• Мое избранное
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (27-шығарылым) бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (27-шығарылым) бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (27-шығарылым) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай-біліктілік анықтамалығы (27 – шығарылым)» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 388-ө-м бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8048 болып тіркелген, «Заң газеті» 2012 жылғы 11, 12, 25, 26 желтоқсандағы № 186, 187, 191, 192 (2193, 2195, 2199, 2200), «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 3 шілдедегі № 162 (28101) газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі____________ Е. Сағадиев
2016 жылғы «_____»_____________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі____________ М. Махмудұлы
2016 жылғы «_____»_____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
20__ жылғы «__» ___________
№ _____ бұйрығымен бекітілген
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) «Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім» бөлімінен тұрады.
2. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруімен, өндірістік салада ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуымен, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және арнайы дайындығына, өнімнің сапасына, ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.
3. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен құралған.  
4. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.  
5. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды Білугене қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.  
6. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы - еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс.  
8. Тарифтік - біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.  
9. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.  
10. Қолданудың ыңғайлылығы мақсатында БТБА (27-шығарылым) жұмысшылардың кәсіптерінен, разрядтарының диапазоны мен беттерінің нөмірлерінен тұратын осы БТБА-ға (1-қосымша) сәйкес алфавиттік көрсеткішті көздейді.
2-бөлім. Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім
1. Ацеталдау аппаратшысы
1-параграф. Ацеталдау аппаратшысы, 4-разряд
11. Жұмыс сипаттамасы:
ацеталдаудың технологиялық процесін жүргізу;
жұмысқа телім жабдықтарын даярлау;
ерітінді әзірлеу, катализаторда даярлау;
ацеталяторға шикізат жіберу;
процесс сатысы бойынша шикізат тиеу және мөлшерлеу есебі;
өнімді босату және тұрақтандыру, тазарту;
анализ үшін сынаманы сұрыптау;
анализ нәтижелері мен бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері бойынша технологилық процесті бақылау мен реттеу;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын бақылау.
12. Білуге тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан телімнің технологиялық схемасын;
негізгі және қосалқы жабдықтарының жұмыс жасау принциптері мен құрылымдарын;
процесті реттеу ережелері мен технологиялық тәртіпті;
процестің физикалық-химиялық негізін, ацеталдауды, аспаптан дайын өнімді босатудағы талапты, сынаманы сұрыптау ережелерін;
дайын өнім мен шикізатқа ұсынудағы талаптарды.
2-параграф. Ацеталдау аппаратшысы, 5-разряд
13. Жұмыс сипаттамасы: