• Мое избранное

Отправить по почте

«Резидентура туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы» 30 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Резидентура туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы» 30 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175 –бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 36-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Резидентура туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы»30 қаңтардағы N 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5142 болып тіркелген, 2008 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында № 6 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентура туралы Ережені осы бұйрықтың косымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;  
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа және электрондық нұсқада бір данада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтің берілуін қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2016 жылғы «___» ___________
№ ___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы»30 қаңтардағы
№ 28 бұйрығымен бекітілген
Резидентура туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Респбуликасының «Халық денсаулығы денсаулық жүйесі туралы» Кодексына, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы медициналық білім және ғылым ұйымдарындағы резидентурада медициналық кадрларды даярлау тәртібін анықтайды (бұдан әрі-білім және ғылым ұйымдары), меншік нысанына қарамастан.
2. Осы ережеде келесі негізгі түсініктер қолданылады:
1) біліктілік – резидентураны бітірушінің білімі туралы құжатында көрсетілетін кәсіби қызметін орындауға немесе білімін жалғастыруға маман ретінде дайындығының түрі мен дәрежесі;  
2) куратор (супервайзер) - резидентура тыңдаушысына бекітілген, академиялық тәлімгер қызметін қамтамасыз ететін, жеке оқу жоспарын қалыптастыру және жүзеге асыруға қатысатын, білім алушының білім және ғылым қызметіне жетекшілік ететін, жұмысқа орналасуға ықпал ететін тұлға. Куратор бірінші немесе жоғары білікті санаты бар кафедра (бөлім) профессорлық-оқытушылық құрамы немесе практикалық денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасынан тағайындалады;
3) клиникалық тәлімгер (тренер) – резидентура тыңдаушыларына қажетті практикалық дағдыларды игерту үшін бекітілген профессорлық-оқытушылық құрамның арасынан тағайындалатын тұлға.  
медициналық білім саласына сәйкес даярлығы бар, бірінші немесе жоғары санатты кафедра (бөлім) немесе практикалық денсаулық сақтау саласының қызметкері;
4) құзыреттілік – білім алушының білім алу барысында алған кәсіби қызметтегі дағдылары мен ептілігін практикада қолдану қабілеттілігі;
6) мамандық – бұл білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір қызмет түріне қажетті арнайы бағытталған дайындық пен жұмыс тәжірибесі, білім, имкемділік пен дағды арқылы алынған кешен;
7) оқытушы (тьютор) – резидентура тыңдаушыларына қажетті теориялық білімді меңгерту үшін бекітілген, профессорлық-оқытушылық құрамның арасынан тағайындалған тұлға
кафедралар (бөлімдер), резидентурада даярлықты жүзеге асырушы;
8) резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны түрі;  
9) резидентура тыңдаушысы - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруші маман.  
10) резидентура тыңдаушысының қорытынды аттестаттауы – денсаулық сақтау аясындағы уәкілетті органмен бекітілген, медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, резидентураның медициналық мамандықтары бойынша үлгілік кәсіби оқу бағдарламаларын және резидентурадағы медициналық мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.
3. Резидентурада мамандарды даярлау Денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.  
4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін тізімдеме, клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған, азаматтарға резидентураның кәсіби оқу бағдарламаларын меңгеру клиникалық практикаға жіберілуге міндетті шарт болып табылады.  
5. Резидентурада оқыту біліктілік талаптарын сақтай отырып, лицензиялау кезінде білім беру қызметтерін ұсынып, резидентурада білім беру қызметіне құқығы бар мемлекеттік лицензия аясында жүзеге асырылады.
