• Мое избранное
«Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 3 қазанда № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (коды 0401101, индексі 1-ИС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес;  
2) «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (коды 0401101, индексі 1-ИС, кезенділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;  
3) «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0391104, индексі 1-ИС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0391104, индексі 1-ИС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0421101, индексі 1-КС, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;  
6) «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0421101, индексі 1- КС, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;  
7) «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0421101, индексі 1-КС (шағын), кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;  
8) «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0421101, индексі 1-КС (шағын), кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес;  
9) «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0411104, индексі 1-КС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0411104, индексі 1- КС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес;
11) «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағанына хабарлама туралы сауалнама» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0462102, индексі F-001, кезеңділігі жартыжылдық) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес;
12) «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағанына хабарлама туралы сауалнама» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0462102, индексі 1-КС (шағын), кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес;
13) «Хабарлама бойынша құрылыс барысы және объектіні пайдалануға беру туралы сауалнама» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0472104, индексі F-004, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес;
14) «Хабарлама бойынша құрылыс барысы және объектіні пайдалануға беру туралы сауалнама» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0472104, индексі F-004, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес.
2. «Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9916 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 ақпанда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.  
6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы Н. Айдапкелов
 «Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы «__» _________ № ___ бұйрығына анықтама-негiздеме
 

Көрсетілуі тиіс м әлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттiк органның ақпараты



1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

2.

Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының

2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 3 қазанда

№ 9779 болып тіркелген)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)

Құрылыс статистикасы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау және пайдаланушыларға статистиканың осы саласы бойынша қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер

«Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 26 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы

28 қарашадағы № 9916 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 ақпанда жарияланған )

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет

Көздемейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

www. stat . gov .kz сайтында орналастырылған

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Талап етілмейді

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Заң басқармасының басшысы Б. Қабылова