• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының ғылым туралы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасыныңм Заң жобасына тұжырымдама жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының ғылым туралы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасыныңм Заң жобасына тұжырымдама жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасының ғылым туралы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Заң жобасының аталымы
ҚазақстанРеспубликасыныңкейбірзаңнамалықактілерінеғылыммәселелерібойыншаөзгерістер мен толықтыруларенгізутуралы
2. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігін негіздеу.
2011 жылы ҚР «Ғылым туралы» Заңы қабылданып, елімізде ғылымды басқарудың жаңа нұсқасы сапалы түрде енгізілген болатын. Ұлттық ғылыми кеңестер (ҰҒК) және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүйесі (ҰҒТС) құрылды.  
Осы Заңды жүзеге асыру барысында қазақстандық ғалымдардың зерттеулік белседілігі едәуір артты. 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурсқа түскен өтінімдер саны 2,5 есеге өсті. Оның ішінде ғылыми өнімді әлеуетті жеткізушілердің 55%-н жоғары оқу орындары құрады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес бұл өсім оң үрдіске бастауда.  
2011-2015 жылдары қазақстандық жарияланымдар ғылыми ақпараттың әлемдік ағымында 3,5 есеге артты (Thompson Reuters, Web of Science деректері бойынша). Ғылым саласына 18,9 мың зерттеушілер тартылды, осы жылдары олардың саны 39%-ға көбейді. ҚР қолданыстағы «Ғылым туралы» Заңының нормалары қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми кеңістікке бірігумен халықаралық деңгейге шығуына мүмкіндік жасайтынын айта кеткен жөн.  
Ғылым саласындағы мемлекеттік саясат білімді барынша алуға ынталандыруға, тудыруға, технологияға аударуға және оны Қазақстан экономикасының шынайы секторына беруге бағытталуы тиіс. Бұл мақсатқа қол жеткізбей, Қазақстан экономикасы салаларының тиімді дамуы туралы айтып та қажеті жоқ. Осыдан барып мемлекет бұл мақсатқа қол жеткізу процестеріне әсер етуші негізгі факторлар бойынша шараларды қолға алып отыр:  
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілгенҚазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жалғасы болып табылатын Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 874 Жарлығымен бекітілді;  
- Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына бағытталған ғылыми саланың негізгі құрамдас бөлігі ретінде реттеп отыратын «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №381-V Заңы қабылданды.  
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы. 29.10.2015 жылғы жағдай бойынша:  
2011 жылы қабылданған ҚР «Ғылым туралы» Заңының кейбір ережелері Қазақстан Республикасының осы нормативті құқықтық актілеріне сәйкес келмейді, оған қайшылық танытып, ғылыми-техникалық саладағы мемлекеттік саясаттың басты мақсатына жетуіне – жоғары ғылыми-әдістемелік дәрежеде ғылыми зерттеулер жүргізуге және оларды ары қарай жаңа инновациялық өнім жасау бойынша ғылыми-техникалық зерттемелерде пайдалану арқылы көрнекті нәтижелер алуға және оны экономиканың нақты секторларына беруге мүмкіндік туғызбайды.  
1. Қазақстан Республикасының ғылым саласы алдында тұрған маңызды  
мәселенің бірі ғылымды жеткіліксіз қаржыландыру болып отыр, ғылымды қаржыландыру деңгейі (0,17 ЖІӨ) сын көтермейді – ЖІӨ 1%.  
Анықтамалық: Ғылыми-зерттеу және зерттемелерге жұмсалатын ішкі шығындарды ЖІӨ-нен ғылымға бөлінетін шығындарды салыстырып қарасақ, көптеген ғылыми-зерттеулер мен жобалық-конструкторлық зерттемелердің нәтижесі мемлекеттің инновациялық қызметтін дамытып, ЖІӨ-ге жағымды жағынан ықпал ететінін байқауға болады. Ғылымға қаржы құйған сайын, ЖІӨ жоғарлап, өсе беретіні белгілі. Кері үрдіс барысында ҒЗТКЖ шығыны артқан сайын ЖІӨ өнімінің келемі ұлғайып, ғылым тұрақты, сенімді түрде дамитынын байқауға болады. 2012 жылы ЖІӨ ғылымға қомақты қаржы бөлген бес үздік ел анықталды. Олар – Израиль (3,9%), Финляндия (3,5%), Швеция (3,4%), Дания (3,0%), Германия 2,9%) сынды дамыған елдер. Ал ЮНЕСКО-ның Статистика институтының мәліметінше ҒЗТКЖ-ға ЖІӨ-нен қомақты қаржы бөлеген АҚШ 8 орынға табан тіресе, Қытай 14 орында, Ресей – 25, Ұлыбритания 17, Жапония – 39, Қазақстан – 70 орынға жайғасқанын байқаймыз. (Дереккөзі: UNESCOInstituteforStatistics, 2012.).
2015 жылы Қазақстан Республикасының ҒЗТКЖ мен ғылымды қажетсінетін салаға ЖІӨ-нен бөлген шығындары 0,17%-ды құрады. Соған қарамастан Қазақстанның ғылым саласына бөлінетінін шығындары біршама артқан, бірақ бұл дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Соңғы он жылда ішкі ҒЗТКЖ-ға бөлінетін шығындар тұрақты динамикасын сақтағанымен, ЖІӨ-нен бөлінетін қаржы көлемі біртіндеп төмендегенін байқауға болады. Бұдан ЖІӨ ғылымға қатысы жоқ салалардың үлесінен өсу үстінде.
Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға арналған Инновациялық даму концепциясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы №579 Жарлығына сәйкес 2020 жылы жалпы ішкі өнімнің 2%-ын ғылымға жұмсау көзделген болатын.  
2. Іс-тәжрибеден байқағанымызда ғылыми және ғылыми-техникалық жоба мен бағдарламаларда қаржыландыру барысында ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет нысанысына қаржы уақытында түспейтінін байқауға болады.  