6. Резидентурада кадрларды даярлау денсаулық сақтау аясындағы уәкілетті органмен бекітілген, медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, резидентураның медициналық мамандықтары бойынша үлгілік кәсіби оқу бағдарламаларына және резидентурадағы медициналық мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Резидентурада даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
8. Резидентурада даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы, мамандықтар бойынша, мамандандырылған (бағдарламалы) аккредиттеуден өткен білім және ғылым ұйымдарына үлестіріледі.
2. Резидентурадағы даярлау
9. ЖОО-дан кейін берілетін кәсіби білімі бар мамандарды белгіленген мемлекеттік білім беру тапсырысынан тыс резидентурада дайындау шығындарды толық өтеу және осы Ереженің талаптарын сақтау арқылы шартты негізде жүзеге асырылады.
10. Оқу қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу кестесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу қызметінің құрылымы оқу жоспары (үлгілік, жеке, жұмыс) оқу жүктемесінің көлемі, академиялық кезеңнің ұзақтығы, академиялық сабақтар түрі, оқу материалы көлемі негізінде қалыптастырылады. Білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттар және білім алушының құзыреттілігін қалыптастыру ұстанымы негізінде әзірленеді.
11. Резидентура тыңдаушысының жеке оқу жоспары куратордың көмегімен өз алдына барлық оқу кезеңіне үлгілік оқу жоспарына және элективті пәндер каталогы негізінде жасалады, білім және ғылым саласындағы белгіленген тәртіпте бекітіледі.
12. Жұмыс оқу жоспары –мамандықтың үлгілік оқу жоспары және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде өз алдына білім және ғылым ұйымымен әзірленетін құжат.
13. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның жылдық орташа педагогикалық жүктемесі білім және ғылым ұйым басқармасының алқалы орган шешімімен бекітіледі.
14. Резидентура тыңдаушыларын оқыту клиникалық базаларда жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау саласындағы алқалы органмен бекітілген, білім және ғылым ұйымдары клиникалық базалармен сәйкестендірілген, бірлескен қызмет туралы үлгілік шарт түріне сәйкес шарт жасайды.
15. Білім және ғылым ұйымдары штаттық құрамды, ереже, лауазымдық нұсқаулық және әкімшілік-құқықтық орнықтыруға, құрылымдық бөлімшелер мәртебесіне, ұйыдармен айналысатын және резидентура тыңдаушыларының оқу үдерісінің кірісін бақылауға қойылатын талаптарды өз алдына анықтайды.
16. Білім және ғылым ұйымдары құрылымдық бөлімше туралы ережені, олардың қызметіне кіретін және қосылатын келесі қызметтерді анықтайтын негізгі бағытын өз бетінше дайындайды және бекітеді:
1) білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу;
2) академиялық топтарды және ағымдарды құру;
3) білім алушылардың жеке оқу жоспарларын тіркеу;
4) білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу, ұйымдастыру;
5) білім алушылардың академиялық рейтингін есептеу;
6) білім алушылардың оқудың барлық кезеңі ішінде және оқудың барлық кезеңінде меңгерген пәндер есебі;  
7) білім алушының транскрипт көшірмесі;
8) академиялық мобильділікті жетілдіру.  
Резидентура тыңдаушыларының академиялық мобильділігі пән мен модуль аясында жүзеге асырылады. Бір модульдің көлемін бір пән құрайды жалғастығы 5 және көбірек кредиттер немесе барлығы 2 және көбірек пән.  
17. Білім беру саласындағы бекітілген құзыретті органға сәйкес білім жəне ғылым мекемелеріндегі педагогикалық қызметкерлердің және оған теңестірілген тұлғалардың қызметтерінің біліктілік сипаттамалары əр қызметке тағайындау және қызметтер босату, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін, педагогикалық жүктеме мөлшерін, жауапкершіліктері мен құзіреттіліктерін ескере отырып қызметтік міндеттер құрастырылады және бекітіледі.
18. Штаттық кесте білім және ғылым ұйымымен өз алдына анықталады және жыл сайын солардың басшыларымен бекітіледі.
19. Академиялық ағым мен топтардың топтасуы білім және ғылым ұйымдарымен өз алдына анықталады.
