• Мое избранное
«Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялау туралы*
Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясының Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1992 ЖЫЛҒЫ ШЕКАРААРАЛЫҚ СУ АРНАЛАРЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛДЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА СУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАТТАМА
Осы Хаттаманың Тараптары, судың өмір сүру үшін қажетті екендігіне және судың адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті мөлшерде және сапада болуы адамдардың денсаулығын нығайту, сондай-ақ орнықты дамудың алғышарты болып табылатындығына өзіне есеп бере отырып, таза су мен үйлесімді және тиісті түрде пайдаланатын су ортасының адам игілігі мен денсаулығы үшін пайдасын мойындай отырып;
жерасты және жер үсті суларының мөлшері мен сапасына адам қызметінің қолайсыз әсері болған жағдайда олардың қалпына келу қабілеті шектеулі жаңартылатын ресурс болып табылатындығы, тиісті шектеулердің кез-келген сақталмауы осы ресурстардың баршылығына және олардың сапасына тәуелділердің денсаулығы мен игілігі үшін жағымсыз қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді зардаптарға әкеп соғуы және гидрологиялық циклды орнықты басқару жинап келгенде адам қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті екендігін назарға ала отырып; 
адамның негізгі қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті мөлшердегі және сападағы судың жетіспеушілігінен туындайтын халықтың денсаулығы үшін зиян зардап және әсіресе қолайсыз күйде және әлеуметтік шеттеу жағдайында өмір сүріп жатқан осал адам топтары үшін осындай жетіспеушіліктің айтарлықтай зардабын назарға ала отырып;
тек қана барлық деңгейлер және барлық салалар арасындағы тығыз ынтымақтастық негізінде жеке бір ел аумағында, сондай-ақ мемлекеттер арасында қанағаттандырарлық түрде шешуге болатын сумен байланысты аурулардың алдын алу, таралу деңгейін шектеу және төмендету маңызды және шұғыл мәселе болып табылатынын мойындай отырып; 
сумен байланысты ауруларға қатысты қадағалау және ерте ескерту мен ден қою жүйелерін құру аурулардың алдын алу, таралу деңгейін шектеу және төмендетудің маңызды аспекті болып табылатынын түсіне отырып;
Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму бойынша конференциясының (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) тұжырымдамаларын, атап айтқанда Қоршаған орта және даму туралы Рио-де-Жанейро декларациясы мен XXI ғасырдың күн тәртібі, сондай-ақ XXI ғасырдың күн тәртібін одан әрі жүзеге асыру бағдарламасы және Орнықты даму комиссиясының тұщы суды орнықты басқару туралы кейінгі шешімін (Нью-Йорк, 1998 жыл) басшылыққа ала отырып;
1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның тиісті ережелерін басшылыққа ала отырып және оның осы ережелерін неғұрлым кең түрде пайдалануға көмектесу, сондай-ақ Конвенцияны халықтың денсаулығын нығайту шараларымен одан әрі толықтырудың қажеттілігіне ерекше көңіл аудара отырып; 
1991 жылғы Шекарааралық тұрғыдан қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау туралы конвенция, 1992 жылғы Өнеркәсiптiк авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенция, 1997 жылғы Біріккен Ұлттар Үйымының халықаралық су арналарын кеме жүрмейтін түрде пайдалану құқығы туралы конвенция және 1998 жылғы Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясын назарға ала отырып;  
1989 жылғы Қоршаған орта және денсаулық сақтау туралы еуропалық хартия, 1994 жылғы Қоршаған орта және денсаулық сақтау туралы Хельсинск декларациясы, «Еуропа үшін қоршаған орта» үдерісі министрлерінің ұсынымдары мен қарарларының тиісті қағидалары, мақсаттары және ұсыныстарын назарға ала отырып;
Еуропадағы басқа экологиялық бастамалар, құжаттар және үдерістер, сондай-ақ қоршаған орта мен денсаулық сақтау саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарлары және қоршаған орта саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және іске асырудың негізіділігі мен орындылығын мойындай отырып;
сумен байланысты аурулардың алдын алу, таралу деңгейін шектеу және төмендету мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық комиссиясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы жүзеге асырып жатқан екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты күшейту әрекеттерін жоғары бағалай отырып;
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық комиссиясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық комитетіне мүше-елдерінің ластанумен күресу және адамның денсаулығы мен игілігін сақтауға көмектесетін су ортасын сақтау және қалпына келтіру саласында қол жеткізген жетістіктерінің көптеген үлгілерімен жігерілене отырып;
төмендегілер туралы уағдаласты: 
1-бап
 МАҚСАТ
Осы Хаттаманың мақсаты орнықты даму шеңберінде су шаруашылығы қызметін басқаруды, су экожүйелерін қорғау және сумен байланысты аурулардың алдын алу, таралу деңгейін шектеу және төмендетуді қоса алғанда, жетілдіру арқылы барлық тиісті деңгейлерде, яғни жалпы мемлекеттік көлемде, сондай-ақ шекарааралық және халықаралық контексте жеке және коллективті негізде адамның денсаулығын сақтау мен салауаттылығын қорғауға көмектесу болып табылады.  
.  
2-бап
 АНЫҚТАМАЛАР  
Осы Хаттаманың мақсаттары үшін:
1. "Сумен байланысты аурулар" кез-келген сулардың мөлшері немесе сапасының күйі немесе өзгеруінен тікелей немесе жанама туындаған өлім, мүгедектік, ауру немесе қабыну сияқты адамның денсаулығы үшін кез-келген елеулі теріс зардаптарды білдіреді.