3. Осы ретте қолдану ісіне қатысты сұраққа ерекше назар аударып, ғылыми-зерттеу мен зерттеменің қорытындысы экономиканың нақты секторында қаншалықты пайда әкелетінін ашып көрсету керек. Сондықтан контексте жоспарлау-мониторинг-сараптауды енгізу жүйесін анықтап, ғылыми-зерттеу және зерттеменің тиімділігін айқындау қажет.  
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзегінде теория мен тәжірибені ұштастыра дамытудың түйіне жатуы шарт.  
4. Ғылым мен технологияны дамытуда мемлекет пен жекеменшік әріптестіктің тиімділігін арттырып, мемлекеттік мүлікті тиімді пайдаланып, материалдық емес активті маңызын арттыру қажет.Көрсетілген мәселелермен бірге тиісті құқықтық базаны жаңарту мәселесі де тұр.  
Шетелдік инвесторлар кеңесінің 26-отырысында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев шетелдік инвесторларды елімізде корпоративті ғылыми орталықтар құруға шақырды. Ол Қазақстанда шетелдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпорындардан зерттеулер мен тексерулерге тапсырыс алу инновацияға сұраныс туғызады деп санайды және бұл жағдайды заңмен бекіту мүмкіндігін де қарастырады.  
2.1)Ұлттық ғылыми кеңестердің қалыптасу және жұмыс істеу жүйесін жетілдіру.  
ҰҒК өз құзыреті аясында ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржыландыру формасын және көлемін анықтайды, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуға ұсынылған іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар және бағдарламаларға байқаулық іріктеу жүргізеді. Қаржыландыру көлемін азайту кезінде зерттеулер көлемі толық көлемде сақталуы қажет деп бекітілген, бірақ Ұлттық ғылыми кеңестермен сұратылған сомалардың негізсіз «кесілуі» жобаны (бағдарламаны) қаржыландырудың жеткіліксіздігін білдіреді. Сол себептен ғалымдар зерттеулердің жоспарланған көлемін сапалы түрде орындай алмайды. Мұндай жағдайлар ғалымдарға жобаны ғылыми нәтижелерді тұтас бұрмалап, плагиаттыққа баруға итермелейтін барлық тәсілдер арқылы жобаны орындауға мәжбүрлейді. Ұлттық ғылыми кеңестермен мәлімделген сомаларды тиісті түзету және оларды пайдалану тиімділігін бағалау мақсатында ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін сұратылған сомаларды жасау және бағалау мәселелері, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің жүзеге асырылуы және нәтижелілігі мониторингісі мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттар қажет.Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ЖҒТК-мен анықталған басымдықтар бойынша Жарғысымен бекітіледі. Кеңестер құрамына отандық және шетелдік ғалымдар, министрліктер және ведомстволардың мамандары кіреді. Басымдықтар шеңберінде ҚР БҒМ ҒК байқау жариялайтын тақырыптық бағыттар анықталады. ҰҒК мүшелерінің белгілі бір саланың мамандары болып табылатынын және олардың мамандығының байқауға түскен жобаларға сәйкес келмейтінін айта кеткен жөн. Осыған байланысты ҰҒК мүшелерінің шешім қабылдаудағы біліксіздігін, өз ойын тықпалауды жоюға мүмкіндік жасайтын Ұлттық ғылыми кеңестерді қалыптастыру және жұмыс істеу жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ олардың шешім қабылдаудағы жауапкершілігін арттыру қажет. ҰҒК жұмысын өзгерту, яғни олардың салалық уәкілетті органдар жанындағы салалық Ғылыми кеңестерін қайта жасау ұсынылады. Ғылыми кеңестердің ғылыми зерттеулердің басты бағыттары бойынша жұмысын ұйымдастырумен БҒМ және салалық әкімшіліктер айналысуы қажет. БҒМ-не, ғылым саласындағы уәкілетті орган, БҒМ мемлекеттік органына тәуелсіз – Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру аясындағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды салыстырып, ұсыну тиесілі. Сондай-ақ, заң нормаларын жүзеге асыру аясында Ғылыми кеңестердің Қазақстан Республикасындағы ғана емес, сонымен қатар басқа елдердегі де ғылыми ұйымдармен өзара әрекеттесуі бойынша ережені жасау ұсынылады.
*4 бап. Уәкілетті органның құзіреті.  
17 пунктте келесідей редакция баяндалады: «уәкілетті орган салалық ғылыми ғылыми кеңестердің ережелерін қарастырып, бекітеді»;
17-1 қосымша пунктте) іргелі және қолданбалы ғылымның маңызды бағыттардың тізбесін айқындап, негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуде уәкілетті орган болып саналатын түрлі салалар бойынша Ғылыми кеңестер, ұлттық холдингтер жанындағы Ғылыми кеңестер мен олардың заңды тұлғалары шешім қабылдап, жинақтаған ұсыныстары мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қарайтын Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның қарауына тапсырады.  
2.2) ғылымды қаржыландыру мәселелері амалдарын қайта қарау қажеттігі:
2.2.1 Бюджеттік заңнамаларға сәйкес, жүзеге асырылу тәсіліне қарай бюджеттік бағдарламалар жеке және үлестірмелі болып бөлінеді. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру» 130 бюджеттік бағдарламасы Білім және ғылым министрлігі әкімшілігі болып бекітілген үлестірмелі бағдарлама болып табылады. 