20. Білім және ғылым ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмысы резидентура тыңдаушыларын даярлау кезінде академиялық күнтізбе, жұмыс оқу жоспарлары, элективті пәндер каталогы, мамандықтар мен пәндер оқу-әдістемелік кешені, қосатын силлабустар, ағымдағы материалдар, білім алушылардың ағымдық және қорытынды бақылау оқу жетістіктерін әзірлеуге қосады.
21. Оқу жұмысы аудиториялық (дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар) және оқу жұмысының қалған барлық түрлері қатысатын аудиториядан тыс болып бөлінеді. Оқу жұмысының басқа түрлері куратордың, оқытушының, клиникалық тәлімгердің педагогикалық жүктемесіне кіруі мүмкін.
22. Білім және ғылымды ұйымдастыруда білім алушыларға резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгерту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқу құралдарын, әдістерін және түрлерін өз алдына анықтайды. Сонымен бірге оқытудың инновациялық технологиялары есебімен, ғылым, техника, технологияның жаңа жетістіктерімен, ақпараттық жүйе және интерактивті түрде оқыту жүргізіледі. Оқытушы оқу әдістерінде оқу бағдарламалары және оқу жоспарларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын өткізу және ұйымдастыру түрлері мен тәсілдерін таңдау еркіне ие.
23. Білім және ғылым ұйымдары білім алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды аттестаттау, пән бойынша үлгерімін ағымдық, аралық, қорытынды бақылауды мерзімді жүргізу мен тәртіп түрін өз алдына таңдауға ерікті.
24. Білім және ғылым ұйымдастыруда білім алушының оқу жетістігін бағалау және бақылау жүйесін іске қосу керек, ұйымдық-құқықтық түрлеріне қарамастан және қосатын: білім алушыларды ағымдық, аралық, пән бойынша үлгерімін қорытынды бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.  
Резидентура тыңдаушылары оқу жетістіктері (білім, ептілік, дағдылар және құзыреттілік) халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеде сәйкестендіріліп, (оң бағалар, кемуіне қарай "А" дан "D"-ға дейін, әріптік жүйеде "F"-қанағаттанарлықсыз) 4-баллдық шкала бойынша сәйкестендірілген сандық эквивалентпен, осы Ереженің 1  қосымша сына    сәйкес, 100-балдық шкалада бағаланады.
25. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау білім алушылардың оқу жетістіктерін, пәннің оқу бағдарламаларымен сәйкес оқытушымен (тьютормен) жүргізілген ағымдық сабақтарды жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді  
Аралық бақылау резидентура тыңдаушыларының оқу жетістіктерін бір оқу пәнінің ірі бөлімін жабу бойынша жүргізіледі.
Қорытынды бақылау резидентура тыңдаушыларының оқу жетістіктерін оқу пәндерін жабу бойынша жүргізіледі.
26. Қорытынды бақылау білім алушылардың оқу жетістіктерін әр пән бойынша жіберілу рейтингісі бағасынан құралған, қорытынды бақылаудың бағасын құрайтын жиынтығынан, емтихандық бағадан, қорытынды бағасын анықтайды. Үлгерімін ағымдық бақылау бағасы мен аралық бақылау бағасынан рейтінгке жіберілу бағасы қойылады. Рейтингке жіберілу бағасы пән бойынша оқу жетістігінің қорытынды бағасының 60 %-дан кем емес үлесін құрайды. Қорытынды бақылаудың бағасы қазіргі пәннің бағасы бойынша қорытынды бағаның 30% пайыздан кем емес бөлігін құрайды.
Білім алушы қорытынды бақылау бойынша (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған жағдайда, пән бойынша қорытынды бағасы есептелмейді.
27. Резидентура тындаушыларын аралық аттестациялау - мамандықтың жұмыс оқу жоспарына сай және академиялық күнтізбе бойынша білім алушылардың бағдарламаның белгілі бір бөлігін меңгеруін бағалауға бағытталған білім және ғылым мекемесіндегі академиялық мерзімнің аяқталуына сәйкес өткізілетін бақылау.
Білім және ғылым ұйымы тарапынан курстан курсқа көшіру үшін курстың ортасында білім алушыны келесі курсқа көшіруге рұқсат беретін үлгерімнің ең аз орташа баллдың шамасы болып табылатын көшіру балы белгіленеді.
Курстың бағдарламаларын толықтай көлемде орындаған, бірақ көшірілу балын алмаған, резидентура тыңдаушысына, орташа үлгерім балын (GPA) көтеру мақсатында, бөлек пәндерді жазғы семестрде қайта оқуға және сол пәндер бойынша емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.  
Жазғы семестрдің көшіру балы нәтижесі есебімен, оқу жылының қорытындысы бойынша алмаған, резидентура тыңдаушысы, қайта оқу курсына қалдырылады.
