• Мое избранное
«Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы 700 орынға арналған өндіріс саласы үшін техникалық жэне қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау бойынша өңіраралық кәсіби орталығы» қүрылысы аяқталмаған объектісі республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің теңгерімінен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті үйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізімі

Әзірлеуші - мемлекеттік органның ақпараты

1

Әзірлеуші - Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

«Мемлекеттік заңды түлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы №616 қаулысы.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдаухаты (2016 жылғы 8 шілдедегі № 28/5047).

3

Жобаны қабылдаған кездегі болжалды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау қаулысы әлеуметтік - экономикалық және/немесе қүқықтық кері жағдай тугызбайды

4

Жобаны жүзеге асырумен байланысты болжалды қаржылық шығындар

Республикалық бюджеттен қосымша қаражылық шығындар талап етпейді

5

Болжалды нәтижелердің нақты мақсаттары, мерзімдері және жобаны қабылдау тиімділігі

Қүрылысты аяқтау мақсатында «Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы 700 орынға арналған өндіріс саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау жэне қайта даярлау бойынша өңіраралық кәсіби орталығы» құрылысы аяқталмаған объектісін жобалау-сметалық қүжаттамасымен беру

6

Жобада қарастырылатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың жүзеге асырылу нәтижелері туралы мәлімет

Жоқ

 

7

Жоба бойынша келесі заңнамалық тэртіптегі келтіру қажеттігі

Жоқ

8

Қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық жэне басқа) сараптамалардың нәтижелері, Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда оны өткізген жағдайда

Жоқ

9

Басқа мәліметтер

Жоқ

10

Үкімет мүшелерінің мобильді құрылғыларына материалдарды (үзінділерді) «Қазақстан Республикасының Мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильді қүрылғыларына материалдарды (үзінділерді) жеткізу рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рүқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (эрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет- ресурсы

12.

Мемлекеттік органның интернет- ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоқ

13.

Реттеу ықпалына талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14.

Үсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоқ

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
« » 2016 жыл