Жыл сайын Ғылым және білім министрлігі республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін Үкімет қаулысының жобасы жасалады, 2016 жылдан бастап – Ғылым және білім министрлігінің 9 министрліктер арасындағы базалық қаржыландыру қаржысын бөлу туралы бұйрығы шығады. Қаржы, нәтижесінде еңбек ақының төленуін кешіктіруге әкеп соғатын, Республикалық бюджеттік комиссия шешімімен министрліктер арасындағы бөлінеді.Сондықтан ұлттық экономика, қаржы, білім және ғылым министрліктеріне республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында әрбір министрлік үшін ғылыми қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша жеке бюджеттік бағдарламаларды қарастыру, сондай-ақ базалық қаржыландыру субъектілерінің санын оңтайландыру ұсынылады.Сонымен қатар қажетті белгілер айқын көрініс тауып, нысаналы базалық қаржыландыруда көрсетілуі тиіс ҚРЗ 25 бапта көрсетілген.
2.2.2 Қазіргі таңда халықаралық тәжірибеде «нәтижесіне бағытталған бюджеттеу» (НББ) деп анықталатын ғылымды қаржыландырудың заманауи бағдарламалық-мақсаттық тұжырымдамасы кеңінен қолданысқа еніп отыр. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оның ішіндетәжірибелік қолданысымен ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған, яғниіргелі зерттеулерді жүргізуге жобаларды іріктеу барысында осы ұстанымға жауап бере алатын, жобаларға ғана қолдау көрсету қажет. Егер нақты тұтынушы және ортақ қаржыландыру болмаса – бағдарламалар аясындағы бюджеттік қаржыландыруға өтінім берудің еш қажеттігі жоқ.  
Алынған нәтижелерді ары қарай пайдалану үшін жағдай жасауды, сондай-ақ дұрыс пайдаланылмаған бюджет қаржысын қайтару, оның ішінде мақсаттық емес негізде пайдаланылған немесе бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыруды жүзеге асыру шеңберінде бюджет заңнамаларын бұзуды қоса алғандағы тараптар жауапкершілігін (мемлекеттік тапсырыс беруші, басты ұйым – бағдарламаны орындаушы, бағдарлама тапсырмасын орындаушы, қайта игерілген өнімді дайындаушы) қарастыру қажет.  
Инновацияларды өндіріске дайындау және тапсыру және оларды игеру механизмдерін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық жұмыстар негізінде құрылған қайта игерілген өнімді шығару тапсырмасын анықтау. Тапсырмалардың уақытында әрі сапалы орындалуына мемлекеттік тапсырыс берушілер жауап берулері қажет. Егер қайта игерілген өнімді шығару  зерттемелер аяқталғаннан кейінгі үш жыл ішінде басталмаса, көрестілген өнімді өндіруге жұмсалған республикалық бюджет қаржысы тиімді пайдаланылмаған деп есептеліп, қайтарылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы нормативті құқықтық актілерінде бюджет қаржысын тиімді пайдаланбағаны үшін, оның ішінде мақсаттық бағытта қолданылмағаны немесе бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыруды жүзеге асыру аясында бюджеттік заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылмаған.  
2.2.3Қаржыландырудың бағдарламалық-мақсаттық әдісінің базалық қағидасына қаржыға негізгі мақсаттан бастап алға қойған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін нақты жұмыс бағдарламасына дейінгі жоспарлау жатады. Бағдарламаны жүзеге асыруды кешенді бақылауды қамтамасыз ету оны жүзеге асыру механизмін және бағдарламаны ынталандыру бойынша экономикалық ұйымдастыру шараларын үйлестіруді талап етеді:  
барлық мәселелер және мақсаттық тапсырмалар бойынша үнемі ақпараттық-аналитикалық мониторинг жасап отыруды; оларды түзету бойынша ұсыныстарды дайындау үшін бағдарламаларды жүзеге асыру мерзімін бұзудың дер кезінде бағасын беруді; бағдарламаны қалыптастыру, орындау және аяқтау кезеңінде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жасауды. Сондықтан, ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыруды конкурссыз негізде, оның ішінде мақсаттарына ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру жүрісінің тұрақты мониторингісі кіретін халықаралық бағдарламалар бойынша да Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы атынан бірыңғай Оператор арқылы жүзеге асыру Ұсынылады.
Осыған байланысты төнедегідей ұсыныс жасаймыз:
Ғылым саласы бойынша уәкілетті органның жұмысты бекітуін енгізуі қажет:  
1) мақсатты қаржылындыру бағдарламасына іргелі зерттеулер бойынша қатысқан оператордың, істәжірибесі болуы;
2) мақсатты қаржыландыру бағдарламасына іргелі ғылыми-зерттеулер бойынша қатысқан оператор, өз жұмысын іс-тәжірибелік бағытқа бағыттап, қолданбалы зерттеулер жүргізіп, ғылыми жұмысына тәжірибелік-конструторлық және коммерциялаудың қорытындысына және (болмаса) ғылыми-техникалық қызметтің технологиясына ие болуы;  
3) мақсатты қаржыландыру бағдарламасына бойынша іргелі ғылыми бағыттағы зерттеу жұмысының іс-тәжірибелік қолданысы болмаса, тек халықаралық бағдарламалар бойынша іргелі мәнге ие болса, оның «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау Ұлттық орталығы» байқаусыз бірігей оператор болып саналып  
4) гранттық қаржыландыру бойынша іргелі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары іс-жүзінде іске асқанда қолданбалы зерттеуі, тәжірибелік-конструкторлық зерттемесі болып, халықаралақ бағадарламаларға қатысқанда брегей оперторы «Ғылым қоры» акционрелік қоғамы болады.  
* ҚР ғылым туралы заңнамасында көрсетілгендей Мақсатты қаржыдандыру бағдарламалары (27 бап) конкурстық негеде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешемімен қатыса алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №429 «Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құру туралы» Қауылысына сәйкес аталған орган мақсатты қаржыландыру бағдарламасына ұсынылған ғылыми ғылыми-техникалық бағдармаларды қабылдайды.  
