• Мое избранное
«Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ А. Мырзахметов
20__ жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Қ. Бишімбаев
20__ жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ Қ. Бозымбаев
20__ жылғы «___» ___________
Қазақстан Републикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2016 жылғы
«___» _________
№_____ бұйрығымен
бекітілген
«Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламент (бұдан әрі – Техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 17) тармақшасына сәйкес дайындаушыда (өндірушіде) орауышқа (ыдысқа) буып-түйілген (өлшеніп буып-түйілген) және буып-түйілмеген (өлшеніп буып-түйілмеген), тамақ өнімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін отандық және импорт өндірісі өніміне қолданылады және таңбалауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақпен реттелетін қатынастарға таралмайды, оның ішінде Кеден Одағының (Еуразиялық экономикалық одағы) техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектілері болып табылатын өнімдеріне таралмайды.
3. Осы Техникалық регламенттің ережелері өнімді өткізу, тасымалдау, сақтау, пайдалану, жөндеу, қалпына келтіру, кәдеге жарату, жою, нормативтік құқықтық актілерді және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ сәйкестікті растау кезінде қолданылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын, өнімнің жекелеген түрлерін қойылатын талаптарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар осы Қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлікте қолданылады.
5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады: 
1) буып-түйілген күні (өлшеніп салынған, сұйық өнімдер құйылған) - өнімнің орауышқа (ыдысқа) салынған күні;
2) дайындалған (өндірілген) күні - өнімді дайындаудың (өндірудің) технологиялық процесінің аяқталған сәті туралы ақпарат беретін, дайындаушы (өндіруші) қоятын күн;
3) дайындаушы (өндіруші) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін жеке немесе заңды тұлғалар;
4) жарамдылық мерзімі - өнімді дайындау (өндіру), оның айналымы процестерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде мақсаты бойынша пайдалану үшін өнімнің қауіпсіз болып саналатын уақыты аяқталғанға дейінгі кезең;
5) өнім берушi - өнiм беретiн, қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлға; 
6) өнім шығарылатын жердің атауы - табиғи жағдайларды немесе адам факторларын қоса алғанда, өнімнің ерекше немесе басты түрде оны дайындаумен байланысты айрықша қасиеттерін белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық сілтеме;
7) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат - стандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, қағидаттарды белгiлейтiн құжат;
8) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты жеткізетін және өнімге, құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға), затбелгілерге, заттаңбаларға, орауышқа (ыдысқа) түсірілген мәтін, тауарлық белгілер, шарттық белгі және суреттер;
9) тауарлық белгі - заңнамаға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшімен тіркеусіз қорғалатын, бірыңғай заңды немесе жеке тұлғалардың өнімін басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бір текті өнімінен ажырату үшін қызмет атқаратын белгі; 
10) тұтынушы – өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе иелену ниеті бар не тапсырыс беретін, оларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға;
11) ұжымдық тауарлық белгі - бұл қауымдастықтың (одақтың) немесе заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсіпкерлердің өзге де бірлестіктерінің өздері шығарған немесе өткізетін өнімдерді белгілеу үшін қызмет ететін, бірыңғай сапалық немесе өзге де сипаттамаларға ие тауарлық белгісі.
2. Өнімді таңбалау тәртібі
6. Дайындаушы (өндіруші), өнім беруші өнім туралы оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұтынушыға арналған қажетті және дәйекті ақпаратты уақтылы ұсынады. 
7. Өнімді өткізу кезінде тұтынушыға арналған ақпарат өніммен, орауышта (ыдыста), затбелгіде, заттаңбада, құжаттарда, жаднамаларда (қосымша парақтарда) берілген мәтінмен, шартты белгілермен және (немесе) суреттермен бірге заңнамаға сәйкес  өнімнің жекелеген түрлерін таңбалауға қойылатын талаптар ескеріле отырып берілуге тиіс.
