• Мое избранное
«Өнеркісіптік және тұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және жер асты суларының ластануына жол бермеу бойынша шаралар кешенін бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Өнеркісіптік және тұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және жер асты суларының ластануына жол бермеу бойынша шаралар кешенін бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Өнеркісіптік және тұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және жер асты суларының ластануына жол бермеу бойынша шаралар кешенін бекіту туралы
«Еліміздегі экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі отырысының 2015 жылғы 12 маусымдағы хаттамасының 3-тармағын орындау мақсатында Бұйырамыз:
1. Қоса берілген Өнеркісіптік және тұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және жер асты суларының ластануына жол бермеу бойынша шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.  
2. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жеке кәсіпкерлік субъектілері Шаралар кешенінің тармақтарын орындауды және олардың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жолдауды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика, инвестициялар және даму вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық соңғы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ . Бозымбаев
_______________

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
_______________
«КЕЛІСЕМІН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
«____»___________ 2016 жыл
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы «_____» _________
№ ____ және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы «_____» _________
№ ____ бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Өнеркісіптік және тұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және жер асты суларының ластануына жол бермеу бойынша шаралар кешені
 

Р/с

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1

  • ҚР Экологиялық кодексінің талаптары (287, 299, 300-баптары – «қалдықтар қауіптілігі бойынша 3 түсті деңгейге бөлінеді және оларды араластыруға жол берілмейді») және «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығы (онда тек уыттылық бойынша қауіпті қалдықтар 5 сыныпқа бөлінеді және қалдықтарды араластыруға жол беріледі), сондай-ақ қалдықтар қауіпсіздіктің 4 сыныбы бойынша топтастырылатын «улы өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру және көму бойынша полигондар» Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (1.04-01-2013 ҚР МН) арасындағы қайшылықтарды жоюды;

  • қалдықтар (қауіпті, қауіпсіз, сұйық), ағынды сулар түрлерін анықтау бойынша редакцияларды жетілдіруді, қалдықтармен жұмыс істеу (қайта өңдеу, кәдеге жарату, жою) ұғымын анықтауды, «қалдықтар» анықтамасын енгізуді;

  • ТҚҚ көму полигондарын, мал қорымдарын және ағынды сулар жинағыштарын салудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту бөлігінде қоршаған ортаны қорғау және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органдардың кұзыретін толықтыруды;

  • қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шартты жеңілдіктер ұсыну бөлігінде «Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Заңының тұжырымдамасы; ҰЭМ, ЭМ бұйрықтары





ЭМ, ҰЭМ, ҚМ, ӘМ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері





2017 жыл

маусым





Талап етілмейді

2

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасын әзірлеу.

Қазақстан Республикасының Заңының жобасы

ЭМ , ҰЭМ , ҚМ , облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

2 018 жыл

Қаңтар

Талап етілмейді

3

Қалдықтар полигондарын жобалау, салу және пайдалану бойынша ұлттық стандарттарды (қалалық, аудандық және ауылдық, немесе тұрғындар санын 5 мың адамға дейін, 5-10 мың адам, 10 мыі адамнан астамға бөлумен) әзірлеу және бекіту

ҚР Мемлекеттік стандарттары

ЭМ, ҰЭМ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

2 01 6 жыл

Желтоқсан

Республикалы қ бюджет

4

Қалдықтарды қауіпсіз орналастыруды қамтамасыз ету бөлігінде қолданыстағы санитарлық қағидалар мен нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ және ЭМ бірлескен бұйрығы

ҰЭМ, ЭМ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

201 8 жыл

Желтоқсан

Талап етілмейді

5

Қоқыстармен және коммуналдық қалдықтармен кіші елдімекендер аумағының ластануы және ағынды суларды жинау орындарын ұйымдастыру мәселелерін шешу мақсатында ауылдық елдімекендер үшін (5 мың адамға дейін) ТҚҚ полигондары, мал қорымы және ағынды сулар жинағышы құрылысының үлгілік жобаларын әзірлеу және бекіту