Қайта оқу курсына қалдырылған резидентура тыңдаушысы бұрын қабылданған жеке оқу жоспарымен оқиды немесе жаңа оқу жоспарын қалыптастырады.
Қайта оқу курсына қалдырылған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын, резидентура тыңдаушысы, келесі оқу кезеңінде мемлекеттік білім беру стипендиясынан айырылады.
28. Білім алушыға пән бойынша қорытынды бақылау, аралық аттестаттау бағасына арыздануға құқық беріледі. Осы мақсатта қайта қаралатын пәнге бейіндік біліктілігі сәйкес келетін, оқытушылар құрамынан аппелияциялық комиссия құрылады.  
29. Резидентурада даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысы, жұмыс берушілердің есебінен және заңмен тыйым салынбаған басқа да дереккөздер аясында жүзеге асырылады.  
Ұйым қаражат есебінен оқуды өткен, жұмысшы, жеке еңбек шартында келісілген жақпен сол ұйымда мерзімін өтейді. Жұмысшы бастамасымен немесе жұмысшы кінәлі болғандықтан ұйымның бастамасымен жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда, жұмысшы, өтелмеген мерзімнің аяқталмаған үйлесімді және оның оқуымен байланысты ұйымның шығынын толықтай төлейді.
30. Азаматтарды резидентураға қабылдау тәртібі білім беру саласындағы алқалы органмен бекітілген, білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау Үлгілік ережелеріне, жоғары оқу орнан кейінгі білім беру кәсіби оқу бағдарламаларына сәйкес белгіленеді. Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниетті тұлғалардың, алдыңғы білім деңгейі- базалық медициналық білім немесе жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.
31. Резидентурада оқу күндізгі түрде жүзеге асырылады, оқу мерзімі екі жылдан төрт жылға дейінгі уақытты құрайды. Резилентурада оқу академиялық демалыста ұзартылады.  
Академиялық демалыс резидентура тыңдаушыларына Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің бекітілген бұйрығына, білім беруді ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру Ережесіне сәйкес беріледі.
Резидентурада оқу мерзімі дәрігер еңбек өтіліне және мамандық бойынша еңбек өтілі ретінде есептеледі.
32. Резидентура тыңдаушыларын бір ұйымнан басқа ұйымға ауыстыру білім және ғылым ұйымы жетекшілерінің келісімі арқылы, резидентура тыңдаушыларын жіберген тараптың өтініші немесе келісімі бойынша, қабылдайтын білім және ғылым ұйымымен бекітілген өту баллын алған аралық аттестация нәтижелері бойынша демалыс мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
33. Аралық аттестаттау нәтижесі бойынша өту балын алған, резидентура тыңдаушысын, қалған оқу мерзімін ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орынға оқуға көшіру, білім және ғылым ұйымы басшысы бекіткен бұйрықпен жүзеге асырылады.
34. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын резидентура тыңдаушыларына, Қазақстан Республикасы Үкметі бекіткен көлемде барлық оқу мерзіміне мемлекеттік стипендия қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, стипендия оқуға қабылданған күннен бастап төленеді.
Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясы немесе аралық аттестация нәтижелері бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаларға сәйкес келетін баға баламаларын алған резидентура тыңдаушыларына тағайындалып, білім алушылардың емтихан сессиясынан немесе аралық аттестациясынан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап семестр аяқталатын айдың соңғы күніне (айдың соңғы күнін қоса алғанда) дейін ай сайын төленеді.
35. Резидентура тыңдаушыларына жыл сайын демалыс беріледі. Демалыс ұзақтығы оқу жылы ішінде 7 аптандан кем емес, бітіруші курсқа – 4 аптадан кем емес уақытты құрауы керек.
36. Білім беру бағдарламалары сапасы үшін мемлекеттік бақылау қорытынды аттестаттау түрінде жүзеге асырылады.  
Қорытынды аттестаттау резидентура тыңдаушыларының сәйкестендірілген мамандықты меңгеру барысында білімін, ептілігін, дағдыларын және құзыреттілігін тексеруге бағытталған.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жеке оқу жоспарының барлық талаптарын толықтай орындаған резидентура тыңдаушылары жіберіледі. 
Жеке оқу жоспарына қойылған талаптарды толықтай орындамаған, бітіруші курстың резидентура тыңдаушысы, жазғы семестрді өтпеген негізде, ақылы негізде қайта оқу жылына қалдырылады.
