• Мое избранное
«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 11067 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
__________Н.Айдапкелов
2016 жылғы  « ___» __________
Қазакстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы « »
№ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 сәуірде
№ 285 бұйрығымен бекітілген
Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары
1 – Бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:  
1) Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу - озонды бұзатын заттарды (бұдан әрі - ОБЗ) жинау, сақтау, пайдалану, рециркуляциялау (рециклинг), қалпына келтіру, залалсыздандыру, қайта пайдалану, әкелу, әкету және олармен мәмілелер жасау, сондай-ақ құрамында ОБЗ бар өнімдерді әкелу, әкету және олармен мәмілелер жасау;
2) ОБЗ тұтыну - оны жөндеуге техникалық сипаттамаларға сәйкес қажет ОБЗ болған жағдайда пайдалану, техникалық қызмет көрсету үшін, сондай-ақ көбіктендіргіштер, тазалағыш еріткіштер, стерилизатор ретінде, зертханалық зерттеулер, зарарсыздандыру және карантинге жатқызылған объектілерді, оның ішінде карантинге жатқызылған өнімді тазарту үшін ОБЗ техникалық құрылғыларында, көлік құралдарында, тоңазытатын қондырғыларында, кондиционерлеу жүйесінде, жүйелерде, қондырғыларда, өрт сөндіру құралдарында, басқа құралдар мен техникалық құралдарында қолдану;
3) ОБЗ рециркуляциялау (рециклинг) - ОБЗ қайта пайдалану мақсатында ОБЗ бар техникалық құрылғылар мен құралдарды техникалық қызмет жасау, жөндеу орындарында жүзеге асырылатын ОБЗ алғашқы тазалау;
4) ОБЗ қалпына келтіру – ОБЗ сипаттамаларын техникалық нормалау және стандарттау саласындағы техникалық нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне дейін жеткізу мақсатында ОБЗ сүзу, кептіру, дистилляциялау, химиялық өңдеу;
5) ОБЗ залалсыздандыру - озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін, үнемі түрленуіне немесе компоненттерге бөлінуіне әкелетіндей бұзу арқылы озонды бұзатын заттардың қауіпті қасиеттерін жою;
6) ОБЗ кәдеге жарату - қалпына келтіруге болмайтын ОБЗ қайтадан пайдалану немесе залалсыздандыру мақсатында, оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе есептен шығару алдында тетіктерден, жабдықтардан, контейнерлерден және басқа да құрылғылардан алынатын озонды бұзатын заттарды жинауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
7) ОБЗ жою - озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиян әсер етпейтін компоненттерге оларды трансформациялау немесе ыдырату арқылы жою;
8) ОБЗ тұтыну көлемі - белгілі бір кезеңде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс әкетілген ОБЗ алып тастап, Қазақстан Республикасы аумағына тұрақты орналастыру үшін оның аумағына кіргізілген ОБЗ жалпы мөлшері;
9) ОБЗ рекуперациялау - техникалық қызмет жасау немесе ОБЗ пайдаланудан шығару алдында машиналар мен қондырғыларда, олардың құрамдас бөліктерінде, контейнерлерде қамтылған ОБЗ алып тастау, жинау және сақтау;
10) ретрофит - тоңазытқыш жүйелерде ОБЗ озон қауіпсіз заттарға алмастыру;
3. Осы Қағидалар ОБЗ өндірумен, әкелумен және әкетумен ОБЗ, оларды пайдалана отырып жұмыстарды жүргізумен, құрамында ОБЗ бар жабдықты жөндеумен, монтаждаумен, оған қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге қолданылады.
Есепке алуға жататын ОБЗ тізбесі осы Қағидаларға 1 - қосымшада келтірілген.
4. Пайдаланып жатқан ОБЗ және құрамында ОБЗ бар өнімдерді, жабдықтарды және қалдықтарды түгендеу және есеп ОБЗ тұтынуды түгендеу паспортының нысаны бойынша жыл сайын осы қағидалардың 2 – қосымшасына сәйкес орындалады.  
5. Озонды бұзатын заттарды тұтыну көздері бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жыл сайын ОБЗ тұтыну, есеп жүргізуді және есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органғаға ұсынады.
2 – Бөлім. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібі
6. ОБЗ тұтынуды есепке алу тура және жанама көрсеткіштерді ескере отырып, құрамында ОБЗ бар қалдықтар, өнімдер мен жабдықтарды сәйкестендіру негізінде жүргізіледі:
1) тура көрсеткіштерге ОБЗ бар болуына, сондай-ақ ОБЗ құрамының химиялық-талдамалық анықтамасының нәтижелері тікелей көрсетілетін жабдықтар мен техникалық құжаттардағы зауыттық бейнелер жатады;
2) жанама көрсеткіштерге жабдықтардың диагностикалық белгілері (конструкциялық ерекшеліктердің ұқсастығы, шығару жылы, өндіруші-зауыты және басқа) жатады.  
7. Өнеркәсіптік тоңазытқыштарға, кондиционерлерге және өрт сөндіру қауіпсіздігі жүйесінде зауыттық белгілер, техникалық құжаттамалар болмаған жағдайда, олар құрамында ОБЗ бар ретінде қарастырылады.
8. ОБЗ-ны, құрамында ОБЗ бар өнімдерді, жабдықтарды және қалдықтарды тиімді есепке алуды қамтамасыз ету үшін таңба қою жүзеге асырылады:
1) құрамында ОБЗ бар баллондар (зауыт жеткізілімі), сондай-ақ кез келген ОБЗ бар сауыттар;
2) ОБЗ құйлысы үшін арналған және ОБЗ құйлысы бар баллондар;
3) құрамында ОБЗ бар өнімдер;
4) ОБЗ көшіретін орамалар;
5) құрамында ОБЗ бар жабдықтар;
6) хладагент тасымалдайтын құбырлар;
9. ОБЗ-ны, құрамында ОБЗ бар өнімдерді, жабдықтарды және қалдықтарды есепке алуды жеке немесе заңды иелігінде құрамында ОБЗ бар өнімдері, жабдықтары және қалдықтары бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады.
10. Пайдаланып жатқан (резервтегі) және пайдаланудан шығарылған (онда ОБЗ-ның қалдық саны бар болған жағдайда) құрамында ОБЗ бар өнімдер, жабдықтар және қалдықтар есепке алынады.
11. ОБЗ жойылған жабдықтар құрамында ОБЗ бар жабдықтарды пайдаланудан шығару және есептен шығару актісі бар болған жағдайда есепке алынбайды.
12. Жеке немесе заңды иелігінде құрамында ОБЗ бар өнімдері, жабдықтары және қалдықтары бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мыналарды:
1) ОБЗ-ны пайдалануды азайту және оларды пайдалануды толық азайтуға қажетті шараларды қабылдауды;
2) құрамында ОБЗ бар жабдықтарға қызмет көрсеткенде, жөндегенде, залалсыздандырғанда жиналған және өзінің пайдалану қасиетін жоғалтқан, не еріткіштердің құрамындағы ОБЗ қоса алғанда, ретрофитті өткізгенде ОБЗ жинау, рециклинг, залалсыздандыру іс-шараларын әзірлеуді және орындауды;
3) ОБЗ-ны және құрамында ОБЗ бар жабдықтарды, қалдықтарды анықтау және сауыттарын таңбалауды қамтамасыз етуді;
4) ОБЗ-ны, құрамында ОБЗ бар жабдықтарды және қалдықтарды есепке алуды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Озонды бұзатын заттарды
тұтынуды еспке алу қағидаларына
1-қосымша
Озонды бұзатын заттар тізбесі
 