ҰЭМ және ЭМ бірлескен бұйрығы



ҰЭМ, ЭМ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

20 20 жыл

Желтоқсан

Республикалы қ бюджет

6

Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, өндірістік объектілерден ( қалдық сақтау қоймасы , шлам жинағыштар, үйінділер, полигондар, қоқыс үйінділері, мал қорымдары, иесіз қалдықтар және қалдықтарды орналастыру объектілері, тарихи ластанулар, ағынды сулар жинағыштары), қалалық және ауылдық агломерациялардан (полигондар, алаңдар, ТҚҚ апатты қоқыс үйінділері) жер асты суларының ластағыш заттармен ластануының әлеуетті көздерін анықтау, веб-порталда көрсете отырып, олардың реестрін құру, олардың орналастыру координаттарын анықтау

Жер асты сулары ластануының көздері мен ошағы тізбесі



ЭМ, ИДМ, АШМ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері, «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ

Әр жыл сайын,

желтоқсан

2016-2020 жылдар

Республикалық бюджет,

жергілікті бюджет

7

Жер асты суларының ластағыш заттармен ластануын болдырмау бойынша шараларды әзірлеу мен орындаумен бірге өндірістік объектілерден ( қалдық сақтау қоймасы , шлам жинағыштар, үйінділер, полигондар, қоқыс үйінділері, мал қорымдары, иесіз қалдықтары және қалдықтарды орналастыру объектілері, тарихи ластанулар, ағынды сулар жинағыштары), қалалық және ауылдық агломерациялардан (полигондар, алаңдар, ТҚҚ апатты қоқыс үйінділері) жер асты суларының олармен ластануының деңгейін бағалау бойынша заттық зерттеулер жүргізу

Зерттеу актілері

ЭМ, ИДМ, АШМ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

2020 жыл

желтоқсан



Республикалы қ бюджет

8

Өндірістік кәсіпорындардан, қалалық және ауылдық агломерациялардан жер асты суларының ластағыш заттармен ластануын болдырмау бойынша шаралар қолдану

Орындалған жұмыстар актісі

ЭМ, ИДМ, АШМ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері, кәсіпорындар

Әр жыл сайын,

желтоқсан

2016-2020 жылдар

Республикалық бюджет,

жергілікті бюджет,

кәсіпорындар қаражаттары

9

Қалдықтарды, ластағыш заттарды, жер асты суларын орналастыру объектілерінің ғарыштық кескіндерді түсіндіру бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын оқыту

ҚМ-ге бюджеттік өтінім

ИДМ, «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

2016 жыл Желтоқсан

Республикалы қ бюджет

10

Қолданыстағы және қиратылған ауыл шаруашылық химиясы (ауыл шаруашылық химиясы қоймалары, улы химикаттар қорымдары) қалдықтарын орналастыру объектілерін түгендеу және есеп жүргізу

Тізбе

Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері ЭМ, ДСӘДМ

Әр жыл сайын,

желтоқсан

2016-2020 жылдар

Республика лық және

жергілікті бюджет



11

Стокгольм конвенциясының талаптарына сәйкес а уыл шаруашылық химиясы (ауыл шаруашылық химиясы қоймалары, улы химикаттар қорымдары) қалдықтарын орналастыру орындарын экологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес келтіру

Орындалған жұмыстар актісі

ЭМ , АШМ , облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

Әр жыл сайын ,

желтоқсан

201 8 -2020 жылдар

Республика лық және

жергілікті бюджет



12

Стокгольм конвенциясының талаптарына сәйкес құрамында тұрақты органикалық ластағыштар бар пестицидтерді жою

Орындалған жұмыстар актісі

ЭМ , АШМ

2020-2028 жылдар

Республика лық және

жергілікті бюджет



13

Сот шешімімен республикалық және коммуналдық меншікке берілген иесіз қалдықтарды жою, апатты қоқыс үйінділерін жою, ластану учаскілерін қалпына келтіру

Орындалған жұмыстар актісі

ЭМ , облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері, кәсіпорындар

Тұрақты

Республикалық бюджет,

жергілікті бюджет,

кәсіпорындар қаражаттары

14

Жер асты суларының, елдімекендердің тұрмыстық қатты қалдықтарды, мал қорымдарын орналастыру объектілерінің, улы заттар қоймаларының, сібір жарасын көму объектілерінің сапалы құрамын зерттеу және жер асты суларының ластануларын анықтау