Өнімді өткізу кезінде тұтынушыға арналған ақпаратты дайындаушы (өндіруші) және (немесе) буып-түюші, өнім беруші ұсынады. 
8. Орауыштағы (ыдыстағы), затбелгідегі, заттаңбадағы, құжаттардағы, жаднамалардағы (қосымша парақтардағы) қолдану жөніндегі тұтынушыға арналған ақпарат пен таңбалаудағы мәтін қазақ, орыс тілдерінде жазылады.  
Тұтынушыға арналған ақпарат өнім туралы ақпарат берілетін қазақ, орыс тілдің емле ережесі нормалары ескеріле отырып жазылады. 
9. Тұтынушыға арналған ақпарат өнімнің әр бірлігіне орауышта (ыдыста), затбелгіде, құжаттарда, жаднамаларда (қосымша парақтардағы) оқуға (танысуға) қолайлы жерге орналастырылады.  
10. Тұтынушыға арналған ақпарат стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамада көзделген тәсілмен беріледі және айқын әрі оңай оқылуға тиіс. 
11. Тұтынушыға арналған ақпарат бір нақты түсінікті, толық және өнімнің құрамына, қасиеттеріне, энергия тұтынуына (энергия тұтынатын жабдықтар үшін), табиғатына, тегіне, дайындалу (өндірілу) және тұтынылу (қолданылу) тәсіліне, сондай-ақ сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де мәліметтерге қатысты тұтынушыларды жаңылыстырмайтын болуға тиіс.
12. Тұтынушыға арналған ақпаратта өнім оған сәйкес дайындалған (өндірілген) нормативтік құжаттың атауы (белгісі) көрсетіледі. 
13. Сәйкестікті егер өнім техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес сәйкестікті міндетті растауға жататын болса, өнімді растау туралы тұтынушыға арналған ақпаратты дайындаушы (өндіруші) және (немесе) өнім беруші: 
стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес түсірілген сәйкестік белгісі; 
техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес өніммен қоса жүретін сәйкестік сертификаты (сәйкестік сертификатының көшірмесі) немесе сәйкестік декларациясы түрінде беруге тиіс. 
Буып-түйілмеген немесе өлшеніп буып-түйілмеген өнімнің сәйкестігін растау туралы ақпаратты тұтынушыға өнім беруші жеткізеді. 
14. Өнім туралы тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің атауын көрсету қажет. 
15. Өнімнің атауы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс. 
16. Өнім атауын латын алфавитінің әріптерімен жазуға болады. 
17. Өнімнің шығу тегі орнының атауы мынадай жағдайлар сақталған жағдайда оның атауына қосу рұқсат етіледі: 
өнімнің шығарылған орнының атауы географиялық объектінің тарихи атауы болса; 
тұтынушыға арналған ақпаратта дайындаушы (өндіруші) орналасқан елдерде белгіленген тәртіппен тіркеусіз дайындаушы (өндіруші) - осы тауарлық белгінің иесі тіркеген немесе қабылдаған (ұжымдық) тауарлық белгі көрсетілсе; 
белгісі географиялық объектіні білдіретін немесе содан тұратын, бірақ Қазақстан Республикасында оны дайындаған (өндірген) орнымен байланысты емес белгілі бір түрдегі өнімнің белгісі ретінде жалпы қолдануға енгізілген өнімнің шығарылған орны атау деп танылмаса; 
өнімнің шығарылған орнының тіркелген атауын осы атауды пайдалану құқығына ие болып табылмайтын заңды және жеке тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді. 
18. Өнімнің атауында: 
басқа ұқсас өнімнің атауын көрсетуге; 
өнімге өнімнің шығу тегіне (табиғатына) қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын атау беруге (табиғи өнімдердің өнеркәсіптік өндірілетін баламаларына табиғи өнімдердің атауларына жақын атау беруге) жол берілмейді.
19. Өнім туралы тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің жеке түріне арналған қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өнімнің ерекше қасиеттері, жайы-күйі және арнайы өңделуі (болған жағдайда) туралы ақпарат болуға тиіс. 
