• Мое избранное
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10493 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 3-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұйрықтың баспа және электрондық түрдегі көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
«КЕЛІСІЛДІ »: 
Қазақстан Республикасы ның 
Ұлттық экономика министрі 
________________ Қ. Бишімбаев 
201 6 жылғы « __ » ___________
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2016 жылғы «____» _______
№ _______ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестицияларжәне даму министрінің
2015 жылғы 30қаңтардағы
№ 88 бұйрығына 2-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары
  

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

Ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық зерттеу

1 ақпараттық жүйе*

2 633 006, 25

2 948 967

2.

Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялықжелілерін, сондай-ақмемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес жүйелерді қорғауды қамтамасыз етудің мониторингі

1 қызмет**

60 067 013,39

67 275 055

3.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізуді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізу

1 ақпараттық жүйе*

853 498, 21

955 918

4.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзін техникалық сүйемелдеу

1 қызмет**

41 634 660,71

46 630 820

5.

Ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеу

1 қызмет**

205 074 450,8 9

229 683 385

6.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесініңақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

89 854

100 637

7.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған техникалық тапсырманың, инвестициялық ұсыныстың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

44 753

50 123

Ескертулер:
*Аумақтық бөлінген ақпараттық жүйені тексерген кезде көрсетілетін қызметтердің құнына белгіленген тарифке қызметтік іссапарлардың өтемақы сомалары қосымша енгізіледі.
**Қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2016 жылғы «____» ________
№ _______ бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 88 бұйрығына 3-қосымша
Байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары
 

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1.

Радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, уәкілетті орган байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасын бақылауды жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету

1 көрсетілетін қызмет*

364 519 191,07

408 261 494

2.

Халықаралық электр байланысы одағында Қазақстан Республикасының орбиталық-жиіліктік ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу

1 көрсетілетін қызмет*

133 418 518,75

149 428 741

3.

Қазақстан Республикасы ның телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесін техникалық сүйемелдеу

1 көрсетілетін қызмет*

746 464 369,64

836 040 094

4.

Радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу:









ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станциялары (1 типтік станция);

сымсыз радиоқолжетімділік жүйелерінің стационарлық (базалық) станциялары (WLL (1 радиожиілікті беру)

1 көрсетілетін қызмет

20 868, 75

23 373





ультрақысқа толқынды радиобайланысқа арналған стационарлық қабылдау - тарату радиоэлектрондық құралдары;

транкингтік радиобайланыс жүйесіне арналған қабылдау - тарату радиоэлектрондық құралдары;

радиотелеметрияға арналған стационарлық (базалық) қабылдау - тарату станциялары;

ұзын толқынды, орташа толқынды, қысқа толқынды диапазонға арналған стационарлық радиоэлектрондық құралдары (бір станцияға бір радиожиілік (радиоарна) үшін)

1 көрсетілетін қызмет

18 008, 93

20 170





р адиорелелік станциялар (1 станция 1 жиілікті беру)

1 көрсетілетін қызмет

16 156, 25

18 095





ж ерсеріктік байланыстың стационарлық (жердегі) станциялары (1 станция)

1 көрсетілетін қызмет

22 071,43

24 720





мыналардың: телевизиялық хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардың; эфир-кәбілдік телевизия станцияларының; дыбыстық (радио) хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардың (1 радиожиілік/ телевизиялық арна 1 мультиплекс) электр магниттік үйлесімділігін есептеуді және жиіліктік-аумақтық жоспарлауды жүргізу

1 көрсетілетін қызмет

20 725,89

23 213





Э лектромаганиттік үйлесімділік сараптама қорытындысының телнұсқасын беру

1 көрсетілетін қызмет

976, 79

1 094

5.

Ұялы байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру

бір айда 1 көрсетілетін қызмет

8 743 722,32

9 792 969

6.

Тіркелген байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру

бір айда 1 көрсетілетін қызмет

1 096 773,22

1 228 386

Ескерту:
*Қызметтер байланыс және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті органның ведомствосына көрсетіледі.
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы « » № бұйрығына анықтама – негіздеме
 

р / с



Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның анықтамасы

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ақпарат және комуникациялар министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2-тармағына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Мемлекеттік монополия субъектісінің бағаларына сараптау

Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрлігінің Табиғи

монополияларды реттеу және

бәсекелестікті қорғау комитетімен

жүргізілді. 2016 жылғы 30

маусымындағы № 38-06-20/6931, 2016 жылғы 19

шілдедегі № 34-5-23/1376

қорытындылар.

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Электрондық құжат және

Электрондық цифрлық қолтаңба,

ақпараттандыру және байланыс

салаларындағы мемлекеттік

монополия субъектісі жүзеге

асыратын қызметтердің

бағаларын бекіту туралы» 2015жылғы

30 қаңтардағы № 88 Қазақстан

Республикасы Инвестициялар

және даму министрінің бұйрығы

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында , интернет - ресурстарды қоса алғанда , жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің www.miс.gov.kz ресми сайты және интранет-порталында орналастырылған

8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Көздемейді



9.

Сараптамалық қорытынды бермеген кәсіпкерлердің тіркелген бірлестіктері тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін)



Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Заң департаментінің директоры