Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Toggle Dropdown
Редакция 16.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;
Toggle Dropdown
2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Toggle Dropdown
3) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
Toggle Dropdown
4) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
Toggle Dropdown
6) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
7) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
Toggle Dropdown
8) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
Toggle Dropdown
9) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері;
Toggle Dropdown
10) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
11) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
12) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
13) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Toggle Dropdown
3. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттілігіне байланысты қызмет түрлері қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
Toggle Dropdown
4. Осы Қағидалармен Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастар реттелмейді.
Toggle Dropdown
2-тарау. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Toggle Dropdown
5. Қоғамдық жұмыстарды жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.
Toggle Dropdown
6. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімді құрайды.
Toggle Dropdown
7. Қоғамдық жұмыстардың мынадай ерекшеліктері бар:
Toggle Dropdown
1) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді кесте бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;
Toggle Dropdown
2) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;
Toggle Dropdown
3) арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.
Toggle Dropdown
8. Қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Toggle Dropdown
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады.
Toggle Dropdown
11. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны шектелмеген.
Toggle Dropdown
12. Жұмыс беруші ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейінгі мерзімде Электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинет» арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға электрондық өтінім береді.
Toggle Dropdown
13. Жұмыс беруші өтінімде мынадай мәліметтерді: Ұлттық кәсіптер жіктеуішіне сәйкес кәсіпті, жұмыс орындарының санын, жұмыстың ұзақтығын, жұмыскерлердің нақты санын, бос орындардың болуы, қосымша жұмыс орнын құру мүмкіндігін көрсетеді.
Toggle Dropdown
14. Жұмыспен қамту орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін қалыптастырады және бекіту үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді.
Toggle Dropdown
15. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс орындарының санын, жұмыстың ұзақтығын, кәсіпті және еңбекақының мөлшерін көрсете отырып, кезекті қаржы жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді.
Toggle Dropdown
Жұмыс берушілердің тізбесі күнтізбелік жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.
Toggle Dropdown
16. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің тізбесі бекітілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімін әрбір өтінім бойынша «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізеді.
Toggle Dropdown
17. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушінің кезекті қаржы жылына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысуынан бас тартуы туралы шешім қабылдаған жағдайда жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинетіне» «Еңбек нарығы» ААЖ-дан себептері көрсетілген бас тарту туралы хабарлама түседі.
Toggle Dropdown
18. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның жұмыс берушінің өтінімдері бойынша оң шешімінің негізінде жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ-дан жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға шартты (бұдан әрі – Шарт) жібереді.
Toggle Dropdown
19. Жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығынан Шарт келіп түскеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оған Электрондық еңбек биржасында ЭЦҚ-ны пайдаланып қол қояды.
Toggle Dropdown
20. Жұмыс беруші Шарттың негізінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде қоғамдық жұмыстар бойынша бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасында жариялайды.
Toggle Dropdown
21. Қоғамдық жұмыстарға:
Toggle Dropdown
1) жұмыссыздар;
Toggle Dropdown
2) оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;
Toggle Dropdown
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.
Toggle Dropdown
22. Осы Қағидалардың 33-34-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың жұмыспен қамту орталығына тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
23. Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін үміткерлер мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) жеке басты куәландыратын құжатты
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса);
Toggle Dropdown
3) бар болса білімі туралы құжатты (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқудан өткенін растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш береді.
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін он алты жас пен он сегіз жас аралығындағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінішпен қоса:
Toggle Dropdown
1) ата-аналарының бірінен немесе заңды өкілдерінен жазбаша келісімді;
Toggle Dropdown
2) оқу орнынан оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуына жазбаша келісімді ұсынады.
Toggle Dropdown
24. Жұмыспен қамту орталығы студенттің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушысының қоғамдық жұмысқа қатысу өтінішін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келуін қарайды.
Toggle Dropdown
25. Тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар жұмыспен қамту орталығына толық емес жұмыс уақытының немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақытының режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалысты беру немесе мәжбүрлі тоқтап тұру, жалақысы сақталусыз демалысты беру туралы жұмыс берушінің актісін (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін) ұсынады.