20. Өнімді дайындау (өндіру) кезінде өңделген негізгі ингредиентті пайдаланған жағдайда тиісті ақпарат өнімнің құрамына кіретін ингредиенттер тізбесінде ингредиенттер атауымен қатар орналастырылады. 
21. Егер өнім екі негізгі құрамадан (ингредиенттен) дайындалса (өндірілсе), олардың атаулары өнімнің атауына, екеуден артық құрамадан (ингредиенттен) құралса, өнімнің құрамы туралы тұтынушыға арналған ақпаратқа енгізіледі. 
22. Дайындаушының (өндірушінің), буып-түюшінің, өнім берушінің, өнімнің сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның және лицензиардың (егер өнім лицензия бойынша дайындалса (өндірілсе) атауы ол орналасқан елінде белгіленген тәртіппен тіркелген атауға сәйкес келуге тиіс.
23. Тұтынушыға арналған ақпаратта дайындаушының (өндірушінің), өнім берушінің, өнімнің сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның, лицензиардың (егер өнім лицензия бойынша дайындалса (өндірілсе), атауы мен орналасқан жерін (заңды мекен-жайын), Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын өнім үшін тіркелген нөмірі мен тіркелген күнін көрсету қажет.
24. Егер бір елде дайындалған (өндірілген) өнім оның қасиеттерін өзгертетін және (немесе) соңғы дайын өнімге айналдыратын басқа елде кейіннен технологиялық өңдеуден немесе құрастырудан өтсе, онда тұтынушыға арналған ақпаратты түсіру кезінде кейіннен технологиялық өңдеуді немесе құрастыруды жүргізген ел осы өнімді дайындаушы (өндіруші) ел ретінде қарастырылады.
25. Дайындаушының (өндірушінің), буып-түюшінің, өнім берушінің, өнім сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның және лицензиардың (егер өнім лицензия бойынша дайындалса (өндірілсе), заңды мекенжайы елдің, қаланың (облыстың және елді мекеннің), көшенің атауы, үйдің және кеңсенің нөмірін қамтуға тиіс. Көрсетілген тұлғалардың байланыс құралдары: телефоны, факс, электрондық поштасы, интернет-ресурсы қосымша көрсетілуі мүмкін.
26. Егер өнімді дайындаушы (өндіруші) бір мезгілде буып-түюші, өнім беруші болып табылмаса, онда тұтынушыға арналған ақпаратта дайындаушының (өндірушінің) атауы мен оның заңды мекен жайынан басқа буып-түюшінің, өнім берушінің атауы және олардың заңды мекенжайлары көрсетіледі.
27. Тұтынушыға арналған ақпаратта Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы туралы шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы мен мекен-жайы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы туралы шағымдар қабылдайтын ұйым туралы ақпарат мынадай: 
егер өнім өзге елде дайындалған (өндірілген); 
егер дайындаушының (өндірушінің) заңды мекен-жайы тұтынушылардан шағымдар қабылдайтын ұйымның заңды мекен жайымен сәйкес келмеген жағдайларда көрсетіледі. 
28. Орауышта (ыдыста) тұтынушылардан шағымдар қабылдайтын ұйымның заңды мекен жайының көрсетілмеуі, осы дайындаушы (өндіруші) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жағдайда, шағымдар дайындаушының (өндірушінің) заңды мекен жайы бойынша қабылданатынын білдіреді.
29. Өнімді дайындауға (өндіруге) және өткізуге белгіленген тәртіппен құқық (лицензия) алған ұйымдар орауышқа (ыдысқа) оларға осы құқықты (лицензияны) берген ұйымдардың, компаниялар мен фирмалардың тауарлық белгілерін салады.
30. Тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің таза салмағы, жалпы салмағы, негізгі өлшемдері мен көлемі орауышта (ыдыста) шамалардың метрикалық жүйесімен (Халықаралық бірліктер жүйесімен) көрсетіледі.
