• Мое избранное
«Тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-1 бабы 18 тармақ «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 19 мамырдағы бойынша, БҰЙЫРАМЫН:
1.  Тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық нормалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндемемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесінің жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндемемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев
«КЕЛІСЕЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік министрі
______________Т.Дуйсенова
« »__________ 2016 жылғы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы « » ______
№ бұйрығымен бекітілген
Тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық нормалары
1. Осы тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық нормалары тағамдық заттардың оңтайлы қажеттіліктін мен әр түрлі халықтың топтарының энергиясын көрсететін тиімді тамақтану принциптерін қамтамасыз ететін, орташаланған шамасын (халықтың жан басына шаққанда) білдіретін ғылыми негізделген тамақтану нормалары (бұдан әрі – Нормалар) болып табылады,
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халықтың түрлі топтары үшін энергияға және тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктерінің нормалары» нормаларына сәйкес келеді.  
3. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) және Қазақ тамақтану академиясының теңдестірілген және дұрыс тамақтану бойынша ұсынымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республика халқының іс жүзінде тамақ өнімдерін тұтынуы туралы мәліметтер негізінде нормалар әзірленген.
4. Негізгі азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін өндіру көлемін жоспарлау кезінде, тұтынатын негізгі тамақ өнімдерінің перспективалы орта есеппен жан басына шаққандағы мөлшерін (нормасын) әзірлеу және халықтың түрлі топтары үшін тамақтану бойынша ұсынымдар әзірлеу кезінде нормалар ғылыми база болуы мүмкін.  
5. Мамандандырылған және байытылған тамақ өнімдерінің құрамдарын негіздеу үшін нормалар қолданылады; жеке және популяциялық деңгейлерде нақты тамақтануды бағалаудың критерийі ретінде қабылдананды.
6. Әр топқа бөлінетін тұлғалардың (жасына, жынысына, кәсіп, тұрмыс жағдайларын т. б.) энергия қажеттілігінің шамасын, сондай-ақ халықтың категориясына сәйкес қажеттілігін қамтамасыз ететін тағамдық заттарының тұтынуға ұсынылатын шамаларын нормалар ұсынады.  
7. Бір жылда бір адамға килограмм есебінде есептелген.
.

Тамақ өнімдерінің тобы

Тұтыну нормалары

Ет және ет өнімдері

82 кг/жыл/адам

Сүт және сүт өнімдері

405 кг/жыл/адам

Балық және балық өнімдері

19 кг/жыл/адам

Жұмыртқа, дана

292 дана

Өсімдік майы

10 кг/жыл/адам

Картоп

97 кг/жыл/адам

Көкөністер және бақша өнімдері

146 кг/жыл/адам

Жемістер мен жидектер

113 кг/жыл/адам

Нан және нан өнімдері

110 кг/жыл/адам

Қант

37 кг/жыл/адам