• Мое избранное

Отправить по почте

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» және «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қосу және қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.  
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы реформаларды ақпараттық талдамалық қолдау, денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті бағыттары бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу бойынша қызметтер көрсету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қоғам жарғысын бекітуге енгізуді;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамды мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншік түрлері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» бөлімі мынадай мазұндағы реттік нөмірі 21-175 жолмен толықтырылсын:
«21-175. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:  
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне» бөлімі мынадай мазұндағы реттік нөмірі 227-16 жолмен толықтырылсын:
«227-16. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» АҚ».
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 551-құжат.):
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» бөлімінде:
реттік нөмірлері 5 және 17- жолдар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:
«1. Мемлекеттік кәсіпорындар» бөлімінде:
реттік нөмірлері 5 және 17- жолдар алынып тасталсын.
4. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына:
2016 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесінде:
реттік нөмірлері 25, 26, 27, 28- жолдар мынадай редакцияда жазылсын:  
«
  

25

Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық бақылаулардың деректерін жинау мен өңдеу, стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру, республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюросының қызметін ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер

Денсаулық сақтау саласындағы медициналық статистикалық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтау мен талдауды, соның ішінде медициналық қызметтердің ақысын төлеу бойынша мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды, талдау мен ұсынуды ұйымдастыру;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға емдеуге жоспарлы жатқызуды ұйымдастыру және Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюросының қызметін ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» АҚ

001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

100 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»



404 059

26

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және «Қазақстан-2050» даму стратегиясында айтылған денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық бағыттардың іске асырылуын әдіснамалық сүйемелдеу және мониторинг жүргізу

Ағымдағы кезеңде денсаулық сақтау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларды талдау, денсаулық сақтау саласын дамытуды мемлекеттік реттеудің қазіргі саясатын және денсаулық сақтау саласын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру нәтижелерін талдау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» АҚ

001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

103 «Әлеуметтік, сараптамалық зерттеулер жүргізу және консалтинг қызметтерін көрсету»























































125 783























































27

Медициналық көмек көрсетуді қаржыландыру әдістеріне мониторинг жүргізу және талдау

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жаһандық бюджет негізінде онкологиялық көмекті және ауылдық денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесін талдау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету субъектілерінде жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін қоса алғанда, кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландыруды енгізудің медициналық-экономикалық тиімділігін талдау.



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» АҚ

001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

103 «Әлеуметтік, сараптамалық зерттеулер жүргізу және консалтинг қызметтерін көрсету»



40 380

28

Денсаулық сақтау саласында кейбір бағдарламалық кешендерді және электрондық тіркелімдерді (ақпараттық жүйелерді) сүйемелдеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық телемедицина желісін пайдалануды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер

Қауіпсіз, әділ, сапалы және тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ететін уақтылы, өзекті, нақты және толыққанды ақпаратты автоматтандырылған түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» АҚ

001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»











































310 987











































»;
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
 

30

Денсаулық сақтау саласын реформалауды әдіснамалық қолдау

Халықаралық озық тәжірибе негізінде денсаулық сақтау саласын реформалауды әдіснамалық қолдау. Қаржыландыру, тарифтерді белгілеу, әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, Ұлттық дәрілік саясат, клиникалық тәжірибе, денсаулық сақтау саласын стандарттау, денсаулық сақтау менеджменті, адами ресурстарды басқару, электрондық денсаулық сақтауды стандарттау, медициналық және фармацевтикалық білім беру, медициналық қызметтердің сапасын реттеу, денсаулық сақтау жобаларын басқару мәселелері бойынша жобаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясат бойынша; медициналық ұйымдарды аккредиттеу бойынша; денсаулық сақтау саласындағы ғылымды, инновациялық қызметті және сараптамаларды дамыту бойынша іс-шараларды орындау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» АҚ

001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

105 «Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау»



















894 000

».
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

т / б



Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты



1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі



«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Көзделмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» және «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын біріктіру арқылы «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру болып табылады.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

* Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүше-лерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында ____ жылы___ ______ орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында ____ жылы___ ______ орналастырылған

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Талап етілмейді

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
«___» _________________ 20___ жыл