• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) дивидендтер (кіріс) мөлшері туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) дивидендтер (кіріс) мөлшері туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) дивидендтер (кіріс) мөлшері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының акционер ретінде мемлекет мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза табыстың 10 (он) пайызынан кем емес мөлшерде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асыруы;
2) «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы» акционерлік қоғамының акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес 2013-2017 жылдардың қорытындысы бойынша таза табыстың 5 (бес) пайызынан кем емес мөлшерде акцияларға дивидендтер төлеудi жүзеге асыруы;
3) «Республикалық протездiк-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамының акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес таза табыстың 15 (он бес) пайызынан кем емес мөлшерде акцияларға дивидендтер төлеудi жүзеге асыруы;  
4) «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес 2015-2016 жылдардың қорытындысы бойынша таза табыстың 5 (бес) пайызынан кем емес мөлшерде акцияларға дивидендтер төлеудi жүзеге асыруы;
5) «Қаржы ортылығы» акционерлік қоғамының акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес 2016-2018 жылдардың қорытындысы бойынша таза табыстың 5 (бес) пайызынан кем емес мөлшерде акцияларға дивидендтер төлеудi жүзеге асыруы;
6) «Бәйтерек» ұлттық  басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес 2016-2018 жылдардың қорытындысы бойынша таза табыстың 5 (бес) пайызынан кем емес мөлшерде акцияларға дивидендтер төлеудi жүзеге асыруы;  
7) Осы қаулының 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілмеген Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес таза табыстың 50 (елу) пайызынан кем емес мөлшерде акцияларға дивидендтерді есептеуді жүзеге асыруы белгіленсін.
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгіленген тәртіпте «Республикалық протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза табыс бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіру үшін бағытталуын қамтамасыз етсін.
9) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте 2015-2016 жылдар нәтижелері бойынша алынған, акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтеді төлегеннен және оның материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіруден қалған «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының таза табыс бөлігін тиімді пайдалану бойынша қажетті шараларады қабылдауды қаматамсыз етсін.
2. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктесік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, осы қаулының 1-тармағында көзделген мөлшерлерде дивидендтерді (кіріс) төлеуге арналған акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының (кіріс) бір бөлігін бағытталуы және олардың уақытылы аударылуы үшін шаралар қабылдасын.  
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.  
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі №633 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі №395 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстердың 10-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы №633 қаулысы.
4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы №1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 10-тармағы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы №1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың  12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы №294 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №15, 107-құжат; "Егемен Қазақстан" газеті 2009 жыл 2 маусым №192-193 (25590).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №399 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстердың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 145-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы №856 қаулысы.
9. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №55, 451-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы №1903 қаулысы.
11. «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №152 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №20-21, 157-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі №633 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 223-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі №633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 тамыздағы №846 қаулысы.
14. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі №633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №763 қаулысы.
15. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі №633 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 435-құжат; «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 4 шілдедегі №369-374 (27448); «Казахстанская правда» от 4.07.2012 г., № 211-212 (27030-27031).
16. «Алматы протездік-ортопедиялық орталығы», «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы», «Семей протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №345 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №37, 502-құжат).
17. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі №633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы №542 қаулысы («Егемен Қазақстан» 07.09.2013 ж. № 206 (28145); «Казахстанская правда» от 07.09.2013 г. № 268 (27542); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 522-құжат).
18. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі №633 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы №952 қаулысы.
19. «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1330 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №37, 502-құжат;).
20. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі №633 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №403 қаулысы.
«Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысы үлесіне) дивиденттер (кіріс) мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі - қаулы жобасы) АНЫҚТАМА
2007 жылы Үкімет мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» №633 қаулыны (бұдан әрі - №633 қаулы) қабылдады.
Осы қаулыда, сондай-ақ мемлекет қатысатын жекелеген заңды тұлғаларды акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босату көзделген.
Бұл ретте, 2011 жылы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң қабылданды, оған сәйкес мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатуға Үкіметтің құзыреті көзделмеген.
Осы Заңның 186-бабында мемлекет қатысатын заңды тұлғалар дивиденттер төлеуге жолдайтын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза кірісінің бір бөлігін пайыздық қатынаста белгілеуге Үкіметтің құзыреті көзделген.
Заңның жоғарыда көрсетілген бабына сәйкес қаулы жобасында республикалық бюджетке аударылуға жататын Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне) дивиденттер (кіріс) мөлшері белгіленеді.
Бұдан басқа, Премьер-Министр К.Қ. Мәсімовтың 2015 жылғы 2 шілдедегі №13-8/И-424 тапсырмасын орындау мақсатында, қаулы жобасымен бұған дейінгі мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды дивиденттер төлеуден босатуды көздейтін ережелер алынып тасталған.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 8-тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.
Жоғарыда баяндалғанды ескеріп, қаулы жобасымен бұрын осы құқықтық қатынастарды реттеген «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі №633 қаулысының күші жойылды деп тану көзделген.  
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика бірінші
вице-министрі М. Құсайынов
«Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) дивидендтер (кіріс) мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны ә зірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2 .

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 186-бабына сәйкес, Премьер-Министр К . Мәсімовтің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 13-8/И-424 тапсырмасын орындау үшін

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік- экономикалық және/ немесе құқықтық салдарлар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік - экономикалық және/немесе құқықтық салдар ға алы п келмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзім дері және болжанатын тиімділігі

Мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды дивидендтерді төлеуден босатуды көздейтін ережелерді алып тастау бөлігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қ аулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажетті лі гі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша оны басқа ұйымдарда өткізген жағдайда қосымша сараптаманың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік офисі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдар (үзінді көшірмелер) беруге рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі

11

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www. economy . gov .kz интернет-ресурсында орналастырылған

«Жоба» - 46, «т ү с і нд і рме жазба»

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қаулы жобаға арналған пресс - релиз www. economy . gov .kz интернет-ресурсында орналастырылған

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді

14.

Халықаралық шарттын қажет кейінгі ратификациялау туралы ақпарат

Талап етілмейді

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев
2016 жылғы « »