2.2.4 «Ғылым туралы» ҚРЗ мен «Ғылыми және (болмаса) ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау туралы» ҚРЗ-да ғылымды коммерциялауға қатысты бір-біріне кереғар жайттар кездеседі. «Ғылыми және (болмаса) ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау туралы» Заңына сәйкес жеке кәсіпкерлер коммерциялау ісіне қатыса алады, ал «Ғылым туралы» заңнамада гранттық қаржыландырудың конкурсына ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын, арнайы аккредитациядан өткен субъекті ғана қатысатыны анық көрсетлген, бұдан басқа білімберу ісімен айналысатын автаномды ұйымдар мен оларға қарасты ұйымдар да қатыса алады.  
«Ғылым туралы» Заңнаманың 26 бабындағы осы кереғарлықты жойып, гранттық қаржыландыру бағдарламасына ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау ісімен айналысатын жекеменшік әріптестік нысандарының (жеке кәсіпкерлік нысандарды қосу) қатысуына да мүмкіндік туғызатын норманың еңгізудің майызы зор.  
Жоғарыда атап өткен ҚР заңнамаларында ғылыми жұмысты қаржыландыруға қатысты іріктеу ісінде де кереағарлық кездеседі. «Ғылым туралы» Заңда іске асыруға қажетті нормалар мен жобаларды іріктеу конкурсын жүргізуді реттеудің маңызы зор.  
ҚР «Ғылым туралы» Заңы мен «Ғылыми және (болмаса) ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау туралы» Заңының аражігін ажырату үшін ғылыми қызметтің іс-тәжірибелік қолданысқа енгізуне баса көңіл бөліп, «Ғылым туралы» заңдағы (26-28 баптар) гарнттық қаржыландыру мәселесіне коммерциялауды алып, оны «Ғылыми және (болмаса) ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау туралы» Заңға енгізудің маңызы зор.  
  Ғылыми зерттеменің бірізділігін іргелі және бағыттық зерттеуден өзгешелегін іс-тәжірибе барсында қол жеткізген ғылыми қорытындылар айқындайды. Енгізілетен зерттемені халықаралық бағдарламалар мен жобаларға ұсынғанда «Ғылым қоры» АҚ зерттеменің жүйелі түрде дамтатын және коммерциялауды ынталандырып, негізгі оператор ретінде ғылыми-техникалық қызметті және технологияны дамытады.   
Сонынмен қатар Қазақстан Республикасының «Ғылыми және (болмаса) ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау туралы» Заңнамасында гранттық қаржыландырудың мәселелерін айқындау үшін РННТД коммерциялау, жоспарлау, талдау (сараптама), экономикалық және маркетингтік бағалау, іске асыру және жобаға мониторинг жүргізу ісін бюджет есебінен болмаса бюджеттен басқа қаржы көздерінен жүргізу ісін анықтап алу қажет.  
  Қазақстан Республикасы «Ғылыми және (болмаса) ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау туралы» Заңына ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (болмаса) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, ҒТҚҚ коммерциялауға жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың қаржысын пайдалануыды, сонымен қатар бұл іске «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлер қорының қаржы көздерін де пайдаланудың маңызы зор. ҚР Заңанамасында көрестілген «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлер қоры туралы» заңда (10 маусым, 2014 жыл №207-V ҚРЗ) көрсетілген талаптар бойынша жобалардың қаржыландыруға «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлер қоры да тартылуы тиіс. Сонымен қатар заң бойынша жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын тапқан табысының 1-%.   
2.3ғылыми этиканың қағидалары
Ғылыми бедел – ғалым үшін нағыз құндылық, этикалық қана емес, кәсіби құндылық. Жақсы бедел – бұл ғылымдағы табысты мансаптың міндетті талабы деуге де болады. Сондықтан, тиісті салада және ұқсас бағыттар бойынша жұмыс істейтін зерттеушілер өтінімінің түйіндемесі негізінен шындап жасалады. Грантқа үміткердің өзі дайындағанына ешқандай «достық» түйіндеме, ешқандай «жаза салу», қорытынды жаза салу мүмкін емес. Әрине қаржыландыруды алуда көмек үшін ешқандай пара беру де болмайды.  
Көшіру, иемденудің айқындалған фактілері берілген өтінімдерге қатысты немесе тікелей және жанама мүдделілікті айқындау жағдайында ҰҒК арасындағы мүдделерді тықпалауға қатысты тиісті шаралар қабылдануы тиіс, мысалы: қолжетімді жалпы «қара тізімге» енгізу, белгілі мерзім бойына байқауларға қатыстырмау, ғылыми дәрежеден айыру, аккредиттеуді кері алу және т.б. Әлеуетті бұзушылар арасында МҒТС сарапшылары, ҰҒК мүшелері, зерттеу топтарының басшылары мен мүшелері, ғылыми журнал редакторлары болуы мүмкін. Бұдан бөлек, ғалымның екі жобаға ғана жетекші болуын дұрыс деп есептейміз.  
Ғылым туралы қолданыстағы заң ғылым этикасының астарын толық ашып көрсетпейді. Ғылым этикасының нормаларын және қағидаларын бұзушыларды анықтап, жазалау үшін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің осы қызметті реттейтін қағидалар және нормаларын анықтайтын этикалық негіздерін жасау ұсынылады.Ғылыми этика – заманауи ғылымда бұл ғалымдардың ғылыми қызметте ұстанатын және ғылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін моральдық қағидаларының жиынтығы.  
Ғылыми этиканың нормалары және қағидаларын бұзушыларды анықтап, жазалау үшін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет процесінде жүріс-тұрыстың этикалық негіздерін анықтайтын заңдық үлгілікережелерін жасап, бекіту ұсынылады. Сонымен қатар аталған зерттеудің нәтижесінде қол жеткізген қорытындылар ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі болып саналады.  
Ғылым этикасының үлгілік ережелерін жасап, бекіту ғылым саласындағы уәкілетті органмен және ғылыми зерттеулерді жүргізу ерекшеліктеріне сүйене келе салалық органдар арқылы жүзеге асырылады.  
