• Мое избранное
«Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы «6» сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) тіркелген осы бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму
министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________Д. Абаев
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі  
__________________А. Мырзахметов
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________Е. Сағадиев
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
__________________Ә. Исекешев
жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі  
__________________Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
__________________Е. Ыдырысов
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________Қ. Бішімбаев
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________Қ. Қасымов
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________________Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы « » бұйрығына
1-қосымша
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібі қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібі қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар берудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтамалар) – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;
2) халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар уәкілетті орган үш айдан аспайтын мерзімге берген экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманың негізінде еңбек шартының қолданылу мерзіміне, үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады.
2 тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама берудің тәртібі
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өтініш беру тілінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасын қамтамасыз ете отырып анықтама беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.
5. Өтінішке мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын;
2) сканерленген түрде Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы;
3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар.  
6. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың аталған ерженің 5-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып уәкілетті органға жолдайды.
7. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам не ол уәкілеттік берген адам анықтама алу үшін «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы не уәкілетті органға қағаз түрінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықтама беру туралы өтінішті уәкiлеттi органға осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып бередi.
8. Өтінішті тіркеу шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам туралы деректер «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
9. Осы Қағидада көзделген құжаттарды толық көлемде бермеген не олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі фактісі анықталған жағдайда уәкiлеттi орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша негіздемені көрсете отырып (берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып), құжаттарды шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға қайтарады.
10. Анықтама беру туралы шешімді уәкілетті орган Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы бойынша он бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Комиссия шетелдік немесе азаматтығы жоқ адаммен берілген құжаттарға талдаудың негізінде бағалау жүргізіп, анықтама беру туралы не себептерін уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы ұсынымдық шешім қабылдайды. Комиссия шешімі әрбір шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.
11. Комиссия құрамына міндетті түрде уәкілетті орган, білім беру саласындағы, индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау уәкілетті органдарының және ішкі істер органдарының өкілдері кіреді.  
12. Комиссия шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өтініштерін қараған кезде Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес олардың экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптердің біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігін тексереді.
13. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға төменде көрсетілген біліктілік сипаттамаларының өлшемшарттарына сәйкес мынадай балдар есептеледі:
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жоғары білімі – 3 балл;
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі – 4 балл.
3) Еңбек өтілі:
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша еңбек өтілі:
1 жылдан 3 жылға дейін – 2 балл;
4 жылдан 6 жылға дейін – 4 балл;
7 жылдан жоғары – 6 балл;
14. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бағалаудың шекті мәні жеті балл болып табылады.
15. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беруден бас тартудың негіздемесі оның:
1) экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге қойылатын мамандық бойынша біліктілікке қойылатын талаптарға;
2) экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге қойылатын мамандық бойынша біліміне қойылатын талаптарға;
3) осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген бағалаудың шекті мәніне сәйкес келмеуі болып табылады.
16. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негізінде «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға нысан бойынша сәйкес анықтаманы береді, ол туралы шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды жазбаша хабардар етеді.  
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үш жұмыс күнi өткен соң анықтама алуға келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, анықтаманы оның тiркелген мекенжайы бойынша почта арқылы жiбередi.  
17. Анықтама беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкiлеттi орган негіздемені осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес оның негіздемесін көрсетеді және шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
18. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері бойынша уәкілетті орган берген анықтамаларды олардың себептерін уәжді түрде негіздей отырып, анықтамаларды беруден бас тарту туралы шешімдерді уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде дипломатиялық арналар арқылы шығу елдерінің Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі мекемелеріне өтініш берушілерге қайта жолдау үшін жібереді.
19. Уәкілетті орган берген анықтама басқа адамға берілмеуге тиіс және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
20. Анықтама үш айдан аспайтын мерзімге еңбек шартының мерзімін үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен беріледі.
21. Уәкілетті орган анықтаманың мерзімін еңбек шартында көзделген мерзімге, бірақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер жұмыс берушімен жасалған еңбек шартын ұсынған жағдайда үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.
22. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша анықтаманың негізінде жұмыс берушімен шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды жолдайды:
1) уәкілетті орган бұрын берген анықтама;
2) еркін нысандағы өтініш;
3) еңбек шартының көшірмесі.
23. Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген жағдайда шетелдік не азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шартын жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жазбаша хабарлама жіберуге міндетті. Анықтаманы ұзарту осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
24. Бұдан бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке басты куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда рұқсат етіледі.
25. Шетелдік және азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтінішті көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың қоса бере отырып береді.
Уәкілетті орган өтініш берген уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.
26. Анықтама жоғалған, бұзылған жағдайда оның телнұсқасы беріледі.
Анықтама жоғалған, бұзылған жағдайда уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» жазуы бар анықтаманың телнұсқасын береді.
Бұл ретте берілген телнұсқа жоғалған немесе бұзылған анықтаманың түпнұсқасында көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданылады.
Жоғалған, бұзылған анықтамалар олардың жоғаланы, бұзылғаны туралы өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып саналады.
29. Мынадай жағдайларда:
1) берілген мерзімі аяқталған;
2) анықтама алу кезінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның жалған ақпарат бергені анықталған жағдайларда анықтама өз күшін жояды.
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібі
 қағидаларына
1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне
кімнен _____________________________________
(Т.А.Ә. бар болса)
____________________________________________
(паспорт/жеке куәліктің №, берілген күні
және берген орган)
ӨТІНІШ
  _____________________________________________________________________
      (Тізбеге сай экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсібін көрсете отырып)
Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді сұраймын.
Жұмыскер туралы мәліметтер
  Мекенжайы, телефоны, факс_____________________________________
Резиденттік еліндегі мекенжайы, телефоны ________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өтінішке:
  1)___________________________________________;
  2)___________________________________________;
  3)___________________________________________ қоса беріледі.
  Өтініш 20_жылғы "__"________________берілді
Өтініш берушінің қолы ________________________________________
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібі
 қағидаларына
2-қосымша
нысан
  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
  Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы АНЫҚТАМА
№ ___ 20__ ж. "__" __________
  _________________________________________________
                                (қызметтерді алушының аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді; ________________________________________
   (кәсіп атауы)
 Анықтама берудің негіздемесі ____________________________________
 Анықтаманың қолданылу мерзімі __________бастап ______________дейін
                              (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
 М.О.                                        қолы ___________________
                                                   (тегі, аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы « » бұйрығына
2-қосымша
 Шетелдік қызметкерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуына басым салаларда (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер  
 тізімі
 

