• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуге тыйым салуды енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4101) әкетуге 2016 жылғы 1 қазаннан бастап алты ай мерзіміне тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте:
Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салу туралы хабардар етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсынысты енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):  
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________А. Мырзахметов
2016 жылғы «___»__________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___» __________
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___»__________
«Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы « » № бұйрық жобасына анықтама-негіздеме

Р/с №

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, дәлелдері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында ірі қара малдың өңделмеген терілерінің мүлдем жетіспеушілігіне және отандық былғары кәсіпорындарының тоқтатылып қалуына жол бермеу мақсатында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және оларды өзгерту және толықтыру туралы ұсыныс әзірлеу немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Осы нормативтік құқықтық актін қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздемейді

7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz ресми сайтында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылды

8-1

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)



Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Заң департаментінің
директоры А. Алиақпаров