Байқау актісі

ЭМ, ИДМ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

Әр жыл сайын,

2020 жыл

Желтоқсан

Республика лық және

жергілікті бюджет



15

Табиғат пайдаланушыларды өндiрiстiк экологиялық бақылау және мониторингтеу бағдарламасы шеңберінде жер асты суларының сапалы құрамын мониторингтеуді жүргізу, өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және радиоактивтік қалдықтарды орналастыру объектілерімен, ағынды сулар жинағыштарымен ластануды бақылау

ӨЭБ есептері

Табиғат пайдаланушылар

Әр жыл сайын,

2016 жыл

Желтоқсан

Табиғат пайдаланушылар қаражаттары

16

Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік мониторингтеуді жүргізу

Ақпараттық бюллетень

ЭМ , ИДМ

Әр жыл сайын ,

тамыз

201 7 -2020 жылдар

Республикалы қ бюджет

17

Кәсіпорынның меншігі болып табылмайтын қолданыстағы ТҚҚ орналастыру объектілерінің, мал қорымдарының, ағынды сулар жинағыштарының жағдайын бағалау, талаптарға сәйкес келмейтін ТҚҚ үйінділері және алаңдарды қалпына келтіру немесе оларды санитарлық нормаларға және экологиялық талаптарға сәйкес келтіру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне ақпарат

облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері, ЭМ , ҰЭМ

201 7 жыл Желтоқсан .

Жергілікті бюджет

18

Қалдықтармен, ластағыш заттармен, ағынды сулармен жұмыс істеу бойынша талаптардың, қоғамдық тәртіптің сақталмауы бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін анықтау және оған жол бермеу үшін мемлекеттік экологиялық инспекция, жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің жұмысын тарту және күшейту, қоғамдық тәртіпті қорғау

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне ақпарат

ЭМ, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

Тұрақты

Талап етілмейді

19

Қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейту

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне ақпарат

Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері

Тұрақты

Жергілікті бюджет

20

Қоршаған ортаның ластанған деңгейін тұрақты мониторингтеу және ЭЫДҰ мемлекет мүшелерінің тәжірибесі (Франция тәжірибесі) бойынша облыстар және өңірлер тұрғындарының денсаулығына әсерін бағалау үшін Руспубликалық экологиялық орталықты (лаборатория) құру

Республикалық лаборатория

ЭМ

2020 жыл

желтоқсан

Республикалы қ бюджет

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асырудан қалдықтар мәселелері бойынша Экологиялық кодекске және басқа нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде: қалдықтарды араластыруға жол бермей қалдықтарды қауіптіліктің 5 сыныбына сыныптауды қайта қарастыру; қалдықтар полигондарын жобалау, салу және пайдалану бойынша үлгілік жобаларды әзірлеу; жер асты суларының ластануын жою мақсатында олардың ластану көздерін анықтау; мемлекеттік экологиялық бақылауды, жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен насихаттау, түсіндірме жұмыстарын күшейту күтілуде.  
_________________________
«Өнеркісіптік және тұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және жер асты суларының ластануына жол бермеу бойынша шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы «_____» _________ № ____ бірлескен бұйрығына анықтама-негіздеме

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған мемлекеттiк органның атауын

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2

Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сiлтемемен нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау негiздемесiн (органның құзыретi)

«Еліміздегі экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі отырысының 2015 жылғы 12 маусымдағы хаттамасының 3-тармағы



3

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесiн (нақты мақсаттар, дәлелдер және актi неге байланысты қабылданды)



Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 12 маусымда «Еліміздегі экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында



4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзiрлеу туралы мәлiметтердi

Жоқ

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының

17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актiлердiң деректемелерiн көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтердi

Жоқ

6

Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтiк құқықтық актiге қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі болуы

Жоқ

7

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiметтердi

Орталық мемлекеттік органдар, жергiлiктi атқарушы органдар

8

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәлiметтердi

Жоқ.

8-1

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн) қамтуға тиiс

Жоқ

Заң қызметі
департаментінің директоры М. Хайруллин