• Мое избранное
«Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, нысанын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, нысанын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, нысанын бекіту туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есеп беру қағидалары мен мерзімдері, нысаны бекітілсін.
2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
201_ жылғы « » ______________
№ _____ бұйрығымен бекітілген
Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, нысаны
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 86-бабының 4 тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағида асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есеп (бұдан әрі – есеп) ұсынудың тәртібін және ұсыну мерзімін, нысанын регламенттейді.
3. Есеп бала асырап алу туралы соттың шешімі күшіне енген күнінен бастап және оның кәмелетке толғанына дейін ұсынылады.  
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын бала асырап алушылардың есеп ұсыну тәртібі мен мерзімі, нысаны
1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, бала асырап алушылар жылына кемінде бір рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға (бұдан әрі – орган) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысанда есеп ұсынуға міндетті.
2. Есеп орыс немесе қазақ тілінде бала асырап алу мерзіміне дейін бір ай бұрын жасалады және органға асырап алу мерзімінен кейінгі айдан кешіктірмей ұсынылады.  
3. Есептерді ұсыну орган немесе Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) арқылы жүзеге асырылады.
4. Органға жүгінген кезде есепті Республикалық деректер банкіне органның қызметкері енгізеді.
Органның қызметкері азаматтардың есебінің электрондық нұсқасын Республикалық деректер банкіне енгізеді.
5. Есепті Республикалық деректер банкі арқылы ұсынған жағдайда асырап алушылар Республикалық деректер банкіндегі жеке кабинетке дербес кіріп, «Есептер» деген бетбелгілерді белсендіруі керек.
Ашылған терезеде асырап алушылар деректер нысанына асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы ақпаратты дербес енгізеді және электрондық-цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қояды.  
6. Органның қызметкері есепті алғаннан кейін асырап алушының жеке кабинетіне есептің қабылданғаны туралы хабарлама түседі.
3. Қазақстан Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылардың және шетелдік бала асырап тәртібі және мерзімі
7. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары – жылына кемінде бір рет осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп ұсынуға міндетті.
Бірінші есеп бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап бес ай өткеннен кейін жасалады және бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жетінші айдың аяқталуынан кешіктірмей ұсынылады.
Екінші есеп бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап он бір ай өткеннен кейін жасалады және бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап он үшінші айдың аяқталуынан кешіктірмей ұсынылады.
Үшінші есеп бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап он жеті ай өткеннен кейін жасалады және бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап он тоғызыншы айдың аяқталуынан кешіктірмей ұсынылады.
Төртінші есеп бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап жиырма үш ай өткеннен кейін жасалады және бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап жиырма бесінші айдың аяқталуынан кешіктірмей ұсынылады.
Бесінші есеп бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап жиырма тоғыз ай өткеннен кейін жасалады және бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап отыз бірінші айдың аяқталуынан кешіктірмей ұсынылады.
Алтыншы есеп бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап отыз бес ай өткеннен кейін жасалады және бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап отыз жетінші айдың аяқталуынан кешіктірмей ұсынылады.
Бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап алғашқы үш жыл өткен соң және баланың кәмелет жасқа толуына дейін есеп бала асырап алу күнінен бір ай бұрын жүргізіледі және бала асырап алған күннен кейінгі айдың аяқталуынан кешіктірілмей ұсынылады.  
8. Жекелеген жағдайларда, есептерді ұсыну кезеңділігі бала асырап алушылардың отбасында қалыптасқан нақты ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының шешімі бойынша белгіленеді.
9. Есептер тиісті шет мемлекеттің ресми тілінде ұсынылады.
10. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұсынылатын есептер белгіленген тәртіппен заңдастырылуға, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліне аударылуға тиіс.  
Бұл ретте, аударманың мәтіні не аудармашының қолы бала асырап алушылардың тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде куәландырылады не оны Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус куәландырады.
11. Есептер бала асырап алушы бала тұратын елдегі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, бала асырап алу жөніндегі агенттік немесе Республикалық деректер банкі арқылы ұсынылады.
12. Жекелеген жағдайларда, есептерді ұсыну кезеңділігі бала асырап алушылардың отбасында қалыптасқан нақты ахуалға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бала асырап алу агенттіктің аккредитациялауға байланысты Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарымен келісімі бойынша есепті ұсыну міндетті орган немесе ұйымы бекітіледі.  
13. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган ның қызметкері есеп қабылданғаннан кейін асырап алушының жеке кабинетіне есепті қабылдау туралы ескерту түседі.
4. Есептің нұсқасын толтыру тәртібі
14. Есептің «Денсаулық жағдайы» бөлімінде келесі міндетті ақпаратты көрсету қажет:
1) физикалық даму деңгейі және оның дәрежесі (бойы, салмағы, т.б.);
2) психикалық даму деңгейі (мінез-құлық жеткіліктілігі);
3) организм органдар мен жүйесінің функционалдық жағдайы;
4) аурулар, ауру жағдайлаыр және өзгерістері бар/жоқтығы, соның ішінде созылмалы, туа біткен даму кемістігін анықтау/көрсету;
5) операциялық араласу;
6) иммундау (егу);
7) медикалық алдын алу мақсатымен тексеру;
8) тамақтану;
9) салауатты өмір салты және денсаулықты үнемдеу;
10) келбеті ( ұқыптылық , тазалық , жасына , жынысына, мәдениет, дін т.б. киімнің тиістігі);
11) өзін-өзі күту дағдылары (өз еркімен киіну, тамақтану және т.б.);
12) бар мәселелер (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар).
