• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 10 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі, экономикалық және сауда қатынастарындағы техникалық кедергілерді жою мақсатында, стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып, бұл ретте осы салада халықаралық ұйымдар қабылдаған қағидаттар мен нормаларды және Дүниежүзілік Сауда Ұйымының Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімінің 6-бабының ережелерін негізге ала отырып, Тараптардың әрқайсысы мемлекеттерінің экономикалық мүдделерін басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық Тараптардың әрқайсысы мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  
2-бап
Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;  
Грузияда – Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі мен ашық құқықты заңды тұлға - Грузия Экономика және орнықты даму министрлігінің Стандарттар және метрология жөніндегі агенттігі болып табылады.
Аталған органдардың ресми атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда, Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар етеді. 
3-бап
1. Тараптар қолданыстағы ұлттық стандарттау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және сәйкестікті бағалау жүйелерін өзара таниды.
2. Тараптар осы Келісімнің 2-бабында айқындалғандай, олардың қолданыстағы заңнамада бекітілген өкілеттіктері шегінде уәкілетті органдар арқылы мынадай бағыттарда ынтымақтастықты қамтамасыз етеді:
1) стандарттау:
ұлттық стандарттарды өзара жеткізілетін өнімге арналған халықаралық стандарттарға сәйкес үйлестіру;
стандарттау саласында ақпараттық технологияларды пайдалану;  
техникалық регламенттер, нормативтік құжаттар және стандарттар сілтемелері туралы ақпарат алмасу саласында;  
2) сәйкестікті бағалау:
Тараптар өздері келіскен тәртіппен екінші Тараптың сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген және/немесе уәкілетті органдарын, сынақ зертханалары мен орталықтарын, өздері берген сәйкестік сертификаттарын/декларацияларын және өзара жеткізілетін өнімге жүргізілген сынақ нәтижелерін мойындайды;
Өнімнің қауіпсіздігі үшін оны өндіруші, ал сәйкестік сертификаттарының/декларацияларының дұрыстығы үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды берген ұйым жауапты болады.
Тараптардың қолданыстағы заңнамасына сәйкес Тараптардың осы Келісім қолданылатын импортталған өнімге ішінара бақылау жүргізуге құқығы бар. Өнімде тұрғын халықтың өмірі мен денсаулығы, мүлкі немесе қоршаған орта үшін оның пайдаланылуын қауіпті ететін кемшіліктер байқалған жағдайда, Тараптар өз мемлекеттерінің қолданыстағы ұлттық заңнамасына сәйкес шаралар қолданады;  
3) метрология:
Тараптар өздері келіскен тәртіппен:
өлшеу құралдарының (бұдан әрі - ӨҚ) типін және/немесе бекітілген типке, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, метрологиялық аттестаттауға сәйкестігін бекіту мақсатында сынақ нәтижелерін;
ӨҚ салыстырып тексеруді, калибрлеуді, метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын уәкілетті және/немесе аккредителген зертханаларды (орталықтарды);  
ӨҚ типін бекіту, салыстырып тексеру, калибрлеу, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттарды (куәліктерді) мойындайды.
4-бап
Осы Келісімнің күші Тараптардың әрқайсысының мемлекеттері аумағында өндірілген өзара жеткізілетін өнімге қолданылады.
5-бап
Тараптар:
1) стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау жөніндегі ұлттық органдардың баспа басылымдары туралы ақпаратпен;
2) сәйкестігі міндетті түрде бағалануға жататын өнім тізбелерімен;
3) оқыту бағдарламаларына қатысты мәліметтермен және материалдармен, стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы персонал мен мамандардың біліктілік деңгейін арттыруға ықпал ететін басқа да ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.
6-бап
Тараптар Тараптардың бірі мүшесі болып табылатын стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық ұйымдарға кірген кезде осы ұйымдардағы жұмысқа да өзара қолдау көрсете алады.
7-бап
1. Тараптар, егер беруші Тарап олардың құпиялығын ескертетін болса, осы Келісім шеңберінде өткізілген жұмыстар туралы алынатын құжаттаманың және ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.  
Ынтымақтастық барысында Тараптардың бірінен алынатын ақпарат осы құжаттаманы және ақпаратты ұсынған Тарап жазбаша түрде келіскен жағдайда ғана үшінші Тарапқа берілуі мүмкін.
8-бап
Осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген екі Тараптың уәкілетті органдары қосымша келісімдер мен хаттамаларға қол қоя алады.
9-бап
1. Тараптар арасында осы Келісімді түсіндіру және орындау кезінде туындаған даулы мәселелер осы Келісімнің 2-бабында айқындалған уәкілетті органдар арасындағы өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешілетін болады.
2. Егер даулы мәселелерді уәкілетті органдар шешпейтін болса, олар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешілетін болады.  
10-бап
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы қатысушысы болып табылатын немесе болатын басқа да халықаралық шарттарға сәйкес өздеріне алған міндеттемелерін орындауда Тараптардың кез келгенін шектемейді.
11-бап
  Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осындай кез келген түзету осы Келісімнің 13-бабында жазылған рәсімге сәйкес күшіне енеді.   
12-бап
Осы Келісімде қамтылған барлық қызмет түрлері Тараптардың қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуге және соған сай іске асырылуға және Тараптар мемлекеттерінің бюджетінде уәкілетті органдарға көзделген қаржы шегінде, сондай-ақ Тараптармен заңнамасында тыйым салынбайтын басқа да көздерден қаржыландырылуға тиіс.
13-бап
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 күннен кейін күшіне енеді.
2. Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы да кезекті бесжылдық кезең өткенге дейін кемінде алты ай бұрын екінші Тарапқа өзінің оның қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жолдамаса, кезекті бесжылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
3. Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа оның қолданысын бұзу ниеті туралы жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Келісімді біржақты тәртіппен бұза алады. Келісім осындай хабарламаны алған кезден бастап алты ай өткенге дейін қолданылады.
4. Осы Келісім бұзылатын жағдайда осы Келісім шеңберінде әзірленген құжаттар, жобалар мен бағдарламалар қолданысының мәселелері уәкілетті органдар арасындағы келісу арқылы шешілетін болады. Осы Келісімнің бұзылуы Келісімнің қолданылу кезеңінде Тараптар берген ақпаратқа қатысты құпиялылық шарттарын өзгертпейді.  
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін 1997 жылғы 11 қарашадағы Грузия Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күші жойылды деп танылсын.
  2016 «___» _________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімді түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.  
Қазақстан Республикасының
Үкімет і үшін

Грузия
Үкіметі үшін
«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі



Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 5-бабына сәйкес

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Қаулы жобасының қабылдануы кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қаулы жобасын жүзеге асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын қажет етпейді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Қаулы жобасын қабылдау стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласында техникалық регламенттерді үйлестіру бойынша келісілген аккредиттеу саясатын жүргізу үшін

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер



2016 жылғы 26 ақпандағы № 120 «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінң қаулысы

7

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Өткізілген жоқ

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің mid@mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қаулы жобасы әлеуметтік маңызды болып табылмайды



13

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы №54 Заңының 11-тармағына сәйкес ратификациялауға жатпайды

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрі Ж. Қасымбек
2016 жылғы «_____»____________