• Мое избранное
«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7864 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 609-614 (27687) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрі
_______________Д. Абаев
2016 жылғы «___»____________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы № бұйрығымен
Бекітілген
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры (бұдан әрі – АТЖ) – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың табынын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды малдар туралы және селекциялық процеске тартылған малдар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
2) өтініш беруші – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша АТЖ-ға тіркеуге өтінім беруші заңды немесе жеке тұлға;
3) пайдаланушы – АТЖ-да тіркелген және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызметті жүзеге асыру үшін оның функцияларын пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға.
4) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – пайдаланушының қол жеткізу құқықтарына сәйкес АТЖ-да жұмыс істеу кезінде оған қолжетімді бағдарламалық-техникалық құралдар мен құрал-саймандар жиынтығы;
5) оператор – «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – оператор);
6) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – АШТӨ) – ауыл шаруашылығы өнімін тауарлық өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға.
3. АТЖ:
1) ірі қара мал басы, өнімділік бағыты, тұқымдық тиістілігі, өнімділік және асыл тұқымдық құндылық деңгейі, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйі туралы мониторингке және ақпарат алуға;
2) облыстар, аудандар, қалалар, ауылдық округтер бөлінісінде республика бойынша есептілікті автоматты түрде қалыптастыруға;
3) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және табынның өсімін молайтуды басқаруды жүзеге асыруға;
4) асыл тұқымды және тауарлық малдың өнімділігі деректерін кейіннен оларды пайдалану үшін орталықтандырылған сақтауға арналған.
2-тарау. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібі
4. АТЖ-ны жүргізу дерекқорға заңсыз қол жеткізудің алдын алу қамтамасыз етілетін жағдайларда электрондық түрде жүзеге асырылады.
5. АТЖ-ға мәліметтер енгізуді пайдаланушылар жүзеге асырады.
АТЖ пайдаланушыларына мыналар жатады:
1) АШТӨ;
2) асыл тұқымдық орталықтар;
3) дистрибьютерлік орталықтар;
4) бонитерлер (сыныптаушылар);
5) техник-ұрықтандырушылар;
6) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
7) республикалық палаталар;
8) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (ЖАО);
9) Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтары;
6. АТЖ-ға мәліметтер енгізу АЖО арқылы, сондай-ақ АТЖ-мен интеграцияланған бағдарламалық қамтым көмегімен жүзеге асырылады.
7. АТЖ-ға қолжетімділік алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша АТЖ-ға тіркеуге арналған электрондық өтініш (бұдан әрі - өтініш) толтыруы талап етіледі.
8. Оператор өтінішті алғаннан кейін, оған ұсынылған деректер негізінде пайдаланушыға қолжетімділік ашады.
9. Деректерді тиісінше немесе толық толтырмаған, өтініш қайталанған жағдайда, оператор өтініш келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті толтыру кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға бас тарту себептерін көрсете отырып, АТЖ-ға қолжетімділік беруден бас тарту туралы хабарлама жолдайды.
10. Оператор өтініш берушіні АТЖ пайдаланушысы ретінде тіркегеннен кейін өтініш берушінің электрондық поштасына оның тіркелгені туралы хабарлама жібереді.
11. Пайдаланушы оператор әзірлеген АТЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, деректерді тіркеуді жүзеге асырады.  
АШТӨ АЖО-да есепке алу нысандарын толтыру жолымен мал басын және жануарлар бойынша зоотехникалық оқиғаларды тіркеуді жүзеге асырады.
Асыл тұқымдық орталықтар асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығы мен эмбриондары туралы мәліметтердің тіркелуін жүзеге асырады және ұрықтар мен эмбриондардың алынуын, жинақталуын және өткізілуін есепке алуды жүргізеді.
Бонитерлер (сыныптаушылар) белгілер кешені бойынша жануарларды бағалау нәтижелерін тіркеуді жүзеге асырады.
12. Деректер беруге арналған, АТЖ-мен интеграцияланған бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу кезінде пайдаланушы осы бағдарламамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты және оператордың осы бағдарламалық өнім үшін белгілеген талаптарын басшылыққа алады.  
