• Мое избранное
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 90-құжат; 2015 жылғы 9 сәуiрде № 64 (28542) «Егемен Қазақстан» газетiнде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына:
«Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
8-тармақтын 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ауылдық елді мекендерді және аудандық маңызы бар қалаларды абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);»;
9 - тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде іске асыру осы Бағдарламаның 8-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 8-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шағын қалаларда іске асырылып жатқан жобаларға басымдық беріледі.»;
12 - тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегіуәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды және өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісілген Бағдарлама шеңберінде іске асыруға ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 18-1тармақпен толықтырылсын:
«18-1. Қажетті жабдықты сатып алу үшін қаржыландыру лимиті ауылдық округтерде, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарда және кенттерде тұратын халықтың санына байланысты жеткізіледі;
Бұл ретте қаржыландыру лимитін бөлген кезде даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттер алып тасталады.
Қажетті жабдықты сатып алу әлеуметтік-экономикалықдаму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде және аудандық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылады.  
Жабдықтарды сатып алу:
1) елді мекендерді санитарлық қамтуды қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын сатып алуды;
2) балаларды және халықтың ұтқырлығы аз тобын тасу үшін көлік құралдарын сатып алуды;
3) елді мекендерді үздіксіз сумен жабдықтауды, кәрізбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын және жабдықтарын сатып алуды қамтиды.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті қоғамдастықтың жиындарын және жиналыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, онда бірінші кезектілігі мен өзектілігі негізге алына отырып, іс-шараларды іріктеу бойынша ұсыныстар талқыланады және шешімдер қабылданады.
Жергілікті атқарушы органдар сатып алу үшін қажетті жабдықтарды іріктеу рәсімін жергілікті қоғамдастықтың жиында мыналарға:  
1) жеткізілген қаржыландыру лимиттері;
2)жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндіктеріне;
3) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттілігіне;
мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуына;
4) қажетті жабдықтарды сатып алуға баға ұсыныстарының болуына байланысты жүзеге асырады.
Жергілікті артқарушы органдар Бағдарлама операторына тауардың техникалық сипаттамасын, тауарды жеткізушінің баға ұсынысын және тиісті аудандық маңызы бар қаланы, ауылдың, кенттің, аулыдқы округтің әкімі бекіткен қажетті жабдықты сатып алу туралы жергілікті қоғамдастық жиыны шешімі хатамасының көшірмесін қоса беріп, сатып алынатын жабдықтардың тізбесін ұсынады.
Сатып алынатын жабдықты іріктеу кезінде басымдық қазақстандық қамтуы бар жабдыққа беріледі.
Қажетті жабдықтарды сатып алу бойынша бюджет қаражатының үнемі қалыптасқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторымен келісу бойынша көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға жұмсай алады.
Жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторына сатып алынған жабдықты мақсатты пайдалану туралы мәліметтер ұсынады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер, сатып алынған жабдық туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.»;
97-тармақтың төртінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың қолайлы деңгейін сақтау қажеттілігіне байланысты жеткізілген лимиттің жалпы сомасының 70 %-ына дейін ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.»;
«Инфрақұрылымдық жобаларды және жабдықтар сатып алуды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Осы қаулының 1-тармағының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және жирыма жетінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.  
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
 





Құрылымдық элементтің атауы





Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме. Тапсырмаға сілтемеден басқа:

1) түзетудің мәні;

2) әрбір енгізілетін түзетуге нақты негіздеме көрсетілуге тиіс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

1

8-тармақ

8. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);

2) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;

3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);

4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілердің проблемаларын шешетін объектілерге басым назар аударылады);

5) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);



6) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

8. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);

2) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;

3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);

4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілердің проблемаларын шешетін объектілерге басым назар аударылады);

5) ауылдық елді мекендерді және аудандық маңызы бар қалаларды абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);

6) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында

2

9-тармақ

9. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде іске асыру осы Бағдарламаның 8-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 8-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шағын қалаларда іске асырылып жатқан жобаларға басымдық беріледі.

Саяжай кенттерінде осы Бағдарламаның 8-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері коммуналдық меншіктегі объектілер бойынша іске асырылады.

9. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде іске асыру осы Бағдарламаның 8-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 8-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шағын қалаларда іске асырылып жатқан жобаларға басымдық беріледі.

Саяжай кенттерінде осы Бағдарламаның 8-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері коммуналдық меншіктегі объектілер бойынша іске асырылады.

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында

3

12-тармақ

12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды және өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісілген Бағдарлама шеңберінде іске асыруға ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

Тиісті техникалық құжаттамасыз және жобаның таңдалуы, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақының көрсеткіштері негізделмей ұсынылған, сондай-ақ құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар қаралмайды.

12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегіуәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды және өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісілген Бағдарлама шеңберінде іске асыруға ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

Тиісті техникалық құжаттамасыз және жобаның таңдалуы, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақының көрсеткіштері негізделмей ұсынылған, сондай-ақ құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар қаралмайды.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1–бабы 33) тармақшасын орындау мақсатында

4

18-1 -тармақ

Жоқ

18-1. Қажетті жабдықты сатып алу үшін қаржыландыру лимиті ауылдық округтерде, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарда және кенттерде тұратын халықтың санына байланысты жеткізіледі;

Бұл ретте қаржыландыру лимитін бөлген кезде даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттер алып тасталады.