2.4 зерттеулер мониторингісінің механизмі:  
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңында ғылым саласындағы уәкілетті органға ұлттық ғылыми кеңес қызметін және ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдар жұмысын реттеу жүктелген.  
Сәйкес нысанға мониторингтеу жүргізу, қажетті іріктеуден өткізу, бағдарлама мен жобаларды қаржыландырудың қажетті жолдарын іске асыруды ұсынамыз.  
Дегенмен нормтивті-регламентті құзіретте уәкілетті орган ғылым саласы бойынша мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша қаржыдандырылған ғылыми жобалардың еліміздің басым бағыттарына қаншалықты сәйкес екеніне монторинг жасау ісін қосудың маңызы зор.  
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ғылымның түрлі салалары бойынша еліміздегі жетекші ғалымдарын жинап, ҒЗТКЖ жұмыстарына қоғамдық сараптама, мониторинг, есептерді бағалау жұмысына жұмылдыру керек.,  
Мониторингтеу фунукциясын жетілдіру үшін нысанаға сай ғылыми бағдарламалар мен жобалардың қаржыландыру ісіне талдау жүргізуді ұсынамыз.  
Мониторингтың қорытындысы бойынша қаржыландырылған ғылыми және (болмаса) ғылыми-техникалық бағдарлама алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды қалай орындап шыққанын айқындауға мүмкіндік береді. Қорытындыны бағалауды осы тәсілі гаранттық қаржыландыруға жол ашып, ғылыми жобаны болашағын айқындауға ықпал ететін болады.  
2.5ғылым туралы ұлттық баяндаманы дайындау:  
«Ғылым туралы» ҚРЗ шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өткізу қарастырылған.
Салалық қажеттіліктерді есепке ала отырып грант бойынша байқау жұмысын сараптауға шақырылатын шетелдік ғалымдарды іріктеп шақыру ұсынылады. Осылайша, республика үшін стратегиялық маңызы бар ғылыми бағыттағы жобаларды шетелдік сараптаудан өткізу алынып тасталады. Сонымен қатар, республика үшін маңызы зор Қазақстанның топырақты-климаттық жағдайларына қарай аймақтарына (55 аймақ) арналған ауыл шаруашылығы өнімдері және гуманитарлық бағыттағы зерттеулерді шетелдік сарапшылардың орынды сараптама жасайтындығы күмән тудырады.
Мақсатты қаржыландыру бағдарламасына қатысатын ғылыми жұмысты жоспарын бағалау ісі Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясына жүктеленді, ұйым қоғамдық сараптау, мониторинг және ҒЗТКЖ-ның есептерін бағалайды. Жүргізілген сараптаманың қорытындысы ғылым саласына жауапты уәкілетті органның назарына ұсынылады. Осы ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ой-пікірі ұсыныстық мәнге ие болатынын ескертеміз.  
2.6 бірыңғай әкімшілікті белгілеу:  
Ғылымға бағытталған бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі атынан оған салалық министрліктер мен ведомстволардан қаржыландыру және зерттеулер үйлесімділігі бойынша өкілеттігін беру арқылы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен бағдарламалардың ортақ әкімшілігін белгілеу ұсынылады.
2.7жарияланым белсенділігі, дәйек сөз алыну индексі:  
Әлемдік тәжірибеде жұмыскерлердің интеллектуалды өнімділік бағасының бірнеше критерийлері жасалды, жетекші орындардың бірінде жарияланымдар саны және интеллектуалды жұмыскерлер жұмыстарынан дәйек сөз алу индексі тұр; оның ішінде Хирша индексі. Жарияланым белсенділігі жұмыскердің интеллектуалды өнімділігін ғана емес, сонымен бірге оның біліктілігінің жоғары екенін де сипаттайды.  
Scopus и Web of Science Core Collection-дағы жарияланымдар саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан Орталық-азиялық аймақтағы қалған мемлекеттерден оза отырып, 85 позицияның 77-сінде. Орталық-азиялық аймақтағы елдердің 10 жыл ішіндегі жарияланымдарын салыстырғанда Қазақстан ғалымдарының соңғы жылдардағы жарияланым белсенділігінің едәуір жоғары екенін көрсетеді. Шетелдік және халықаралық ғылыми ұйымдармен ғылыми-техникалық келісімдерді жүзеге асыру нәтижесінде қазақстандық ғылымнан алынған жаңалықтарды және жетістіктерді, ғылымды дамытудағы әлемдік тенденциялар сараптамасы. Соңғы жылдарда отандық авторлар еңбектерінен дәйексөз алу қазақстандық ғылымның ғалымдары мен менеджерлерінің басты назарында. Дәйек сөздің алынуы – ғылыми коммуникацияның және жаңа білімнің туу механизмінің жалғыз ғана «көрнекті» ізі. Ол зерттеулердің талап етілуін және маңыздылығын білдіреді. Мақалалардан дәйек сөз алынудың орташа көрсеткіші қолжетімділіктің және зерттеулер нәтижелерінің ғылыми әсері деңгейін білдіреді. Сондықтан, отандық ғалымдар нәтижелілігін анықтаушы факторларының бірі ретінде жарияланым белсенділігінің және дәйек сөз алыну көрсеткіштерін қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми қауымдастыққа тиімді бірігуінің, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер сапасы деңгейін арттырудың, алыс және жақын жетекші шетел мемлекеттерінің беделді басылымдары және мақалаларына қолжетімділікті қамтамасыз етудің бір жолы ретінде қосу ұсынылады.
