• Мое избранное
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамын тарату туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамын тарату туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамын тарату туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 98-бабының 4-тармағына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  1999  жылғы 12  сәуірдегі  №  405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-112-жол алып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы  27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 359-22-жол алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволардың қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» деген 8-бөлімінің «Акционерлік қоғамдар» деген кіші бөлімінің 2) тармақшасы  алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына  «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамын тарату туралы» Салыстырмалы кесте
 

Р/с

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция





Ұсынылып отырған редакция



Негіздеме.

1) түзетудің мәнін;

2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет.

«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 13, 124-құжат)

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

1

«Астана қаласы» деген бөлімдегі

21-112-тармақ

21-112 . «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ

алып тасталсын

«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік пакеті 2012 жылдан бастап 2015 жыл аралығында 11 рет сауда-саттыққа шығарылған болатын, дегенмен өтінімдердің болмауына байланысты барлық сауда-саттық өткізілмеген болып танылды. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 98-бабының 4-тармағына сәйкес, егер өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері өткізілмеген болса, бұл заңды тұлғалар таратылуға жатады, және Заңның 178-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы тиісінше жалғыз акционері немесе қатысушысы болып табылатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тарату, қайта ұйымдастыру және олардың атауларын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

«Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысы

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

2

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне» деген бөлімдегі

359-22 - тармақ

9-22. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы.

алып тасталсын

«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік пакеті 2012 жылдан бастап 2015 жыл аралығында 11 рет сауда-саттыққа шығарылған болатын, дегенмен өтінімдердің болмауына байланысты барлық сауда-саттық өткізілмеген болып танылды. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 98-бабының 4-тармағына сәйкес, егер өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері өткізілмеген болса, бұл заңды тұлғалар таратылуға жатады.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері » туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволардың қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде :

3

« Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» деген 8-бөлімінің «Акционерлік қоғамдар» деген кіші бөлімінің 2) тармақшасы

2) «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы.

алып тасталсын

«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік пакеті 2012 жылдан бастап 2015 жыл аралығында 11 рет сауда-саттыққа шығарылған болатын, дегенмен өтінімдердің болмауына байланысты барлық сауда-саттық өткізілмеген болып танылды. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 98-бабының 4-тармағына сәйкес, егер өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері өткізілмеген болса, бұл заңды тұлғалар таратылуға жатады.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р /c

Түсiндiрме жазбада көрсетiлуге тиiс мәлiметтердiң тiзбесi

Әзiрлеушi мемлекеттiк органның ақпараты

1.

Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, 98-бабының 4-тармағына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді

4.

Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтiлетiн нәтижелердiң мерзiмi және болжанатын тиiмдiлiгi

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 98-бабының 4-тармағын орындау мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Үкiметтiң бұрын қабылданған актілері және олардың iске асырылу нәтижелерi туралы мәлiметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргiзiлген жағдайда оның нәтижелерi

Жоқ

9.

Өзге де мәлiметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz ресми сайтында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында



12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоба әлеуметтік мәні бар болып табылмайды

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14.



Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
2016 жылғы «___» ________