Экономиканың басым салалары

Қызмет түрі

Кәсіптер

1.

Өңдеуші өнеркәсіп





Металлургиялық өнеркәсіп және дайын металдық өнімдері өндіру









1. Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) 2. Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор 3. Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент) 4. Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер

5. Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы





Кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру









Кәсіптер:

1. Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) 2. Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор 3. Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент) 4. Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер

5. Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы





Тамақ өнімдерін, сусындармен темекі өндіру























Кәсіптер:

1. Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) 2. Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор 3. Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент) 4. Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5. Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы





Химия өндірісі









Кәсіптер:

1 . Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) 2. Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор 3. Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент) 4. Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5. Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы

6. Газ тасымалдау саласындағы сызықтық бөлік бойынша инженер

7. Газ тасымалдау саласындағы технология мен эксплуатациялауды жетілдіру, баптау бойынша инженер

8. Газ тасымалдау саласындағы құралдарды комплектациялау бойынша инженер

9. Бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикалар и нженер і

10. Газ тасымалдау саласындағы сынақтарды баптау бойынша инженер

11. Энергосужабдықтау және электрохимқорғау бойынша инженер







Машина және құралдар өндірісі







Кәсіптер:

1. Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) 2. Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор 3. Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент) 4. Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер 5. Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы





Электр жабдығы, электрондық және оптикалық құралдар өндірісі





Кәсіптер:

1. Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) 2. Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор 3. Заместитель директора (директор, вице-президент) по производству 4. Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер

5. Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы





Басқа металдық емес минералдық өнімдерді өндіру





Кәсіптер:

1. Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) 2. Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор 3. Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент) 4. Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер

5. Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы

2.

