• Мое избранное
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 30 мамырда Минскте және 2014 жылғы 21 қарашада Ашхабадта жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамалар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатындар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы  2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалған тізбесіне (Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылатын, тауардың шығу елін айқындау Ережелеріне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
СЭҚ ТН коды мен «8415» жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
 

8415

Ылғалдылық жеке реттелмейтiн ауа баптағыштарды қоса алғанда, қозғалтқышы бар және температура мен ауаның ылғалдылығын өзгертуге арналған желдеткiшпен жабдықталған ауаны баптауға арналған қондырғылар

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициядағы материалдардан дайындау:

- корпусты дайындау, электр өткiзгiш элементтерiн дайындау;

- блоктарды құрастыру және монтаж;

- конструкциясында хладагент құю көзделмеген және/немесе құю монтаждау кезінде жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа, хладагент толтыру;

- параметрлерiн реттеу және бақылау

»;
СЭҚ ТН коды мен «8702-8704» жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
 

8702-8704-тен

іштен жану қозғалтқыштары бар жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары

Пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау:

- шанақты (кабинаны) жасау кезінде дәнекерлеу операцияларын көздемейтін технологияларды қолданған жағдайда, шанақты (кабинаны) дәнекерлеу немесе шанақты (кабинаны) өзге тәсілмен жасау;

- шанақты (кабинаны) бояу;

- қозғалтқышты орнату;

- қосалқы жабдықты орнату, оның ішінде моторлы көлік құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік, жылыту және салқындатқыш жүйелерін орнату;

- трансмиссияны орнату;

- алдыңғы және артқы аспаларды орнату;

- доңғалақтарды орнату;

- майшамдардан, от алдыру орауыштарынан және жоғары вольтты сымдардан басқа от алдыру жүйесін орнату (ұшқынмен от алатын іштен жану қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдары үшін);

- рульдік басқаруды және тежегіш жүйесін орнату;

- интерьер және экстерьер элементтерін орнату;

- фараларды, алдыңғы және артқы сигнал беретін шамдарды орнату;

- дыбыс тұншықтырғышты және газ шығаратын түтіктің бөліктерін орнату;

- отын багын және отын түтіктерін орнату;

- моторлы көлік құралдарын дайындау кезінде пайдаланылатын автоқұрауыштардың ажырамас бөлігі болып табылатын жетектерден басқа электр жетектерін орнату;

- аккумуляторды орнату;

- борттың электр тізбектерін монтаждау;

- қозғалтқышты диагностикалау және реттеу;

- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

- моторлы көлік құралына сәйкестендіру нөмірін салу;

- дайын моторлы көлік құралын бақылау сынақтарынан өткізу

8702-8704-тен

электр жетек және гибридті қуат қондырғылары қозғалысқа түсіретін жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары

Пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау:

- шанақты (кабинаны) жасау кезінде дәнекерлеу операцияларын көздемейтін технологияларды қолданған жағдайда, шанақты (кабинаны) дәнекерлеу немесе шанақты (кабинаны) өзге тәсілмен жасау;

- шанақты (кабинаны) бояу;

- қозғалтқышты орнату (гибридті қуат агрегаттары үшін);

- тартқыш электр машиналарды орнату (генераторлар, электр қозғалтқыштар);

- қосалқы жабдықты, оның ішінде моторлы көлік құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік, жылыту және салқындатқыш жүйелерін орнату;

- трансмиссияны орнату;

- алдыңғы және артқы аспаларды орнату;

- доңғалақтарды орнату;

- рульдік басқаруды және тежегіш жүйесін орнату;

- интерьер және экстерьер элементтерін орнату;

- фараларды, алдыңғы және артқы сигнал беретін шамдарды орнату;

- энергияны жинақтаушы блоктарды орнату (тартқыш аккумулятор батареялары немесе суперконденсаторлар);

- моторлы көлік құралдарын дайындау кезінде пайдаланылатын автоқұрауыштардың ажырамас бөлігі болып табылатын жетектерден басқа, электр жетектерін орнату;

- борттың электр тізбектерін монтаждау;

- қозғалтқышты диагностикалау және реттеу;

- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

- радиобөгеуілдер деңгейін және электромагниттік үйлесімділік нормаларын тексеру;

- моторлы көлік құралына сәйкестендіру нөмірін салу;