Оратылық Азия бойынша жарияланымдардың белсенділігін анықтау үшін қажетті «ҰҒТАО» АҚ-ның Қазақстанның сілтемелер базасы шеңберінде ақпараттық ресурс қалыптастырып, аймақтағы ғалымдар мен ғылыми мекемелердің селетемелік көрсеткішін ашып көрсететін құрылым құрудың маңызы зор. Сонымен қатар қазақтсандық ғалымдардың библоөлшемдік беделді дереккөзін қалыптастыруға болады.  
2.8. ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алуды жетілдіру  
ҚР «Ғылым туралы» Заңының 22 бабының 1 тармағына сәйкес: Iске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептердi мемлекеттiк есепке алу ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетi серпiнiне мониторинг жүргiзу мақсатында жүзеге асырылады.  
Бұған қоса, көрсетілген бабтың 2 тармағының нормасы бойынша мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөнiндегi есептердi мемлекеттiк есепке алуға ұсыну міндеті ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерiне жүктелген.  
Басқа да көптеген көздер (қорлар, гранттар, оның ішінде шетелдік, өз қаржысы арқылы және басқалары) арқылы қаржыландырылатын зерттеулер туралы шоғырланған және нақты ақпарат жоқ. Сондай-ақ, көбінесе мемлекеттік бюджет арқылы орындалатын инновациялық жобалардың үлесі жоғары, олар мемлекеттік тіркеуде жатуы тиіс.  
ҒЗТКЖ мемлекеттік тіркеу тізілімінде өнеркәсіптік және фирмалық ғылым, жеке коммерциялық емес секторлар көрсетілмеген. Нәтижесінде Қазақстан аумағында орындалатын барлық ғылыми зерттеулердің толық есебі қамтамасыз етілмейді.  
Ұйымдастырушы-орындаушының меншік нысанына және қаржыландыру көздерінің түрлеріне қарамастан ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар және бағдарламаларды міндетті түрде Мемлекеттік есепке алуды жүргізу, сондай-ақ есеп нәтижелері бойынша институционалды және кадрлық тұрғыдағы ғылыми зерттеулердің, қаржылық қамтамасыз етудің және ғылым нәтижелілігінің жағдайына сараптама жасау, мониторинг жүргізу ұсынылады.
3.Заң жобасын қабылдаудың мақсаты
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты дамыған ғылымсыз мүмкін болмайтын ғылымды қажетсінетін экономикалық базисті құру бойынша Елбасының ғылыми қоғамдастық алдына қойған міндеттеріне байланысты Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңына түзетулер енгізу болып табылады.  
4. Заң жобасының реттеу заты
Осы Заң ғылым және ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы қоғамдық қарым-қатынасты, сондай-ақ тиімді ғылыми-инновациялық жүйенің құрылымын, ғылыми-техникалық зерттемелердің коммерциялануын реттейді.  
5. Заң жобасының құрылымы
Заң жобасы екі бөлімнен құрылады:
1 бап қазақстан Республикасының заң актілері қатарына өзгерістер және (немесе) толықытрулар енгізуді қарастырады.  
Заң жобасы аясында Қазақстан Республикасының 1 Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2 Заңынаөзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.  
Көрсетілген заң актілері қатарына кіретіндер: Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасының «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы.
2 бап Заңның күшіне ену тәртібін анықтайды.  
6. Заң жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары
Заңжобасыонықабылдағанжағдайдақолданыстағызаңнама (құқық) жүйесінбұзбайды, сондай-ақтерісәлеуметтік-экономикалықсалдардытудырмайды.  
Заңдықабылдаудыңқұқықтықсалдары:
- ғылымижәнеғылыми-техникалыққызметтібюджеттенқаржыландырудыңкепілдіқамтамасызетілуініңеңтөменгікөлеміненгізу.  
Заңдықабылдаудыңәлеуметтік-экономикалықсалдары:  
- ҚазақстанРеспубликасыныңғылымижәнеғылыми-техникалыққызметінқаржыландырукөлемінарттыру;  
- ҚазақстанРеспубликасыныңғылымижәнеғылыми-техникалыққызметінқаржыландырукөздерітүрлерінарттыру;  
- нақты, объективті және сапалы ғылыми зерттеулермен барынша қамтамасыз ету;  
- ҰҒК мүшелерінің мүддесіне қосылу және лоббилендіру, шешім қабылдаудағы біліксіздікті жою;  
- Әлемдік ғылыми қоғамдастық арасында еліміздің жағымды имджін қалыптастыру;  
- Ғылыми саланың құрамдас бөлігі ретінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;  
- Ғылыми қызмет субъектілерінің тәртібі деңгейін көтеру.  
7. Басқа да заңнамалық актілерді әзірленетін заң жобасына сәйкес, бір уақытта (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі жоқ.
8. Заң жобасы затының өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі.
Осы Заңы жобасының тұжырымдамасында қарастырылып жатқан қоғамдық қатынастар, келесі заң актілерімен регламенттелген: Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы №369 «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау қағидалары» Жарғысы.
9. Қарастырылатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы
Тұжырымдаманы дайындау барысында жақын шетелдердің заңдық тәжірибелері қолданылды: Ресей Федерациясының «Ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» Заңы (23.05.2016 ж. жағдай бойынша), Украинаның«Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы» (08.09.2011ж. жағдай бойынша), БеларусьРеспубликасының «Ғылыми қызмет туралы» (17.05.2016 ж. жағдай бойынша), Түркменстан Республикасының «Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» (1.03.2014ж. жағдай бойынша), Тәжікстан Республикасының «Ғылыми қызмет және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» (18.03.2015 ж. жағдай бойынша) Заңдары.
Ресей Федерациясының Заңына сәйкес, мемлекеттік ғылым академиялары Ресей Федерациясының Үкіметіне ғылым және техниканың тиісті салаларындағы зерттеулер дамуының басым бағыттары туралы ұсыныстарын ұсынып отырады.  
Беларусь Республикасында ғылыми зерттеулердің басым бағыттары Беларусь Ұлттық ғылыми академиясында жасалады, Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесінде бекітіледі және ғылыми қызметке бөлінетін республикалық және жергілікті бюджет қаржыларын тарату негізі болып есептеледі.  