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландырғаннан және «Еңбек биржасы» ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар үміткерге қайтарылады.
Toggle Dropdown
26. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлерге олардың келісімімен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарға жолдама береді.
Toggle Dropdown
27. Үміткер жұмыспен қамту орталығынан жолдама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінеді.
Toggle Dropdown
28. Жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығы берген жолдама бойынша жүгінген үміткерлерді жұмысқа қабылдайды.
Toggle Dropdown
29. Жұмыс беруші үміткерлерді жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы жұмыспен қамту орталығын «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
Toggle Dropdown
30. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
31. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың еңбек қызметінің кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.
Toggle Dropdown
32. Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысқаны және оны аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
33. Жұмыс беруші таратылған немесе жұмыс беруші қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайларда қоғамдық жұмыстар бойынша еңбек қызметін тоқтатқан адамдар қалған өтелмеген мерзімін басқа жұмыс берушілерде жалғастырады.
Toggle Dropdown
34. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберіледі.
Toggle Dropdown
35. Жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға қатысуды аяқтағаннан кейін жұмыссыздарға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
Toggle Dropdown
36. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинетінде» ай сайын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдар туралы мәліметтерді толтырады және есепті ай аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына электрондық форматта жібереді.
Toggle Dropdown
37. Жұмыспен қамту орталығы есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніне дейінгі мерзімде жұмыс берушілердің мәліметтерінің негізінде «Еңбек нарығы» ААЖ-ға қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың статустары бойынша деректерді қояды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі
Toggle Dropdown
38. Қоғамдық жұмыстар республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
39. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Еңбек кодексімен реттеледі.
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшерін экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен төмен емес мөлшерде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган белгілейді.
Toggle Dropdown
Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.
Toggle Dropdown
40. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға жалақы төлеуді жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыс берушілер ұсынатын мәліметтердің негізінде жүргізеді және қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
41. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
Toggle Dropdown
42. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға № _______ шарт
Toggle Dropdown
|
|
________________________________ Жасалған орны
|
|
_____________________
Күні
|
Toggle Dropdown
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 516 бұйрық) және _______________________ ауданының, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20 ___ жылғы ___ _________ № ___ шешімінің негізінде бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын __________________________ ауданы (қаласы) Халықты жұмыспен қамту орталығының атынан
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________ (директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын ______________________________
Toggle Dropdown
негізінде әрекет ететін ________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________ атынан (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Toggle Dropdown
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады және төмендегі туралы келісімге келді:
Toggle Dropdown
1. Шарттың мәні
Toggle Dropdown
1.1. Жұмыссыздар, оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру.
Toggle Dropdown
1.2. Шарттың жалпы сомасы _________________ теңгені құрайды. (жазбаша)
Toggle Dropdown
1.3. Қатысушылардың жалпы саны _____________ адамды құрайды. (жазбаша)
Toggle Dropdown
2. Тараптардың міндеттемелері
Toggle Dropdown
2.1. Тапсырыс беруші:
Toggle Dropdown
1) Орындаушыдан Шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
Toggle Dropdown
2) Шарт талаптарының орындалуына барып тексеру жасауға құқылы. Шарт талаптарының орындалуын тексеру нәтижелері барып тексеру актілерімен рәсімделеді.
Toggle Dropdown
2.2. Орындаушы:
Toggle Dropdown
1) өз қаражаты есебінен адамдарға қосымша үстемеақы төлеуге;
Toggle Dropdown
2) адамның талабы бойынша жұмыс нәтижесі жөнінде пікір (ұсыным хат) ұсынуға құқылы.
Toggle Dropdown
2.3. Тапсырыс беруші:
Toggle Dropdown
1) адамдарды олардың келісіммен Орындаушыға ________________ (жазбаша) адамды қоғамдық жұмысқа жіберуге;
Toggle Dropdown
2) Орындаушы ұсынған ай сайынғы мәліметтердің негізінде Еңбек кодексіне сәйкес адамдарға уақтылы және толық көлемде жалақы төлеуге;
Toggle Dropdown
3) қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуына және адамдарда міндетті зейнетақы аударымдарының болуына ай сайын мониторинг жүргізуге;
Toggle Dropdown
4) адамның қоғамдық жұмыстарға қатысуы және қоғамдық жұмыстарға қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметті жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетуге міндетті.