- дайын моторлы көлік құралын бақылау сынақтарынан өткізу

8704-тен

жүк тасуға арналған моторлы көлік құралдары (форвардер үлгісі)

Пайдаланылатын материалдардың құны дайын өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау:

- шанақты (кабинаны) жасау кезінде дәнекерлеу операцияларын көздемейтін технологияларды қолданған жағдайда шанақты (кабинаны) дәнекерлеу немесе шанақты (кабинаны) өзге тәсілмен дәнекерлеу немесе жасау;

- шанақты (кабинаны) бояу;

- қозғалтқышты орнату;

- қосалқы жабдықты орнату, оның ішінде моторлы көлік-құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік, жылыту және салқындатқыш жүйелерді орнату;

- трансмиссияны орнату;

- доңғалақтарды орнату;

- рульдік басқаруды және тежегіш жүйесін орнату;

- интерьер және экстерьер элементтерін орнату;

- фараларды, алдыңғы және артқы сигнал беретін шамдарды орнату;

- дыбыс тұншықтырғышты және пайдаланылған газды шығаратын құбыр секцияларын орнату;

- отын багын және отын өткізгіш құбырды орнату;

- моторлы көлік құралдарын дайындау кезінде пайдаланылатын, автоқұрауыштардың ажырамас бөлігі болып табылатын жетектерден басқа, электр жетектерін орнату;

- аккумуляторды орнату;

- борттың электр тізбектерін монтаждау;

- диагностика және қозғалтқышты реттеу;

- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

- моторлы көлік құралына сәйкестендіру нөмірін салу;

- дайын моторлы көлік құралын бақылау сынақтарынан өткізу

».
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады және оған қолдарын қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы депозитарий үшінші хабарлама алған сәттен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. 
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2014 жылғы «30» мамырда Минск қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.  
 

