• Мое избранное
«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
1. Заң жобасының атауы
«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Заң жобасын әзірлеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту қажеттілігімен байланысты, оның ішінде қатынастарды құқықтық реттеудегі кемістіктерді, қайшылықтарды жою үшін әзірленген.
Осыған байланысты мынадай өзгерістерді көздеу қажет.
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру әрбір азамат жарналар және/немесе аударымдар төлеуді өзі немесе үшінші адамның жүргізуі тиіс деген қағидатты болжамдайды.
Осыған байланысты «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) «қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар» анықтамасын «олар үшін жарналар мемлекеттен түсетін адамдар» анықтамасына ауыстыру қажет.
Көрсетілген қағидатты ескере отырып, олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) жарналар түсетін адамдар тізбесі нақтылауды талап етеді, сондықтан жұмыс берушілер олар бойынша Қорға жарналар төлеуден босатылады.
Сонымен, МӘМС туралы Заңмен техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқыту аяқталған жылдан кейінгі жылдың күнтізбелік он екі айы аяқталғанға дейін оқитын адамдар МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы бар адамдар санатына жататыны көзделген. Бұл ретте бұл адамдар үшін жарналар немесе аударымдар төлеу бойынша міндеттеме төлеушілердің ешқайсысына көзделмеген.
Осыған байланысты, адамдардың аталған санатын олар үшін Қорға жарналар төлеуші мемлекет болып табылатын адамдар тізбесіне қосу ұсынылып отыр. Одан басқа, аталған адамдар тізбесі резидентура нысанындағы ғана оқытуды алып тастау арқылы кеңейтіледі. Алайда, бюджеттің мүмкіндіктерін және түлектерді жұмысқа орналастыруына ынталандыруды ескере отырып, олар үшін жарналарды оқыту аяқталған айдан кейінгі алты күнтізбелік ай ішінде мемлекеттің төлеуі ұсынылып отыр.
Олар үшін Қорға жарналар мемлекеттен түсетін адамдар санатын кеңейту сондай-ақ осы санатқа 18 жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарды, бір жыл ішінде жұмыс істемейтін оралмандарды қосу арқылы жүзеге асырылатын болады
Сондай-ақ аударымдар мен жарналарды төлеушілер тізбесін әскери қызметшілерді, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, мынадай негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметшілермен толықтыру қажет.
Сонымен, МӘМС туралы Заңмен төлеушілер ретінде Еңбек кодексінің 1-бабының 43) тармақшасына сәйкес жеке тұлға болып табылатын, жұмыс берушімен еңбек қатынастарындағы және жұмысты тікелей еңбек шарты бойынша орындайтын жұмыскерлер көзделген.
Бұл ретте «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туралы» Заңның 1-бабының 12) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің жұмыскерлер санатына жатпайтынын ескере отырып, бұл адамдар санатын көздеу қажет.
МӘМС туралы Заңға олар үшін жарналар және/немесе аударымдар түскен жағдайда мынадай адамдар үшін Қорға мемлекет жарналарының түсімін тоқтатуға қатысты нақтылайтын норманы енгізу қажет:
1) орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар;
2) орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқыту аяқталған айдан кейін күнтізбелік алты ай ішінде оқытуды аяқтаған адамдар;
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
4) жұмыс істемейтін оралмандар.
