманың қатысушы мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.
сатып алу нәтижелері туралы мәліметтерді электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдер қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру.
3. Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (мердігерден, орындаушыдан) сатып алу Сатып алу туралы осы хаттаманың қатысушы мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген тізбеге сәйкес, осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттерінің заңнамасында көзделген жағдайларда сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының негіздемесі мен есептемесі болған кезде жүзеге асырылады.
Осы Хаттаманы іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады:
бірінші кезең – егер осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттерінің заңнамасы ережелерінен 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Хаттамада белгіленгеннен көрі өзге мағына келіп шықса, осы Хаттамамен осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттерінің әрқайсысын заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттері бірінің заңнамасына өзгерістер енгізу;
екінші кезең – Тараптардың сатып алуға қатысуға техникалық мүмкіндігін алу мақсатында ақпараттық ашықтықты және сатып алудың анықтығын, технологиялық платформалардың үйлесімдігін қамтамасыз ететін технологияларды енгізу, сондай-ақ Тараптардың ұлттық режимде 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолдану шартын талқылау;
2. Әрбір кезеңнің аяқталуы туралы әрбір Тарап 30 күн ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін хабардар етеді. Көрсетілген кезеңдерді іске асыруды аяқтау Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесінің шешімімен ресімделеді.  
Осы хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар 2011 жылғы 18 қазандағы еркін сауда аймағы туралы Шарттың 19-бабына сәйкес орналастырылады.  
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттамаға тиісті хаттамамен ресімделетін оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
1. Осы Хаттама осы Хаттаманың қатысушы мемлекеттеріне осы Хаттаманың қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттермен мемлекеттік сатып алу саласында халықаралық шарттар жасасуға бөгет жасамайды.
2. Осы Хаттаманың ережелері 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 6-бабын түсіндіруде Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына олар қайшы келмейтін бөлігіне Еуразиялық экономиялық одақтың мүше мемлекеттері арасындағы қатынастарға қолданылады.  
1. Осы Хаттама оған қол қойған Тараптар күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдердінің орындалуы туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
   2. Мемлекетішілік рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттарды депозитарий алған күннен бастап 30 күн аяқталғанда күшіне енеді.   
Осы Хаттама ол күшіне енгеннен кейін қосылу туралы құжатты депозитариге беру арқылы 2011 жылғы 18 қазанда Еркін сауда аймағы туралы шарт қатысушы мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
Тараптардың әрбірі шыққанға дейін депозитарийге 12 айдан кешіктірмей өзінің осындай ниеті туралы жазбаша хабарлама жібере отырып және осы Хаттаманың әрекет етуі кезінде туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттей отырып, осы Хаттамадан шығуға құқылы.
  _________________қаласында 2016 жылы орыс тіліндегі бір түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушылық комитетінде сақталған, ол әрбір мемлекетке қол қойылған осы Хаттаманы, оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Армения Республикасының
Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін

Түркменстан
Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін

Украина
Үкіметі үшін

Молдова Республикасы
Үкіметі үшін
«Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

р/с№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші

мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігі

2.

Жобаны қабылдау

қажеттігінің негіздемесі

«Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қазандағы Заңымен ратификацияланған 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аумағы туралы күші бар Шарттың 6-бабының ережелерін жүзеге асыру

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жоқ

4.

Жобаны іске асыруға

байланысты болжанатын

қаржылық шығындар

Жобаның қабылдауы мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың

нақты мақсаттары,

күтілетін нәтижелердің

мерзімі мен болжанатын

тиімділігі

Еркін сауда аймағының тиісінше және тиімді қызмет етуі, сондай-ақ тауарлардың еркін қозғалысы үшін жағдайлар қалыптастыру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер мемлекеттік сатып алу салаларын реттеу қағидалары мен рәсімдеріне қатысты міндеттемелерін айқындау

6.

Жобада қаралатын

мәселелер бойынша

Президенттің және/немесе

Үкіметтің бұрын

қабылданған актілері

және олардың іске

асырылу нәтижелері

туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға

сәйкес келтіру қажетті-

гі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

Жүргізілмеген

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www . minfin . gov . kz интернет-ресурсында орналастырылған



12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)



13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді