• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 қарашада № 12228 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
3, 4-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы Н. Айдапкелов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы __________
№ _____ бұйрығына 2-қосымша
«Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» (коды 1721110, индексі 1-СР кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
 

1. Осы «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» (коды 1721110,

индексі 1-СР кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» (коды 1721110, индексі 1-СР кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.

2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:

1) кәсіпорын қызметінің негізгі түрі – қосылған құны субъекті жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа әрбір түріне қосылған құнынан асатын қызмет түрі;

2) қосалқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін азық-түліктерді өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгі қызметтен өзге қызмет түрі;

3) тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын тұлғалардан, сондай-ақ қоса атқарушылық бойынша жұмысқа қабылданғандардан басқа, еңбек шарты бойынша, оның жасалу мерзіміне қарамастан қабылданған тұлғалар саны.

3. 1-бөлімде есепті кезеңдегі қызметкерлердің орташа алғандағы тізімдік саны көрсетіледі.

Е септі кезеңдегі қызметкерлердің орташа алғандағы тізімдік саны есепті кезеңдегі әр айдың соңындағы қызметкерлердің орта ша арифметикалық санына тең .

4. 3-бөлімде егер кәсіпорын қандай да бір экономикалық қызмет түрін жүзеге асырған болса, онда кесте толтырылады:

В бағанында кәсіпорындардың қызмет түрінің атауы көрсетіледі;

1-бағанында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2008 жылғы 20 мамырдағы №67 бұйрығымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасына сәйкес ЭҚЖЖ коды көрсетіледі. Егер ЭҚЖЖ кодын таңдауға қиналған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті аумақтық Статистика департаментіне жүгінуді ұсынамыз;

2-бағанында өндірілген өнім , өткізілген тауар мен көрсетілген қызметтердің көлемі көрсетіледі.

Өткізілген өнім, өткізілген тауар және көрсетілген қызметтердің (қайта сату үшін сатып алынған тауарлардың құнын, қосылған құн салығын есепке алмай, акцизсіз), кәсіпорынның ішінде пайдаланылған өнім, сатылған тауар және көрсетілген қызмет көлемін, қоймалардағы және сатуға арналған дайын өнім қорының өзгеруін, аяқталмаған өндірістің және құрылыстар қалдықтарының өсуін (азаюын) қосындылаумен анықталады:

  1. өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің көлемі алыс-беріс шикізатынан өндірілген өнім құны мен зауыт ішіндегі айналымдық құнын есепке ала отырып келтіріледі;

  2. сауда қызметімен айналысатын кәсіпорындар үшін өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің көлемі тауарларды өткізуден түскен табыс пен тауарларды сатып алуға жұмсалған шығыстардың арасындағы айырмашылық болып табылады. Сатып алынған тауарлардың құнына тең немесе төмен бағада тауарлар өткізілген жағдайда сауда қызметі бойынша өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің көлемі айналым шығындарының шамасына тең болады;

3)қаржы делдалдығының (микроқаржылық ұйымдар (микрокредиттік ұйымдар, кредиттік серіктестіктер), ломбардтар, басқалар) өндірілген өнімі мен көрсетілген қызметтерінің көлемі қаржы делдалдары алған меншіктен түскен табыстар (өзінің меншікті құрал-жабдықтарын инвестициялау арқылы алған таза табыстан басқа) мен кредиторларға төленген пайыздар арасындағы айырма ретіндегі жанама жолмен анықталатын қызметтің құны болып табылады.

4) біржолғы, бірмезгілдік экономикалық қызмет түрлерін орындаған жағдайда, кестеде экономикалық қызмет түрі көрсетілмейді.

5. Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз жеткізгіште немесе электронды форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-ресурсында (www.stat.gov.kz) орналасқан

«Он-лайн режимде деректерді жинау» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

1. Настоящая инструкция по заполнению статистической формы общегосударственного статистического наблюдения «Отчет о видах экономической деятельности » (код 1721110, индекс 1-СР, периодичность один раз в год ) разработана в соответствии с подпунктом 8) статьи 12 Закона Республики Казахстан «О государственной статистике» и детализирует заполнение статистической формы общегосударственного статистического наблюдения «Отчет o видах экономической деятельности » (код 1721110, индекс 1-СР, периодичность один раз в год ).

2. Следующие определения применяются в целях заполнения данной статистической формы:

1 ) о сновной вид деятельности предприятия - вид деятельности, добавленная стоимость которого превышает добавленную стоимость любого другого вида деятельности, осуществляемого субъектом ;

2) в торичн ый вид деятельност и – вид деятельности, помимо основного, который осуществляется с целью производства продуктов для третьих лиц ;

3) с писочная численность - численность лиц, принятых по трудовому договору, независимо от срока его заключения, кроме лиц, выполняющих работы по договорам гражданско-правового характера, а также принятых на работу по совместительству.

3. В разделе 1 указывается списочная численность работников в среднем за отчетный период.

Списочная численность работников в среднем за отчетный период равна средней арифметической количества работников на конец каждого месяца отчетного периода.

4 . В разделе 3 в случае, если предприятие осуществл яло какую-либо экономическую деятельность, то заполняется таблица:

в графе В указывается наименование вида деятельности предприятий;

в графе 1 указывается код ОКЭД в соответствии c Номенклатурой видов экономической деятельности утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 20 мая 2008 года №67. В случае затруднения с выбором кода ОКЭД, то рекомендуем обратиться в соответствующий территориальный Департамент статистики Комитета по статистике Министерства Национальной экономики Республики Казахстан;

в графе 2 указывается объем произведенной продукции, реализованных товаров и оказанных услуг.

Объем определяется суммированием объема реализованной продукции, реализованных товаров и оказанных услуг (без учета стоимости товаров, купленных для перепродажи, налога на добавленную стоимость , акцизов), продукции, товаров и оказанных услуг, использованных внутри предприятия, изменения запасов готовой продукции, находящихся на складах и предназначенных для продажи, прироста (уменьшения) остатка незавершенного производства и строительства:

  1. для промышленных предприятий объем произведенной продукции и оказанных услуг приводится с учетом стоимости продукции, произведенной из давальческого сырья, и стоимости внутризаводского оборота;

  2. д ля предприятий, занимающихся торговой деятельностью, объемом произведенной продукции и оказанных услуг является разница между доходом от реализации товаров и расходами на приобретение товаров. В случае реализации товаров по цене, равной или ниже стоимости приобретенных товаров, объем произведенной продукции и оказанных услуг по торговой деятельности будет равен величине издержек обращения;

  3. о бъемом произведенной продукции и оказанных услуг финансового посредничества (микрофинансовые организации (микрокредитные организации, кредитные товарищества), ломбарды, другие) является стоимость услуг, определяющаяся косвенным путем как разница между доходами от собственности, полученными финансовыми посредниками (за исключением чистого дохода, полученного от инвестирования их собственных средств), и процентами, выплаченными их кредиторам;

  4. при выполнении разовых, единовременных видов экономической деятельности в таблице вид экономической деятельности не отображается.

5. Представление данной статистической формы осуществляется на бумажном носителе или в электронном формате. Заполнение статистической формы в электронном формате осуществляется посредством использования Информационной системы «Сбор данных в он-лайн режиме», размещенной на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства Национальной экономики Республики Казахстан (www.stat.gov.kz).

«Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы ______________ №____ бұйрығына анықтама-негiздеме
 

Көрсетілуі тиіс м әлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттi к органның ақпараты



1

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті



2

Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының

2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес



3

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)

Кәсіпорындар статистикасы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау және пайдаланушыларға статистиканың осы саласы бойынша қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер



«Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика Комитеті төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10075 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 ақпанда жарияланған)



5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет

Көздемейді

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

www. stat . gov .kz сайтында орналастырылған

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Талап етілмейді

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