2. Жарналар мен аударымдарды төлеудің міндеттілігі қағидатын және МӘМС жүйесінде медициналық көмекпен барынша қамтуды қамтасыз ету мақсатында Қорға жарналар төлеушілер тізбесін мынадай адамдармен толықтыру қажет:
1) МӘМС туралы Заңмен олар үшін жарналар мемлекеттен түсетін және жарналарды төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, жұмыс күші тобының құрамына кірмейтін адамдар. «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен «жұмыс күші тобының құрамына кірмейтін адамдар» ұғымының енгізілуін ескере отырып, бұл адамдар санатын МӘМС жүйесіне тарту қажет. Адамдардың бұл санатына, мысалға, үй шаруасындағы әйелдер, өзі тұтыну үшін өндіріспен қамтылған адамдар жатады. Олар үшін жарналар төлеу отағасы, отбасының басқа мүшелері кірісінің есебінен немесе басқа көздерден жүзеге асырылуы мүмкін, олар үшін жарналар жарналардың 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2%, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 3%, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 7% мөлшерлемесіне сәйкес есептеледі. Жарналарды есептеу объектісі жалақының ең төмеңгі мөлшері болып табылады;
2) ҚР-да халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, ҚР-да аккредиттелген, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар. Адамдардың аталған санатының қызметтері үшін ақы ретінде кірістері немесе жалақысы бар, бұл ретте олардың МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы жоқ. Олар МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығын алу үшін уәкілетті орган айқындайтын аударымдар мен жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есептеген кірістерден жүзеге асырылатын болады. Олардың мөлшерлемелері және жарналарды төлеу мерзімдері жұмыс күші тобына кірмейтін адамдар үшін ұсынылған шарттарға ұқсас болады;
3) Қазақстан Республикасынан тыс заңнамамен белгіленген тәртіппен тұрақты тұрғылықты жерге кеткен адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жұмыс істейтін азаматтар, олар үшін жарналар тиісті қаржы жылына республикалық заңнамамен белгіленген кіріске сәйкес, бірақ ең төменгі жалақының мөлшерінен кем емес есептеліп, аударылады, жарналардың мөлшерлемелері және төлеу мерзімдері жұмыс күші тобына кірмейтін адамдар үшін ұсынылған шарттарға ұқсас болады.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, төлеушілер ретінде банкроттық, оңалту үрдісіндегі кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін, сондай-ақ ұзақ ақша төленбейтін демалыстардағы жұмыскерлер үшін жарналар мен аударымдарды төлеу туралы ережелер енгізілуі тиіс. Осындай кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін аударымдар мен жарналардың мөлшерлемері жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін қолданыстағы аударымдар мен жарналардың мөлшерлемеріне ұқсас. Алайда, кәсіпорындардың қаржы жағдайын ескере отырып, есептеу объектісі жалақының ең төменгі мөлшерін қабылдайды.  
Бір мезгілде уақытша ұстау изоляторындағы адамдарды мынадай негіздемелер бойынша олар үшін Қорға жарналар мемлекеттен түсетін адамдар санатынан алып тастау ұсынылып отыр.
Сонымен, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңның 2-бабының 12) тармақшасына сәйкес уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі – УҰИ) – қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды күзетпен ұстауға арналған арнаулы мекеме. Қылмысты-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК) 128-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды ұстап алу мерзімі нақты ұстап алған кезден бастап есептеледі және жетпіс екі сағаттан аспауға тиіс. Бұл ретте ҚПК-нің 147-бабының негізінде прокуратура органдары күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау өтінішхатын қолдау туралы мәселені шешу кезінде осы өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күдіктіні күзетпен ұстау үшін негіздемелер болмағандықтан босату туралы шешім қабылдауы мүмкін. Оған қоса, судья күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, күдікті тергеу изоляторына кідіріссіз айдалады, онда ҚПК-нің талаптарына сәйкес ұстау мерзімдері 18 айға дейін жетуі мүмкін. Осылайша, адамның УҰИ-да қысқа мерзімді болуын ескере отырып, адамдардың бұл санатын Қорға жарналар төлеу міндетінен босатып, бұл міндетті мемлекетке жүктеу тиімсіз.  
3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 88-бабының 5-тармағына сәйкес Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) алуға құқығы бар.
«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады. Осыған байланысты, ҚР-ның аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР азаматтарымен әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріндегі бірдей жағдайын ескере отырып, оларға ТМККК және МӘМС алуда Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтар беру ұсынылып отыр.
Осылайша, ТМККК шеңберінде медициналық көмек алу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтары сияқты оларды алуға құқықты иеленетін болады. Бұл ретте, олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асыратын санатқа жатқызалатын болса, олар үшін мемлекет төлейтін болады.  
4. Кодекске және бірқатар заңнамалық актілерге тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін мемлекеттік қызметшілердің және азаматтардың жекелеген санаттарына ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсетуге қатысты нақтылайтын түзетулер енгізу қажет.