Қорытынды аттестаттау білім және ғылым ұйымдары басшыларының алқалы органының шешімі түрінде жүргізіледі.  
Резидентура тыңдаушыларына қорытынды аттестаттауды жүргізу үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады (бұдан әрі - МАК).  
МАК сандық құрамын білім және ғылым ұйымдарымен мамандықтары бойынша білім алған бітірушілердің контингентімен өз алдына анықтайды, және үш мүшеден кем емес қосады.
МАК төрағасы профессорлар құрамы, доцент және оқытушы, жоғары біліктілігі ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар, сол ұйымда жұмыс істемейтін, бітіруші мамандардың бейініне сәйкестендірілген мамандар арасынан тағайындалады.
МАК жұмысына қатысушы мамандардың бейіні, ғылыми немесе академиялық дәрежесіне немесе базалық білім (диплом бойынша) мамандығына сәйкес анықталады.
МАК құрамына оның мүшелері құқықтарының негізінде резидентура тыңдаушыларының оқу үдерісінің барысын ұйымдастырумен және оны бақылаумен айналысатын құрылымдық бөлімше жетекшісі кіреді. Өзге МАК мүшелері оқу орны даярлайтын мамандардың бейініне сәйкес келетін профессорлар, доценттер, біліктілігі жоғары мамандар және жұмыс берушілер қатарынан құрылады.  
МАК құрамы білім және ғылым ұйымының басшысы бұйрығымен бекітіледі, жыл сайын, 31 желтоқсаннан кеш емес және күнтізбелік жыл ішінде әрекет етеді.  
МАК құзыреттілігіне кіреді:
1) бітіруші маманның практикалық және теориялық деңгейінің, бекітілген кәсіби стандарттар талабымен сәйкестігін тексеру;
2) түлекке мамандық бойынша сәйкестендірілген біліктілігін беру;
4) резидентураны бітіргендігі туралы куәлікті беру туралы шешім қабылдау;
5) алдағы уақытта мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу.
Білім алушыға қорытынды аттестаттаудың бағасы мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің пікірі есебімен және балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша көрсеткен білімімен қойылады.  
Қорытынды аттестаттаудың әр түрі бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша өз алдына баға қойылады.  
37. Қорытынды аттестаттауды оң бағаға көтеру мақсатында қайта тапсыруға болмайды.  
Қорытынды аттестациядан өтпеген тұлға бір жылдан соң (бірақ келесі оқу жылының қорытынды аттестациясы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей) білім және ғылым ұйымы жетекшісінің атына қорытынды аттестациядан қайта өтуге рұқсат алу туралы өтініш жазады. Қорытынды аттестациядан қайта өтуге арналған рұқсат білім және ғылым ұйымы жетекшісінің бұйрығымен рәсімделеді.
Қорытынды аттестаттауды қайта тапсыру тек алдағы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда ғана жүргізіледі.  
38. Қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша резидентура тыңдаушысына сәйкестендірілген мамандық бойынша дәрігер біліктілігі және резидентураны бітіргендігі туралы куәлік беріледі.  
39. Резидентура тыңдаушысын оқудан шығару:
1) өз еркімен;
2) Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытынды-анықтамасы негізінде денсаулық жағдайына байланысты;
3) басқа білім және ғылым ұйымына ауысуына байланысты;
4) жеке оқу жоспарын орындамағаны үшін;
5) зұйымның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін;
6) шарт талабын орындамағаны үшін;
7) қайтыс болуына байланысты
8) Сәйкестендірілген мамандық бойынша біліктілікті меңгеру және Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсыруына байланысты жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында білім алған, резидентурадан өз еркімен, жеке оқу жоспарын орындамағаны үшін, ұйымның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін шығарылған тұлға, оның даярлығына және стипендиялық қамтамасыз етілуіне жұмсалған қаражатты өтейді.
40. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер, білім және ғылым ұйымдары басшыларының алқалы органымен шешіледі.
Резидентура туралы
Ережеге 1 Қосымша
Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкестендірілген, білім алушылардың оқу жетістіктерін әріптік бақылау жүйесі
  

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдың сандық эквивалент і



%- дық мазмұн

Дәстүрлі жүйеде бағалау

А

4,0

95-100

Үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз