• Мое избранное

Отправить по почте

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (25-шығарылым) бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (25-шығарылым) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (25-шығарылым) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай-біліктілік анықтамалығы (25 – шығарылым)» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 412-ө-м бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8104 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 27 шілдеде № 178 (28117) газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі____________ Е. Сағадиев
2016 жылғы «_____»_____________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі____________ К. Махмудұлы
2016 жылғы «_____»_____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
20__ жылғы ___ _________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (25-шығарылым)
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (25- шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) «Азот өндірістері және органикалық синтез өнімдері», «Негізгі химиялық өндірістері» бөлімдерінен тұрады.  
2. Жұмыстардың дәрежелері еңбек жағдайларын ескерусіз олардың күрделілігі бойынша анықталған (еңбек күрделілігінің деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне талаптарды арттыратын экстремалды жағдайларды қоспағанда).
3. Әрбір маманның тарифтік- біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар.  
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінің жұмысшы орындай білуі тиіс жұмыстардың сипатын қамтиды.  
«Білуі тиіс» бөлімінде арнайы білімдерге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтарды және басқа басқарушы материалдарды, жұмыс қолдануы керек әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар жазылған.  
4. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда жұмысшы мамандығының берілген дәрежеы үшін неғұрлым тән жұмыстардың тізімі келтіріледі.  
Бұл тізім жұмысшы орындай алатын және орындауы керек барлық жұмыстарды тәмамдамайды.  
Қажетті жағдайларда жұмыс беруші сәйкес дәрежелердің жұмысшыларының тарифтік- біліктілік сипаттамаларында жазылғандарға орындау күрделілігі бойынша сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізімін әзірлеп, бекіта алады.
5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде қарастырылған жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау мен тапсыру, жұмыс орнын, керек-жарақтарды, құралдарды жинау және оларды тиісті күйде ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу бойынша жұмыстарды орындауы керек.  
6. Бөлімде жазылған теориялық және практикалық білімдерге қойылатын талаптармен қатар жұмысшы:  
қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша қағидалар мен нормаларды;  
жее қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері;  
орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) сапасына қойылатын талаптарды;  
ақау түрлерін және оның алдын алу және жою тәсілдерін;  
өндірістік белгі беруді;  
жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру тәсілдерін білуі тиіс.
7. Неғұрлым жоғары біліктілікті жұмысшы оның тарифтік - біліктілік сипаттамасында аталған жұмыстардан басқа, неғұрлым төмен біліктілікті жұмысшылардың тарифтік - біліктілік сипаттамаларымен қарастырылған жұмыстарды орындап, сондай-ақ осы мамандықтағы неғұрлым төмен біліктілікті жұмысшыларды басқара білуі тиіс.  
Осыған байланысты неғұрлым жоғары дәрежелердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында неғұрлым төмен дәрежелердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар, әдетте, келтірілмейді.
8. Жұмысшының еңбек кітапшасын толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік дәрежелі өзгерткен кезде оның мамандығының атауы БТБА сәйкес жазылады.
9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.  
10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
2-бөлім. «Азот өндірістері және органикалық синтез өнімдері»
1. Азоттау аппаратшысы
1-параграф. Азоттау аппаратшысы, 2-разряд
11. Жұмыс сипаттамасы:  
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен азоттаудың технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;  
пештерге шихта тиеу, оны вибратордың көмегімен нығыздау;  
пештерді электр тоғына қосу;  
шихтаны пештерде электр тоғымен жылыту;  
электродтары орнату және алып тастау;  
пештің жұмысын қадағалау;