Қажетті жабдықты сатып алу әлеуметтік-экономикалықдаму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде және аудандық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылады.

Жабдықтарды сатып алу:

1) елді мекендерді санитарлық қамтуды қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын сатып алуды;

2) балаларды және халықтың ұтқырлығы аз тобын тасу үшін көлік құралдарын сатып алуды;

3) елді мекендерді үздіксіз сумен жабдықтауды, кәрізбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын және жабдықтарын сатып алуды қамтиды.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті қоғамдастықтың жиындарын және жиналыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, онда бірінші кезектілігі мен өзектілігі негізге алына отырып, іс-шараларды іріктеу бойынша ұсыныстар талқыланады және шешімдер қабылданады.

Жергілікті атқарушы органдар сатып алу үшін қажетті жабдықтарды іріктеу рәсімін жергілікті қоғамдастықтың жиында мыналарға:

1) жеткізілген қаржыландыру лимиттері;

2)жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндіктеріне;

3) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттілігіне;

мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуына;

4) қажетті жабдықтарды сатып алуға баға ұсыныстарының болуына байланысты жүзеге асырады.

Жергілікті артқарушы органдар Бағдарлама операторына тауардың техникалық сипаттамасын, тауарды жеткізушінің баға ұсынысын және тиісті аудандық маңызы бар қаланы, ауылдың, кенттің, аулыдқы округтің әкімі бекіткен қажетті жабдықты сатып алу туралы жергілікті қоғамдастық жиыны шешімі хатамасының көшірмесін қоса беріп, сатып алынатын жабдықтардың тізбесін ұсынады.

Сатып алынатын жабдықты іріктеу кезінде басымдық қазақстандық қамтуы бар жабдыққа беріледі.

Қажетті жабдықтарды сатып алу бойынша бюджет қаражатының үнемі қалыптасқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторымен келісу бойынша көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға жұмсай алады.

Жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторына сатып алынған жабдықты мақсатты пайдалану туралы мәліметтер ұсынады.



2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында

5

22-тармақ

22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер, сатып алынған жабдық туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1–бабы 5) тармақшасын орындау мақсатында

6

97-тар мақ

97. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейін алдағы үш жылға арналған қаржыландыру лимиттерін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа ұсыныстар енгізеді.

Қаржыландыру лимиттері өңірлер арасында статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша бөлу алдындағы тоқсандағы жағдайға сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына барабар бөлінетін болады.

Жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығының көрсеткіштеріне қарай қаражатты Бағдарламаның бағыттары арасында дербес бөледі.

Бұл ретте, Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар жеткізілген лимиттің жалпы сомасының кемінде 70 %-ын ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.







Өңірлерге бөлінген қаржыландыру лимиттерін нақтылау және түзету экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санын есепке алмай жүзеге асырылады.

Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.

.......

97. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейін алдағы үш жылға арналған қаржыландыру лимиттерін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа ұсыныстар енгізеді.

Қаржыландыру лимиттері өңірлер арасында статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша бөлу алдындағы тоқсандағы жағдайға сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына барабар бөлінетін болады.

Жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығының көрсеткіштеріне қарай қаражатты Бағдарламаның бағыттары арасында дербес бөледі.

Бұл ретте Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың қолайлы деңгейін сақтау қажеттілігіне байланысты жеткізілген лимиттің жалпы сомасының 70 %-ына дейін ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.

Өңірлерге бөлінген қаржыландыру лимиттерін нақтылау және түзету экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санын есепке алмай жүзеге асырылады.

Инфрақұрылымдық жобаларды және жабдықтар сатып алуды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.

........

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында

 _____________________________________
Вице-минитр С. Жақыпова
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

5.

Жобаны қабылдауға нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділік

Халықты тұрақты, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмауды қамтамасыз ету үшін

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкестендіру қажеттілігі

Қажет етпейді

8.

Қосымша сараптаманың нәтижелері ( құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да ) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда жүргізілген жағдайда

Өткізілмеген

9.

Басқа да мәліметтер

Жоқ

10.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында

(веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде)

орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат

(әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған

файлдар атауы)

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде орнастырылған www.mzsr.gov.kz. (файлдардың саны – 8, көлемі – 434 кБт)

12.

Ақпараттың орналыстыруы интернет-ресурста (веб-сайтта) жоба қаулысына мемлекеттік органның баспасөз хабарламасы, әлеуметтік мағынасы бар (баспасөз хабарламасының аты, күні)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz. сайтында 2016 жылғы 22 маусымда мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған (файлдардың саны – 1, көлемі – 16 кБт)

13

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жүргізілген жоқ

14

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Қажет етпейді

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
«___» ___________ 2016 жыл
Келісу ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының атауы: «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
 

Алынған күн

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтарылған күн

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі









Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі









Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі









Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі







 ____________________________
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін құжаттардың ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.

ҚР Үкіметі қаулысының

жобасы







2.

Жобаға түсіндірме жазба







3.

Анықтама





4.

Келісу парағы







5.

Салыстырма кесте







6.





Мемлекеттік органдардың хаттары





7.

Мемлекеттік органдардың бұйрығы





  Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, оларда _______________парақ.
 Қолы ___________ күні ________
  _______________________