• Мое избранное
«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 15-2-баптарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39 және 66-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Қоса беріліп отырған:
1) Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары;
2) Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары;
3) Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы « »
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-1-бабына сәйкес әзірленді және дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібін айқындайды.
2. Дипломатиялық қызмет органдарының міндеттерін шешу үшін дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға баруы мүмкін.
3. Іссапарға барған адамның дипломатиялық қызмет персоналы мәртебесі, сондай-ақ, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы мен әлеуметтік қорғалуы сақталады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган – мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарына іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберетін, Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы;
2) қабылдаушы мемлекеттік орган немесе ұйым – іссапарға бару тәртібімен жіберілген дипломатиялық қызмет персоналын жұмысқа қабылдайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы немесе халықаралық және өзге ұйымдары;  
3) іссапарға барған дипломатиялық қызмет персоналы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналы қатарындағы мемлекеттік қызметші.
5. Қазақстан Республикасының мекемелекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға уәкілетті органда 3 жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар, тәртіп жөніндегі шешілмеген жазасы жоқ, міндеттерді уақытша атқарушы немесе жоқ қызметшінің орнын басушы емес мемлекеттік қызметші жіберіле алады.
6. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің ұсынысы бойынша және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдарға, сондай-ақ, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда өзге мемлекеттік органдарға – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының шешімі негізінде;
2) орталық атқарушы органдарға, халықаралық және өзге ұйымдарға – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
7. Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға баруы олардың жазбаша келісімі болған, олар тиісті лауазым үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында немесе халықаралық және өзге ұйымдардың жарғыларында және өзге құжаттарында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келген, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіп сақталған кезде жүзеге асырылады.
8. Іссапарға барған дипломатиялық қызмет персоналы өзінің қызметі бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ, халықаралық және өзге ұйымдардың жарғылары мен өзге де құжаттарын басшылыққа алады.
9. Мемлекеттік органдарға іссапарға баратын дипломатиялық қызмет персоналының жалақысы және заңнамада көзделген өзге де төлемдері қабылдаушы мемлекеттік органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10. Ұйымдарға іссапарға баратын дипломатиялық қызмет персоналының жалақысы және заңнамада көзделген өзге де төлемдері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше қарастырылмаған болса, уәкілетті органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына іссапарға бару мерзімі бес жылдан аспауға тиіс.
Уәкілетті органмен қабылдаушы мемлекеттік органының немесе ұйымының, сондай-ақ, іссапарға баратын мемлекеттік қызметшінің келісімі болған кезде көрсетілген мерзім ұзартылуы, бірақ бір жылдан асырылмай ұзартылуы мүмкін.
12. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында немесе халықаралық ұйымдардың жарғыларында және өзге құжаттарында өзгеше көзделмесе, дипломатиялық қызмет персоналының халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару мерзімі бес жылдан аспауға тиіс. Көрсетілген мерзім ұзартылуы, бірақ бір жылдан асырылмай ұзартылуы мүмкін.
13. Іссапарға барған дипломатиялық қызмет персоналын көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына барғанда – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
2) ұйымдарға барғанда – Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, халықаралық және өзге ұйымдарының жарғылық және өзге құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібі
14. Дипломатиялық қызмет персоналының халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға баруы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында немесе халықаралық және өзге ұйымдардың жарғыларында және өзге құжаттарында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
15. Уәкілетті орган дипломатиялық қызмет персоналының қабылдаушы мемлекеттік органына немесе ұйымына іссапарға баруының орындылығы туралы қабылдаушы мемлекеттік органға немесе ұйымға негізделген хат жібереді.
16. Қазақстан Республикасының қабылдаушы мемлекеттік орган немесе ұйым уәкілетті мемлекеттік органның хатын он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырады және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруына келісу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
17. Қабылдаушы мемлекеттік органының немесе ұйымының оң шешімі болған жағдайда уәкілетті орган он бес күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 6-тармағының 1-2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға дипломатиялық қызмет персоналының мемлекеттік органға немесе ұйымға іссапарға баруының қажеттігі туралы хат жібереді.
18. Осы Қағидалардың 6-тармағында 1-2) тармақшаларында көрсетілген лауазымды тұлғалар уәкілетті органның хатын қарастырады және қарастырудың қорытындысы бойынша дипломатиялық қызмет персоналының мемлекеттік органына немесе ұйымына іссапарға баруға келісім немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