С**тізімі

КО СЭҚ ТН коды

I топ

1

СНFС1 2

(ГХФУ-21)

Фтордихлорметан

2903 79 110 0 ден

2

СНF 2 С1

(ГХФУ-22)

Дифторхлорметан

2903 71 000 0 ден

3

СН 2 FС1

(ГХФУ-31)

Фторхлорметан

2903 79 110 0 ден

4

С 2 НFС14

(ГХФУ-121)

Фтортетрахлорэтан

2903 79 110 0 ден

5

С 2 НF 2 С1 3

(ГХФУ-122)

Дифтортрихлорэтан

2903 79 110 0 ден

6

С 2 НF 3 С1 2

(ГХФУ-123а)

Трифтордихлорэтан

2903 79 110 0 ден

7

СНС1 2 СF 3

(ГХФУ-123)

Трифтордихлорэтан

2903 79 110 0 ден

8

С 2 НF 4 С1

(ГХФУ-124а)

Тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

9

СНFСІСF 3

(ГХФУ-124)

Тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

10

С 2 Н 2 FС1 3

(ГХФУ-131)

Фтортрихлорэтан

2903 79 110 0 ден

11

С 2 Н 2 F 2 С

(ГХФУ-132)

Дифтордихлорэтан

2903 79 110 0 ден

12

С 2 Н 2 F 3 С1

(ГХФУ-133)

Трифторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

13

С 2 Н 3 FС1 2

(ГХФУ-141)

1-фтор-2,2-дихлорэтан

2903 73 110 0 ден

14

СН 3 СFС1 2

(ГХФУ-141b)

1,1,1,-фтордихлорэтан

2903 73 110 0 ден

15

С 2 Н 3 F 2 С1

(ГХФУ-142)

1 1-хлор, 2,2-дихлорэтан

2903 74 110 0 ден

16

СН 3 СF 2 C1

(ГХФУ-142b)

1,1,1-дифторхлорэтан

2903 74 110 0 ден

17

С 2 Н 4 FС1

(ГХФУ-221)

Фторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

18

С 3 НFС1 6

(ГХФУ-221)

Фторгексахлорпропан

2903 79 110 0 ден

19

С 3 НF 2 С1 5

(ГХФУ-222)

Дифторпентахлорпропан

2903 79 110 0 ден

20

С 3 НF 3 С1 4

(ГХФУ-223)

Трифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0 ден

21

С 3 НF 4 С1 3

(ГХФУ-224)

Тетрафтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

22

С 3 НF 5 С1 2

(ГХФУ-225)

Пентафтордихлорпропан

2903 75 000 0 ден

23

СF 3 СFСНС1 2

(ГХФУ-225са)

1-трифтор, 2-дифтор, 3 дихлорпропан

2903 75 000 0 ден

24

СF 2 С1СFСНСІF

(ГХФУ-225tb)

1,1-дифторхлор, 2-дифтор, 3 дихлорпропан

2903 75 000 0 ден

25

С 3 НF 6 С1

(ГХФУ-226)

Гексафторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

26

С 3 Н 2 FС1 5

(ГХФУ-231)

Фторпентахлорпропан

2903 79 110 0 ден

27

С 3 Н 2 F 2 С

(ГХФУ-232)

Дифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0 ден

28

С 3 Н 2 F 3 С

(ГХФУ-233)

Трифтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

29

С 3 Н 2 F 4 С 2

(ГХФУ-234)

Тетрафтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

30

С 3 Н 2 F 5 С1

(ГХФУ-235)

Пентафторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

31

С 3 Н 3 FС1 4

(ГХФУ-241)

Фтортетрахлорпропан

2903 79 110 0 ден

32

С 3 Н 3 F 2 С

(ГХФУ-242)

Дифтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

33

С 3 Н 3 F 3 С

(ГХФУ-243)

Трифтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

34

С 3 Н 3 F 4 С1

(ГХФУ-244)

Тетрафторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

35

С 3 Н 4 FСІ 3

(ГХФУ-251)

Фтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

36

С 3 Н 4 F 2 С

(ГХФУ-252)

Дифтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

37

С 3 Н 4 F 3 С1

(ГХФУ-253)

Трифторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

38

С 3 Н 5 FС1 2

(ГХФУ-262)

Фтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

39

С 3 Н 5 F 2 Сl

(ГХФУ-262)

Дифторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

40

С 3 Н 6 FC1

(ГХФУ-271)

Фторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

Ескертпелер:
* Қолдану мақсаты үшін осы тізбені ТН ВЭД ТС коды ретінде, сонымен қатар тауардың (физикалық және химиялық сипаттамаларымен) атауы ретінде де басшылыққа алу қажет.
**Транзитпен жылжыйтындардан басқа.
Озонды бұзатын заттарды
тұтынуды еспке алу
қағидаларына 2-қосымша
нысан
Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алудың нысаны
Индексі: нысан № 1
Кезеңділігі: жыл сайын.
Ұсынатын тұлғалар тобы: Парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтыну көздері бар жеке немесе заңды тұлғалар.
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Тапсыру мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей.
  1. Тіркеу нөмірі (уәкілетті органмен толтырады)_____________
  2. Ұйымның толық атауы___________________________________________
  3. Заңды мекен-жайы (облысы, ауданы/қаласы, елді мекені)______________
  4. Телефон________________________________________________________
  5. Факс__________________________________________________________
  6. Электрондық пошта мекенжайы____________________________________
  7. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі_______________________________________
  8. Басшысының тегі, аты, әкесінің аты ________________________________
  9. Нысанды даярлауға жауапты адамның Т.А.Ә.________________________
  10. Жауапты тұлғаның байланыс деректері_____________________________
  11. ОБЗ әкелу (немесе сатып алу)/шығару (немесе сату) деректері__________
 

Жол коды

ОБЗ атауы (хим. заттың атауы және хим. формула)

Шығарушы ел және өнім беруші фирма (импорт кезінде)

Саны, кг

ҚР бойынша өнім беруші фирма (сатып алу кезінде)

А

Б

В

Г

Д

Құрамында ОБЗ бар өнімді әкелу/шығару деректері
 

Жол коды

Өнімнің атауы

Шығарушы ел және өнім беруші фирма

Саны, кг

ҚР бойынша өнім беруші фирма

А

Б

В

Г

Д

Қызметтің түрлері бойынша тұтынылған озонды бұзатын заттардың саны  
  

Жол коды

Қызметтің түрі

Тұтынылған ОБЗ саны, кг

Ел және өнім беруші фирма

Экспортталған немесе сатылған ОБЗ саны

Ел және ҚР бойынша өнім беруші фирма

А

Б

В

Г

Д

Е

«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу нысанды» толтыру бойынша түсіндірме
1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу нысанын (бұдан әрі – Нысан) атмосфераға озонды бұзатын заттар шығарындыларының көздері бар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуірінен кешiктiрмей ұсынады.
2. Мынадай түрде толтырылады:
1 - бөлімде тіркеу нөмірі көрсетіледі (уәкілетті органмен толтырады);
2 - бөлімде ұйымның толық атауы көрсетіледі;
3 - бөлімінде заңды мекен-жайы (облысы, ауданы/қаласы, елді мекені) толтырылады;
4 - бөлімде телефоны көрсетіледі;
5 - бөлімде факс көрсетіледі;
6 - бөлімде электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі;
7 - бөлімде бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
8 – бөлімде басшысының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
9 - бөлімде жауапты тұлғаның ТАӘ көрсетіледі;
10 - бөлімде жауапты тұлғаның байланыс деректері көрсетіледі;
3. 11 - бөлімде ОБЗ әкелу (немесе сатып алу)/шығару (немесе сату) деректері көрсетіледі;
«ОБЗ атауы (хим. заттың атауы және хим. формула)» деген Б - бағанда озонды бұзаттың заттардың атауы, химиялық заттың атауы және химиялық формула көрсетіледі;
«Шығарушы ел және өнім беруші фирма (импорт кезінде)» деген В – бағанда шығарушы ел және өнім беруші фирма импорттің кезінде көрсетіледі;
«Саны, кг» деген Г – бағанда саны, килогра́ммы көрсетіледі;
«ҚР бойынша өнім беруші фирма (сатып алу кезінде)» деген Д – бағанда Қазақстан Республикасы бойынша өнім беруші фирма сатып алу кезінде көрсетіледі.
4. 12 - бөлімде құрамында ОБЗ бар өнімді әкелу/шығару деректері көрсетіледі;
«Өнімнің атауы» деген Б – бағанда өнімнің атауы көрсетіледі;
«Шығарушы ел және өнім беруші фирма» деген В – бағанда шығарушы ел және өнім беруші фирма көрсетіледі.
«Саны, кг» деген Г – бағанда саны мен килогра́ммы көрсетіледі;
«ҚР бойынша өнім беруші фирма» деген Д – бағанда Қазақстан Республикасы бойынша өнім беруші фирма көрсетілген.
5. 13 – бөлімде қызметтің түрлері бойынша тұтынылған озонды бұзатын заттардың саны көрсетіледі;
«Қызметтің түрі» деген Б – бағанда қызметтін түрі көрсетіледі;
«Тұтынылған ОБЗ саны, кг» деген В – бағанда тұтынылған Озонды бұзатын заттардың саны мен килогра́ммы көрсетіледі;
«Ел және өнім беруші фирма» деген Г – бағанда ел және өнім беруші фирмасы көрсетіледі;
«Экспортталған немесе сатылған ОБЗ саны» деген Д – бағанда экспортталған немесе сатылған Озонды бұзатын заттардың саны көрсетіледі;
«Ел және ҚР бойынша өнім беруші фирма» деген Е – бағанда ел және Қазақстан Республикасы бойынша өнім беруші фирма.
 «Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы «_____» _________ № ____ бұйрығына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
  

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңының 50 - бабының 2 - тармағына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібін анықтау мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 285 бұйрығы.

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жо қ



6.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтiк құқықтық актiге қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі болуы

Талап етілмейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Талап етілмейді

8.



Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

www.energo.gov.kz сайтында орналастырылды.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшілік талқылауы үшін орналастырылды.

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Заң қызметі департаментінің
директоры М.Хайруллин