• Мое избранное
«Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервін пайдалану жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервін пайдалану жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервін пайдалану жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 12)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген (№ 103381 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің 16-тармағының 6)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервін пайдалану жөніндегі мемлекеттік норматив бекітілсін.
2. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Жайымбетов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті Төрағасының
2016 жылғы ___________№ ______
бұйрығымен бекітілген
Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервін пайдалану жөніндегі мемлекеттік норматив  
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервін пайдалану жөніндегі мемлекеттік норматив» (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік норматив болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервін пайдалану жөніндегі негізгі әдістемелік ережелерден тұрады.
3. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резерві – қажеттілігі жұмыс құжаттамасын әзірлеу үрдісінде немесе бекітілген жобада көзделген объектілер (жұмыс түрлері) бойынша құрылыстың жобалық шешімдерін не талаптарын нақтылау нәтижесінде құрылыс барысында туындайтын жұмыстар мен шығындардың құнын өтеуге арналған қаражат сомасы;
2) сметалық құн – құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде мемлекеттік сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын объекті құрылысының құны;
3) сметалық құжаттама – құрылыстың сметалық құнын айқындайтын құрылыс жобасы құрамындағы құжаттама;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысын және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
2. Негізгі ережелер
4. Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резерві мақсаты бойынша және бекітілген жобамен көзделген ғимараттар мен құрылыстарды салуға ғана пайдалануға жатады.  
5. Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резерві мынадай жағдайларда:
5.1 жұмыс құжаттамасын әзірлеу үрдісінде немесе бекітілген жобамен салыстырғанда құрылыс барысында көлемдік-жоспарлау, конструктивтік, технологиялық шешімдерді белгіленген тәртіппен тапсырыс берушінің өзгертуі/нақтылауы есебінен құрылыс объектісі бойынша жұмыстар мен шығындардың сметалық құнын ұлғайту;
5.2 жұмыстар мен шығыстардың көлемдері мен құнын ұлғайту, оларды орындау көлемдері, сипаттамасы мен әдістері жобалау кезінде дәл анықталуы мүмкін емес және құрылыс үрдісінде нақтыланады;
5.3 құрылыс үрдісінде бекітілген (сараптамадан өткен) жобалау-сметалық құжаттамасында қателіктерді табу және жұмыс сызбаларында және/немесе сметасында есепке алынбаған жұмыстар мен шығындарды анықтау кезінде;
5.4 егер, осы мақсаттарға арналған қаражат инвестициялық жобаны жоспарлаудың және іске асырудың бұрынғы сатыларында жоспарланбаған болса, жеке сметалық нормаларды, технологиялық карталарды және арнайы техникалық талаптарды әзірлеудің қажеттілігі кезінде (БИЖ/МИЖ);
5.5 егер, осы мақсаттарға арналған қаражат инвестициялық жобаны жоспарлаудың және іске асырудың бұрынғы сатыларында жоспарланбаған болса, жобалау жұмыстарына көзделмеген/есепке алынбаған нормалармен жобалау ұйымдарының қосымша қызметтерін төлеу қажеттілігі кезінде (БИЖ/МИЖ);
5.6 ҚР АК (Ерекше бөлім) 621-бабының 5-тармағының 2-абзацымен және 655-бабымен көзделген жағдайларда жобаның бекітілген сметалық құны шегінде құрылысқа арналған қосымша шығындарды өтеуге арналған.
6. Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервін пайдалану:
6.1 Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резерві осы резервтен қаражатты пайдалану қажеттілігінің әрбір жағдайы үшін жеке рәсімделетін, жобаны бекіткен/бекітетін органның/ұйымның ресми рұқсатымен пайдаланылады.  
Бұл ретте, жобаны бекіткен/бекітетін органның/ұйымның қарауына мынадай құжаттар ұсынылады және жасалады:
- резервтен қаражатты пайдаланудың қажеттілігін қысқаша сипаттаумен және сұрау салынатын соманы көрсетумен жобаны бекіткен/бекітетін органға/ұйымға Тапсырыс берушінің және/немесе Мердігердің жүгінуі;
- резервтен қаражатты және сұрау салынатын соманы пайдалану қажеттілігін негіздеумен түсіндірме жазба;
- бекітілген жобамен салыстырғанда оған өзгерістер/нақтылаулар енгізілетін жұмыс құжаттамасының бөлімдері мен жиындары (осы Мемлекеттік нормативтің 5.1-тармақшасы бойынша жағдай үшін – міндетті тәртіппен, 5.2 және 5.3-тармақшалары бойынша жағдайлар үшін – қажеттілік бойынша);  
- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуші жобалау ұйымы жасайтын қосымша жұмыстар мен шығындарға арналған сметалық есептер;
- жеке сметалық нормаларды, технологиялық карталарды және арнайы техникалық талаптарды әзірлеу құнының есебі (осы Мемлекеттік нормативтің 5.4-тармақшасы бойынша жағдай үшін);
- тапсырыс берушінің, жобалау ұйымының (жоба авторының) және мердігердің өкілдерінің қатысуымен рәсімделетін негіздеу актілері;
- әрбір нақты жағдай үшін өзге де қажетті құжаттар (тапсырыс берушінің резервінен қаражатты пайдалануды талап ететін жағдаяттарға байланысты), олардың негізінде болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс берушінің қаражаты резервінен сұрау салынатын соманы пайдалануға рұқсат туралы жобаны бекіткен/бекітетін органның/ұйымның бұйрығы/өкімі/шешімі шығарылады.  