ТМККК шеңберінде медициналық көмек бюджет қаражатының есебінен нысаналы ағымдағы трансферттерді енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады. МӘМС шеңберінде адамдардың бұл санаты үшін медициналық көмек бюджет қаражатының есебінен оларды Қорға жарналар ретінде енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Қор, өз кезегінде, мемлекет есебінен жүзеге асырылатын, шығыстардың жекелеген түрлерін және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектен артық медициналық көмекті (санаторлы-курорттық емделу, кәсіби тексеріп-қарау және басқалар) қоспағанда, көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуді оларды көрсету фактісі бойынша жүзеге асыратын болады.
Бұл ретте, көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен көлемдерін ҚР Президентінің Іс басқармасы бекітетін болады.  
5. МӘМС туралы Заңның 20-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен күтпеген шығыстарды жабу үшін резервтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалыптастыруға міндетті. Сонымен бірге, заңнамамен аталған резервті пайдалану тәртібі көзделмеген, бұл заңнамадағы кемістік болып табылады.
Осыған байланысты, МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша шығыстарға ақы төлеу Қордың қаржылық орнықтылығымен оның қызметін мемлекеттік реттеу арқылы қамтамасыз етілетінін ескере отырып, Үкіметтің Қордың шығыстарды жабу үшін резервтерін пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзыретін енгізу қажет.
6. МӘМС жүйесін енгізумен байланысты әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ бұл санаттың зейнеткерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету мәселесін реттеу талап етілетін болады.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңдармен бұл санаттарды, оның ішінде зейнеткерлерді және оларың отбасы мүшелерін мемлекеттің есебінен медициналық қамтасыз ету көзделген.
Осыған байланысты қолданыстағы тетікті сақтап қалу ұсынылып отыр, оған сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне медициналық көмек әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) мемлекеттің есебінен жүзеге асырылатын болады.  
Бұл ретте қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша тиісті медициналық ұйымдар болмаған кезде немесе оларда тиісті бөлімдер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын болады.  
Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін шығыстарына ақы төлеуді Қор көрсетілген қызметтер фактісі бойынша жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін медициналық көмек көрсеткені үшін шығыстарына ақы төлеуі үшін Қордың шығындарын өтеу ТМККК шеңберінде, сондай-ақ МӘМС-та денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға (бюджеттік бағдарламар әкімшілері) көзделген бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (офицерлік құрам) отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, сондай-ақ әскери қызметте болудың шектi жасына жетуі бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған адамдарға, әскери қызметтің міндеттерін орындаумен байланысты ауруға шалдыққан, сондай-ақ 20 және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдарға медициналық көмекті әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар), сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілері де ұсынатын болады.
Әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың) және денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін шығыстарына ақы төлеуді Қор көрсетілген қызметтер фактісі бойынша жүзеге асырады.
Бұл ретте әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне, заңмен белгіленген жағдайларда, мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының курсанттарына, әскери қызметте болудың шектi жасына жетуі бойынша әскери қызметтен шығарылған, жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдарға, ҚР Үкіметі айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсетілімдері болған жағдайда, мемлекеттің есебінен санаторлы-курорттық емделу берілетінін атап өту қажет.
Қызметтің бұл түрін Қор өтемейді, ол қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттің есебінен жүзене асырылатын болады.
Көрсетілген адамдар санаты жұмысының жүріп-тұру сипатын, сондай-ақ әскери қызметшілердің қызметін шекара заставаларында, алшақ аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда өткеруін ескере отырып, әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, олардың қарамағындағы адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оларды Қорға жарналар төлеуден босату және бұл міндетті мемлекетке бекіту үшін «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Заңымен оларды жұмыссыз ретінде тіркеудің ықшамдалған тәртібін халықтың қамтамасыз етілуі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда айқындау ұсынылып отыр.  
Сонымен, жоғарыда көрсетілген адамдар отбасы мүшелерінің тізімдері Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп түскен кезде оларды жұмыссыз ретінде тіркеу тездетілген тәртіппен жүзеге асырылады.