Украинада ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы атқарушы биліктің орталық органы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты өмірге енгізуді қамтамасыз ететін және ғылыми-техникалық және инновациялық дамудың ұзақмерзімді және орташа мерзімдік болжамдары негізінде ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастыратын атқарушы биліктің орталық органы болып табылады.  
Түркіменстанда Түркіменстан Президенті жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Кеңес ғылыми-техникалық саясатты жүргізеді, ғылыми-техникалық прогрессті қамтамасыз ету үшін кадрларды даярлаумен айналысады, Түркіменстанның ғылым және техника Қоры қаржысынан ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды анықтайды, басым бағыттарды анықтап, ғылым және техниканың даму болжамдарын бекітеді.  
Тәжікстан Республикасында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық зерттеулердің басым бағыттары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық саланың мемлекеттік уәкілетті органы Тәжікстан Республикасының Ғылым академиясы, салалық академиялар арқылы жасалады, тәжікстан Республикасының Үкіметі белгілі тәртіп бойынша бекітеді.  
Англияда Британдық ғылыми-зерттеулік кеңестер (Research Councils UK) – ол әлемдік деңгейде ғылыми зерттеулер, білім және инновацияларға қолдау көрсететін 8 зерттеулік кеңестер арқылы жасалатын стратегиялық әріптестік. Ғылыми-зерттеулік кеңестер іргелі зерттеулердің маңызды мемлекеттік инвесторлары болып табылады. Олар Ғылым және технологиялар жөніндегі Министрлігімен бірге жұмыс істейді. Әріптестік 8 кеңестің атқарушы директорларынан тұартын атқарушы тобы арқылы басқарылады.  
Атқарушы топтың мақсаттары мен міндеттері:  
• стратегиялық әріптестіктің мақсаттары мен міндеттерін жасау және оларды ғылым және техника жөніндегі министрліктің мақұлдауын қамтамасыз ету;  
• кеңестер үшін жұмыс жоспарын және басымдықтарын жасау;  
• зерттеулердің басым бағыттарын қажетінше қаржыландыруға кепілдік жасау;  
• әріптестер арасында, сондай-ақ жұртшылық арасында әріптестік туралы ақпараттың таралуына кепілдік жасау;  
• кеңестер қызметінің мониторингісі.  
Францияда Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы қолданбалы және іргелі зерттеулер саласында мамандандырылған Францияның мемлекеттік ұйымдарын біріктіреді және олардың қызметін ұлттық деңгейде үйлестіреді. Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы алдында тұрған міндеттердің бірі Франциядағы, әлемдегі ғылыми жағдайдың және оның дамуы болашағына талдау жасауға қатысу болып табылады.  
Беларусь Республикасында ғылыми қызметті қаржыландыру жыл сайын мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ жергілікті бюджет, ғылыми қорлар, ұйымдар, заңмен тыйым салынбаған басқа көздер арқылы жүргізіледі.  
Ресей Федерациясында ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті қаржыландыру оның мақсатты бағытына және қаржыландыру көздерінің көптігіне қарай негізделеді және Ресей Федерациясы, Ресей Федерациясының субъектілері, муниципалды білім, сондай-ақ Ресей Федерациясы заңдарына және Ресей Федерациясы субъектілерінің заңдарына қайшы келмейтін жеке және заңды тұлғалары арқылы да жүргізілуі мүмкін. Федералды бюджет қаржысы, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық қызметке қолдау көрсетуші қорлардың қаржысы іргелі ғылыми зерттеулердің, іздестіру ғылыми зерттеулерінің басты көзі болып табылады.  
Ресей Федерациясында ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, оның ішінде елдің заңына қайшы келмейтін түрлі көздердің қаржысы арқылы қаржыландыру мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтерді қолдау Қорлары құрылады.  
Украинада мемлекет ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті кем дегенде Украинаның ішкі жалпы өнімінің 1,7 пайызы көлемінде бюджетпен қамтамасыз етеді (қорғаныс шығындарынан бөлек). Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет шығындары Украинаның Мемлекеттік бюджетінің статьяларымен қорғалған шығындары болып есептеледі. Ғылыми зерттеулердің бюджеттен қаржыландырылуы базалық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады.
Тәжікстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметіоның мақсатты бағытына және қаржыландыру көздерінің көптігіне қарай негізделеді. Бұл қызметтің қаржыландырылуы мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, бюджеттік емес (жеке өзінің немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың бірлестіктерінің, сондай-ақ жұмысқа тапсырыс берушілердің қаржысынан), Тәжікстан Республикасының заңдарына сай басқа да қаржы көздері арқылы қамтамасыз етіледі.  
Түркіменстан Республикасында ғылым және техника дамуын қаржыландырудың көздері мемлекеттік бюджет қаржысы; Үкіметтің валюталық қаражаттандыруы; бюджеттік емес қорлар; жергілікті бюджет қаржысы; келісім бойынша тапсырыс берушілер қаржысы, бағдарламалар бойынша мемлекетаралық қорлар қаржысы; банктер және қорлар несиелері (оның ішінде инновациялық, коммерциялық) және басқа ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындар, бірлестіктер және ұйымдардың табыстарынан, министрліктердің, ведомстволардың мақсатты субсидияларынан және қайырымдылық салымдар және басқа көздерболып табылады.  
АҚШ-тағы, Еуропа елдеріндегі ҒЗТКЖ қаржыландыру жүйелері де зерттелді.  
АҚШ-та ҒЗТКЖ бірнеше көздерден қаржыландырылады. Федералды бюджеттің ҒЗТКЖ шығындарының үлесі 30%, бизнестікі – 60%, университтер мен коммерциялық емес ұйымдардікі кем дегенде –10%-ды құрайды.  