19. Осы Қағидалардың 6-тармағында 1-2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың шешімдері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібі мен мерзімінде қабылданады.
20. Осы Қағидалардың 6-тармағында 1-2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың оң шешімі болған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қабылдаушы мемлекеттік органына немесе ұйымына іссапарға жіберу ұсынылатын кандидатқа қатысты:
1) лауазымға ұсыну;
2) өмірбаян;
3) қызметтік тізімін жібереді.
21. Қазақстан Республикасының қабылдаушы мемлекеттік органы немесе ұйымы дипломатиялық қызмет персоналының осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін іссапараға баруға ұсынылған кандидатаруға келісім береді немесе бас тартады және қабылдаған шешім туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
22. Ұсынылған кандидатураны келісуден бас тартылған жағдайда уәкілетті органмен қабылдаушы мемлекеттік органы немесе ұйымының жауабын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде басқа кандидатура ұсынылады.
23. Қазақстан Республикасының қабылдаушы мемлекеттік органының немесе ұйымының дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға бару ретінде тағайындау туралы растаушы құжаттың көшірмесі негізінде уәкілетті орган растаушы құжаттың көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде дипломатиялық қызмет персоналының мемлекеттік органға немесе өзге ұйымға растаушы құжаттың көшірмесінде белгіленген күннен бастап іссапарға бару туралы бұйрық шығарады. Іссапарға бару туралы бұйрық көшірмесі немесе үзіндісі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметші жеке ісінің көшірмесі қабылдаушы мемлекеттік органға немесе өзге ұйымға жіберіледі.  
3. Дипломатиялық қызмет персоналы іссапарының аяқталу тәртібі
24. Дипломатиялық қызмет персоналының мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарының аяқталуына:
1) осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген іссапарға бару мерзімінің өтуі;
2) уәкілетті органның және қабылдаушы мемлекеттік органының, халықаралық және өзге ұйымының келісілген шешімі;
3) іссапарға барған дипломатиялық қызмет персоналының тәртіптік теріс қылық жасауы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қызметті аяқтау үшін басқа негіздер болып табылады.
25. Осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда қабылдаушы мемлекеттік орган, халықаралық және өзге ұйым іссапардың аяқталуы туралы шешім қабылдайды, бұл туралы уәкілетті органды шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
26. Осы Қағидалардың 24-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда қабылдаушы мемлекеттік орган, халықаралық және өзге ұйым дипломатиялық қызмет персоналының іссапарын мерзімінен бұрын аяқтау туралы және оны атқарған лауазымынан босату туралы шешім қабылдайды, бұл туралы уәкілетті органды шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
27. Уәкілетті орган дипломатиялық қызмет персоналы іссапарының аяқталған немесе осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген мерзімінен бұрын аяқтау күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дипломатиялық қызмет персоналын бұрын атқарған лауазымына тағайындау не уәкілетті мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе оның құрылымында басқа да өзгерістер болған жағдайда өзге ұқсас лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдайды.
 ___________________________
Қазақстан Республикасы
Президентінің
20 жылғы « »
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң) 39-бабының 1-тармағына, 66-тармағына, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заң) 15-2-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік қызметшілерді (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілерінің іссапарға бару тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидаларымен реттеледі.
3. Мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы мүмкін.
4. Іссапарға барған мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы), сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы мен әлеуметтік қорғалуы сақталады.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жіберуші мемлекеттік орган – мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жұмысқа іссапарға бару тәртібімен жіберетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;  
2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы;
3) іссапарға барған мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберілген мемлекеттік қызметші.
6. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберуші мемлекеттік органда үш жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар, тәртіп жөніндегі шешілмеген жазасы жоқ, сондай-ақ, міндеттерді уақытша атқарушы немесе жоқ қызметшінің орнын басушы емес мемлекеттік қызметші жіберіле алады.
7. Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызметшілердің іссапарға баруы олардың жазбаша келісімі болған, олар тиісті лауазым үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келген, арнайы тексерудің оң нәтижелерін алған, сондай-ақ, осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіп сақталған кезде жүзеге асырылады.  
9. Іссапарға барған қызметші өзінің қызмет бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.  
10. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалақы және өзге де төлемдер уәкілетті органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңның 15-бабының 4-тармағында белгіленген, шет елдердегі мекемелерде дипломатиялық қызмет персоналының үздіксіз жұмыс мерзімдері қатысты болады.
12. Іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару тәртібі
13. Жіберуші мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне мемлекеттік қызметшінің іссапарға бару орындылығы туралы уәкілетті органға негізделген хат жібереді.