6.2. Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервінен соманы пайдалану осы Мемлекеттік нормативтің 5.4-тармақшасы бойынша жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуларға арналған қайта/қосымша конкурсты өткізуді талап етпейді. Бұл үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына 5.4-тармақшасы бойынша жағдайды қоспағанда, осы Мемлекеттік нормативтің 5-тармағымен көзделген жағдайларда болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резвері шегінде шарт бағасын өзгерту/ұлғайту мүмкіндігі туралы тармақ енгізіледі.  
Осы резервті пайдаланудың қажеттілігі және тиісті негіздеу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 45-бабы 2-тармағының 3)тармақшасы негізінде мердігер шартына қосымша келісім рәсімделеді.
6.3. Осы Мемлекеттік нормативтің 5.1, 5.2 және 5.5-тармақшаларымен көзделген жағдайларда болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс берушінің резервінен қаражатты пайдалану әдеттегідей тәртіппен осы Мемлекеттік нормативтің 6.1 және 6.2-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.  
6.4. Бекітілген (сараптамадан өткен) жобалау-сметалық құжаттамасында құрылыс үрдісінде қателіктерді табу және жұмыс сызбаларында және/немесе сметада есепке алынбаған жұмыстар мен шығындарды анықтау кезінде (осы Мемлекеттік нормативтің 5.3-тармақшасы бойынша жағдай):
- тапсырыс берушінің, сараптама ұйымының, жобалау ұйымының және мердігердің уәкілетті өкілдерінің қатысуымен бастамашылық жасаушы тараптың жүгіну хатын және негіздеуші есептерін қарастыру негізінде қателіктерді табу/растау хаттамасы жасалады;
- жұмыс сызбаларында және/немесе сметада есепке алынбаған жұмыстар және шығындар құнын өтеу ынтымақты жауапкершілік тәртібімен жүргізіледі: үштен бірі – болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резерві есебінен; үштен бірі – жобалау ұйымының есебінен; үштен бірі – сараптама ұйымының есебінен.
6.5. Жеке сметалық нормаларды, технологиялық карталарды және арнайы техникалық талаптарды әзірлеудің қажеттілігі кезінде (осы Мемлекеттік нормативтің 5.5-тармақшасы бойынша жағдай) осындай нормативтерді әзірлеудің тәжірибесі бар ғылыми-зерттеу және мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен тиісті нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге арналған мемлекеттік сатып алуға қосымша конкурс өткізіледі. Осы мақсатқа арналған шығындар лимиті Заңның 20-бабының 23-16)тармақшасына сәйкес бекітілетін нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеудің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес айқындалады.  
6.6. ҚР АК (Ерекше бөлім) 621-бабы 5-тармағының 2-абзацымен және 655-бабымен көзделген жағдайларда (осы Мемлекеттік нормативтің 5.6-тармақшасы):
- тапсырыс беруші аяқталмаған құрылыстың нақты техникалық жай-күйін және мердігердің бухгалтерлік есебі деректері бойынша объектіні салуға арналған мердігердің нақты шығындарын белгілеумен техникалық-экономикалық аудит жүргізеді. Орындалған жұмыстар актілері және аудит растаған мердігердің нақты шығындары негізінде аяқталмаған құрылысты құндық бағалау жүргізіледі. Құжаттарды ұсыну күніне дейін 1 (бір) айдан ерте емес, түсірілген объектінің нақты жай-күйі туралы толық көріністі беретін фото немесе видеотүсірулердің материалдарын қоса алғанда, аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы құжаттамалық мәліметтер жасалады.
- өтеуге жұмыстардың орындалған көлеміне арналған ресурстардың нормативтік шығысы шегінде мердігердің нақты шынайы шығындары ғана қабылданады. Мердігердің нормативтен тыс шығындары/шығасы (жұмысшылардың еңбек шығындары, машиналар мен механизмдерді пайдалану уақыты бойынша, материалдық ресурстардың шығысы бойынша) оның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатады және өтеуге қабылданбайды. Сондай-ақ, делдалдық ұйымдардың және ұтымды емес логистика қызметтерін пайдалану есебінен материалдық ресурстардың қымбаттауы өтеуге қабылданбайды;  
7. Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс берушінің қаражаты резервінің пайдаланылмаған бөлігі бюджетке қайтаруға жатады.
8. Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс берушінің қаражаты резервінің жетіспеуі жағдайында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ, бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының рәсімдеріне сәйкес ТЭН/ЖСҚ түзету туралы мәселе шығарылады.  
«Болжанбаған жұмыстарға және шығындарға арналған тапсырыс беруші қаражатының резервін пайдалану жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2016 жылғы «___»_______ №____ бұйрығына анықтама-негіздеме

Көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 12)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің 16-тармағының 6)тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акті неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 28 қазанындағы Заңын жүзеге асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17- тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің азаюын көздей ме?

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет



8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер



8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Жоқ

9

Сараптамалық қорытындылар ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін)



Басқарма басшысының м.а. И. Тулесов