• Мое избранное
«Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 472-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 472-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 472-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 472-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3300 болып тіркелген, мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық:
13-тармақтың он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
« r а   - меншікті капиталға тәуекел үшін сыйлықақыны белгіленген тәртіппен өңдеу.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығында жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интернет порталына орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Қ. Бишімбаев