14. Уәкілетті орган жіберуші мемлекеттік органның хатын он бес күн ішінде қарастырады және мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруына келісу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
15. Уәкілетті органның оң шешімі болған кезде жіберуші мемлекеттік орган он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы қажеттілігі және іссапарға баруға ұсынылатын кандидатура туралы мәліметтері бар хат жібереді.
16. Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның уәкілеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысысы жіберуші мемлекеттік органның хатын қарайды және қарау қорытындысы бойынша іссапарға баруға келісу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаның шешімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте және мерзімде қабылданады.
18. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген лауазымды адамның оң шешімі болған кезде жіберуші мемлекеттік орган уәкілетті органға Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберуге ұсынылатын кандидатқа қатысты мынадай құжаттарды ұсынады:
1) лауазымға ұсыну;
2) өмірбаян;
3) қызметтік тізім.
19. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде іссапараға баруға ұсынылған кандидатаруға келісім береді немесе бас тартады және қабылдаған шешім туралы жіберуші мемлекеттік органды хабардар етеді.
20. Ұсынылған кандидатураны келісуден бас тартылған жағдайда жіберуші мемлекеттік органмен уәкілетті органның жауабын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде басқа кандидатура ұсынылады.
21. Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару тәртібінде лауазымға тағайындау арнайы тексерудің оң нәтижелерін алғаннан кейін жүзеге асырылады.
22. Келісілген кандидатураға қатысты арнайы тексерудің оң натижелері негізінде уәкілетті органның лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғамен Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару тәртібінде лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарылады.  
23. Жіберуші мемлекеттік орган іссапарға бару тәртібінде лауазымға тағайындау туралы бұйрық көшірмесі немесе үзіндісі негізінде мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару туралы бұйрық шығарады.
3. Мемлекеттік қызметшілер іссапарының аяқталу тәртібі
24. Мемлекеттік қызметші іссапарының аяқталуына:
1) осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес іссапарға бару мерзімінің өтуі;
2) жіберуші мемлекеттік органның және уәкілетті органның келісілген шешімі;
3) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңға сәйкес дипломатиялық қызмет персоналын кері шақыртып алу негіздері;
4) іссапарға барған мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасауы негіз болып табылады.
25. Осы Қағидалардың 24-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган оны атқарған лауазымынан босату туралы шешім қабылдайды, бұл туралы жіберуші мемлекеттік органды шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
26. Осы Қағидалардың 24-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жіберуші мемлекеттік орган іссапарға барған қызметшіні шет елдегі мекемеден мерзімінен бұрын кері шақыртып алу туралы және оны атқарған лауазымынан босату туралы шешім қабылдайды, бұл туралы уәкілетті органды шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
27. Жіберуші мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілер іссапарының аяқталған немесе осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген мерзімінен бұрын аяқтау күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органда бұрын атқарған лауазымына тағайындау не жіберуші мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе оның құрылымында басқа да өзгерістер болған жағдайда өзге ұқсас лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдайды.
 ___________________________
Қазақстан Республикасы
Президентінің
20 жылғы « »
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағына, 66-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік қызметшілерді (дипломатиялық қызмет, құқық қорғау органдардың қызметкерлерін және өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға іссапарға баруы мүмкін.
3. Іссапарға барған мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы), сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңынында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы мен әлеуметтік қорғалуы сақталады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жіберуші мемлекеттік орган – мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібімен жіберетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;  
2) қабылдаушы мемлекеттік орган немесе ұйым – іссапарға бару тәртібімен жіберілген мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы немесе өзге ұйым;
3) іссапарға барған мемлекеттік қызметші – халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберілген мемлекеттік қызметші.
5. Мекемелекеттік органдарға және өзге ұйымдарға жіберуші мемлекеттік органда үш жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар, тәртіп жөніндегі шешілмеген жазасы жоқ, сондай-ақ, міндеттерді уақытша атқарушы немесе жоқ қызметшінің орнын басушы емес мемлекеттік қызметші жіберіле алады.
6. Мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органдарға және өзге ұйымға іссапарға баруы қабылдаушы мемлекеттік органнның немесе ұйымның басшысының келісу бойынша жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар және осы тармақтын 2) тармақшасында көрсетілмеген мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі негізінде;
2) орталық атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімі негізінде.
7. Мемлекеттік қызметшілердің іссапарға баруы олардың жазбаша келісімі болған олар тиісті лауазым үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келген және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіп сақталған кезде жүзеге асырылады.