Ғылыми зерттеулер және зерттемелерді қаржыландырудың басты көзі – АҚШ жеке бизнес қаржысы. ҒЗТКЖ қаржыландырудағы жеке көздердің үлесі (кейбір жылдардағы кейбір өзгерістермен) өткен жүзжылдықтағы 70-жылдарда өскені (60%) байқалады. ХХІ ғ. басында бұл көрсеткіш 28%-ға төмендеп, жеке бизнес үлесі ЖІӨ 2,02%-н құрап, жоғарылады. Бұл ЭӘДҰ елдері бойынша (1,62%) көрсеткіштің орташасынан жоғары, бірақ Финляндия, Жапония және Корея Республикасы көрсеткіштерінен төмен.  
Америкалық бизнестің жалпы ҒЗТКЖ-ны ірі қаржыландыруына қарамастан, АҚШ федералды биліктері елдегі ірі зерттеулерді қамтамасыз ету және ғылыми саладағы мемлекеттік стратегияларды және саясатты жасауға жауапты. Жеке секторлардың қаржысы АҚШ-тағы іргелі ғылымға шығатын шығындардың 4%-н ғана құрайды. ХХІ ғ. бірінші онжылдығының соңында федералды бюджет есебінен барлық іргелі зерттеулердің 59% қаржыландырылды.  
Жеке бизнеспен ғылыми зерттеулер және зерттемелер жүргізу озық салалардағы, оның ішінде телекоммуникация, биомедицина, нанотехнологиялар және жаңартылған энергетика салаларында зерттеулер жүргізуге жеңілдіктер, арнайы бағдарламалар, гранттар арқылы ынталандырылады. Ғылымның өнеркәсіппен, технологиялар трансферімен байланыс және әкімшілік қолдауымен инновациялық өндірістерді дамыту үшін инновациялық бизнес-инкубаторлар, ғылыми-өндірістік кластерлер (Калифорниядағы кремний алқабы) және технопарктер құрылып, дамуда. Мысалы, Пенсильвания штаты, Филадельфиядағы Университеттік қалалық ғылыми орталық. Жетекші зерттеулердің көптігіне байланысты бірінші аспект – интеллектуалды меншік құқығын қорғау, сондай-ақ мектеп жасынан бастап жоғары білім алғанға дейінгі адамгершілік ресурстарындағы инвестициялар арқылы кадрлар даярлауға баса назар аударылады.  
ЭӘДҰ 21 елінде ҒЗТКЖ-ға жеке шығындарды салықтық ынталандыру шаралары қолданылады. Инновациялық белсенділікті көтермелеудің басты жанама әдістеріне мемлекеттік немесе жеке зерттеулік бағдарламаларын жасайтын корпорациялар үшін салықтық несиелер және жеңілдікпен салық салу жатады. Бұндай шаралар кейде «салықтық шығындар» деп те аталады.  
ЭӘДҰ көптеген елдерінің салық жүйесінде, оның ішінде АҚШ-тың да, зерттеулер және зерттемелер шығыны жүзеге асырылғаннан бастап бес жыл ішінде амортизацияға жататын капиталды шығын, болмаса кезекті есептік кезеңде салық салу базасынан ұсталынатын бизнес шығындары ретінде қарастырылады. ҒЗТКЖ шығынын есептен шығару әдісін таңдау кәсіпкерге тапсырылады.  
АҚШ-та ҒЗТКЖ-ға салықтық несие сол жылы төленіп қойған салық сомасының ҒЗТКЖ шығындары өсімінің 20% қайтаруына мүмкіндік жасайды. Бұл жеңілдік АҚШ аумағында жүргізілген зерттемелерге ғана беріледі. Салықтық несие жаңа экономика үшін өте маңызды ұзақмерзімді зерттеулерді тиімді жүргізуге үлкен септігін тигізеді.  
Бұл форма жаңа басталып келе жатқан фирмалардың, әсіресе шағын бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді. Ғылыми-техникалық прогресс лидерлерін (Қытай, Үндістан, Бразилия, Оңтүстік Корея т.б.) қуып жетуге талпынған елдер компаниялар арқылы ҒЗТКЖ ағымдағы инвестициялау көлемі негізіндегі салықтық несие есебінің анағұрлым әсерлі жеңілдікпен формулаларын қолданады. Францияда салықтық субсидиялар ҒЗТКЖ-ға 0.425 бизнес шығынын, Испанияда - 0.349, Канадада - 0.326, Үндістанда - 0.269, Бразилияда - 0.254, Ұлыбританияда - 0.179, Жапонияда- 0.159, Оңтүстік Кореяда -0.158, Қытайда -0.138 құрайды.  
Кейбір мемлекеттер азаматтардың, оның ішінде жоғарытехнологиялық жобалардағы бизнес-періштелердің қаржылық қатысуын ынталандыратын салықтық аспаптарды белеснді түрде қолданады. Мысалы, АҚШ-та кемінде 1 млн. долларлық капиталмен венчурлық өнеркәсіптерді инвестициялайтын тұлғаларға табыс салығы есебі кезінде осы сияқты салымдардан шығынды ескеруге рұқсат етіледі. Франция, Бельгия және Канадада да венчурлық қорларға салым жасаған азаматтарды ынталандыратын салықтық сызбалар жұмыс істейді. Ұлыбританияда жеке инвесторлар ҒЗТКЖ шығыны есебінен салықөтеуін ала алады. Инновациялық фирмаларға инвестиция шығындары табыс салығы есебі кезінде және капитал кірісі салығы кезінде азайтылады. Кейбір елдерде(Канада, Австралия, Ирландия, Голландия, Бельгия т.б.) ҒЗТКЖ «салық шығындары» осы саланың бюджеттік бөлінуінен артық болып келеді.  
10. Заң жобасын жүзеге асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары
Осы заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджетті тұтас алғанда шығынға ұшыратпайды.