• Мое избранное
«Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы
БҰЙЫРАМЫН:  
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректерінің нысандары;
2) осы бұйрыққа 1-151-қосымшаларға сәйкес Ұлттық білім беру деректер қорында Министрліктің әкімшілік деректерін жинау және өңдеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері осы бұйрықты Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына, меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарына, республикалық білім беру ұйымдарына, білім және ғылым саласындағы бақылау департаменттеріне, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына жеткізсін.
3. Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарының, республикалық білім беру ұйымдарының, Астана және Алматы қалаларының және облыстардың білім беру басқармаларының басшылары:
1) бірыңғай ақпараттық жүйесінде әкімшілік деректердің сапалылығын, дұрыстығын және уақытылы ұсынылуын жыл сайын нысандарда белгіленген мерзімдерге сәйкес қамтамасыз етсін;
2) статистикалық деректерді ұсынуға жауапты тұлғалардың барлығын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 795 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 12921 болып тіркелген) Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен таныстырсын.
4. Осы бұйрықтың 152-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.  
5. Стратегиялық жоспарлау жәе үйлестіру департаменті (Н.А. Шәмшиева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;  
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін;
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитетінің төрағасы
_________________________ Н. Айдапкелов
2016 ж. «_____»_________________