• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзиттің ерекшіліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзиттің ерекшіліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзиттің ерекшіліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзиттің ерекшіліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10817 болып тіркелген 2015 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктерінде:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері (бұдан әрі – Кедендік транзиттің ерекшеліктері) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 319-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктерін айқындайды.»;  
мынадай мазмұндағы 10, 11, 12, 13, 14-тармақтармен толықтырылсын:
«10. Шетелдік тауарлар әуе көлігімен Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданған жағдайда, жөнелтуші кеден органы осындай шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары қолданылмайды.
11. Шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданған жағдайда, бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына бірнеше көліктік (тасымалдау) құжаттары бойынша тасымалданатын болса, жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларантынан барлық тауар партиясына бір транзиттік декларацияны қабылдайды.
12. Жөнелтуші кеден органында тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға ұсынған халықаралық тасымалдау көлік құралы немесе олар тасымалдайтын тауарлар туралы алдын ала ақпарат болған жағдайда, жөнелтуші кеден органы Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орнына тасымалданатын шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде, транзиттік декларация ретінде Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден заңнамаларымен көзделген мәліметтері бар көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарды қабылдайды.
Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын бұзбаған жағдайда, ұсынылған алдын ала ақпарат транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде қабылданады.
13. Шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданған жағдайда, жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде, халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен тасымалданантын шетелдік тауарларға қатысты, Кодекстің 198-бабына сәйкес салынған сәйкестендіру құралдарын қолдана отырып, тек мынадай:
1) тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы болған;
2) халықаралық тасымалдау көлік құралында тасымалданатын тауарға санкциясыз енудің белгілері болған;
3) мемлекеттік кірістер органында осы тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып тасымалдануда екені туралы жедел ақпарат болған жағдайларда ғана кедендік тексеріп қарауды жүргізуге жол беріледі.
14. Шетелдік тауарларды бір ішкі мемлекеттік кірістер органынан бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде орналасқан басқа мемлекеттік кірістер органына тасымалдаған жағдайда, мұндай тауарларды тасымалдау кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырусыз жүзеге асырылады. Кодекстің 203-бабына сәйкес аталған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүзеге асырылады.».  
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;  
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;  
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
 «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзиттің ерекшіліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы «____» ___________№ ___ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

р / с

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2 .

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 319-бабының 3-тармағына сәйкес

3 .

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шетелдік тауарларды тасымалдауды жеңілдету мақсатында

4 .

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

« Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзиттің ерекшіліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 206 бұйрығы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және (немесе) республикалық және жергілікті бюджет шығындарын көбейту немесе түсуін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актіге қатысты Республикалық бюджеттік комиссиясының оң шешімі көшірмесінің бар болуы

Көзделмейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ



8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің http :// www . minfin . gov . kz интернет-ресурсына орналастырылған

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ



Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Заң қызметі
Департаментінің директоры М. Әділханов