31. Өнімнің таза салмағы, жалпы салмағы, негізгі өлшемдері немесе көлемдері дайындаушының (өндірушінің) қалауы бойынша белгіленген тәртіппен Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгізілген өлшеуді орындау әдістемелері немесе стандарттау бойынша нормативтік құжаттары бекітілген өнімге белгіленеді.
32. Негізгі құрам бірлігі сұйық ортада болатын өнімдер үшін, таза ортақ салмақтан басқа негізгі өнімнің салмағы орауышта (ыдыста) көрсетіледі.
33. Өлшеп салынған сұйық өнім үшін тұтынушыға арналған ақпаратта көлем мәні өзге де сусымалы, қатты, қоймалжың немесе тұтқыр иілмелі консистенциялы, газды қуыстары бар өнім түрлері үшін, сондай-ақ тығыздықты - таза салмақ мәнін өлшеудің стандартталған әдістемесі жоқ өнімдер үшін көрсетіледі.
34. Сақтау кезінде таза салмағы, негізгі өлшемдері немесе көлемі кішірейетін, даналап немесе "өлшеп" (тұтынушының көзінше өлшенеді) сатылатын өнім үшін, тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің таза салмағының немесе көлемінің мәнін көрсетпеуге рұқсат етіледі.
35. Сақтау шарттары арнайы сақтау шарттарын (төмен температураны, жарық режімін және басқаларды) талап ететін өнім үшін көрсетіледі. 
36. Егер өнімнің біткеннен кейін пайдалану үшін қауіпті болып саналатын уақыт мерзімі бар болса, өнімнің жарамдылық мерзімі белгіленеді.
Жарамдылық мерзімін өнімді дайындаушы (өндіруші) сақтау шарттарын міндетті көрсетіп және нормативтік құқықтық актілер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көзделген талаптарды ескере отыра белгілейді.
Дайындаушы (өндіруші) белгілеген жарамдылық мерзімі, белгіленген сақтау шарттары сақталған жағдайда, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына өнімнің сәйкестігіне кепілдік береді.
Жарамдылық мерзімі өнімнің дайындалған (өндірілген) күнінен бастап есептеледі.
Жарамдылық мерзімінің ұзақтығына байланысты мынадай тәсілмен көрсетіледі: «...(сағат, күн, ай немесе жылға дейін) жарамды», «...(күніне дейін) жарамды», «... (күніне) дейін пайдаланылсын», «...(сағат, күн, ай немесе жыл) бойына жарамды», «Қызмет ету мерзімі...(жыл-сағат-цикл)».
37. Егер жарамдылық мерзімі «...(сағат, күн, ай немесе жыл) бойына жарамды», деген сөздермен көрсетілсе, онда затбелгіге немесе орауышқа (ыдысқа) өнімнің дайындалған (өндірілген) күні міндетті түрде жазылады. 
Өнімнің дайындалған (өндірілген) күні: «...(күні) дайындалды (өндірілді)», ал буып-түйілген күні – «...(күні) буып-түйілді» деген сөздермен көрсетіледі. Егер өнімді бір мезгілде дайындайтын (өндіретін) және буып-түйетін дайындаушы (өндіруші) буып-түюші болса немесе буып-түюші дайындаушы (өндіруші) деп есептелсе, онда дайындалған (өндірілген) және буып-түйілген күнін: «...(күні) дайындалып (өндіріліп) буып-түйілді» деген сөздермен көрсетуге рұқсат етіледі. 
Дайындалған (өндірілген), буып-түйілген, жарамдылық мерзімінің аяқталған күйін затбелгілердің жиектеріне сандарға қарсы кертпеш (белгі) түсіру немесе күнге сәйкес келетін сандарды өшіру жолымен көрсетуге рұқсат етіледі. 
38. Түссіз орауышқа (ыдысқа) құйылатын мөлдір түссіз сұйық өнім түрлерінің құйылған күні орауыштың (ыдыстың) артқы жағынан көрінетін затбелгінің артқы жағына жазылады.
39. Нақты өнімді сәйкестендіретін штрих код қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес сканерлеуші құрылғылармен есептеу үшін қолайлы орында затбелгіге және (немесе) орауышқа (ыдысқа) орналастырылады.
40. Өнім өнімді сипаттайтын кез келген өзге ақпаратпен, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін жарнамалық ақпаратпен қоса жіберіле алады.
41. Егер өлшемдері шағын (бір жағының ауданы 10 см2 -ден аспайды) орауышқа (ыдысқа) өнім туралы тұтынушыға арналған ақпараттың қажетті мәтінін толық түсіру мүмкін болмаса, онда ақпаратты топтық орауышқа (ыдыстың) немесе жеке немесе топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа орналастыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ өнім жинақтап сатылатын топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігі тұтынушыға арналған ақпаратпен қоса жіберіледі.  
Тұтынушыларға өнімді алдын ала өлшеп салынбаған түрінде өткізу кезінде, өнім сауда үй-жайларында (сатылатын орындарда), оның ішінде сатып алушының көзінше өлшеп салынған жағдайда, олар туралы ақпаратты орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа, өнімнен тікелей жақын жердегі баға көрсеткішке немесе ақпараттық параққа орналастыруға рұқсат етіледі. 
Өткізу орындарында қаптарға салынған өнімде буып-түйілген немесе өлшеп салынған ұқсас өнім үшін қарастырылған ақпарат болуға тиіс.Тұтынушыларға арналған ақпарат қаптарға бекітілген затбелгілерге жазылады. 
Өнімді дайындаушы (өндіруші) тұтынушыға арналған ақпаратты орауыштың (ыдыстың) бірлігінің тек сол бір жеріне орналастырады. 
Тұтынушыға арналған ақпаратты оқу үшін қолайлы бір немесе бірнеше орынға орналастыруға рұқсат етіледі. 
42. Өнімді сақтау, тасымалдау, пайдалану, кәдеге жарату (қайта өңдеу), жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары тұтынушы үшін қалған ақпараттан өзге қаріппен, түспен немесе басқа тәсілдермен ерекшеленуге тиіс. 
Егер өнім салынған орауыш (ыдыс) қосымша орауышпен қапталса, онда не ішкі орауыштың затбелгісі сыртқы орауыш арқылы жеңіл оқылуға, не сыртқы орауышта ұқсас затбелгі болуға тиіс. 
43. Өніммен байланысқа түсетін, тұтынушыларға арналған ақпаратты түсіру құралдары өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына әсер етпеуге тиіс, өнімді сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде таңбалау тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс.
44. Қоршаған орта белсенді әсер ететін жағдайларда немесе арнайы жағдайларда (жоғарғы немесе төменгі температура, жемірлі орта және тағы басқа) қолданылатын өнім туралы тұтынушыға арналған ақпараттың сақталуы мынадай: 
әсер етуге тұрақты (ылғалға төзімді, ыстыққа төзімді және тағы басқа) материал-жеткізушіні қолдану; 
тиісті түсіру (басу, ою және тағы басқа) әдісін қолдану; 
әсер етуге тұрақты қабықты (мөлдір үлдірді, буманы, қорапты және тағы басқаларды) қолдану тәсілдерінің бірімен немесе олардың жиынтығымен қамтамасыз етілуге тиіс. 
45. Тұтынушыға арналған ақпаратты беру, оның ішінде таңбалау өлшемдері мен нысаны орауыштың (ыдыстың) өлшемі мен нысанына сәйкес келуге тиіс.
 «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «___» _________ № ____ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Р/с

Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 17) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында құзыреттілікті шектеу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысы



5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың күші жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ



6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің азаюын көздеймейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz ресми сайтында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылған

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)



Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Заң департаментінің
директоры А. Алиақпаров