Көлік және байланыс





Теміржол көлігі қызметі





1. Зауыттық қабылдаушы-инспектор (теміржол өнімі)





Әуе көлігі қызметі





1. Ұшу қауіпсіздігі бойынша администратор ( Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі маман )

2. Әуе тасымалын ұйымдастыру диспетчері (жолаушылар, почталық-жүктік, халықаралық) ( Ұшуды ұйымдастыру жөніндегі маман )

3. Өндірістік-диспетчерлік қызмет диспетчері (әуе кемелерінің ұшуына дайындалуын бақылау, тәуліктік ұшу жоспарын қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық жұмысты ұйымдастыру бойынша) ( Авиациялық нормативтер мен жарияланымдарды бақылау жөніндегі маман )

4. Ғарыш аппараттарын баллистикалық қамтамасыз ету жөніндегі маман

5. Ғарыш аппараттарының борттық жүйелері жөніндегі маман

6. Әуе салонының жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі маман

7. Авиациялық техниканы диагностикалау бойынша инженер ( Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностикалау бойынша бақылаушы-инженер )

8 . Авиациялық және радиоэлектроникалық құрал бойынша инженер





Теңіз көлігі қызметі







Кәсіптер:

1. Теңіз порттық флотының басшысы 2. Теңіз порттық флотының басшысы орынбасары 3. Капитан-тәлімгер 4. Механик-тәлімгер 5. Теңіз құрылыстары жөніндегі супервайзер 6. Электрлік жүйелер инженері (теңіз құралдарын басқару) 7. Кеме жасау бойынша инженер-конструктор

8. Кеме жасау бойынша техникалық қызмет көрсету аға инженері

9. Су асты-техникалық жұмыстар бойынша инженер ( Теңіз құбырларын салу жөніндегі инженер , Теңіз құбырлары жөніндегі маман )

3.

Жылжымайтын мүлік, жалға алу және тұтынушыларға қызметтер көрсету операциялары





Есептеуіш техникамен байланысты қызмет





























1. Деректер қорының (ақпараттық) әкімшісі

2. Жүйелік сәулетші

3. Жасаушы бағдарламашы (Computer Science), (Software Design Engineer)

4. Технологияларды және электрониканы қолдау бойынша маман ( Электротехника және электрондық инженерия саласындағы маман );

5. Бағдарламалық өнімдерді қолдау бойынша маман ( Компьютерлік арнайы эффектілер жөніндегі маман , ақпараттық технологиялар және электроника саласындағы маман , Анимация және компьютерлік графика жөніндегі маман )

6. Цифрлық техниканы жасау жөніндегі маман

7 . Жүйелік талдаушы

8. Технологиялық құрал и нженер і

9. Жаңа техника мен технологиялар енгізу бойынша и нженер





Зерттеулер мен игерулер





1. Астроном

2. Климатолог

4.

Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтерді көрсету





Демалыс пен көңіл көтеру, мәдениет және спорт ұйымдастыру бойынша қызмет



















1. Таспаны сынау және өңдеу бойынша инженер ( Кинотаспаны дайындаушы инженер )

2 . Аудио-бейнемонтаж инженері

3. Бутафор

4. Балет әртісі

5. Драма-сопрано әртісі

6 . Драма-тенор әртісі

7. Орталық директоры (мұражай-көрме, ғылыми-техникалық шығармашылық)



«Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме

Көрсетілу ге тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер



8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің www.mzsr.gov.kz ресми сайтында 2016 жылғы « » мамырда орналастырылды

8-1

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Талап етпейді

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Заң қызметі департаментінің
директоры А. Парсегова