Әзірбайжан

Республикасының Үкіметі

үшін



Ресей

Федерациясының Үкіметі

үшін











Армения

Республикасының Үкіметі

үшін



Тәжікстан

Республикасының Үкіметі

үшін







Беларусь

Республикасының Үкіметі

үшін



Түрікменстан

Республикасының Үкіметі

үшін







Қазақстан

Республикасының Үкіметі

үшін



Өзбекстан

Республикасының Үкіметі

үшін







Қырғыз

Республикасының Үкіметі

үшін



Украина

Үкіметі

үшін







Молдова

Республикасының Үкіметі

үшін









Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге 2014 жылғы 31 мамырдағы өзгерістер енгізу туралы хаттамасына Әзірбайжан Республикасының ескертпесі
2-баптағы «қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және» деген сөзді қоспағанда.
Әзірбайжан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары Ягуб Эюбов
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасына Армения Республикасының ескертпесі
Армения Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы оның тиісті мемлекетішілік рәсімдерін орындау туралы хабарламаның күнінен бастап осы Хаттаманың 2-бабына сәйкес, күшіне енгенге дейін қолданатын болады. 
Армения Республикасының
Премьер-Министрі ОВИК АБРААМЯН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатындар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері 
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Ереженің 1-бөлімі мынадай мазмұндағы терминдармен толықтырылсын:
«тауардың шығу тегі туралы құжат - тауардың шығу тегі туралы сертификат немесе тауардың шығу тегі туралы декларация;
тексеруші (верификациялаушы) орган - тауардың шығу тегі туралы құжаттарды беру негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өндірушілердің осы Ережелерде көзделген тауарлардың шығарылған елін айқындау критерийлерін орындауын тексеруді жүзеге асыруға Келісімге қатысушы мемлекет уәкілеттік берген мемлекеттік орган.»;
2. Ереженің 5.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
«5.1 Егер:
а) тауар Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінің резиденті мен Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің резиденті арасындағы шарт/келісімшарт негізінде Келісімге қатысушы мемлекеттің бірінің кедендік аумағынан әкетілсе және Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің кедендік аумағына әкелінсе. Осы Ереженің 8.5 және 8.6-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, мұндай шарт тауар әкетілгеннен кейін жасалуы мүмкін;
б) тауарға меншік құқығы сыртқы сауда шартына/мәмілесіне сәйкес, сондай-ақ Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Келісімге қатысушы мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғаға тиесілі болса;
в) тауарды Келісімге қатысушы мемлекеттің резиденті - жеке тұлға Келісімге қатысушы мемлекеттің бірінің кедендік аумағынан Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің кедендік аумағына (аумағынан) әкетсе (әкелсе);*   
г) тауар аумақтары арқылы тауарды жеткізу жүзеге асырылатын елдердің кеден органдары құжат жүзінде растаған, кедендік бақылауда тұрған немесе үшінші елдердің аумағы арқылы алып өтілетін жағдайларды қоспағанда, Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылмаса. Бұл ретте тауардың сақталуы мен қайта тиелуін қамтамасыз ету жөніндегі операцияларды қоспағанда, тауар өзгеріссіз жағдайда болуы тиіс және оған қандай да бір операциялар жүргізілмеуі тиіс;
д) тауар осы Ережеде белгіленген тауарлардың шығарылған елін айқындау критерийлеріне сәйкес келсе;*  * 
е) тауарға қатысты осы Ереженің 6.1 немесе 6.2-тармақтарына сәйкес тауардың шығу тегі туралы құжат ұсынылса, тауар Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарында еркін сауда режимін пайдаланады.».
3. 5.2-тармағы алынып тасталсын.
4. Ереженің қоданыстағы 5.3. және 5.4- тармақтары сәйкесінше 5.2 және 5.3- тармақтары деп саналсын.
5. 6.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«6.2. Еркін сауда режимін ұсыну мақсатында әкелінетін тауардың шығарылған елін растайтын құжат ретінде Келісімге қатысушы мемлекетте шығарылатын және тауарлардың бір партиясында декларацияланатын мұндай тауарлардың жалпы құны 5000 (бес мың) АҚШ долларына балама сомадан аспаса, тауардың шығу тегі туралы декларация берілуі мүмкін.
Тауарлардың жалпы құны АҚШ долларынан өзгеше валютада декларацияланған жағдайда, валюта сомасын АҚШ долларымен қайта есептеу үшін әкелуші елдің ұлттық заңнамасына сәйкес кеден органы кеден декларациясын тіркеген күніндегі валюта бағамы қолданылады.
Тауардың шығарылған елін растайтын құжат ретінде тауардың шығу тегі туралы декларация берілсе және мұндай декларацияда тауардың шығарылған елі туралы мәлімделген мәліметтер дұрыс емес болып табылатынын білдіретін белгілер анықталған жағдайда, әкелуші елдің кеден органының дәлелді талабы бойынша СТ-1 нысанындағы сертификат ұсынылады.
Тауардың шығу тегі туралы құжаттарды тапсыру міндетті болып табылмайтын жағдайлар Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тауардың шығу тегі туралы декларациялардың көшірмелері, сондай-ақ олармен байланысты тауардың шығу тегін растайтын кез келген құжаттар тауардың шығу тегі туралы декларация жасалған күннен бастап экспорттаушыда кемінде 3 жыл сақталады.».
6. 8.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.1. СТ-1 нысанындағы сертификат өтініш берушінің (декларанттың) жазбаша өтініші негізінде тауар әкетілгеннен кейін берілуі мүмкін. Бұл жағдайда өтініш беруші (декларант) уәкілетті органға қосымша кеденнің тиісті белгісі бар, тауардың нақты әкетілгенін растайтын тауардың ілеспе құжатын өткізеді. Бұл ретте кеден органының белгісі сертификат берілген күнге қарағанда анағұрлым ертерек күнмен қойылуға тиіс2   .
Электрондық декларациялау кезінде шекараны кесіп өткені туралы кеден органының электрондық хабарламасы ұсынылуы мүмкін. Егер Келісімге қатысушы мемлекеттен тауарды әкету кезінде кедендік декларациялау қолданылмайтын болса, уәкілетті органға осындай Келісімге қатысушы мемлекеттің аумағынан тауарды жөнелту туралы куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда СТ-1 нысанындағы сертификаттың 5-бағанында «Кейіннен берілді» деп көрсетіледі.».
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады және оған қолдарын қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы депозитарий үшінші хабарлама алған сәттен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. 
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2014 жылғы «21» қарашада Ашхабад қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады. 
Әзірбайжан
Республикасының Үкіметі
үшін

