• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8366 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 наурыздағы № 90 (28029) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2013 жылғы 20 наурыздағы № 101-102 (27375-27376) «Казахстанская правда» газетінде
жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттардың құрамы туралы деректердің есепке алынуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:  
«1. Қоса беріліп отырған Құжаттардың құрамы туралы деректердің есепке алынуын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құжаттардың құрамы туралы деректердің есепке алынуын жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Мұрағат ісі және құжаттама департаменті (Ж.А. Тукеев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырланған қағаз және электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуін;
4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы тармақпен қарастырылған іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы __ _______
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2013 жылғы 6 ақпандағы
№ 27 бұйрығымен
бекітілген
Құжаттардың құрамы туралы деректердің есепке алынуын жүргізу қағидалары  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Құжаттардың құрамы туралы деректердің есепке алынуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының (бұдан әрі – Ұлттық архив қоры) құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Меншік нысандарына қарамастан Ұлттық архив қорына жатқызылған барлық құжаттар орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынады.
3. Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкiлеттi органымен (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) жүзеге асырылады.
4. Ұлттық архив қорының құжаттарын есепке алу Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты, уақытша сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін бірыңғай болып табылады.
2-тарау. Құжаттардың құрамы туралы деректерді есепке алу тәртібі
5. Архивтер Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады.
6. Есепке алу архив қорлары, физикалық тұрғыдан оқшауланған құжат немесе дербес мағынасы бар құжаттар жиынтығы болып табылатын есеп бірліктері бойынша жүргізіледі.  
7. Есепке алу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10128 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке архивтердың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларының (бұдан әрі – Қабылдау қағидалары) 217-тармағында белгіленген принциптерге негізделеді.
8. Архивтегі Ұлттық архив қорының және басқа архивтік құжаттардың белгіленген есептік бірліктердегі саны мен құжаттардың құрамын айқындау және сол сан мен құрамды есептік құжаттарда көрсету бұл архив құжаттарын ұйымдастыру тәртібін және мекенжайын іздестіру мүмкіндігін, олардың бар болуы мен жай-күйін анықтауды қамтамасыз етеді.
9. Есепке алуға:
1) архивте сақтаулы архивтік құжаттар, оның ішінде тізімдемеге енбеген және архив бағытына жатпайтын құжаттар, сонымен қатар архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелері және пайдалану қорының, құжаттар мен істің тізімдемесінің көшірмесі;
2) Ұлттық архив қорының құжаттары, сонымен қатар архивты толықтыру көздеріндегі сақтаулы жеке құрам бойынша құжаттар жатады.
10. Негізгі есепке алудағы архивтік құжаттарға Ұлттық архив қорының орталықтандырылған мемлекеттік есепке алудағы құжаттарынан басқа мыналар кіреді:
1) құжаттардың келіп түсуін есепке алу кітапшасы – архивке келіп түскен барлық құжаттарды есепке алу үшін, сонымен қатар белгілі хронологиялық уақыт аралығында келіп түскен архивтік құжаттардың құрамы мен саны, олардың жағдайы;
2) қордың тізімі – архивке сақтауға келіп түскен қорларды тіркеу, оларға нөмір беру, сақтаудағы және сақтаудан шығып қалған архив қорының санын есепке алу;
3) қор парағы – архив қоры шеңберінде құжаттар, істер тізімдемесінің саны мен құрамы және олардың нөмірленуін, архивтік құжаттардың саны мен құрамын, олардың жағдайын, жалпы архив қорында және құжаттар, істер тізімдемесіндегі өзгеру динамикасын, архив қоры атауының өзгеруін жазуды есепке алу;
4) дыбыс-бейнелік құжаттарды есепке алу парағы осы – белгілі бір түрдегі қорға жинақталмағанда дыбыс-бейнелік құжаттар санын есепке алу, дыбыс-бейнелік құжаттар тізімдемесін есепке алу және нөмірлеу, олардың өзгеру динамикасы;
5) істер, құжаттар тізімдемесі – архивтік құжаттарды жекелеп және жалпы тізімге алу, олардың жүйелілігінің ережесін бекіту, берілген тізімге енгізілген архивтік құжаттардың құрамы мен көлемінде болған өзгерістерді есепке алу;
6) құжаттар, істер тізімдемесінің тізілімі – құжаттар, істер тізімдемесін, олардың саны мен құрамын есепке алу;
7) қосымшасында құнды металдар мен тастары бар істерді есепке алудағы инвентарлы кітапша – осындай істердің құрамы мен жағдайын жеке және жалпы есепке алу;
8) архив қоймасының төлқұжаты (еркін түрі) – берілген архив қорының архив қоры мен архив құжаттарын жалпы есепке алу;
9) Қазақстан Республикасының ұлттық құндылығы объектілеріне жататын құжаттар баяндамасы және есепке алу парағы;
10) аса құнды құжаттардан тұратын қор тізімі;
11) аса құнды істер, құжаттар тізімдемесі немесе аса құнды істер нөмірінің тізімі (нөмірлік);