15. Есептің «Білім» бөлімінде келесі міндетті ақпаратты көрсету қажет:
1) білім беру ұйымдарына бару (бала бақша, мектеп, колледж, ЖОО) немесе тәуелсіз оқыту (үйде, экстерн, т.б.), олардың жасына, дамуына және мұқтаждыққа сәйкестігі;
2) қосымша білім беру ұйымдарына бару (үйірмелер, секциялар, шығармашылық үйлері, жексенбілік серуен, музыка және спорт мектептері, курстар және тағы басқалар);
3) табыстар мен жетістіктер;
4) бар мәселелер (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар).
16. Есептің «Әлеуметтік сала» бөлімінде келесі міндетті ақпаратты көрсету қажет:
1) отбасылық қатынастар (асырап алған бала және ата-анасы, асырап алған бала және отбасында тәрбиеленетін басқа балалар, асырап алған бала және жақын туыстар аралығында қатынастары, құштарлықты көрсету, аталған қатынастардың балаға әсері);  
2) білім беру ұйымдарындағы қатынастары (оқытушылармен және басқа оқушылармен қарым-қатынас);
3) баланың қоршаған ортадағы қатынастары (ересектермен және көрші балалармен, таныс және отбасы мүшелерінің жолдастарымен қатынастары);
4) кәсіптік бағдар, қызмет өрістерін таңдау – 14 жастағы балалар үшін – жұмыспен қамту;
5) бар мәселелер (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар).
17. Есептің «Даму» бөлімінде келесі міндетті ақпаратты көрсету қажет:
1) хоббиі, құмарлығы, мүдделері;
2) бар мәселелер (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар).
18. Есептің «Асырап алушылардың отбасы туралы мәліметтер» бөлімінде келесі міндетті ақпаратты көрсету қажет:
1) асырап алушылардың неке бұзуы (баланың қай ата-анамен қалғандығын көрсету);
2) қабілеттілігін айыру, қайтыс болу жағдайлары (кіммен бала қалды);
3) қайта неке (екінші ата-анасымен қарым-қатынаста болу тәртібін көрсету);
4) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары (жалпы және тұрғылықты ауданы, үйдің, пәтердің тиесілілігімен жайлылығы, санитариялық-гигиеналық жай-күйі, баланың жеке бөлмесін бар болуы, ойнау, оқу үшін орыны және т.б.);  
5) табыстың мөлшері (отбасының бар табыстың мөлшерін көрсету, тамақ, үй, гигиена, киім, медициналық көмек, білімде отбасын және баланың негізгі мұқтаждығын қамтамасыз етуге жеткіліктігі);
6) жұмыстың орны және режимі, бала асырап алушылардың жұмыс уақытында баланың бос уақытын ұйымдастыруы;
7) бар мәселелер (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар).
19. Есептің «Қоршаған орта мен логистика» бөлімінде келесі міндетті ақпаратты көрсету қажет:
1) баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (шаруадағы қауіпті заттарға, дәрі-дәрмекке, электрқұрылғы, газга және т.б.);
2) үйде және басқа жерлерде балаға жарақат қолдануды бағалау;
3) білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің болуы;
4) бар мәселелер (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар).
20. Есептің «Қосымша мәліметтер» бөлімінде келесі міндетті ақпаратты көрсету қажет:
1) ку келген мәліметтер, назар аударуды талап ететін, мысалы, жазатайын оқиғалар көрсетіледі;
2) бар мәселелер (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар).
3) бұрыңғы есеп барысында аңықталған мәселелер бойынша шаралар;
4) бала асырап алушыларға шеттен көмек керек пе (қандай екендігін көрсету);  
5) баланың фотосуреттері (үй жағдайында, достарының арасында).
Асырап алынған баланың өмір сүру,
оқу, тәрбие жағдайлары туралы және
денсаулық жағдайы туралы есепті
ұсыну қағидаларына 1-қосымша
нұсқа
 Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы №_____________ (реттік нөмір) есеп
Баланы асырап алуға дейін Т.А.Ж.
 ____________________________________________________________________  
Баланың жеңісі
 ____________________________________________________________________
Баланы асырап алуға дейін туған күні
 ____________________________________________________________________  
Бала асырап алу өңірі
 ___________________________________________________________________
Соттың атауы, бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күні
 ____________________________________________________________________
Баланы асырап алуға кейін Т.А.Ж.
 ____________________________________________________________________  
Баланы асырап алуға кейін туған күні
 ____________________________________________________________________  
 Асырап алушылардың Т.А.Ж. ____________________________________________________________________  
Баланың және асырап алушылардың мекен-жайы, телефоны (есеп беретін мерзімге)
 ____________________________________________________________________  
Асырап алушылардың жұмыс орны, адресі, телефоны (есеп беретін мерзімге)
 ____________________________________________________________________  
Бала асырап алу арқылы өткізген агенттіктің атауы (шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктеге)
 ____________________________________________________________________  
***
Денсаулық жағдайы:  
  ____________________________________________________________________
Білім:
  ____________________________________________________________________
Әлеуметтік сала:
  ____________________________________________________________________
Даму:
  ____________________________________________________________________
Бала асырап алушылар туралы мәліметтер:
  ____________________________________________________________________
Қоршаған орта және логистика:
  ____________________________________________________________________
Қосымша мәліметтер:
  ____________________________________________________________________
Фотосуреттер:  
  ____________________________________________________________________
  Т.А.Ж.  
  20__ жылғы «____» __________  
    __________________ (қолы)