• Мое избранное
«Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6967 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 30 маусымдағы № 92 (2082); «Юридическая газетінде» жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының 49) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 наурыздағы №244 қаулысымен ратификацияланған 1966 жылғы жүк маркасы туралы Халықаралық конвенцияға сәйкес, және Кеме қатынасының тіркеліміне қарайтын кемеге су үстіндегі борт, куәландыру және белгілерін түсіру, борттарға жүк маркаларын тағайындау тәртібін анықтайды.»;
Мынадай редакциядағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. 1966 жылғы жүк маркасы туралы Халықаралық конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің ту астында жүзуге құқығы бар кемелерге, сонымен қатар 1998 жылғы хаттамамен енгізілген түзетулерге Қағидалардың талаптары қажеттілігіне қарай қолданылады».
Мынадай редакциядағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
«34-1. Кеменің ту астында жүзуге құқығы бар мемлекеттің үкіметіне қатысты 1966 жылғы жүк маркасы туралы Халықаралық конвенцияға 1988 жылғы хаттаманың күшіне ену кезінде қолданудағы Кез келген Жүк маркасы туралы халықаралық куәлігі оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күшіне қалады.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ж. Қасымбек
«Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы «_____» _____ № «____» бұйрығына анықтама–негіздеме
 

Көрсетiлуi тиiс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттiк органның ақпараты

1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сілтеме жасай отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау негізі (мемлекеттiк органның құзыретi)

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының 49) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлігiнiң негiздемесі (нақты мақсаттар, дәлелдер және акт неге байланысты қабылданды)



Жобаның мақсаты «Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығын 1966 жылғы жүк маркасы туралы Халықаралық конвенцияға сәйкес келтіру болып табылады

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және оларды өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар әзірлеу немесе нормативтiк құқықтық актiні қабылдауға байланысты күшi жойылды деп тану туралы мәлiметтер

«Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығы

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, олардың жойылғаны туралы актiлердiң деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтiк құқықтық акті республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiметтер

Жоқ

8.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау (тарату) туралы мәлiметтер

Жоба (…кбайт) 2016 жылғы .... (e.gov 2016 года ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталында орнастырылған

8-1.

Ықпалын реттегіш анализінің нәтижелері туралы мәліметтер (болған жағдайда)

Жоқ

9.

ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмi (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)



Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрлігі Заң департаментінің
директоры А. Алиақпаров