8. Іссапарға барған мемлекеттік қызметші өзінің қызмет бабында Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ, қабылдаушы мемлекеттік органның немесе ұйымның жарғылары мен өзге де құжаттарын басшылыққа алады.
9. Мемлекеттік органға іссапарға баратын мемлекеттік қызметшінің заңнамасында көзделген жалақысы және өзге де төлемдері қабылдаушы мемлекеттік орган қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10. Ұйымға іссапарға баратын мемлекеттік қызметшінің жалақысы және өзге де төлемдері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше қарастырылмаған болса, жіберуші мемлекеттік органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға іссапарға бару мерзімі бес жылдан аспауға тиіс.
Жіберуші органмен қабылдаушы мемлекеттік органның немесе ұйымның, сондай-ақ, іссапарға баратын мемлекеттік қызметшінің келісімі болған кезде көрсетілген мерзім ұзартылуы, бірақ бір жылдан асырылмай ұзартылуы мүмкін.
12. Іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту:
1) мемлекеттік органдарға – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен;
2) ұйымдарға – Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, халықаралық және өзге ұйымдардың жарғылары мен өзге де құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібі
13. Жіберуші мемлекеттік орган мемлекеттік органдарға немесе өзге ұйымға мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарға немесе өзге ұйымға іссапарға бару орындылығы туралы негізделген хат жібереді.
14. Қабылдаушы мемлекеттік орган немесе ұйым жіберуші мемлекеттік органның хатын он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырады және мемлекеттік қызметшінің іссапарға баруына келісу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
15. Қабылдаушы мемлекеттік органның немесе өзге ұйымның оң шешімі болған кезде жіберуші мемлекеттік орган он бес күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында 1-2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органға немесе өзге ұйымға іссапарға баруы қажеттілігі туралы хат жібереді.
16. Осы Қағидалардың 6-тармағында 1-2) тармақшаларында көрсетілген адамдар жіберуші мемлекеттік органның хатын қарайды және қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдға немесе ұйымдарға іссапарға баруға келісу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
17. Осы Қағидалардың 6-тармағында 1-2) тармақшаларында көрсетілген адамдар шешімдері Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіпте және мерзімде қабылданады.
18. Осы Қағидалардың 6-тармағында 1-2) тармақшаларында көрсетілген лауазымды адамдардың оң шешімі болған кезде жіберуші мемлекеттік орган қабылдаушы мемлекеттік органға немесе өзге ұйымға іссапарға жіберу ұсынылатын кандидатқа қатысты мынадай құжаттарды ұсынады:
1) лауазымға ұсыну;
2) өмірбаян;
3) қызметтік тізім.
19. Қабылдаушы мемлекеттік орган немесе ұйым осы Қағидалардың  
17-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін іссапараға баруға ұсынылған кандидатаруға келісім береді немесе бас тартады және қабылдаған шешім туралы жіберуші мемлекеттік органды хабардар етеді.
20. Ұсынылған кандидатураны келісуден бас тартылған жағдайда жіберуші мемлекеттік органмен уәкілетті органның жауабын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде басқа кандидатура ұсынылады.
21. Қабылдаушы мемлекеттік органның немесе өзге ұйымның мемлекеттік қызметшінің іссапарға бару тәртібінде лауазымға тағайындау туралы растаушы құжаттың көшірмесі негізінде жіберуші мемлекеттік орган растаушы құжаттың көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметшінің қабылдаушы мемлекеттік органға немесе өзге ұйымға растаушы құжаттың көшірмесінде белгіленген күннен бастап іссапарға бару туралы бұйрық шығарады. Іссапарға бару туралы бұйрық көшірмесі немесе үзіндісі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметші жеке ісінің көшірмесі қабылдаушы мемлекеттік органға немесе өзге ұйымға жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметшілер іссапарының аяқталу тәртібі
22. Мемлекеттік қызметші іссапарының аяқталуына:
1) осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес іссапарға бару мерзімінің өтуі;
2) жіберуші мемлекеттік органның және қабылдаушы мемлекеттік органның немесе ұйымның келісілген шешімі;
3) іссапарға барған мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасауы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қызметті аяқтау үшін басқа негіздер болып табылады.
23. Осы Қағидалардың 22-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда қабылдаушы мемлекеттік орган немесе ұйым іссапарды аяқтау тәртібінде оны атқарған лауазымынан босату туралы шешім қабылдайды, бұл туралы жіберуші мемлекеттік органды шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
24. Осы Қағидалардың 22-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жіберуші мемлекеттік орган іссапарға барған қызметшіні мемлекеттік органнан немесе өзге ұйымнан мерзімінен бұрын кері шақыртып алу туралы және оны атқарған лауазымынан босату туралы шешім қабылдайды, бұл туралы қабылдаушы мемлекеттік органды немесе ұйымды шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
25. Жіберуші мемлекеттік орган мемлекеттік қызметші іссапарының аяқталу немесе осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген мерзімінен бұрын аяқтау күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органда бұрын атқарған лауазымына тағайындау не жіберуші мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе оның құрылымында басқа да өзгерістер болған жағдайда өзге ұқсас лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдайды.
 ___________________________
«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері миннистрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 39-бабының

1-тармағын және 66-бабын, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңының 15-1 және

15-2-баптарын іске асыру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға ықпал етпейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілерді өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібін айқындау

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын

қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Талап етілмейді

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып,

шығарылған файлдар атауы)

Рұқсат етіледі

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Рұқсат етіледі

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)



Талап етілмейді

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат



Талап етілмейді

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері министрі Т. Донақов
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа
«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі – Жарлық жобасы) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.
Жарлық жобасы мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының мемлекеттік органдарға, шетелдердегі мекемелерге, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібін бекітуді көздейді.
Жарлық жобасы мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының мемлекеттік органдарға, шетелдердегі мекемелерге, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидаларын, іссапарға баруға ұсынылатын кандидаттарды келісу тәртібін, іссапарға баруға қажетті құжаттардың тізімін, іссапарға бару мерзімін, іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерге енбекақы және өзге де төлемдер туралы тәртібін, сондай-ақ, іссапардың аяқталу негіздерін қарастырады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ  
Жобаның атауы: «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі.
 

Алған күні

Мемлекеттік орган дар ,

басшылар ,

құрылымдық бөлімшелер

Кіммен дербес келісілді

(
Т . А . Ә .)

Келісу нәтижелері

(
белгі немесе

қолы , күні )

Қайтарыл-ған күні

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі









Қазақстан Республикасы ның Қаржы министрлігі











Қазақстан Республикасы ның Ұлттық экономика министрлігі











Қазақстан Республикасы ның Әділет м инистр лігі











Қазақстан Республикасы ның Сыртқы істер м инистр лігі









Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін құжаттардың ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.

ҚР Үкіметі қаулысының жобасы







2.

Жобаға түсіндірме жазба







3.

Жіберу көрсеткіші







4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері







5.

Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының көшірмесі







6.

Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі







7.









8.









9.



















 Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, оларда _______________парақ.
 Қолы ___________ күні ________
 _______________________
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ  
Жобаның атауы: «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы.
  Жобаны кім және қашан енгізді: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (2016 жылғы ________________________).
Әзірлеуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі.  
Осы мәселе бойынша Президенттің бұған дейін қабылданған актілері (күні мен №): жоқ
  Жобаны келісу нәтижелері: ____________________________________
 

Алған күні

Мемлекеттік орган дар ,

басшылар ,

құрылымдық бөлімшелер

Кіммен дербес келісілді

(
Т . А . Ә .)

Келісу нәтижелері

(
белгі немесе

қолы , күні )

Қайтарыл-ған күні

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы ның Мемлекеттік қызмет істері министрлігі









Қазақстан Республикасы ның Қаржы министрлігі











Қазақстан Республикасы ның Ұлттық экономика министрлігі











Қазақстан Республикасы ның Әділет м инистр лігі











Қазақстан Республикасы ның Сыртқы істер м инистр лігі









  Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің қорытынды берген күні: ______
Бөлімдердің қорытындылар берген күні:
  ___________________________________ Қайтарылған күні _____________
___________________________________ Қайтарылған күні _____________
  ___________________________________ Қайтарылған күні _____________
  ___________________________________ Қайтарылған күні _____________
___________________________________ Қайтарылған күні _____________
Келіп түскен күні:
Жалпы бөлімге редакциялық сараптау үшін:           ____________                
  Қайтарылған күні ______________
Жобаның өтуі туралы айрықша белгілер
  _______________________________________________________________________________
актілерді редакциялық сараптау және шығару секторына: ______ қабылдаған ____________
Жарлық жобасына қоса берілетін құжаттар ТІЗБЕСІ
 

р / с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нө м ірі мен күні

Парақтар саны

1.

Жарлық жобасы







2.

Жобаға түсіндірме жазба







3.

Таратылым сілтемесі







4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері







5.

Қол қойылған Жарлықтың көшірмесі







6.









7.









8.









9.









 Қол қойылғаннан кейін актілерді редакциялық сараптау және шығару секторына барлығы _________ құжат келіп түсті, олар ________ парақтан тұрады.
 Қолы __________ күні _________