Ресей
Федерациясының Үкіметі
үшін

Армения
Республикасының Үкіметі
үшін

Тәжікстан
Республикасының Үкіметі
үшін

Беларусь
Республикасының Үкіметі
Үшін

Түрікменстан
Республикасының Үкіметі
үшін

Қазақстан
Республикасының Үкіметі
үшін

Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
үшін

Қырғыз
Республикасының Үкіметі
үшін

Украина
Үкіметі
үшін

Молдова
Республикасының Үкіметі
үшін
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге 2014 жылғы 21 қарашадағы өзгерістер енгізу туралы хаттамасына Әзірбайжан Республикасының ескертпесі
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережелірінің ешқандай қағидасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауардың шығу елін айқындау қағидалары туралы Келісімнің қатысушы мемлекеттерінің нарықтарында, және Әзірбайжан Республикасының басып алынған аумақтарындағы кез келген экономикалық қызметтің түріне Әзірбайжан Респубикасының басып алынған аумақтарында (Таулы-Карабах өңірі және оған іргелес аудандар) өндірілген тауарларға рұқсат беруге қатысты әрекет етпейтін болады.
2. Мыналарды:
1-баптың 1-тармағындағы екінші абзацтағы «немесе тауардың шығу тегі туралы декларация» деген сөзді;
1-баптың 1-тармағындағы үшінші абзацты;
1-баптың 5-тармағын;
2-баптағы «қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және» деген сөзді қоспағанда.
Әзірбайжан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары Ягуб Эюбов
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге 2014 жылғы 21 қарашадағы өзгерістер енгізу туралы хаттамасына Армения Республикасының ескертпесі
Армения Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы оның тиісті мемлекетішілік рәсімдерін орындау туралы хабарламаның күнінен бастап осы Хаттаманың 2-бабына сәйкес, күшіне енгенге дейін қолданатын болады. 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 21 қарашадағы хаттамаға ұсынылған Ескертпемен Әзірбайжан тарапы Таулы Карабахтың өзін өзі билейтін халқына және Таулы Карабах Республикасына қарсы әскери агрессияны тұтатуға қатысты этникалық тазартуларды Әзірбайжан Республикасының қолдану нәтижесі болып табылатын, таулы-қарабах қақтығысының мәнін бұрамалауға тырысады.
Армения Республикасының
Премьер-Министрі ОВИК АБРААМЯН
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасына Қазақстан Республикасының ескертпесі
Қазақстан Республикасы үшін Хаттама Казақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылатын болады.  
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау Ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды бекітудың дұрыстығына негіздеме
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау Ережесі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамалар Келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің ұсыныстары енгізілді.
2014 жылғы 30 мамырда Минскте жасалған келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасы орындаған кезде тауар өздері орын алған елден болып саналатын жеткілікті түрде қайта өңдеу өлшемдерін оңайлату мақсатында (кондиционерлерді, адамдарды және жүктерді тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер мен көлік құралдарын жасаған кезде) жасалған.  
Өзгерістер мен толықтырулар мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен келесілді, Хаттама мәтіні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 582 қаулысымен мақұлданды
2014 жылғы 21 қарашада Ашхабадта жасалған келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасы қабылдау толықтырулар мен терминдердің редакциялық нақтылауларын енгізуге бағытталған. Құжаттың түпнұсқалылығына қатысты күдіктер туындаған жағдайда тауарға еркін сауда режимін ұсыну, әкелуші елдің кеден органымен сұрау салуды беру тәртібі шарттар нақтыланады. Бұдан басқа, тауарлардың құны АҚШ долларынан ерекшеленген валютада декларацияланған жағдайда, қайта есептеу үшін қайсы валюта бағамы қолданылатыны көрсетіледі.
Өзгерістер мен толықтырулар мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен келесілді, Хаттама мәтіні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1213 қаулысымен мақұлданды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрі Ж. Қасымбек
2016 жылғы «____»_____
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау Ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды бекітудың мүмкін болатын саяси, құқықтық, қаржылық-экономикалық және басқа салдарын бағалау
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау Ережесі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамалар Келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің ұсыныстары енгізілді.
2014 жылғы 30 мамырда Минскте жасалған келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасы орындаған кезде тауар өздері орын алған елден болып саналатын жеткілікті түрде қайта өңдеу өлшемдерін оңайлату мақсатында (кондиционерлерді, адамдарды және жүктерді тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер мен көлік құралдарын жасаған кезде) жасалған.  
Өзгерістер мен толықтырулар мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен келесілді, Хаттама мәтіні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 582 қаулысымен мақұлданды
2014 жылғы 21 қарашада Ашхабадта жасалған келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасы қабылдау толықтырулар мен терминдердің редакциялық нақтылауларын енгізуге бағытталған. Құжаттың түпнұсқалылығына қатысты күдіктер туындаған жағдайда тауарға еркін сауда режимін ұсыну, әкелуші елдің кеден органымен сұрау салуды беру тәртібі шарттар нақтыланады. Бұдан басқа, тауарлардың құны АҚШ долларынан ерекшеленген валютада декларацияланған жағдайда, қайта есептеу үшін қайсы валюта бағамы қолданылатыны көрсетіледі.
Өзгерістер мен толықтырулар мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен келесілді, Хаттама мәтіні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1213 қаулысымен мақұлданды
Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманы бекіту кері саяси, құқықтық және қаржылық-экономикалық салдарды тудырмайды.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрі Ж Қасымбек
2016 жылғы «___»______
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды бекіту туралы қаулысына түсіндірме жазба