Toggle Dropdown
2.4. Орындаушы:
Toggle Dropdown
1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құруға;
Toggle Dropdown
2) жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жүгінген адамдарды қоғамдық жұмыстарға қабылдауға;
Toggle Dropdown
3) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығын жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы хабардар етуге;
Toggle Dropdown
4) Еңбек кодексіне сәйкес әрбір адаммен еңбек шартын жасасуға;
Toggle Dropdown
5) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
Toggle Dropdown
6) қажет болған жағдайда адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
7) адамдарды Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
8) адамдардың еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
Toggle Dropdown
9) жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін адамның еңбек кітапшасына (ол бар болса) қоғамдық жұмыстарға қатысу кезеңін енгізуге;
Toggle Dropdown
10) № 516 бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді есепті ай аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге ұсынуға;
Toggle Dropdown
11) Тапсырыс берушіге Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды толық көлемде ұсынуға;
Toggle Dropdown
12) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда адамдарға жалақы төлеуге жұмсаған мемлекеттің шығыстарын бюджетке өтеуге;
Toggle Dropdown
13) Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне адаммен жасалған және тоқтатылған еңбек шарты туралы ақпаратты енгізуге міндетті.
Toggle Dropdown
3. Еңбекақы төлеу
Toggle Dropdown
3.1. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға еңбекақы төлеу Орындаушының мәліметтері негізінде Тапсырыс беруші жүргізеді.
Toggle Dropdown
4. Тараптардың жауапкершілігі
Toggle Dropdown
4.1. Орындаушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара басқа біреуге беруіне жол берілмейді.
Toggle Dropdown
4.2. Орындаушы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, Шарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзылуға жатады.
Toggle Dropdown
Шарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте бір Тарап екінші тарапты бұл туралы кемінде бір ай мерзімде хабардар етуге тиіс.
Toggle Dropdown
4.3. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Тараптарды осы мерзім аяқталғанға дейін болған заң бұзушылықтар үшін жауаптылықтан босатпайды.
Toggle Dropdown
5. Форс-мажор
Toggle Dropdown
5.1. Тараптар Шарт талаптарын орындамағаны үшін жауаптылықта болмайды, егер ол Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса.
Toggle Dropdown
5.2. Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипатқа ие оқиғалар. Мұндай оқиғалар өртті, жер сілкінуін, су тасқынын, апатты жағдайларды және әскери әрекеттерді қамтуы мүмкін.
Toggle Dropdown
5.3. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Орындаушы 2(екі) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Toggle Dropdown
Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Орындаушы орындылығына қарай Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама көздерін іздейді.
Toggle Dropdown
5.4. Егер жоғарыда көрсетілген мән-жайлар күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
6. Дауларды шешу тәртібі
Toggle Dropdown
6.1. Тапсырыс беруші мен Орындаушы тікелей келіссөздер процесінде араларында Шарт немесе соған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктерді шешуге барлық күштерін салуға тиіс.
Toggle Dropdown
6.2. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша дауды шеше алмаса онда тараптың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы мәселенің шешілуін талап ете алады.
Toggle Dropdown
7. Өзге де жағдайлар
Toggle Dropdown
7.1. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде жазылды және Электрондық еңбек биржасы арқылы жасалды.
Toggle Dropdown
7.2. Бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама почта байланысы немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы жіберіледі. Осы күндердің қайсысы кейін туатынына қарай хабарлама ол жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
Toggle Dropdown
7.3. Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар Шарт жасасу нысанында қосымша келісіммен рәсімделеді.
Toggle Dropdown
Орындаушыны таңдауға негіз болып табылатын талаптардың өзгермеуі шартымен жасалған Шартқа өзгерістер енгізу:
Toggle Dropdown
1) Шарт бойынша жұмыс орындары санының ұлғаюы;
Toggle Dropdown
2) Шарт бойынша қатысушылар санының ұлғаюы бөлігінде міндетті.