2. "Ауыз суы" адамның ауыз суы ретінде пайдалану, тамақты өңдеу мен әзірлеу, жеке гигиена немесе соған ұқсас мақсаттарға арналған немесе пайдаланатын суды білдіреді.
3. "Жерасты сулары" жер бетінің төменіндегі сіңіру зонасындағы және топырақпен немесе топырақ астымен тікелей жалғасатын кез-келген суларды білдіреді.
4. "Жабық сулар" ғимараттың ішінде, сондай-ақ оның сыртында жер үстіндегі тұщы немесе жағалау суларынан оқшауланған жасанды су қоймасын білдіреді.
5. "Шекараралық сулар" екi және одан да көп мемлекеттер арасындағы шекараны қиып өтетiнiн немесе осындай шекараларда орналасқанын бiлдiретiн қандай да болсын жер үстіндегi немесе жер астындағы суларды бiлдiредi; шекаралық сулар тiкелей теңiзге келiп құятын жағдайларда осындай шекаралық сулардың шегi олардың арнасын олардың жағалауларындағы шағын судың шебiнде орналасқан нүктелер аралығында қиып өтетiн түзу сызықпен шектеледi.
6. "Сумен байланысты аурулардың шекаралық салдарлары" басқа Тараптың юрисдикциясында орналасқан аудандағы сулардың мөлшері немесе сапасының күйінен немесе олардың өзгеруінен тікелей немесе жанама түрде олардың шекаралық әсер болуына қарамастан туындайтын және басқа Тараптың юрисдикциясында орналасқан ауданда пайда болатын өлім, мүгедектік, ауру немесе қабыну сияқты адамның денсаулығы үшін зиян кез-келген елеулі зардаптарды білдіреді.
7. "Шекаралық әсер" табиғи көзi толықтай немесе iшiнара белгілi бiр тараптың юрисдикциясында орналасқан адам қызметiнен туындайтын шекаралық сулардың жай-күйiнің өзгеруi нәтижесiнде басқа Тараптың юрисдикциясында орналасқан аудандағы қоршаған орта үшiн пайда болатын кез-келген едәуiр зиянды зардаптарды бiлдiредi. Қоршаған орта үшiн осындай зардаптар қатарына адамның денсаулығы мен қауiпсiздiгi; флора, фауна, топырақ, ауа, су, климат, ландшафт, тарихи ескерткiштер және басқа да материалдық объектiлер үшiн болатын зардаптар немесе осы факторлардың бiр-бiрiне әсер етуi жатады; олардың қатарына сондай-ақ осы факторлардың өзгеруi салдарынан мәдени мұра немесе әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар үшiн пайда болатын зардаптар жатады. 
8. "Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар" ұжымдық жүйелер арқылы немесе жеке үй шаруашылықтарын немесе кәсіпорындарға қызмет көсететін қондырғылардың көмегімен адам тіршілігінің қалдықтарын немесе тұрмыстық сарқынды суларды жинау, тасымалдау, өңдеу және жою немесе қайта пайдалануды білдіреді. 
9. "Ұжымдық жүйе": 
a) бірқатар үй шаруашылықтарды немесе кәсіпорындарды ауыз суымен қамтамасыз ету жүйесін және/немесе
б) бірқатар үй шаруашылықтарына немесе кәсіпорындарға қызмет көрсететін және қажет болған жағдайда, өнеркәсіптік сарқынды суларды жинау, тасымалдау, тазарту және жою немесе қайта пайдалануды қамтамасыз ететін және қызметін мемлекеттік сектор органы, жеке сектор органы немесе осы сектор арасындағы серіктестік жүзеге асыратын санитарлық-профилактикалық іс-шараларды іске асыруға арналған жүйені білдіреді.
10. "Су шаруашылығы қызметін басқару жоспары" аумақтық аудан шеңберіндегі немесе жер асты суларын сіңіру зонасындағы нақты су ресурстары мен нысаналарды олардың экожүйелерін қорғауды қоса алғанда, игеру, пайдалану, қорғау және/немесе қолдану жоспарын білдіреді.
11. "Жұртшылық" бір немесе бірнеше жеке немесе заңды тұлғаларды және олардың ұлттық заңнамаға немесе тәжірибеге сай ассоциациялары, ұйымдары мен топтарын білдіреді.
12. "Мемлекеттік орган": 
a) ұлттық, аймақтық және басқа деңгейдегі әкімшілік;
ә) қоршаған орта, денсаулық сақтау, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды іске асыру, су шаруашылығы қызметін басқару немесе сумен жабдықтауға қатысты нақты міндеттерді, қызметті қоса алғанда, мемлекеттік әкімшілік қызметін ұлттық заңнамаға сәйкес атқаратын жеке немесе заңды тұлға;
б) жоғарыдағы а) немесе ә) тармақтарында көрсетілген орган немесе тұлғаның бақылауымен мемлекеттік міндеттерді немесе қызметті атқаратын немесе халыққа қызмет көрсететін кез-келген басқа жеке немесе заңды тұлға;
в) Тарап болып табылатын Экономикалық аймақтық интеграция ұйымының 21-ші бабында аталған кез-келген мекемелерді білдіреді. Осы анықтама сот немесе заң шығарушы органдарды немесе мекемелерді қамтымайды.
13. "Жергілікті" мемлекеттік деңгейден төмен барлық тиісті деңгейдегі аумақтық бірліктерге қатысты
14. "Конвенция" 1992 жылғы 17 наурызда Хельсинки қаласында қабылданған Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияны білдіреді.
15. "Конвенция Тараптарының Кеңесі" Конвенция Тараптарының 17-бабына сәйкес құрылған органды білдіреді.