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші-мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші-мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы

3

Жобаны қабылдаған жағдайда

болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау, теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға болжамайды

4

Жобаның жүзеге асырылуына байланысты күтілетін қаржы шығындары

Қаулы жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын талап етпейді

5

Жоба қабылданған жағдайда күтілетін нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімдері және тиімділігі

 

Жобаны қабылдау толықтырулар мен терминдердің редакциялық нақтылауларын қосуға бағытталған.

Тауарға еркін сауда режимін пайдалану жағдайлары, құжаттардың мінсіздігіне қатысты күдіктер туындаған жағдайда кедендік органдардын ақпарат сүрату тәртібі айқындалады.

Одан басқа, жобаға қондырғылар, жеңіл автомобильдер және жүк тасуға арналған көлік құралдары тауарлар өндіру технологиясының тауарды жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдері оңайлатылады

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Үкіметінің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

 

1)Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1897 Қаулысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге қол қою туралы»; 2)Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы                   № 1478 қаулысы «2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісім»;
  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014  жылғы 30 мамырдағы      № 582  қаулысымен бекітілген                «2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге
    өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы»;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014  жылғы 20 қарашадағы      № 1213  қаулысымен бекітілген                «2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге
    өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы»

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өзге ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) сараптаманы өткізген жағдайда, оның қорытындылары

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаларға қол қойылған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми және лингвистикалық сараптамамар өткізілген, нәтижелері ескертілді

9

Басқа мәліметтер

Жоқ

10

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

 

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

ҚР ИДМ  www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған ( 104 кБайт).

 

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Баспасөз релизі ҚР ИДМ  www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

 

13

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Талап етілмейді

 

14

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Ратификациялауға  жатпайды

 

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрі Ж. Қасымбек
2016 жылғы «_____»_____________
Келісу ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды бекіту туралы
Әзірлеуші-мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
 

Алынған күн

Мемлекеттік органдар, басшылары

Нақты кіммен келісілді?

(Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері

(қолы, күні)

Қайтарылған күні

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі









Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі











Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі











Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі











Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі























 _______________________________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің) жобасына қоса берілетін құжаттарының ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.







2.



3.



4.







5.







6.







7.



8.



9.







ҚР Үкіметі қаулысының

(ҚР Премьер-Министрі өкімінің)

жобасы



Жобаға түсіндірме жазба



Жіберу көрсеткіші



Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері



Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының

(ҚР Премьер-Министрі өкімінің) көшірмесі



Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі





















  Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, оларда ______________ парақ.
 Қолы ___________ күні ________
 _______________________
*  «в» тармақшасы егертауарды жеке тулға әкеткен (әкелген) жағдайда ғана қолданылады.  
* *  егер осы Ереженің 5.1-тармағының «а»-«д»-тармақшаларымен көзделген шарттардың біреуі орындалмаса, өтінім берушінің (декларанттің) өтініші бойынша уәкілетті орган әкету елінің ұлттық заңнамасына сәйкес, жалпы нысандағы (СТ-1 аббревиатурасыз) тауардың шығу тегі туралы сертификаттар береді. Бұл жағдайда тауар келісімге қатысты мемлекеттіқ кедендік аумағында еркін сауда режимін қолдана алмайды.
2  Бұл ретте кедендік органның мерзімін көрсету таңбалауы сертификат берген күннен ертерек болады