Toggle Dropdown
7.4. Егер қаржы жылы ішінде бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көлемі азайса, онда Тапсырыс беруші Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда бір Тарап екінші Тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқылы емес. Тапсырыс беруші кемінде 2 (екі) ай бұрын Орындаушыға бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көлемінің азайғаны туралы хабарлама жібереді және бұл жағдайда Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілмейді.
Toggle Dropdown
8. Шарттың қолданылу мерзімі
Toggle Dropdown
8.1. Осы Шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.
Toggle Dropdown
8.2. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
9. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Toggle Dropdown
|
Тапсырыс беруші
|
Жұмыс беруші
|
|
_____________ ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту орталығы
заңды мекенжайы: _________________
ЖСК ______________________________
БСК ______________________________
БСН (ЖСН) _________________________
Коды _____________________________
__________________________________ (Тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (бар болса)) __________________________________ (қолы)
|
заңды мекенжайы: ____________________
ЖСК ________________________________
БСК _________________________________
БСН (ЖСН) ___________________________
Коды ________________________________
_____________________________________ (Тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (бар болса)) __________________________________ (қолы)
|
Toggle Dropdown
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
____________________ ауданының
Toggle Dropdown
(қаласының) халықты жұмыспен
Toggle Dropdown
қамту орталығының директорына
Toggle Dropdown
______________________________
Toggle Dropdown
мекенжайы бойынша тұратын
Toggle Dropdown
______________________________
Toggle Dropdown
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Toggle Dropdown
Мені қоғамдық жұмыстарға жіберуді сұраймын.
Toggle Dropdown
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________.
Toggle Dropdown
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасын алу үшін қажет болатын дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісімімді беремін.
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.
Toggle Dropdown
___________________ ______________ Күні қолы
Toggle Dropdown
------------------------------------------------------------------------------------------------------ (кесу сызығы)
Toggle Dropdown
Азамат __________________________________________________ өтініші 20 __ жылғы «___» ___________ қабылданды, № ___________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы: __________________________________________________________________ ____________________________________________________________.
Toggle Dropdown
___________________ ______________ Күні қолы
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмысқа № ____ жолдама
Toggle Dropdown
Жұмыссыз, оқудан бос уақытына студент және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушысы денсаулығына зиян келтірмейтін және оқыту процесін бұзбайтын жұмыстарға, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажеттінің астын сызыңыз) __________________ ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Toggle Dropdown
20 __ жылғы «__» ________ бастап 20 __ жылғы «__» _________ дейін ____ ай мерзімге ___________________________________________________________ (жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны) ___________________________________________________________________ (кәсіп/мамандық атауы) мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмысқа орналасу үшін жіберілді.
Toggle Dropdown
__________________________________________ ________________ Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Toggle Dropdown
Берілген күні Мөрдің орны
Toggle Dropdown
------------------------------------------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы)
Toggle Dropdown
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарады
Toggle Dropdown
№_____ жолдамаға хабарлама
Toggle Dropdown
____________________________________________________________ _________________________________________________________________ (жұмыс берушінің атауы) 20__ жылғы «__» _________ жасалған № _____ еңбек шартына (20__ жылғы «__» _______ № _____ бұйрық) сәйкес азамат _________________________ _________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) _________________________________________________________________ (лауазым атауы) ретінде 20__ жылғы «__» ________ бастап 20__ жылғы «__» ________ дейін ________ ай мерзімге қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мерзімімен қоғамдық жұмысқа қабылданды.
Toggle Dropdown
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі. Жұмыс берушінің жауапты өкілі:
Toggle Dropdown
______________________________________ ________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Toggle Dropdown
Берілген күні Мөрдің орны
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
20___ жылғы _________ үшін _______________________________ -дегі (ай) (жұмыс берушінің атауы)
Toggle Dropdown
Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдар туралы мәліметтер
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)
|
ЖСН
|
Айдағы жұмыс күндерінің саны
|
Нақты жұмыс істеген күндері
|
Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері
|
Қызмет көрсететін банк
|
карточкалық немесе ағымдағы шотының 20 мәнді нөмірі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|