13. АТЖ Интернет желісінде www.plem.kz мекенжайы бойынша қолжетімді.  
3-тарау. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорын пайдаланушылардың құқықтары және міндеттері
14. Пайдаланушы:
1) кез келген уақытта (тәулік бойы) өзіне қолжетімді АЖО мүмкіндіктері шеңберінде АТЖ-ны пайдалануға;
2) өзіне қолжетімді АЖО функциялары шеңберінде АТЖ-дағы түрлі форматты файлдардан деректер жүктеуді жүзеге асыруға ;
3) АТЖ-дағы өз деректеріне қажетті өзгерістер енгізу үшін операторға жазбаша сұрау жолдауға;  
4) АТЖ-мен жұмыс істеу бойынша қолдау орталығының телефоны және электрондық пошта бойынша консультация алуға;
5) операторға оны жетілдіру жолдарын ұсынуға;
6) операторға хабарламастан, АТЖ-мен жұмыс істеуді тоқтатуға құқылы.
15. Пайдаланушы:
1) оператор бекіткен пайдаланушы келісімімен келісетіндігін растауға;
2) деректерді тіркеуді, толық және дұрыс ақпарат беруді уақтылы жүзеге асыруға міндетті.
4-тарау. Оператордың құқықтары мен міндеттері
16. Оператор:
1) жүйені техникалық сүйемелдеуді атқарады және техникалық қызмет көрсетуге және бағдарламалық қамтымды жаңартуға арналған уақытты қоспағанда, оның тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2) АТЖ жүйесінің мүмкіндіктерін, ол көрсететін қызметтер мен функцияларды кеңейту, жұмыстың сапасын және ыңғайылығын жоғарылату, АТЖ-ның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін оған өзгерістер енгізеді;
3) пайдаланушы АТЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, пайдаланушының есептік жазбасын шектейді немесе уақытша тоқтатады;
4) деректерді резервтік көшіру және қалпына келтіру жөніндегі тұрақты іс-шараларды қоса алғанда, пайдаланушылар деректерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
5) пайдаланушылардың АТЖ-ны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қарастырады.  
5-тарау. Пайдаланушылардың сұрауы бойынша деректерді түзету
17. Пайдаланушы интерфейсінің функциялары арқылы деректерге қажетті өзгерістерді немесе іс-қимылдарды орындау мүмкін болмаған жағдайда, пайдаланушы операторға қажетті түзетулерді көрсете отырып, жазбаша сұрау сала алады.  
18. Пайдаланушы сұрауының Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оператор оны орындаудан бас тартады.
6-тарау. Пайдаланушыларды қолдау
19. Оператор телефон немесе электрондық пошта арқылы АТЖ-ны пайдалану бойынша қолдау көрсетеді.  
20. Қолдау орталығының телефон нөмірлері мен жұмыс кестесі www.plem.kz. интернет-ресурсының басты бетінде орналастырылады.  
Селекциялық және асыл тұқымдық
жұмыстың ақпарат қорын жүргізу
қағидаларына қосымша
Нысан
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорына тіркеуге арналған өтініш
 

Бағыты*:







Жеке және заңды тұлғаның атауы:*:







ЖСН және БСН*:







Облыс*:







Аудан*:







Ауылдық округ*:







Елді мекен:







Телефоны*:







Электрондық поштасы*:







Басшының ТАӘ*:







Мекенжайы*:









Қажет етілетін модульдер*:



Мал шаруашылығы

Қой шаруашылығы

Жылқы шаруашылығы

Шошқа шаруашылығы

Түйе шаруашылығы

 

Тіркелу

Ескертпе:  
*- толтыру үшін міндетті жол
«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы № бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Р/с

Көрсетiлуi тиiс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттiк органның ақпараты

1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi)

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 25) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 25) тармақшасына сәйкес селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту.

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер

«Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 3-3/373 бұйрығы.

5.

Қазақстан Республикасы Үкметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актіге қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі болуы

Қажет етілмейді

7.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет

Ақпарат және коммуникация Министрлігімен келісілген

8.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәлiметтер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Қажет етілмейді

9 .

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмi (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)



Құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің директоры Ә. Жеңісов